
- •2. Глобулин
- •Гидрофобты
- •Фосфор қышқылы
- •Альбумин
- •2. Биурет
- •5. Мульдер
- •Ферменттер.Энергия алмасуы
- •5.Гидролиз
- •1.Гидролиз
- •5.Белоктар
- •3. Катализдік
- •4. Тасымалдаушы
- •1. Амин қышқылдары
- •2. Витаминдер
- •5.Гидролиз
- •1. Гидролиз
- •1. Альбумин
- •Липидтер алмасуы
- •3. Глицин
- •Фосфолипид
- •Катализдік
- •Тыныс алу
- •Фосфолипид
- •1. Гистидин
- •3. Фосфор қышқылы
- •4. Тыныс алу
2. Биурет
3. нингидрин
4. Шульце-Распайль
5. Мульдер
55. Оқиға орнындағы күдікті кісінің киімінде кеуіп қалған қызыл дақтар бар. Бензидин сынамасын жүргізгенде оның нәтижесі оң болды. Бұл сынама арқылы не дәлелденеді?
1. бояудың болуы
+ 2. қанның болуы
3. қызылшаның болуы
4. құлпынайдың болуы
5. қызанақтың болуы
56. Зертханада анализ жасау үшін ет сығындысы алынды. Оның құрамында құнды белоктың бар екенін дәлелдеу үшін қандай реакция жасау керек?
1. күкірті бар амин қышқылдарына реакция
+2. барлық алмастырылмайтын амин қышқылдарына реакция
3. барлық алмастырылатын амин қышқылдарына реакция
4. бірнеше алмастырылмайтын амин қышқылдарына реакция
5. бірнеше алмастырылатын амин қышқылдарына реакция
57. Шульце-Распайль реакциясын жүргізу үшін төмендегі берілген реакциялардың қайсысы қолданылады?
1. Миллон реактиві
2. биурет реактиві
+3. сахароза ерітіндісі
4. нингидрин реактиві
5. натрий гипобромиті
58. Пробиркаларда әр түрлі дәрежедегі белок гидролизі көрсетілген ертінділер берілген. Гидролизге дейін және гидролиз басталғаннан кейін 15, 30, 45 минут өткен соң алынған сынамаларда белок гидролизінің дәрежесін анықтау үшін қандай реакция қолдану керек?
+1. биурет
2. бензидин
3. Миллон
4. ксантопротеин
5. Уффельман
59. Кейбір хирургиялық операциядан кейін және ауқымды жарақаттану кезінде қан тамырішілік тромбтар түзілу қаупі байқалады. Осы жағдайдың алдын алу үшін қандай гликозамингликан қолдану керек?
1. гиалуронат
2. хондроитин-4-сульфат
3. хондроитин-6-сульфат
+4. гепарин
5. кератансульфат
60. Науқаста тромб түзілуге бейімділік бар. Тромбоздардың алдын алу және оларды емдеу үшін қандай гликозамингликан қолдануға болады?
1. гиалуронат
2. хондроитин-4-сульфат
3. хондроитин-6-сульфат
+4. гепарин
5. кератансульфат
61.Үш пробиркада әр түрлі белоктың (жай белок, фосфопротеин, глкопротеин) ерітінділері бар екені белгілі. Белоктың гликопротеиндерге жататынын дәлелдеу үшін қандай реакция жүргізу қажет?
1. бензидин сынамасы
2. биурет реакциясы
3. күміс айна реакциясы
+4. Молиш реакциясы
5. Молибден реактиві
62.Үш пробиркада әр түрлі белоктың (жай белок, фосфопротеин, глкопротеин) ерітінділері бар екені белгілі. Белоктың фосфопротеиндерге жататынын дәлелдеу үшін қандай реакция жүргізу қажет?
1. бензидин сынамасы
2. биурет реакциясы
3. күміс сынамасы
4. Фелинг реакциясы
+5. Молибден реактиві
63.Үш пробиркада күрделі белоктардың өкілдері бар екені белгілі. Белоктың нуклеопротеиндерге жататынын дәлелдеу үшін қандай реакция жүргізу қажет?
+1. күміс сынамасы
2. бензидин сынамасы
3. Фоль реакциясы
4. биурет реакциясы
5. Фелинг реакциясы
64. Ревертаза ферменті генетикалық ақпараттың м-РНҚ-дан ДНҚ-ға тасымалдануын қамтамасыз етеді. Қандай тірі организмде ревертаза ферменті бар?
+1. вирус
2. адам
3. өсімдік
4. саңырауқұлақ
5. балық
65. Науқасқа атеросклероз диагнозын қою үшін оның қанындағы қандай көрсеткіштер анықталуы керек? Мұндағы ТТЛП – тығыздығы төмен липопротеин, ТЖЛП – тығыздығы жоғары липопротеин, ТӨТЛП – тығыздығы өте төмен липопротеин
+1. ТТЛП/ТЖЛП арақатынасын анықтау
2. холестерин/триацилглицерин арақатынасын анықтау
3. пируват/лактат арақатынасын анықтау
4. тирозин/валин арақатынасын анықтау
5. хиломикрон/ ТӨТЛП арақатынасын анықтау