
- •Азаматтық авиация академиясы «Әуе көлігіндегі экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру» кафедрасы
- •1. Жүктердің жіктелуі. Жүктердің, тасымалдау және сақтаудың негізгі шарттарын анықтайтын номенклатурасы
- •2. Ыдыс түрін негіздеу және таңдау. Ыдыс және ораманың мест анықтау. Көпайналымды ыдыстың пайдалы шарттары
- •3. Ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың қажеттілігін есептеу
- •4. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу
- •1 Сурет – Термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсер ету сызбасы
- •5. Амортизациялаушы материалдардың параметрлерін таңдау және есептеу
- •6. Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамалары және қасиеттері. Жүктің тығыздығын және ылғалдығын анықтау
- •7. Жүк массасын анықтау
- •8. Цистернадағы сұйықтық салмағын құю биіктігін өлшеумен анықтау
- •9. Жүктердің сақталуы. Жүктерді төгілуден қорғау
- •10. Мұнай өнімдерін құю кезінде сақталуын қамтамасыз ету
- •11.Үймелі жүктерді желмен ұшудан қорғау
- •12.Тағайындалған стансада жүк массасын тексеру
- •Әдебиеттер тізімі
10. Мұнай өнімдерін құю кезінде сақталуын қамтамасыз ету
Теміржол тасымалдары кезіндегі мұнай өнімдерінің жалпы шығындары жүктің түріне, оның физикалық – химиялық қасиеттерне, цистернаның техникалық жайына, тасымалдау ұзақтығына және қоршаған ортаның температурасына тәуелді. Кәзіргі кезде тасымалдар кезіндегі мұнай өнімдерінің шығындары орта есеппен 0,3 – 0,8т бір цистернаға шаққанда, бұл табиғи кему нормасынан айтарлықтай артық.
Мұнай өнімдері шығындарының себептері:
булану;
жабдықтық бұзылуы және оны ұқыпсыз пайдалану салдарынан өнімнің ағуы;
цистернадан толық құйып алмау.
Теміржол тасымалдарында мұнай өнімдерінің булануы құю, құйылыс және толу процесстерінде болады. Ең көп буланулар мұнай өнімдерін құю және құйылыстау кезінде байқалады. Шығын көлемдеріне құю және құйылыс кезеңдерінде қолданылатын әдістер көп әсер етеді.
Құюдың экономикалық лайықты әдісін таңдау үшін мұнай өнімдерінің буланудан болатын шығындарын есептеу қажет.
Цистернаға құю келесі әдістермен жүргізілуі мүмкін:
жоғарыдан ағыс әдіспен (патрубок цистерна бөшкесі диаметрінің біраз бөлігіне түсірілген);
жоғарыдан жабық әдіспен (патрубок басы бөшке түбінен 0,1м қашықта болады);
төменнен (цистернаның әмбебап құйылыс аспабы арқылы).
Құю процессіндегі буланудан болатын шығындар:
(1)
мұнда Vц – құйылған өнімнің көлемі, м3;
Ps - мұнай өнімі қаныққан буының қысымы, температураға тәуелді, Па;
Pr – газдық кеңістіктегі қысым (көліктік сиымдарда атмосфералық қысымға тең), Па;
п - мұнай өнімі буының тығыздығы;
k – құю жағдайын ескеретін коэффициент:
- ашық ағыспен құюда:
kот = (0.7 + н0.33)-1 (2)
- жабық әдіспен құюда:
(3)
Д – цистерна бөшкесінің диаметрі, м.
Құю уақыты құю эстакадасының өнімділігіне байланысты есептеледі және 9 мин. 1 сағатқа дейін өзгеруі мүмкін. Цистерна бөшкесінің диаметрі оның типі бойынша [8] қабылданады.
Мұнай өнімдерінің қаныққан буларының қысымы құю температурасында (көп жағдайда қоршаған ауаның температурасына тең):
(4)
мұнда tн – құю температурасы, °С;
Р38 - tн = 38 °С болғандағы қаныққан булардың паспорттық қысымы.
Мұнай өнімдері буларының тығыздығы:
(5)
мұнда М – мұнай өнімдерінің молекулярлық салмағы (химиялық құрамына тәуелді);
R –
әмбебап газдың тұрақты (
=8314);
Тг – газды кеңістіктің абсолютті температурасы, °К;
Мысал. А – 66 автомашина бензинін (қайнау температурасы tнк = 43°С, қаныққан будың паспорттық қысымы Р38=42,7·103Па теміржол цистернасына құйғандағы шығындарды есептеу. Құю t = 17,3°С ашық әідспен орындалады. Құю ұзақтығы Тн= 0,5 сағат, атмосфералық қысым Ра = 101,3·103 Па, цистерна бөшкесінің диаметрі Д=2,6м, құйылатын өнімнің көлемі Vц=49,5м3. Бензиннің молекулярлық салмағы М = 71.
Шешімі. Мұнай өнімі буының тығыздығы (5):
(2) формуламен kот мөлшерін табамыз:
t = 17,3°С қаныққан будың қысымы (4):
Па
Ашық ағыспен құюдағы буланудан шығын:
кг
Жабық ағыспен құйғанда:
Сәйкес шығындар:
кг
Тұжырым: жабық ағыспен құйғанда буланудан болатын шығындар орташа 3 еседей кемиді.