
- •Лекция сызықтық электр тізбектері
- •1.1. Электр тізбегінің элементтерін тізбектей қосу
- •1.2. Электр тізбегінің элементтерін параллель қосу
- •2 Лекция электрлік өлшеулер және электр өлшеуіш құралдары
- •2. 1. Кедергілер үшбұрыштың эквиваленттік жұлдызшаға айналдыру
- •2.2 . Кедергілер жұлдызшасын эквиваленттік үшбұрышқа айналдыру
- •3.Трансформаторлар
- •Сызықтық емес электр тізбектері . Түзеткіштер
- •Айнымалы ток машиналары
- •5.1. Кедергі арқылы өтетін айнымалы ток.
- •5.3. Сыйымдылығы конденсатор арқылы өтетін айнымалы ток.
- •Тұрақты ток машиналары
- •Микроэлектроника
- •Информацияның өлшем бірліктері
- •Гармониялық тербелістер генераторы
- •Импульстік және есептеу техникасы элементтері
- •Базалық аппараттық конфигурация.
- •Сандық техникасы элементтері
Лекция сызықтық электр тізбектері
1.1. Электр тізбегінің элементтерін тізбектей қосу
1 суретінде тізбектей қосылған кедергілері бар электр тізбегі көрсетілген.
1-сурет
Э.к.к. көзінің қысқыштарындағы кернеу шама жағынан электр қозғаушы күшіне тең. Сондықтан көбінесе схемада көз көрсетілмейді.
Кедергілердегі кернеу түсулері мына формуламен анықталады.
Кирхгофтың екінші заңына сәйкес, электр тізбегі кірісіндегі кернеу тізбек кедергілеріндегі кернеулердің қосындысына тең.
Тізбектің эквивалентті кедергісі тізбектей қосылған элементтердің қосындысына тең.
1.2. Электр тізбегінің элементтерін параллель қосу
2 суретінде параллель қосылған кедергілері бар электр тізбегі көрсетілген.
2
-сурет
Параллель тармақтардағы токтар формуламен анықталады:
Мұндағы g, g , g 1-2, n-ші тармақтардың өткізгіштігі
Кирхгофтың бірінші заңына сәйкес, схеманың тармақталған бөлігіндегі ток, параллель токтардың қосындысына тең.
где
Параллель қосылған элементтерден тұратын, электр тізбегінің эквиваленттік өткізгіштігі, әрбір параллель қосылған элемент өткізгіштерінің қосындысына тең.
Тізбектің эквиваленттік кедергісі деп эквиваленттік өткізгіштікке кері шаманы айтамыз.
Электр тізбегі үш параллель қосылған кедергіден тұрсын. Эквиваленттік өткізгіштік
n бірдей элементтен тұратын схеманынң эквиваленттік кедергісі бір элемент кедергісі R -ден n есе кіші болады.
Екі параллель қосылған өткізгіштен тұратын схеманы қарастырамыз. Схеманың тармақталған бөлігіндегі кедергі мен ток шамалары белгілі болсын. Параллель тармақтардағы токтарды табу керек.
3
– сурет.
Тізбектің эквиваленттік өткізгіштігі
,
Ал эквиваленттік кедергісі
Схеманың кірісіндегі кернеу
Параллель тармақтардағы токтар
Осы сияқты
Параллель тармақтағы ток схеманың тармақталған бөлігіндегі токты басқа параллель тармақ кедергісіне көбейтіп, оны кедергілер қосындысына бөлгенге тең.
2 Лекция электрлік өлшеулер және электр өлшеуіш құралдары
2. 1. Кедергілер үшбұрыштың эквиваленттік жұлдызшаға айналдыру
Параллель және тізбектей қосылған кедергілері жоқ тізбектер кездеседі. Ол 4- суретте көрсетілген. Осы схеманың эквиваленттік кедергісін э.қ.к бар тармақты алдындағы көрсметілген әдістермен анықтауға болады. Егер R1-R2-R3 кедергілер үшбұрышты өзгертсек (1-2-3) түйсіндеріне қосылған, кедергінің үш сәулелі жұлдызшысына онда пайда болған схеманың эквиваленттік кедергісін былай есептейміз:
4
–4-сурет
Кедергілер жұлдызшщасының эквивалентті сәуле кедергісі үшбұрыштың іргелес жатқан қабырғаларының кедергілерінің көбейтіндісіне үшбұрыш қабырғаларының кедергілері қосындысына бөлгенге тең.
Көрсетілген ережеге сәйкес, жұлдыз сәулелерінің кедергілері мына формулалар бойынша анықталады:
Алынған схеманың эквивалентік кедергісі мына формуламен анықталады:
R0 және Rλ1 кедергілері тізбектей, ал Rλ1 + R4 және Rλ3 + R5 тармақтары параллель қосылған.
2.2 . Кедергілер жұлдызшасын эквиваленттік үшбұрышқа айналдыру
Кейде схеманы қысқарту үшін кедергілер жұлдызшасын эквиваленттік үшбұрышқа айналдырады.
5 суретте көрсетілген схеманы қарастыралық. R1-R2-R3 кедергілер жұлдызшасын эквивалентік үшбұрыш RΔ1-RΔ2-RΔ3 ауыстырайық, олар 1-2-3 түйіндерінің ортасына қосылған.
5
–сурет. Кедергілер жұлдызшасын
эквиваленттік үшбұрышқа айналдыру
Эквивалентті үшбұрыштар кедергілерінің қабырғаларының кедергісі онымен іргелес жатқан екі жұлдызшаның кедергілерінің қосындысын олардың көбейтіндісіне бөлгенге тең.
Үшбұрыш қабырғаларының кедергілері мына формуламен анықталады:
Қайтадан құрастырылған эквиваленттік схеманың кедергісі мынаған тең.