Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жктану лексия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

3. Ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың қажеттілігін есептеу

Бір қатар жүктердің тасымалдауларын жоспарлағанда ыдысты жасауға арналған ағаш материалдарының қажеттілігін анықтау қажет. МЕСТ бір рет қолданылатын ыдыстар үшін ағаш материалдардың м3/1000т өлшенетін меншікті шығыны анықталған. Нақты жүктің белгіленген тасымалдау көлемі үшін көпайналымды ыдысты дайындауға қажетті домалақ ағаштың шығыны:

(1)

мұнда Qгод – жүкті тасымалдаудың жылдық көлемі, мың т/жыл;

Nр – бір рет қолданылатын ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың шығын картасы м3/ мың т;

kм - көпайналымды ыдысты жасауға арналған ағаш материалдарының қосымша шығынын ескеруші коэффициент;

kр - көпайналымды ыдысты жөндеуге арналған ағаш материалдарының қосымша шығынын ескеруші коэффициент;

kкр - ағаш материалдарын жасауға арналған домалақ ағаштың қосымша шығынын ескеруші коэффициент;

n – айналым саны.

Алғаш белгіленетін, салынатын өнімнің бір бірлігіне қажетті бір рет қолданылатын ыдыс шығынының картасы:

(2)

мұнда Vт – бір бірлік ыдысты жасауға арналған ағаш материалдарының шығыны, м3 ;

kот - ыдысты өндіруге болатын қалдықсыз шығындарды ескеруші коэффициент (1,2-1,3);

q – бір бірлік ыдысқа жұмсалатын өнім орамасының картасы, кг;

Мысал. «Пекарские дрожжи» жүгін орамалауға қажетті ағаш материалдарының қажеттілігін есептеу. Жіберудің жылдық көлемі 4,5 мың т; меншікті шығын картасы Nр = 350м3 (мың т; kм =1,25; kр =1,1; kпр = 1,5; n = 10.

Шешімі:

м3

4. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу

Тасу процессінде көліктік пакет түрлері инерциялық күштердің лездік әсеріне душар болады. Бұл күштер, тез тежеу, төбешіктен жіберу, қиғаш жолдардан өту және қозғалыстағы вагонның тербелуі нәтижесінде болатын ұзақ тік вибрациялық әсерден пайда болады. Тасымалдау процесінде ең үлкен мәнге байлық инерциялық күш ие. Пакетті бекіткіш құралдар жүкпен ыдыс сақталуын, пакеттік орнықтылығын және тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырылған түрде орындауды қамтамасыз етуі керек. Пакеттерді бекіткіш құралдардың ең прогрессивті түрі термоотырғыш пленка болып табылады. Осыған байланысты көрсетілген пленканың қалындығын анықтау қажет.

Жүктердің пакетіне және термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсерету сызбасын қараймыз.

Пакет n жеке жүктерден тұрады, олардың әр қайсысының массасы Q (1 сұрет); пленканың тартылуы нәтижесінде пакетке бір қалыпты Р қысымы әсер етеді; жеке жүктердің арасындағы қажалу күші f, ал жүк ауданы S. Пакетке әсер ететін бойлық инерциялық күштің мөлшері:

(1)

мұнда Q – бір жүк орнының массасы, Н;

n – пакеттегі орын саны;

і – меншікті бойлық инерциялық күші;

g – салмақ күшінің үдеуі.

PS

Qд

Fпр

R

R

1 Сурет – Термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсер ету сызбасы

Әр жүк орынша әсер ететін бойлық инерциялық қүштің мөлшері:

(2)

Пакетке жүк салмағының күші және пленканың күші қысуы нәтижесінде қажалу күші пайда болады, ол жүктің жылжуына қарсы тұрады;

(3)

мұнда f – қажалу коэффициенті;

р – пленка тудыратын меншікті қысым, Н/см2;

S – жүк ауданы, см2.

Пленка реакциясын анықтау үшін бір жүк орнына арналған күштер теңдеуін құраймыз:

(4)

бұдан:

(5)

Пленка реакциясы жоғарғы жүк орны үшін есептеледі, үйткені төменгі қабаттардағы қажалу күштері көп сондықтан реакция кем.

Басқа тұрғыдан, пленка реакциясы аспау керек:

(6)

мұнда [тр] – пленка тарғылғандағы ағу шегі, Н/см2;

 – пленка қалындығы, см.

һ – айырылу қиындысындағы пленка биіктігіне (ұзындығына) сәйкес жүк биіктігі, см.

Сонымен, пленка беріктігінің шарты келесі түрге ие болады:

(7)

ал пленка қалындығы:

(8)

Пленка қалындығын пайдаланудың ең нашар шарттарына сәйкес жүргізу қажет (пленка тартылуы босағанда, (рFf=0 болғанда).

Мысал. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу, егер белгілі болса: Q = 400Н; n=3; f =17; [тр] = 900Н/см2; і = 2g.

Шешімі. Берілген жағдайда пленка қалыңдығы:

см = 0,22мм

Демек, жүктер пакетін бекіту үшін қалыңдығы 0,08мм үш қабатты пленка қажет.