
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
2010-2012 жж. Аюсай кенорынында, "Аюсай учаскесінде полиметалдарды іздеу-бағалау жұмыстары" жобасына сәйкес, ЖШС АГП "Іздеу-түсіру экспедициясы" геологиялық барлау, оған қоса геофизикалық зерттеулер және бағаналы ұңғымаларды іздеп бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Белгілі дұрыс магниттік ауытқулар мен жаңа ауытқулардың орналасуы мен конфигурациясын нақтылау мақсатында 100 х 10 метр желісі (11 ауытқу, оның ішінде 3 жаңа) бойынша жер үстінде магниттік түсірілім жүргізілді. Мезозой-кайназой шөгінділерінің қимасының қалыңдығын анықтау үшін желі бойынша 200 х200 метр ауданында вертикальды электрлік зонттау (ВЭЗ) жасалды. Поляризацияланған нысандарды анықтау мақсаты үшін ВП желісі бойынша 200 х200 метрде ОГ (орталық градиент) әдісі бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Іздеп бұрғылаудың негізгі мақсаты боксит, көмір және жаңадан шыққан жоғары сазды кен шөгінділерінің кенді полиметалл рудаларында қосымша есеп бойынша таралу ауданын табу болып табылады. Жалпы көлемі бойынша 2684 метр бойымен 23 ұңғыма бұрғыланып, өнімді қабаттан кернді сынамалар алынды,ұзындығы көптеген жағдайда 1 метрді құрады. Спектрлі сараптамамен 12 элементке 418 сынама сарапталып, 248 сынамаға құрамында Al2O3, SiO2 и Fe2O3 анықталған рентгенспектрлік сараптау жүргізілді және 316 сынамаға қорғасын мен мырыштың құрамын анықтау үшін химиялық сараптама жүргізілді.
Қорғасын-мырышпен минералданған және жоғары глинозем түзілу белдемдері Аюсай учаскесінде мезазой-кайназой шөгінділерінің қимасына шоғырланған, құрылымы бойынша сәйкес келмейтін және субгоризонтальды орналасуымен ертетаскөмірлік карбонатты-терригендік литофациялар Аюсайдың ортаңғы бөлігінде синклинальды ( палезойлық іргетас), аюсай сериясын.ың жыныстары және Аюсай рифті кешені көрсетілген. Учаскенің шекараларында мезазой-кайназой шөгінділері, төменнен жоғары: бөлшектелмеген триас-ерте юралық жастағы шөгінділер, бөлшектелмеген юра жасындағы түзілімдер, плиоценнің опырылмалы литофация машат кен қабаттары және голоцен мен төрттік жүйенің жоғарғы буыны аллювиальды-пролювиальды шөгінділермен.
Морфологиялық жоспарда палезой іргетасы (кенорын аймағында) оңтүстіктен тұйықталмаған, көлемі 1.6 х 2.5 километр болатын палеодепрессияны көрсетеді. Депрессияның мезозойға дейінгі беті бөлшектелген баспалдақты рельеф болып келеді, көптеген аз амплитудалы лықсыма-қаусырма түрлі жарылымдар солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс созылымдарда шарттасқан. Бұрғылау және электробарлау нәтижелері бойынша депрессия контурында субьмеридианальды созылыммен ойпаттар қатары бөлінеді, созылуы 1,5-1,6 км-ге дейін және ені 350-360 метрге дейін, іргетас шоқылармен бөлінген. Өз кезегінде шоқылардың субьвертикальды орналасуы жарылымдармен шектелген. Ойықтардың биіктігі алғашқы метрден 80-90 метрге өзгереді. Жекеленген аймақтарда ойпаттардың морфологиясы жарылымдардың субендік созылуымен күрделеніп, қосымша ойықтар мен қоспалар пайда болып олардың бойлық бойымен қиылысуына әкеп соқтырады. Палезой іргетасының баспалдақты рельефі литифицирленген және аздап литифицирленген мезазой-кайназой жыныстарымен жабындалған. Іргетасқа бастырылған орын триас-ерте юра жасындағы бөлшектелген шөгінділер, сонымен қатар юраның шөгінділері. Басқаша айтқанда, қимадан триас-юра уақытының бөлшектелген шөгінділері байқалады. Бұл факт оң және теріс формада полезой іргетасының рельефінде, берілген учаскеде юра жасындағы түзілімдермен жабындалған. Рельефтің бұлай жасалуы триас-юра жасындағы іргетас блоктарының субвертикальды жарылым бойымен инверсиялы қозғалыстарына және рельефтің жиі өзгеруіне әкеледі. Түзілім үшін пайда болған полезой іргетасының жабыны мезазойға дейінгі көптеген карсті түзілімдердің пайда болу процесінде микро бос, бос, каверналармен, еру жолақтарымен және иректі айырулар мен біркелкі емес керегелерімен сипатталған. Қуыстардың өлшемі миллиметрден бастап бірнеше метрге дейін. Көптеген жағдайда карстық формалар қоңыр, сұр, қызыл-қоңыр түсті саздар, суқышқылданған және қышқылданған темірмен, әктас сынықтарымен және ақ түсті кальциттермен толтырылған. Көптеген карсты түзілімдер Аюсай рифті кешенінің әктастарында және аюсай сериясының терригенді-карбонатты жыныстарының аздаған дәрежесіне сәйкес көрсетілген. Карстытүзілімдер процесіне қима қалыңдығы бірінші метрден 100-150метрге дейін өзгереді, сол уақыттағы іргетастың рельефімен шарттасқан. Аюсай сериасы және Аюсай рифті кешенінің сипаттамасы жоғарыда, «Стратиграфия» бөлімінде сипатталған.
Аюсайдың пайда болуына бөлінген стратиграфиялық бөлім бөлшектелмеген триас–ерте юралық түзілімдер «ала-құла боялған», құбаланған, сүргіш-қызыл, қоңыр,қоңырлау-ақшыл сұр, көкшіл-сұр саздармен және аргелиттер,алевролиттер және сазды цементтелген полимикті құрамымен құмтастар қосылған. Учаскелерде жекеленген ұсақ-орта сынғышты конгломерат-брекчиялар қатысады, учаскенің оңтүстік-батыс бөлігіне қарай олардың саны арта түседі (ұңғ.15). Жекеленген ұңғымаларда қиманың негізінде "қалықтаған" жұмыр сынықтар мен блоктары сұр, ашық-сұр әктастар, палезой іргетасындағы шоқылардың бұзылуына әкелетін өнімдер болып табылады. Қиманың бөлігіндегі ерекше орынды линзалар және горизонтты глиноземді және жоғарғы глиноземді жыныстар, бокситтер, аллиттер, сиалиттер, бокситке ұқсас және каолитті саздармен келтірілген. Олар химиялық сараптау арқылы бөлінеді. Жоғарғы глиноземді жыныстардан өзге сипатталған бөлімдегі шөгінділерде қорғасын мен мырыштың құрамы артқан, жұмыс ауданындағы барлық мезозой-кайназой қимасында бірден айқындалады. Триас-ерте юралық шөгінділерден қорғасын-мырыш рудаларының табылуы Аюсай учаскесінде жүргізілген іздеу-бағалау жұмыстарының негізгі мақсаты болды. Төменде триас-ерте юралық шөгінділер қимасының 08 ұңғымамен ашылған сипаттамасы келтірілген. Жоғарыдан төмен орналасқан:
Инт. 43.3 – 46.7 м. Ашық-сұр құмтасты аргилиттер мен сазды құмтастардың кезектесуі. Көптеген пизолиттер мен бұршақтар қатысады. Сеппелі және ірі түрде (0.5-1 смге дейін) тартылған пириттің көптігі байқалады.
Инт. 46.7 – 48.4 м. Себілген пирит және сирек себілген галениттері бар ашық қоңыр-сұр сазды құмтастар. Сазды материалдармен толтырылған аздаған қуыстар байқалады.
Инт. 48.4 – 59.0 м. Қызғылт-құба темірлі сазды құмтастар,алевролиттер және аргиллиттер пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 59.0 – 65.1 м. Қызғылт-қоңыр темірлі сазды құмтастар көптеген пизолиттермен және бұршақтармен. Пизолиттердің бүтін формасымен қатар олардың көріністері қатысады.
Инт. 65.1 – 68.0 м. Күлгін-ашық-сұр сазды құмтастар көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 68.0 – 71.3 м. Ашық-сұр сазды құмтастар көптеген бұршақтармен.
Инт. 71.3 – 78.9 м. Алағұла-қызыл, ашық-күлгін, қою-құба темірлі сазды құмтастар және алевролиттер көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт.78.9 – 85.3 м. Ашық-сұр, ашық-күлгін сазды құмтастар көптеген бұршақтармен.
Инт. 85.3 – 88.7 м. Қоңыр, қызғылт-қоңыр темірлі сазды құмтастар көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 88.7 – 97.7 м. Қоңыр темірлі сазды құмтастар және алевролиттер көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 97.7 – 100.2 м. Күлгіндеу-ашық-сұр құмтасты аргилиттер көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 100.2 – 118.5 м. Қою қызыл қошқыл, құба темірлі аргилиттер көптеген пизолиттермен және бұршақтармен.
Инт. 118.5 – 120.4 м. Қызғылт-құба темірлі сазды құмтастар, аргилиттер пизолиттермен.
Инт. 120.4 – 123.1 м. Қызғылт-құба, құба темірлі сазды құмтастар пизолиттермен.
Инт. 123.1 – 126.9 м. Ашық сұр,қызыл саздар құмтас қабаттарымен. Ашық сұр түсті әктастардың сынықтарымен көрінеді.
Төменде төменгі карбонның аюсай сериясының сұр биокласты-литокласты әктастары орналасқан. 08 ұңғымадағы стратиграфиялық бөлімшенің қалыңдығы 83,6 метр (барлық бұрғыланған ұңғымалардағы максимальды өлшем). Триас-ерте юралық шөгінділерде қалыңдықтың айтарлықтай ауытқуы тән ( ұңғ. 1,8 м-ден бастап 83,6 м 08 ұңғ.) және өлшемінің өзгеруі қысқа аралықта, палезой іргетасының бөлшектелген рельефіндегі шөгінділердің жиналуымен түсіндіріледі.
Қимамен жоғары триас-ерте юралық шөгінділерге сәйкес юра жасындағы шөгінділермен жабындалған Аюсай учаскесінде бөлшектелмеген юра шөгінділері деген атпен стратиграфиялық бөлімшесі біріктірілген. Триас-ерте юралық түзілімдердің қарым-қатынасынан басқа юра шөгінділері Аюсай кенорнының жекеленген аудандарында төменгі карбонның әктастарымен құрылымды үйлеспеушілікпен жатады. Юра шөгінділері көмір және қабатталған көмірлі-сазды шөгінді саздармен,аргилиттермен және алевролиттермен көрсетілген. Әртүрлі саздардан басқа қима құрылысында құмтастар,әктастар, гравелиттер, полимикті конгломераттар және конгломерат-брекчиялар қатысқан. Аюсайдың пайда болуында солтүстік және орталық бөліктерінде басым жағдайда қимада бөлшектелмеген юра шөгінділерін көмір және көмірлі-сазды жыныстары орын алады. Басқа жақтарында, оңтүстік және оңтүстік батыс бағыттарда (ұңғ. №№ 011, 015, 026, 028) қимада құмтастардың, гравелиттердің,конгломераттардың және конгломерат-брекчиялардың біртіндеп өсуіне байқалады. Қиманың негізінде палезой іргетасына (ұңғ. 0.2, 0.3), кіріккен бөлшектенген юра шөгінділері көмір аргелиттерінің және алевролиттерде Аюсай рифті кешені мен аюсай сериясында (палезой шоқыларының қайта түзілген блоктары) әктастастардың ірі блоктары (алғашқы ондаған метрден көлденең қиылысқанша) кездеседі. Көмірлі аргилиттер,алевролиттер және көмірлер үшін сеппелі пириттер мен көптеген нақты және тарта қысумен қойылған пириттер мен марказиттер тән. Қиманың солтүстік –шығыс бөлігі 07 ұңғыма бойынша көрсетілген, онда жоғарыдан төмен жатады:
Инт. 7.8 – 10.2 м. Ашық-сұр әктасты саздар.
Инт. 10.2 – 11.7 м. Сұр, ашық сұр саздар қоңыр дақтармен, алевриттелген саздар.
Инт. 11.7 – 13.0 м. Сұр, ашық қоңыр,қоңыр саздар, сирек аргелиттер.
Инт. 13.0 – 16.1 м. Флора қалдықтарымен сұр саздар мен аргилиттер.
Инт.16.1 – 19.8 м. Жұқа алевролит қабатшаларымен сұр қабатты аргелиттер.
Инт. 19.8 – 23.0 м. Пелеципод фауналары және көмірленген ағаш сынықтарымен сұр алевролиттер.
Инт. 23.0 – 26.3 м. Ырғақты алмасу: сұр жұқа қабатты әктастар, көп фауналанған сұр, қара сұр алевролиттер мен аргилиттенген мергелдер.
Инт. 26.3 – 30.6 м. Ұсақ сеппеленген пириттер мен құмтастардың жұқа қабаттарымен қабатталған қара көмірлер.
Инт. 30.6 – 33.1 м. Көптеген сынықтармен көмірленген ағаштар қою сұр, қара көмір-сазды құмтасты жыныстар. Пириттің сеппелігі анықталады.
Инт. 33.1 – 35.2 м. Көмірленген ағаштардың сирек сынықтарымен сұр,ашық сұр саздар мен аргилиттер.
Инт. 35.2 – 36.8 м. Көмірлі құмтастар мен алевролиттердің сирек қабаттарымен қара көмірлер.
Инт. 36.8 – 41.3 м. Қара көмір қабаттарымен қою сұр, қара алевролиттер.
Инт. 41.3 – 46.9 м. Алевролит қабаттарымен сұр құмтастар, көмірленген ағаштардың сынықтары бар.
Инт. 46.9 – 53.2 м. Сұр, қою сұр аргелиттер, алевролиттер, ашық сұр аркозды құмтастар мен қара көмірлер. Көмірленген ағаштардың көріністері мен тарта қысылған пириттер көмірлі әртүрлі шөгінділермен ұштасқан.
Инт. 53.2 – 56.0 м. Ашық сұр,сұр аркозды құмтастар ұсақ көмірленген флораның сынықтарымен.
Инт. 56.0 – 61.8 м. Сұр, қою сұр көмірлі алевролиттер аргелиттер қабатымен және ұсақ түйірліқұмтастармен.
Инт. 61.8 – 68.0 м. Қою сұр әртүрлі түйірліқұмтастар көмірдің жұқа қабаттарымен және сынықтарымен, пелициподфауналары және себілген пириттермен. Конгломерат брекчиялар көмірленген ағаштардың сынықтарымен, құба аргелиттермен, ірі пелеципод көріністері және жекеленген бұршақтармен қабат (0,4 м) анықталады.
Инт. 68.0 – 68.7 м. Қара көмірлі сазды шөгінділер көптеген көмірленген ағаштар сынығымен. Пириттің себілген және тарта қысылуы анықталған. 68.0 – 68.7 метрде көптеген пизолиттер қатысады.
Төменде триас юра жасына сазды құмтастар жатады. Юра шөгінділерінің 07 ұңғымадағы қалыңдығы 60,9 метрді құрайды.
Учаскенің оңтүстік бөлігінде, юра шөгінділерінің қимасының құрылысында ірі түйірлі және сынғыш литофациялар айқындайтын рөлді атқарады.
Төменде 026 ұңғыма бойынша қима келтірілген, жоғарыдан төмен жатады.
Инт. 12.0 – 15.0 м. Қызыл дақтарымен ашық сұр саздар
Инт. 15.0 – 19.9 м. Ашық сұр, қызыл алевролиттерқұмтастар мен аргилит қабатымен.
Инт. 19.9 – 23.8 м. Қызыл түсті орта түйірлі құмтастар.
Инт. 23.8 – 35.5 м. Қызғылт ашық сұр ұсақ ұсақ малтатасты конгломераттар ашық сұр құмтастардың қабатымен
Инт. 35.5 – 39.5 м. Сұр конгломерат брекчиялар мен түрлі түйірлі құмтастардың алмасуы.
Инт. 39.5 – 42.2 м. Ашық сұр конгломераттар түрлі түйірлі сұр әктасты құмтастармен.
Инт. 42.2 – 46.6 м. Сұр конгломерат-брекчиялар алевролит пен ашық сұр әктасты құмтас қабаттарымен
Инт. 46.6 – 50.0 м. Сұр конгломераттар мен сұр түрлі түйірлі құмтастардың алмасуы.
Инт. 50.0 – 56.6 м. Брекчиялар, ірі түйірлі полимикті құмтастар және әктасты құмтастардың алмасуы
Инт. 56.6 – 59.4 м. Қою сұр конгломераттар, түрлі түйірлі құмтастар, алевролитпен аргелиттердің алмасуы.
Инт. 59.4 – 60.9 м. Қою сұр конгломерат брекчия, ашық сұр құмтастар мен алевролиттер
Инт. 60.9 – 64.0 м. Сұр брекчиялар, қою сұр ірі түйірлі құмтастар мен ашық сұр алевро құмтастардың кезектесуі.
Инт. 64.0 – 66.5 м. Қою сұр конгломераттар, құмтастар және ашық сұр әктастардың алмасуы.
Инт. 66.5 – 68.0 м. Ашық сұр әктастар.
Инт. 68.0 – 72.9 м. Қою сұр конгломерат брекчиялар мен ашық сұр полимикті құмтастардың алмасуы.
Инт. 72.9 – 76.6 м. Қою сұр конгломерат брекчиялар градационқабатты құмтастармен.
Инт. 76.6 – 79.0 м. Қою сұр конгломерат брекчиялар бөлінген ашық сұр құмтастар мен сұр алевролит қабаттарымен.
Инт. 79.0 – 80.1 м. Ашық сұр полимикті конгломераттар.
Инт. 80.1 – 83.6 м. Ашық сұр конгломераттар түрлі түйірлі градационқабатты құмтастар қабатымен.
Инт. 83.6 – 85.0 м. Ашық сұр конгломераттар ұсақ түйірлі полимикті құмтастар қабатымен.
Қимадан төмен қызылтүсті алевролиттер пизолиттермен триас-юра шөгінділері жатады. Юра шөгінділерінің 026 ұңғымадағы қалыңдығы 73 метр. Бөлшектелмеген юра шөгінділері қалыңдығы Аюсай учаскесінде кең түрде өзгереді. Учаскенің батыс бөлігінде орналасқан 019, 020 және 17 ұңғымаларда тіркелген минималды мәні 3.0;6.2 және 14.8 метр. Бұрғыланған оңтүстік шығыс бөлігінде 011, 02 және 03 ұңғымаларда қалыңдықтың максималды мәні 197.3; 203 және 150 метр, мұнда палезой іргетасында юра шөгінділері ойпаттарды орындайды. Ауданның үлкен бөліктерінің дамуы барысында юра шөгінділерінің қалыңдығы 50ден 120метрге, сонымен қатар мезозойға дейінгі іргетас рельефінің пайда болуымен байланысты. 03 ұңғымада стратиграфиялық бөлімше қимасының төменгі бөлігінде көмір-сазды шөгінділер сұр әктастардың («палеозойлық») блоктары мен сынықтары қалқымалы қайта шөгінделуімен көрсетіліп, созылым бойынша толық жетіспеген құрамдары жоғарғы қорғасын мен мырыш интервалдары бөлінген. Химиялық анализ бойынша 113.7 – 119.7 метр интервалда мырыш құрамы 0.18% дан 0.99%ға дейін, қорғасын 0.05% дан 0.32 %ға дейін өзгереді. Ал 123.3 – 128.0 метр интервалда мырыш құрамы 0.14% дан 0.26%ға, қорғасын 0.03% дан 1.18%ті құрайды.
Қимадан жоғары, бөлінбеген юра шөгінділері ашық сұр брекчиялармен, конгломерат-брекчиялармен және плиоценнің машат свитасының қойтасты-малтатасты литофацияларменөзара үйлесімсіз түрде жабындалған. Сынғыш материал жыныстарда малта тас және жұмырланбағандары әктастармен, сирек құмтастар мен доломиттермен келтірілген. Учаске аймағында әдетте свита қалыңдығы 2-7 метрге, кей жерлерде 13 метрге жетеді. Учаскенің барлық ауданында плиоцен шөгінділеріне төрттік жүйенің жоғарғы буыны және голоценнің 0,5-2,0 метр қалыңдықпен құмайт, балшықты және карбонатты жыныстардың малтатасы мен ұсақталған тастарымен келтірілген аллювиальды-пролювиальды шөгінділермен кіріккен.
Көмір. Аюсай учаскесінде бөлшектелмеген юра шөгінділерінде практикалық қызығушылық қоңыр көмірлердің орнатылған денесін көрсете алады. Жекеленген қабаттар жергілікті тұрғындардың қызығушылығына байланысты өңделіп,қолданылуы мүмкін. Көмір қабаттары мен линзаларының өнімді қабаттары субгоризонтальды немесе оңтүстік бағытта аздап еңкейе кірігіп, сипатталып отырған ауданның солтүстік-шығыс және солтүстігінде кезіккен (ұңғымалар №№ 1, 3, 6, 06, 07, 08, 016, 018). 1 ұңғымада көмірлі-сазды шөгінділер 58.0 – 79.0 метр аралығында ашылған, ал 6 ұңғыма 27.6 – 31.0 метр аралығында. 41.3 – 47.2 метр аралығында көмір 06 ұңғымасында қойылған, 07 ұңғымада көмірлер екі аралықта 26.3 – 30.6 метр және 35.2 – 36.8 метрде кездескен. 016 ұңғымада олар 25.8 – 27.4 метр аралығында,ал 010 ұңғымада 55.5 – 58.5 метр аралығында ашылған. Оңтүстік және батыс бағыттарда көмір қабаттарының біртіндеп азайюы болады (бірінші ондаған сантиметрге дейін), 02, 03, 04 және 20 ұңғымаларда орын алған. Сипатталып отырған аймақта олар юра шөгінділерінің оңтүстік-батыс бөліктеріндегі қимада толықтай жоғалған ( №№ 015, 026, 028 ұңғымалар). «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы КазНИИ » АҚ отын сынау зертханасының қорытындысы бойынша Аюсайда көмірдің шығуы Б-3 маркалы қоңыр көмірге жатқызылды. ГОСТ 28663-90
Алюминий. Жоғарыда айтылғандай Аюсай учаскесінің глиноземисті жыныстары бокситтермен, аллиттермен, сиалиттермен және каолинитті саздармен көрсетіліп, бөлшектелмеген триас-юра жасындағы шөгінділермен және стратонның жалпы көлемін қалыптастырып, стратиграфиялық бөлім қимасында басымдылықты алады. Бұлар саздар, аргилиттер, алевролиттер түрлі түйірлі құмтастар сазды цементтермен, бокситтер, аллиттер және сиалиттердің бөлінуі тек химиялық сараптаудың нәтижесі арқылы белгілі. Жыныстардың түсі әдетте құба, қоңыр, қызғылт-қоңыр, ашық қоңыр, күлгін-сұр және ашық сұр. Көптеген жағдайда пизолитті немесе бұршақты құрылымның әртүрлілігімен келтірілген. Пизолиттер мен бұршақтардың көлемі миллиметрден 1-1,5 сантиметрге дейін түрленеді. Олардың арасындағы кеңістік сазды, алевритті немесе сазды-құмды материалдармен жасалған. Пизолиттер мен бұршақтар жыныс көлемінің 5-10% бастап, 50-60 %на дейін алуы мүмкін. Пизолиттер шоғырланған құрылыммен ерекшеленеді. Соған сәйкес, сазды материалдармен қабатталған бірнеше қабық бөлінеді. Пизолитердің ортаңғы бөлігінде жыныстардың сынықтары, құмтастармен алевролиттер, сирек аргилиттер жиі кездеседі. Бұршақтылар аргелиттенген материалдармен түзілген, сирек жағдайда реликті қабықтармен және нашар сақталып шоғырланған құрылым көріністерімен сақталады. Жалпы алғанда, шөгінділерге сеппелік және сидериттің ұсақ әртүрлі бөлінуі, темірдің тотығы мен сутотығы, магнетит, гематит, гидрогематит, гетит және гидрогетитпен келтірілген, учаскеде пириттің сеппелігі анықталады. Құрамында Fe2O3 10%тен жоғары глиноземисті әртүрлі жыныстардың магниттік төзімділігі 1 060 дан 28 000 х 10-6 СГСМ дейін шоғырланған,бокситтер мен аллиттердің жекеленген қабаттарында магнетиттің көптеген сеппелігі байқалып, 71 000 х 10-6 СГСМге жетеді.
Аюсай кенорнында жоғары глиноземді шөгінділердің заттық құрамын зерттеу (Турсункулов Э.Т., 1987 г.) 1986-87 жж ГГК-50 кезеңінде (түссіз тілімтастарды петрографиялық зерттеу, термикалық және рентгенқұрылымдық сараптаулар) және іздеу-бағалау жұмыстар процесі бойынша (петрографииялық және минераграфиялық зерттеулер, минералогиялық сараптау және на автоматталған дифрактометрде рентгенодифрактометрлік зерттеулер ДРОН-4) жүргізілді.
Темірдің құрамына қарағанда бокситтер мен аллиттер аз темірлі (құрамы ) және темірдің әртүрлігімен. Аз темірлі бокситтер мен аллиттер – сұр,күлгін сұр, қоңыр-ашық сұр, ашық қоңыр жыныстар массивті текстуралары пелитоморфты,оолит-пизолитті немесе пизолитті құрылымды. Пизолиттердің ортасында алевролит пен аргилиттердің сынықтары жиі кездеседі. Қабығы толықтай сазды агрегаттармен орналасқан. Термикалық,рентгенқұрылымдық және рентгендифрактометрліқ сараптаулардан каолинит-гиббсит-сидеритті және диккит-гиббсит-сидерит-каолинитті әртүрлі аз темірлі жоғары глиноземисті шөгінділер бөлінеді. Термикалық мәліметтер бойынша каолинит құрамы 22%, гиббсит 22%, диккит 6% және сидериттің 52 пайызы. Рентгенқұрылымдық сараптау көрсеткендей каолинит шөгінділерінде,гиббсит (гидраргиллит), сидерит, кальцит, кварц, далалық шпаттардан –іздер және хлориттен – іздер қалатынын көрсетті. Үш үлгінің (08-28, 08-38, 08-57) рентгендифрактометрлік сараптау глиноземді аз темірлі жыныстарда келесідей жыныстүзуші минералдар анықталды: каолинит 22.0-73.0%, гиббсит 9.7-57.2%,тримолит 0-16.4%, магнетит0-6.2%, кварц 0-5.7%, калцит 0-2.5% және альбит 0-2.5 пайыз.
Темір бокситтер және аллиттер қоңыр,қызғылт-қоңыр, қою қоңыр түсті массивті текстуралы, оолитті, бұршақ пизолитті, сынғыш-бұршақты, алевролитті немесе пелит құрылымды жыныстарды көрсетеді. Жыныс құрамы – гематит-магнетит-диккит-сидерит-гиббсит-каолинитті немесе гематит-гетит-каолинит-гиббситті. Термикалық анализ негізгі жыныс түзуші минералдардың анықтады: каолинит 38 дейін, гиббсит 38 дейін, сидерит 20 дейін және диккит 9 дейін. Көптеген пизолиттер мен бұршақтылар көбіне қою сұр, қара, қызғылт-қоңыр немесе сұр түсті. Пизолиттер ядросы темірдің сутотықтарымен және тотықтармен жасалған. Қабығы калцитпен, сидеритпен, каолинитпен қабатталған, әртүрлі деңгейде гиббситпен араласқан. Гиббсит сонымен қатар каолинитизерленген жыныстар сынығыменде дамиды. Цементтеушіпизолиттер және бұршақты матрикс хлорит-гидрослюдисті-каолинитті материалымен қабыршақты колломорфты белдем құрылымымен келтірілген. Тілімтастарда пелиттелген құрылымы бар темір бокситтер, темірдің су тотығымен белсенді сіңген каолинитті агрегаттар сияқты көрінеді.
Аюсай учаскесінде бұрғыланған 23 ұңғыманың 2010-2012 жж. 14 ұңғымасы (№№ 06, 07, 08, 09, 010, 011, 012, 014, 015, 016, 018, 020, 026, 028) триас-ерте юра жасындағы бөлшектелмеген шөгінділердің глиноземді түзілімдерімен қиылысты. Олардың ішіндегі 8 ұңғымада орта құрамды глиноземдер стратиграфиялық бөлімше қимасының барлық қалыңдығында 21.57% (011 ұңғ.)дан 36.97% (010 ұңғ.) дейін, ал 6 ұңғымада 11.68% (012 ұңғ.) дан 17.89% (07 ұңғ.) дейін.
Al2O3 максималды құрамы 30% дан асатын облыстар өнімді қабаттың таралу аймағының солтүстік-шығыс және солтүстік батыс қапталында орналасқан. Жалпы алғанда, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа 015 ұңғыма бағытына қарай глинозем құрамының (34.99% Al2O3 018 ұңғымада) төмендеуі байқалады, мұнда глинозем құрамы 20%дан төмен. Өнімді қабаттың оқшауланған учаскесі Al2O3 құрамды қабаты 10% дан 20%ға дейін, сонымен қатар ауданның орталық бөлігінде де анықталады.
08 және 018 ұңғымаларда кенорынның солтүстік-шығыс бөлігінде химиялық сараптама бойынша бокситер анықталған. Сонымен қатар, 08 ұңғымада да бокситтер 65.3-81.3 метр аралағанда білінген, олар 16 метр қалыңдықты субгоризонтальды қабатты денені құрай орналасқан. Орта құрамды Al2O3 37.53% кремний модулінің 2,71 орташа өлшемімен және орта құрамды Fe2O3 20.60 пайызымен. Келтірілген параметрлер «Түсті металдар кенорындарындағы топтасу қорларына нұсқаулықты қолдануға» сәйкес II сортты Б-6 маркалы бокситтерге сәйкес келіп, 2005 жылы МЭжәнеМР ҚР нақтыланған. Al2O3 құрамы бокситті денеде 35.35% дан 39.95%ға дейін шоғырланған, SiO2 9.48% дан 20.19% дейін, Fe2O3 13.05% дан 29.58 пайызға өзгереді. Fe2O3 құрамды бокситтер темірлі әртүрлілерге жатады. 018 ұңғымада қалыңдығы 16 метрлік боксит горизонттары 62.5-78.5 метр аралығында қойылған. Al2O3 орташа құрамы қима қалыңдығы 1 метрінде 40.96% (глинозем құрамы 33.48% дан 44.86%ға өзгереді), кремнии модулінің орташа өлшемі 3,34ке тең, SiO2 орташа құрамы 13.56% ( 8.30% дан 26.10% дейін), Fe2O3 орташа құрамы 17.45% құрайды (11.11% дан 30.32%ға өзгереді). 018 ұңғымадан шыққан бокситтер Б-4 маркалы III сортқа жатады. Глиноземнің орташа құрамы триас-юра жасындағы бөлшектелмеген шөгінділер қимасының барлық қалыңдығы бойында 8 ұңғымада (83,6 метр қалыңдықта) кремний модулінің орта мәнінде 1.19 - 27.35%ды құрайды, ал 018 ұңғымада (қалыңдығы 28,9 м)- 34.99% және кремний модулінің орта мәні 2.19. Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша стратиграфиялық бөлімшенің «бөлшектелмеген триас-юра жасындағы шөгінділер» 8 және 018 ұңғыма толықтай ашылып, табанынан қабыршағына дейін (08 ұңғымадағы қима негізіндегі 4 метрді шығарғанда) жоғарғы глиноземді шөгінділермен қабатталған,сипаттамасы бойынша аллиттермен салыстыруға болады. Орта құрамды шөгінділер Al2O3 26.93% дан 34.99% учаскенің солтүстік-шығыс бөлігінде (ұңғ. 5, 6, 06, 08, 016, 018), солтүстік-батыс бағытқа созылған толықтырылған материалдар болып табылады. Палеозой іргетасындағы ойпаттар оңтүстік-батыс бортымен және солтүстік-шығыс тік жарылымды бұзылыстармен біршама жатық. Басқаша айтқанда, жоғары құрамды глиноземді шөгінділердің біршама таралуы кен бақылаушы құрылымды орындайтын палеозой іргетасында рельеф формасының шекараларымен тексерілген. Аюсай кенорнының солтүстік-батыс қапталында біршама аздаған тереңдікте кеңдеу дипрессия ұқсас суретті құрайды. Депрессияны толтырған шөгінділер бөлшектелмеген триас-юра жасындағы шөгінді глиноземдермен келтірілген, 2007-2008жж бұрғыланған №№ 09, 010 ұңғымаларда,сонымен қатар №№ 17, 18, 19 және 20 ұңғымаларда ашылған. (Бувтышкин В.М. 2008 ж.). Мұнда жоғарғы глиноземді шөгінділер аллиттер параметрлерімен 09, 010, 17 және 20 ұңғымалармен стратиграфиялық бөлімнің барлық қалыңдығына жауап береді. 09 ұңғымада аллиттердің 10,2 метр қалыңдықтағы денесі 59.0-69.2 метр аралығында ашылған, 1 метр қалыңдықта Al2O3 орташа құрамы - 32.95% ( 30.78% дан 39.58% дейін өзгереді), кремний модулінің орташа мәні 1,64 Fe2O3 - орташа құрамы 17.50 пайыз.010 ұңғымадағы 3,3 метр қалыңдықтағы аллиттер 58.5-61.8 метр аралығында тіркелген, Al2O3 орташа құрамы 36.97% ( 28.42% дан 41.35% өзгереді) кремний модулінің орташа мәні 1,07 және Fe2O3 орташа құрамы 3,47 %. 17 ұңғымада аллиттер 12,3 метр қалыңдықта 25,0-37,3 метр аралығында тіркеліп, Al2O3 орташа мәні 29,11%ға жеткен ( 24.32% дан 37.84% дейін) кремний модулі 0,98 және Fe2O3 орташа құрамы -12,28 пайызды құрайды. 20 ұңғымада 26,9-41,7 метр аралығында аллиттер қалыңдығы 14,8 метр болатын жабынды қабатты құрайды, мұнда Al2O3 орташа құрамы 33,43% ( 28,62% дан 39.14% дейін), кремний модулінің орташа мәні -1,32, Fe2O3 орташа құрамы 11,53 %. Аллиттердің соңғы 010 ұңғымада 09,17 және 20 ұңғымаларда глиноземді шөгінділер темірлі әртүрлілігімен келтірілген.
Қазіргі уақытта әлемде сирек кездесетін элементтерге, галий және скандийге тұрақты қызығушылық тууда. Машина жасау салаларында жоғарғы технологиялық және металлургиялық өндірістерде, сонымен қатар лазерлер мен люменесцентті заттарды жасауда қажеттілігі зор. Бұл металдарды алудың негізгі көзі глинозем өндірісінің өнімі және жартылай өнімді негізгі компонент алюминиді алғанда галий мен скандий жолай кездесіп жатады. Спектрлік анализ бойынша, Аюсайдың шығуында глиноземді шөгінділерде галии құрамы 0,001-0,002%-ды, ал скандия 0,03-0,05%, бұл глинозем өндірісінде жолай қарастыруға жеткілікті. Аюсай учаскесінің шөгінділерінде галий мен скандимен бірге, жартылай сандық спектрлік анализ нәтижелерімен келесідей сирек жерлік элементтер лантан 50 г/т дейін, церий 50 г/т дейін, иттрий 50-100 г/т, итербий 30-50 г/т және лютеций 30-50 г/т.
Ақсай учаскесіндегі бокситтер мен аллиттердегі кремнеземнің жоғарғы құрамына қарағанда алюминий өндірісі үшін негізгі шикізат есебінде глинозем бағасын төмендетеді. Оларды бокситтердің жоғарғы маркаларында қоспа ретінде ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Аллиттер мен төмен сапалы бокситтер маркасы, сонымен қатар отқа төзімді материалдар өндірісі үшін шикізат болып табылады.
Қорғасын мен мырыш. Al2O3 жоғарғы концентрациясымен бірге бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділерінде қима қалыңдығында ондаған,жүздеген пайызды құрайтын қорғасын мен мырыш құрамының жоғаралағанын сипаттайды және жұмыс ауданында таралған палеозой және мезозой-кайназой қималарындағы барлық шөгінділерде, орталық Қаратаудағы фаменнің доломитті қораптарын қоспағанда жұмыс учаскесінен 20-25 км аралықта орналасқан мыңдаған бөлік пайызынан аспайды. Бұл фонда, қорғасын мен мырыш құрамы триас-ерте юра жасындағы шөгінділерінде0,01-ден 0,5 пайызға, ал жекеленген қималарда және одан аномальды түрде жоғары (жекелеген сынамаларда қорғасын мен мырыш құрамы 1 пайыздан жоғары). Қорғасын мен мырыштың максималды құрамы : Pb - 1.11% және1.84%, Zn -1.50% и 2.63% 1987жж екі сынамада; Pb – 1.17% (бір сынама), Zn – 1.5% (бір сынама) 2007 ж сынамада 0.93% мырыш (бір сынама), 0.52-0.54% мырыш (үш сынама) 2010-12 жылдарда
Төменде қорғасын мен мырыштың 2007 және 2010-12жж бұрғыланған орта құрамдары және ұңғымадағы керн нәтижесі бойынша алынған стратиграфиялық бөлімшенің барлық қалыңдығының суммасы келтірілген.
5. 1 кесте