Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снабжение дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

22. Реактивті қуатты компенсациялаудың технико-экономикалық шарттары.

Реактивті қуатты өтемелеу – бұл тораптын өткізгіштік қабілетін арттыратын, электр энергия және қуаттың шығындарын азайтатын және де тораптағы кернеудің режімін жақсартатын өтемелік қондырғыларды орнатуды айтады.

Реактивті қуатты өтемелеудің техника-экономикалық жағдайы дегеніміз ол – СЭС жұмысының ең жақсы көрсеткішін қамтамасыз ететін шарттар. Олар негізгі болып табылады:

1. Өтемелеудің көмегімен толық қуат пен тоқ төмендейді; желілер мен трансформаторлардың өткізгіштік қасиеті артады; жоба жасағанда өткізгіштердің қимасы мен транформаторлар қуатын төмендетуге болады

,

.

2. Өтемемелеу қондырғыларын орнатудың арқасында активті және реактивті қуаттардың шығындары төмендейді

, ,

, .

3. Электрэнергияның шығындары төмендейді:

.

4. Кернеу шығыны төмендейді

, .

23. Реактивті қуатты тұтынуды төмендету шаралары.

Электр қабылдағыштар тұтынатын реактивті қуаты төмендету және қуат коэффициентін жоғарлату келесі шаралар арқылы іске асырылуы мұмкін :

а) Жүктелуі 45%-дан аспайтын асинхронды қозғалтқыштардын қоректену кернеуін орама сұлбаларын -тан -ға ауыстыру арқылы төмендету. Бұл кезде асинхронды қозғалтқыштардың айналу моменті мен активті қуаты үш есе кемиді, қозғалтқыштың жүктелуі және оның қуат коэффициенті жоғарлайды, ал реактивті қуатты тұтыну төмендейді. Мұндай ауысулар тек қозғалтғыштардың орамалардағы кернеу 660/380В және тораптағы кернеу 380В болғанда ғана орындалады;

б) технологиялық агрегаттардың жүктелуін арттыру, технологиялық үрдістерді реттеу, жүктелуді арттыру және электр қозғалтқыштарының жүктелу коэффициентін арттыру;

в) асинхронды электрқозғалтқыштар мен дәнекерлеу трансформатордың бос жүрісін шектегіштерін орнату;

г) жүктелуі 30%-дан аз цехтік трансформаторларды өшіріп, ал оның жүктемесін басқа трансформаторға ауыстыру арқылы;

д) жүктелуі аз, яғни Кз < 45% болатын АҚ-ң орнына қуаты аз қозғалтқыштар орнату;

е) ескірген АҚ-ң орнына синхронды қозғалтқыштарды орнату (QАД орнына - QСД пайда болады). Жаңадан орнатылатын механизмдер үшін, яғни жылдамдықты реттеудің қажеті жоқ және үздіксіз режімде жұмыс жасайтын (насос, компрессор, желдеткіш) механизмдер үшін синхронды қозғалтқыштарды пайдалану қажет

24. Компенсациялау құрылғылары.

9-билет

25. Нбк қосылу сұлбалары.

. Шығығынды оптималды төмендету үшін НБК қуатын анықтау. Белгілі трансформатор тобы үшін НБК-ның қосымша соммалы қуаты:

Qнбк2=Qр0,4– Qнбк1–Nт.э.Sт

 – есептік коэффициент: ТП-ның жалғану сұлбасына байланысты (радиалды, магистральді), К1, К2 коэффициенттеріне байланысты қабылданады.

К1= (ЗНБК – ЗВБК)С0103; К2= lSт/F;

С0 - шығынның бағасы (кесте бойынша);

F – желінің жалпы қимасы;

l – желі ұзындығы.

К1, К2 мәндерін есептегенде нақты мәндер жетіспегенде оларды кестеден аламыз, ол энергожүйеге, жұмысшы ауысымының санына, трасформатор қуатына, қоректендіру желісінің ұзындығына - магистральдың бірінші трансформаторына дейінгі арақашықтыққа байланысты.

Егер де QНБК<0 болса, берілген трансформатор тобына QНБК=0 болады. QНБК қуатын таңдағаннан кейін ол қуатты қосалқы станцияның реактивті жүктемесіне пропорцмоналғылып түрде таратады.

Тарату желісі тек кабель желісі болса, онда НБК-ны ТП шинасына қосу керек. Жүктеме шиналы өткізгішке қосылған болса, онда НБК-ны міндетті түрде цехтағы шиналық өткізгішке қосамыз.