
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
ХХ ғасырдың екінші жартысында сипатталушы территорияда іздеу-түсіру, іздеу, іздеу-бағалау және барлау жұмыстары жүргізілді. Олардың басым көпшілігі зерттелген аудандар мен объектілерді ары қарай зерттеуге бағытталған ұсыныстарға толы болды.
Олардың арасында Е.Е. Захарова (1960), В.С. Булыго (1970), Ф.Я. Валеева (1972, 1974), Н.Н. Севрюгина (1983), Е.С. Зорина (1988), А.П. Шарапкова (1983), Э.Т. Турсункулова (1987), О.Н. Краева (1988), Д.В. Алексеева (1990), В.М. Бувтышкина (1997) жұмыстары қызықты болып табылады, соның арқасында 1988 ж «Оңтүстікгеология» ПГО-ң ұжымының авторларына сипатталушы аймақтың мыс, алтын, қорғасын, мырыш, және фосфориттердің ықтималды қорларын бағалауға мүмкіндік берді. 1999-2000 ж А. Ф. Ковалевский және бірқатар авторлармен 1:50000 масштабта Оңтүстік Қаратаудың металлогендік картасын құрастыру және ықтималды ресурстарды бағалау мен геологиялық жұмыстарды келешекті жоспарлауға байланысты жұмыстарды аяқтады. Бұл жұмыстарға сәйкес сипатталушы ауданда 35 объектілер мен аудандар бөлінді, олар бойынша Р1, Р2 және Р3 катергориялардың ықтималды ресурстары ескерілді (қорғасын-мырышты 15, фосфориті 12, боксит 3, алтынды 2, баритті 1, сирек земель 1, көмір 1).
2006-2008 ж.ж. ГДП-200 бойынша жүргізілген К-42- IV,X (Бувтышкин В.М., 2008 г.) парақтардағы аймақтық жұмыстар нәтижесінде перспективалы кенді аудандар, зоналар, аумақтар, кенорындар және кенбілінулер бөлінді (қорғасынның, мырыштың, фосфорит, бокситтің, алтынның және т.б.), келесі кезең жұмыстарын жүргізу ұсыныстары берілді.
Үлкен Қаратау минералды зонасының Байжан кенді ауданы бөлінді. Онда Байжан, Ақсұран, кенорындары және келесі кенді аумақтар бар: Дарбаза жарылымдарының оңтүстік-шығыс флангі, Проценттік, Қызылсай, Пономарев, Бозбұтақ, Ақшоқы, Мыңшыбыр және Аралтау, сонымен қатар кенді аудандар шегінен тысқары жерде орналасқан Сасықбулақ, Кеңестобы, Асан-Сергеевск, Боролдай, Жаманқытай, Батпақсу-Өзенкенді кенді аудандар (қорғасын-мырышты специализациямен). Кокжота және Үлкен Қаратау минералды зоналар шекараларында Таскөмірсай-Леонтьев кенді ауданы ішінде (қорғасын-мырышты специализациямен), ал Үлкен Қаратау және Шығыс Қызылқұм минералды зонасы шекараларының маңында Аюсай, Бүгінсай және Қараүңгір кенді аудандары (қорғасын және бокситті специализациямен) бөлінді.
Объектілер үшін Р1, Р2 және Р3 катергориялардың ықтималды ресурстары анықталды. Қалыптастырылған ықтималдық ресурстарға қысқаша геолого-экономикалық бағалау жүргізілді, мұнда белсенді ресурстар бөлінді, олар ауданның минералды–шикізат кешенінің дамуына және қорлардың өсуіне мүмкін береді. Олардың негізінде алғашқы іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуге қажетті келешекті аудандар мен объектілер бөлінді (Бувтышкин В.М., 2008 г.).
Аюсай кенді аумағы Үлкен Қаратау қыратының оңтүстік-батыс беткейінің бойымен 45 км созылады. Турнейдің Аюсай рифті кешенінің және аюсай сериясының әктастарында депрессиялардың және карстты қуыстар түзетін триас-юралық жоғары сазды таужыныстармен (бокситтер, аллиттер) қорғасын (1,84% дейін) мен мырыштың (2,63% дейін) салыстырмалы мол концентрацияларымен байланысты. Қорғасын мен мырышты кенденудің локальді карстті қуыстарда жататын бокситтермен байланысы Ақсай кенді аудынын шаймерден типті объектісін бөлуде келешегі мол деп танылды. Кенді дене шегінде қорғасын, мырыш және бокситтердің Р2 категориялары бойынша ықтималды ресурстары анықталды, олар мынадай: мырыштың шартты мөлшері 12 % болғанда Pb - 800 мың.т, Zn – 1200 мың.т және боксит 18,42 млн. Тонна.
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.