
- •Азаматтық авиация академиясы «Әуе көлігіндегі экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру» кафедрасы
- •1. Жүктердің жіктелуі. Жүктердің, тасымалдау және сақтаудың негізгі шарттарын анықтайтын номенклатурасы
- •2. Ыдыс түрін негіздеу және таңдау. Ыдыс және ораманың мест анықтау. Көпайналымды ыдыстың пайдалы шарттары
- •3. Ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың қажеттілігін есептеу
- •4. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу
- •1 Сурет – Термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсер ету сызбасы
- •5. Амортизациялаушы материалдардың параметрлерін таңдау және есептеу
- •6. Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамалары және қасиеттері. Жүктің тығыздығын және ылғалдығын анықтау
- •7. Жүк массасын анықтау
- •8. Цистернадағы сұйықтық салмағын құю биіктігін өлшеумен анықтау
- •9. Жүктердің сақталуы. Жүктерді төгілуден қорғау
- •10. Мұнай өнімдерін құю кезінде сақталуын қамтамасыз ету
- •11.Үймелі жүктерді желмен ұшудан қорғау
- •12.Тағайындалған стансада жүк массасын тексеру
- •Әдебиеттер тізімі
2. Ыдыс түрін негіздеу және таңдау. Ыдыс және ораманың мест анықтау. Көпайналымды ыдыстың пайдалы шарттары
ЖТЕ анықталған: «ыдысты қажет ететін жүктер тасымалға түзік, МЕСТ сәйкес ыдыста ұсынылуы керек, ал ыдыстарына және орамаларына МЕСТ жоқ жүктер – олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін түзік ыдыспен ұсынылады».
Ыдыспен ораманың стандарттарының орындалу және ыдыстардың жаңа түрлерін таңдау міндеті жіберушіге жүктелген. Бірақ жүк тасымалға жалпы қолданыстағы орындарда (ЖҚО) ұсынылғанда, теміржол ыдыс пен ораманың МЕСТ сәйкестігін тексере алады. Егер жүк, МЕСТ сәйкес емес және тасу кезінде оның сақталуын қамтамасыз етпейтін орамамен ұсынылса, теміржол жүкті тасымалға қабылдамауы мүмкін. Ыдысты таңдау және оның типін негіздеу кезінде, жүктің сақталуын қараудан басқа, оның рационалды және тиімді қолдануын ескеру қажет.
Көптеген жүктердің ыдыстары мен орамаларына МЕСТ тағайындалған, олар арнайы анықтамаларда [9,12] келтірілген. Бұл анықтамаларда жүктің қысқаша сипаттамасы, оны орамалаудың шарттары және ыдыспен ораманың МЕСТ номері берілген.
1-ші мысал. Көмірқышқылды техникалық барийдің ыдысымен орамасына МЕСТ анықтау.
Шешімі. [9] деректері бойынша көмірқышқылды техникалық барий, МЕСТ 2149-65, ақ, ашық-сұр түсті ұнтақ. Полиэтилен не көпқабатты қағаз мөшектерге (ГОСТ 2227-65) салынады. МЕСТ 5959-71 бойынша мөшектер масса бруттосы 50-100 кг фанер жәшіктерге не бөшкелерге орналастырылады.
2-ші мысал. Жүргізуші саймандарының ыдысымен орамасына МЕСТ анықтау.
Шешімі. [12] деректері бойынша жүргізуші сайманы МЕСТ 16535-84. Массасы 500 кг дейін жүктерге арналған бөлшектенбейтін тақтай жәшіктерге салынады (МЕСТ 2991-85). Тығыз жәшіктер, төрт планкада (№76-1, типі ІІІ-1, жүк орнының шекті массасы 65 кг).
Қолданыстағы ыдыс түрлері қызмет ету уақыты бойынша бір рет қолданылатын және көпайналымды деп бөлінеді. Көпайналымды ыдысты қолдану пайдалылығы және мұндай ыдыста жүкті тасудың максималды мүмкін қашықтығы, бір бірлік бір рет қолданылатын және көпайналымды ыдысты жасауға, оларды жөндеуге және қайтару кезінде орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарына кететін қосымша шығындарды есептеп салыстыру арқылы анықталады.
Бұл шығындардың айырмасы:
,
теңге (1)
мұнда Ср – бір рет қолданылатын ыдыстың бір бірлігін өндіруге кететін шығын, теңге/бірлік;
См – сол сияқты, көпайналымды ыдыс үшін, теңге/бірлік;
n - көпайналымды ыдыстың жоспарлы айналу саны.
Кпр- ыдысты қайтару кезінде орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарына кететін шығындарды ескеретін коэффициент;
0,09 - көпайналымды ыдысты жөндеу шығынын ескеретін коэффициент;
Егер Тр≤0 болса, көпайналымды ыдысты қолдану тиімсіз, егер Тр>0 болса, жүкті көпайналымды ыдыспен тасудағы максималды қашықтықты экономикалық негіздеу қажет.
Көпайналымды ыдысты вагондық тасымалмен қайтарудағы мүмкін шығындар:
,
теңге
(2)
мұнда Мт – вагондағы жүк салынған ыдыс бірліктерінің саны.
Кск – бөлшектенбелі не бүктемелі конструкциялы бос ыдыстардың көлемінің азаюын (вагондағы ыдыс бірліктері көбейеді) ескеретін коэффициент.
Әрі қарай, [10, 11] бойынша «Қайтарымды ыдыс» үшін тарифтік сызба анықталады, сол бойынша мүмкін көліктік шығындардың қосындысы арқылы тасымалдың максималды қашықтығын табамыз.
Мысал. Көпайналымды жәшіктердегі МЕСТ 11354-65 кондитер тауарларын тасудың максималды мүмкін қашықтығын анықтау. Жәшіктің сызықтық өлшемдері 430105164мм. Вагонның тиелетін көлемі 120м2. Басқа бастапқы деректер: Ср= 43 теңге/жәшік, См= 120 теңге/жәшік; n = 10; Кпр=1,1. Жәшіктер бөлінбейді және бүктелмейді.
Шешім. Бір жәшікке кететін мүмкін көліктік шығын:
теңге/жәшік
Тр>0 – көпайналымды жәшікті қолдану тиімді.
Бір вагондағы жәшік саны:
(3)
мұнда Vв – вагонның ішкі көлемі, м3;
Vя – вагонның сыртқы көлемі, м3;
Ку – қалау коэффициенті (0,6 ¸ 0,8).
жәшік
Ыдысты қайтаруға кететін жалпы көліктік шығындар:
[10,11] бойынша тасудың максималды қашықтығын табамыз: 2000км.