
- •Азаматтық авиация академиясы «Әуе көлігіндегі экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру» кафедрасы
- •1. Жүктердің жіктелуі. Жүктердің, тасымалдау және сақтаудың негізгі шарттарын анықтайтын номенклатурасы
- •2. Ыдыс түрін негіздеу және таңдау. Ыдыс және ораманың мест анықтау. Көпайналымды ыдыстың пайдалы шарттары
- •3. Ыдысты жасауға арналған ағаш материалдардың қажеттілігін есептеу
- •4. Термоотырғыш пленканың қалыңдығын есептеу
- •1 Сурет – Термоотырғыш пленкаға күштердің жеңілдетілген әсер ету сызбасы
- •5. Амортизациялаушы материалдардың параметрлерін таңдау және есептеу
- •6. Жүктердің көлемдік-массалық сипаттамалары және қасиеттері. Жүктің тығыздығын және ылғалдығын анықтау
- •7. Жүк массасын анықтау
- •8. Цистернадағы сұйықтық салмағын құю биіктігін өлшеумен анықтау
- •9. Жүктердің сақталуы. Жүктерді төгілуден қорғау
- •10. Мұнай өнімдерін құю кезінде сақталуын қамтамасыз ету
- •11.Үймелі жүктерді желмен ұшудан қорғау
- •12.Тағайындалған стансада жүк массасын тексеру
- •Әдебиеттер тізімі
12.Тағайындалған стансада жүк массасын тексеру
[5] бойынша, жүктің массасы дұрыс болып есептеледі, егер жіберуші стансада анықталған массамен жолда не тағайындалған стансадағы масса айырмашылығы аспаса:
- масса жетіспеушілігі – нақты жүктің табиғи азаю нормасынан және масса неттоны анықтаудағы нәтижелердің шекті айырмашылығынан;
- масса артықшылығы - масса неттоны анықтаудағы нәтижелердің шекті айырмашылығынан;
Жүктер массасының табиғи азаю нормасы есептеледі:
жүктің масса бруттосынан – ыдыспен орамада тасылатын жүктер бойынша;
жүктің масса неттосымен – ыдыссыз және орамасыз тасылатын жүктер бойынша;
Ең көп кездесетін сипатты жағдайлардағы, масса неттоны анықтаудағы нәтижелердің шекті айырмашылықтарының мәндері 1-ші және 2-ші кестелерде келтірілген.
1-ші кесе - Масса неттоны анықтаудағы шекті айырмашылықтардың мәндері (жіберуші және тағайындалған стансаларда бірдей өлшеу құралдарымен әдістері қолданылғанда)
№№ р/р |
Масса неттоны өлшеудің құралдары және әдістері |
шекті айырмашылық, % масса неттодан |
1 |
Тиелген және бос вагонды тоқтатып және ағытып вагон таразысында өлшеу, таразының бөлу бағамы 50кг, масса нетто: 26 т. жоғары – 40 т. қоса 40 т. жоғары |
±0,4 ±0,3 |
2 |
Тиелген вагонды тоқтатып және ағытып вагон таразысында өлшеу, таразының бөлу бағамы 50кг, (вагонның салмағы трафареттен) масса нетто: 16 т. дейін және қоса 16 т. жоғары – 28 т. қоса 28 т. жоғары – 42 т. қоса 42 т. жоғары |
±0,7 ±0,5 ±0,3 ±0,2 |
3 |
Тиелген вагонды тоқтатып, ағытпай вагон таразысында өлшеу (құрамындағы орташа вагон саны 35, вагонның салмағы трафареттен) Жүктерді тауар таразыларында өлшеу |
±0,9 ±0,1 |
Мысал. Тас көмір, Qн = 65т, тиелген вагонның масса бруттосының мүмкін шығынын анықтау, вагонның трафарет бойынша салмағы 22т. Тасу қашықтығы 1800 км, жолда жүк вагоннан вагонға тиелген. Вагонның салмағы жіберуші стансада вагон таразысында тоқтатып және ағытып өлшеу жолымен және вагон салмағы трафарет бойынша анықталған, тағайындалған стансада – жан-жақты өлшеумен анықталған.
Шешімі. Табиғи азаю нормасы, қайта тиеудегі шығындарды ескеріп: (0,8+0,8) = 1,6% немесе 65 ·0,016 = 1,04т. Масса неттоны анықтаудағы шекті айырмашылық (2-ші кесте) ±3% немесе ± 1,95т.
Сондықтан, вагонның жинақты мүмкін масса брутто шығыны:
Пд = 1,04 + 1,95 = 2,99т.
2-ші кесте - Масса неттоны анықтаудағы шекті айырмашылықтардың мәндері (жіберуші және тағайындалған стансаларда бірдей өлшеу құралдарымен әдістері қолданылғанда).
№№ р/р |
Масса неттоны өлшеудің әдістері және құралдары |
шекті айырмашылық, % масса неттодан |
|
жібергенде (бергенде) |
бергенде (қабылдағанда) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Элеваторлық (бункерлік) таразыларда өлшеу немесе ±0,1% қателікпен мөлшерлеу
|
Тиелген және бос вагонды тоқтатып және ағытып вагон таразысында өлшеу, таразының бөлу бағамы 50кг (масса нетто 40т. жоғары) |
±0,25 |
2. |
Сол сияқты |
Тиелген вагонды тоқтатып ағытпай вагон таразысында өлшеу (вагон салмағы трафареттен). Масса нетто: 55 т. жоғары – 61 т. 61 т. жоғары – 70 т. 70 т. жоғары |
± 2,4 ± 2,2 ± 2,0 |
3. |
Жүк массасын жан-жақты өлшеп, есептеу жолымен немесе шартты түрде анықтау |
Тиелген вагонды тоқтатып және ағытып немесе ағытпай вагон таразысында өлшеу (вагон салмағы трафарет бойынша). Масса нетто: 20 т. жоғары –36 т. 36 т. жоғары – 45 т. 45 т. жоғары – 60 т. 60 т. жоғары – 70 т. 70 т. жоғары |
± 7,0% ± 5,0% ± 4,0% ± 3,0% ± 2,5% |
Құйылмалы жүктер үшін жүктің нақты барлығы өнімінің тексеру кезіндегі температурасын және табиғи азаю нормасын ескеріп жүргізіледі.
Жүктің нормадан жоғары шығыны:
(1)
мұнда П – мұнай өнімдерінің тасу процессіндегі шығыны, кг;
Qотп – жіберу стансасында анықталған жүк массасы, кг;
Qназн – тағайындалған стансада анықталған жүк массасы, кг№
(2)
мұнда Vгр - цистернадағы жүк көлемі;
∆ - өнімнің температурасы бір градусқа өзгергендегі өнімнің тығыздығының орташа өзгеру мөлшері [8];
ρ20 - 20°С өнімнің стандартты тығыздығы;
t – тексеру сәтіндегі жүк температурасы;
В – мұнай өнімдерінің табиғи азаю нормасы, %.
3-ші кесте - Мұнай өнімдерінің табиғи азаю нормалары
Топ нөмірі |
Жүк сипаттамасы |
Азаю нормасы, % масса неттодан |
І,ІІ |
Бензин, бензол, пиробензол және т.б., қайнау температурасы 100° С дейін |
0,03 |
ІІІ, ІV |
Керосин, ксилол, фенол және т.б., қайнау температурасы 100 - 180° С дейін |
0,02 |
V, VІ |
Дизель отыны және басқа мұнай өнімдері, қайнау температурасы 180° С жоғары |
0,01 |
VІІ |
Әр түрлі мұнайлар |
0,05 |
Мысал. Стандартты тығыздықты ρ20 = 0,8240 кг/дм3, мұнайдың нормадан жоғары шығынының мөлшерін анықтау. Тексеру сәтінде жүк көлемі
V= 49637 дм3, температурасы t = - 12°С болды. Жүк құжаты бойынша жүк массасы Q = 43100 кг.
Шешімі. Тағайындалған стансадағы жүк массасы:
Qназн = 49637·[0,8240 – 0,000738·(- 12 - 20)] = 42073кг
3-ші кестедегі мағлұматтарды ескеріп, (1) формуламен мұнай өнімдерінің нормадан жоғары шығындарының мөлшерін анықтаймыз:
кг