
- •Азаматтық авиация академиясы «Әуе көлігіндегі экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру» кафедрасы
- •1. Жүктердің жіктелуі. Жүктердің, тасымалдау және сақтаудың негізгі шарттарын анықтайтын номенклатурасы
- •2. Ыдыс түрін негіздеу және таңдау. Ыдыс және ораманың мест анықтау. Көпайналымды ыдыстың пайдалы шарттары
- •3. Ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың қажеттілігін есептеу
- •4. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу
- •1 Сурет – Термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсер ету сызбасы
- •5. Амортизациялаушы материалдардың параметрлерін таңдау және есептеу
- •6. Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамалары және қасиеттері. Жүктің тығыздығын және ылғалдығын анықтау
- •7. Жүк массасын анықтау
- •8. Цистернадағы сұйықтық салмағын құю биіктігін өлшеумен анықтау
- •9. Жүктердің сақталуы. Жүктерді төгілуден қорғау
- •10. Мұнай өнімдерін құю кезінде сақталуын қамтамасыз ету
- •11.Үймелі жүктерді желмен ұшудан қорғау
- •12.Тағайындалған стансада жүк массасын тексеру
- •Әдебиеттер тізімі
6. Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамалары және қасиеттері. Жүктің тығыздығын және ылғалдығын анықтау
Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамасына жатады: тығыздық, меншікті және көлемдік масса, меншікті және меншікті тиеу көлемі.
Тығыздық – көлем бірлігіндегі бір текті заттардың массасы. Көлікте тығыздық цистерналармен бункерлік жартылай вагондарға құйып тасылатын сұйық жүктердің массасын анықтауда қолданылады.
Көлемдік масса төгілмелі және үйілмелі жүктердің массасын анықтауда қолданылады.
Тығыздық жүктердің көлемдік – массалық сипаттамалары негізгілерінің бірі болып табылады, ол бойынша жылжымалы құрамның рационалды түрі таңдалады, вагондағы жүк массасы және оның жүк көтерілімдігін қолдану дәрежесі анықталады, тиеу-түсіру механизмдерінің өнімділігі және сақтауға арналған қоймалардың қажетті аудандары есептеледі.
Жүк тығыздығының өлшемі өнімнің тағы да басқадай қасиеттеріне және сипаттамаларына байланысты.
Сұйықтардың тығыздығы оның температурасына кері пропорционалды. Стандарттық ретінде өнімнің 20С тығыздығы қабылданған.
Сұйық жүктің температурасы өзгергендегі жаңа мәні:
(1)
мұнда і – тығыздығы анықталатын өнім температурасы;
t - тығыздығы белгілі өнім температурасы;
- тығыздық өлшемінің бір градусқа орташа өзгеруі;
- өнімнің тығыздығы.
Үйілмелі жүктердің тығыздығы оның ылғалдығына, күлдігіне, қоспалар болуына, фракциялық құрамына және басқа физикалық қасиеттерне байланысты. Үйілмелі жүктердің тығыздығы тәжірибе жолымен анықталады. Жүк тығыздығын анықтау периоды жерлерде белгіленеді, бірақ ол айына бір реттен кем болмауы керек.
Жүктің физикалық қасиеттері сәл өзгергенде, бұрын табылған және есепке алынған тығыздықты түзетуге болады:
(2)
мұнда 1 - өнімнің стандартты жағдайдағы тығыздығы, т/м2 ;
W1,2 – ылғалдық нақты және стандарттық мөлшері, %;
А1,2 – сондай-ақ, күл не қоспалардың, %;
Т1,2 – сондай-ақ өнімнің ұсақ фракцияларының, %;
а,в,с - өнімнің сәйкес сипаттамалары 1% өзгергенде тығыздықтың өзгеруін ескеретін коэффициенттер. Олардың мәндері зертханалық жолмен анықталады, ал кейбір аса маңызды жүктер үшін олар 1-ші кестеде келтірілген.
1-ші кесте – Аса маңызды жүктердің тығыздығын анықтауға арналған а,в,с коэффициенттерінің мәндері
Жүк түрі |
Коэффициенттердің мәндері |
||
а |
в |
с |
|
Тас көмір |
|
|
|
Кокс |
|
|
|
Темір кені |
|
|
|
Құм |
|
|
|
Тығыздықты, меншікті және көлемдік массаны 0,01 дейінгі дәлдікпен анықтау қажет, өйткені тіпті 0,1 дейінгі қателік төртосьті вагондағы өнім массасын есептегенде 5 – 7т айырмашылық береді. Тығыздықты, меншікті және көлемдік массаны тексеру периоды жүктің негізгі физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты белгіленеді, бірақ айына бір реттен кем емес болмауы керек.
Мысал. Көмірдің стандартты тығыздығы Рср = 0,9 т/м3 , тығыздықты анықтау сәтінде оның күлділігі А1 = 10%, ылғалдығы W1= 4%. Тиеу мүмкіндігі химиялық сараптау көрсетті: А2= 13%, W2= 2%. Тығыздықтың түзетуін ескеріп жартылай вагондағы көмір массасын есептеу.
Шешімі. Вагондағы жүк массасы:
Жүктегі ылғал мөлшері жүктің қасиетіне, оны өндіру, сақтау және тасу жағдайларына байланысты. Ылғал массасының ылғалды жүктің массасына қатынасы салыстырмалы ылғалдық деп аталады.
Жүк өзінің бастапқы сапалық көрсеткіштерін сақтайтын салыстырмалы ылғалдық кемелденген деп аталады. Бұл ылғалдық жүктің көліктік сипаттамасының нормативтік көрсеткішіне қосылады және МЕСТ негізделеді.
Салыстырмалы ылғалдық тәжірибелік жолмен анықталады:
(3)
мұнда qгр, qс – зерттелетін жүк мөлшерінің ылғалды және құрғақ жағдайындағы массасы.
Нақты ылғалдығының өзгеру диапазоны үлкен кейбір жүктер үшін «шартты ылғалдық» ұғымы енгізілген, оның негізінде тиелген жүктердің көлемін есептеулер жүргізіледі. Мысалы, торфтың шартты ылғалдығы 40%. Құжаттарда торфтың нақты массасы көрсетіледі, ал тиеуді есепке алу өнім массасының шартты ылғалдық жағдайымен жүргізіледі.
(4)
мұнда Qф – торфтың нақты массасы;
Qу – торфтың шартты ылғалдық жағдайындағы массасы;
Wф – торфтың нақты ылғалдығы;
Wу – торфтың, 40% тең, шартты ылғалдығы.
Мысал: Тиеу кезінде анықталған торфтың нақты массасы 60т. Торфтың ылғалдығы Wф = 60%. Тиеу жоспарын орындауда торфтың қандай массасы есепке алынады?
Шешімі:
т.
Тасымалдау процесінде жүктің ылғалдығы өзгергенде, оның массасы жоғарғыға ұқсас анықталады.