Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жктану лексия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464.38 Кб
Скачать

1. Жүктердің жіктелуі. Жүктердің, тасымалдау және сақтаудың негізгі шарттарын анықтайтын номенклатурасы

Теміржол көлігінде көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын нормалаумен есепке алуда қолданатын жіктеулер ерекшеленеді.

Көліктік жіктеу, тасымалға ұсынылған жүктердің түрімен жайына өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін орама типіне және тиеу, тасымалдау әдістеріне байланысты жасалады. Көліктік жіктеуде барлық жүктер үш топқа біріктірілген: құрғақ және құйылатын жүктер, жан-жануарлар. Әр топ, көліктік сипаттамалары мен тасымалдау шарттары ұқсас жүктерді біріктіретін топтамаларға бөлінеді.

Тасымалдаудың, қайта тиеу мен сақтаудың негізгі шарттарын таңдауда нақты қандай да бір жүкті тиісті номенклатура тобына жатқызу мәселесі туындайды. Көрсетілген типті мәселелер [5,6] негізінде шешіледі, онда әр түрлі мақсатқа арналған жүктердің номенклатурасы (тізімі) басылған.

Тасымалдау, қайта тиеу мен сақтау шарттарын дұрыс анықтау, жүктердің тасымалдау процессінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жеке тасымалдау шарттары бойынша топталған жүктердің тізімі [5,6] басылған. Жүктердің көрсетілген тізімі анықтайды:

  • жүктерді ашық алаңдарда сақтау мүмкіндігін;

  • жүктерді цистерналарда және бункерлі жартылай вагондарда тасымалдау (жүк қауіптілігінің категориясын, цистерна типін, вагондағы арнайы трафаретті және жүк құжаттарындағы мөрді көрсетіп) мүмкіндігін;

  • жабық вагондарда, цистерналарда жүктерді пломбасыз тасымалдау мүмкіндігін;

  • жүктерді үйіп тасымалдауда, есік қорғауышын, тиеуде буксаларды қорғау үшін жапқыш орнату және түсіргеннен кейін вагондарды жуу қажеттілігін;

  • жүк тиелген вагонды жіберушінің (алушының) жолсерігімен алып жүру қажеттілігін;

  • жүктің қыс кезінде қатып қалу мүмкіндігін;

  • жүктерді ветеринарлық - санитариялық бақылау қажеттілігін;

  • қауіпті жүкті теміржолмен тасымалдау (БҰҰ тізімі бойынша номерін, апаттық карточкасының номерін, топтың шифрын (талдап), вагон және жөнелту түрін, қауіптілік белгісін және тасымалдау құжаттарындағы мөр түрлерін көрсетіп) мүмкіндігін;

  • қауіпті жүктерді біріктіріп тасу мүмкіндігін;

  • қауіпті жүктерді қауіпсіздермен біріктіріп тасу мүмкіндігін;

  • жүктердің жеңіл жанғыштарға, жабысқақтарға және қатып қалушыларға жататындығын;

Мысалдар. Келесі жүктерді тасымалдаудың және сақтаудың негізгі шарттарын анықтау: темір купоросы (ыдыста); кокс; цемент; жүзім шарабы жәшіктерде; азот қышқылы (концентрациясы 70% жоғары).

Шешімдер:Темір купоросы (ыдыста). Тасымалдаулардың ерекше шарттарын талап етпейді; жабық қоймаларда сақталады; жабық вагондармен орындары саналып тасылады; вагондар пломбыланады.

Кокс. Тасымалдаулардың ерекше шарттарын талап етпейді; Ашық алаңдарда сақтауға болады; АЖҚ тасылады. Қыста қатады.

Цемент. Тасымалдаулардың ерекше шарттарын талап етпейді; жабық қоймаларда сақталады; АЖҚ тасуға болмайды; вагондар пломбыланады. Жабық вагондармен үйіп тасығанда есік қорғаушы орнатылады. Тиеу кезінде буксалар орауыштармен қорғалады. Жабық вагондар түсірілгеннен кейін жуылады.

Жүзім шарабы жәшіктерде. Жабық қоймаларда сақталады. Тасымалдар жабық вагондармен жүк жіберушінің не алушының жолсерігінің еріп жүруімен орындалады.

Азот қышқылы (концентрациясы 70% жоғары). БҰҰ тізімі бойынша номері – 2031; апаттық карточкасының номері – 108; тобының шифры – 81 21 (күйдіргі және коррозиялық заттар класына жатады, топтамасы қышқылдық қасиетке иезаттар; категориясы – уыттандырғыш тотықтандырғыш заттар; қауіптілік дәрежесі - 1); жабық вагондарда тасылады; қауіптілік белгілері - №№16,7,9; тасымалдау құжаттарындағы мөрлер: «Күйдіргі», «Тотықтырғыш», «Улы», «Х», «Қалқа 0-0-1-0». Басқа қауіпсіз жүктермен біріктіріп тасу мүмкін.