
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
2.3 Пайдалы қазбалар
Қаратау қыраты Оңтүстік Қазақстанның аса ірі кенді аумақтарының бірі болып табылады, онда көптеген кенорындар орналасқан және қорғасын, мырыш ванадий, барий, алтын ,түйірлі фосфорит және т.б. бірқатар пайдалы қазбалар табылған. Қаратаудың қазіргі құрылысы докембрий және палеозой гелогиялық түзілімдері енетін күрделі құрылысты антиклинорий ретінде берілген. Ауданға тән ерекшелік - магматизмнің аз мөлшерде дамуы болып келеді. Мұнда басым көпшілігінде шөгінді және аз дәрежеде вулканогенді шөгінді геологиялық формациялар таралған. Интрузиялық магматизм докембрилік габро-перидотиттер, габро-диабаздар, сонымен қатар кейінгі палеозой граниттоидтарының массивтері түрінде көрініс береді. Сонымен қатар, әртүрлі пайдалы қазбалардың шөгінді және вулканогенді шөгінді түзілімдерінің стратодеңгейлі, формациялық және литофациялық кешендеріне тікелей шоғырлануы байқалады.
Қаратауда минералдық специлизациясы анықталған бірқатар ірі тектоноформациялық кешендер бөлінеді.
Кварцты порфирлерден, фельзит-порфирлерден, кварц--хлоритті, кварц-серицитті, хлоритті және кремнийлі тақтатастардан, базальттардан, риолиттерден, туфтардан, слюдті құмтастардан, әктастар мен мраморлардан құралған ертерифей-вендтік карбонатты-терригенді-вулканогенді кешен алтын кенде минерагенді специализациямен сипатталады, ол кварц желілі типті сульфиттенген зоналармен көрініс береді. Бұл кешенде тақтатас-доломит-әктасты бақырлы свитасы; кремнийлі-көмірсулы тақтатастармен берілген шован свитасы (таужыныстағы пирита мөлшері 3-5%, алтын мөлшері - 25 мг/т); вулканогенді терриегенді қайнар свитасы висмус, мышьяк, күміс және алтынға алғашқы геохимиялық специализациясы бар және көмірсулы кремний-тақталы қосшоқы свитасы (пирита мөлшері - 2-7%, алтынның пириттегі мөлшері - 30-300 г/т, таужыныстағы алтын мөлшері - 20-50 мг/т). Бұл шөгінділерде кішігірім кенорындар шоғырланған және кварц сульфитті типті алтындар көптеп білінеді.
Кембрийлік сазды-көмірсулы, кремнийлі-карбонатты кешен кремнийлі, кремний-көмірсулы, сазды-кремнийлі, сазды тақтатастардан, әктастардан және доломиттелген әктстардан түзілген. Шөгінділердің айрықша қасиеті кремнезем және көмірсудың жоғары мөлшерінің болуы. Фосфорлық және ванадилік минералдық специализациясымен сипатталады, және молибден сирек топырақ (земель), тантал, ниобий, мырыш және барийдің мөлшерінің көп болуымен ерекшеленеді. Кіші Қаратаудағы шолақтау свитасының кембрийлі, карбонатты-кремнилі шөгінділерімен пластты фосфориттер қорының жиналуы байланысты, ал көмір-кремнийлі, сазды-кремнийлі- көмірсулы тақтатастарының ретті құрастырылған бумаларымен Солтүстік батыс Қаратаудағы және Жабағлы тауындағы ванадидің ірі стратоформды кенорындары байланысты. Полимиктілі құмтастардан, алевролиттерден, сазды, сазды-хлоритті және көмірсулы, сазды-кремнийлі тақтатастардан құралған кембрий-ордовиктік терригенді кешен мыстық минерагендік специализациямен сипатталады, ол пирит және халькопириттердің, халькопиритті-кварцты желілердің, сонымен қатар мыстың геохимиялық ореолдарының кең таралуымен байланысты минералданудың секпелі, желілік зоналарының көрініс беруімен байланысты. Әдетте, пирит және халькопириттің жұқа секпеліктері мен желілері көмірсулы, сазды-кремнийлі тақтатастар қабаттарында кездеседі.
Орта-кейінгі, терригенді кешен қызыл түсті конгломераттардан, кварц полеошпаты құмтастарданғ алевролиттерден мен аргилиттерден түзілген. Шөгінділер мыст–темір-алтын кенді минерагенді специализациямен сипатталады, кварц-халькопиритті және кварц-алтын кенді бөлінулер көрініс береді.
Фамен-таскөмірлік карбонатты және терригенді-карбонатты кешен әктастрадан, доломиттерден, доломиттенген әктастардан, көмірсулы-кремнийлі-доломитті ритмиттермен, карбонатты құрамды брекчиялармен, мергельдер, алевролиттер және құмтастармен берілген. Кешеннің маңызды геохимиялық және минерагендің ерекшелігі оның қорғасын-мырышты специализациясы болып табылады.
Мезазой-кайназойлық терригенді және карбонатты-терригенді кешен құмтастар, құмдар, саздар, әктастар және доломиттерден құралған. Мұнда шашылған шашыранды алтын, борит, түйірлі фосфорит, уран кендерінің және қорғасын мырыш, күміс пен молибденнің эллювиалды, инфильтрациялық білінулері кездеседі. Үлкен Қарату зонасының минералды кешені айтарлықтай дәрежеде қорғасын, мырыш, мырыш-қорғасын –баритті кенденумен анықталады, олар фамен және карбонның карбонатты, карбонатты-терригенді шөгінділеріне шоғырланған. Құрылымды морфологиялық және генетикалық ерекшеліктеріне кенденудің келесі түрлері бөлінеді: Мырғалымсай – шалқы типті стратифицирленген қорғасын- мырышты және ащысай типті инфильтрациялық-карсты қорғасын-мырышты және шаймерден типті қыртысты-карсты (мезозойлық түзілімдер).
Стратиформды тип (мырғалымсай шалқы) фамен шөгінділерінде кең тараған. Ол Мырғалымсай, Шалқия, Ақсай кенорындары және кенбіліну мен минералданудың жүздеген нүктелері түрінде көрініс береді. Секпелі, секпелі-желілі және қабатты-секпелі кендер өндірістік маңызға ие, олар доломитті, әктасты-доломитті, көмірсулы-әктасты-доломитті немесе көмірсулы-кремнийлі-доломитті құрамды стратиграфиялық горизонттарға ұштастырылған. Агрегативті кендер сирек жағдайларда кездеседі. Басты кенді минералдар : галенит, сфалерит, пирит және барит. Кендерде қорғасын мөлшері 0,5-3 %, мырыш 0,4-5,5% аралығында өзгереді. Жиі жағдайда барит мол мөлшерде кездеседі. Пластты кеніштер ұзындығы және тереңдігі бойынша ондаған метрлерден алғашқы км-ге дейін созылады.
Инфильтрационды-карсты (ашысай) типті полиметеллдық кендену фамен-таскөмір жасының доломитті қималарындағы карст түзілудің кейінгі борға дейінгі үрдістерімен байланысты, сұр доломиттенген әктастардың және қою сұр қара «шымырланған» доломитердің горизонттарынан қалыптасқан. Оның құрамында қорғасын мен мырыш сульфиттерінің шашылған секпеліктері бар. Карстты қуыстарда және олармен байланысты жарықшақтану зоналарындағы кендену Ащысай, Қарасай, Қантағы, Ауысым, Ақсұран және т.б. кенорындарында кең таралған. Бұл объектілерде игрегативті, окситті-карбонатты қорғасын кендері (каламин-смитсонит) өндірістік маңызға ие. Кенді денелерге қатты томпайған және сығылған дұрыс емес контурлар тән. Олар линза, құбыр, желі, формаларына ие. Кенді денелер өлшемдері кең көлемде өзгереді. Ұзындығы бірнеше м-ден 100 м дейін өзгереді, қалыңдығы 20-30м. Тереңдігі ондаған және жүздеген метрлерді құрайды.
Шаймерден типінің қорғасын мырышты кенденуі (Қаратау үшін салыстырмалы жаңа өндірістік тип) мезозой уақытындағы қыртыс түзуші үрдістердің кең таралуымен байланысты. Бұл үрдіс палеозойлық шөгінділердің бұзылуымен, сонымен қатар мезазойлық терригенді түзілімдерде кенді кешендердің қайта түзілуі және шоғырлануымен жалғасқан. Соңғы жылдар жұмыстарында шаймерден типінің қорғасын-мырышты кендерінің қалыптасуындағы басты рольді бокситті кеорындардың түзілуіне ұқсас гипергенді үрдістерді анықтады (шаймерлен қорғасын мырыш кенорындарының бокситті Краснооктябрь кенді аумағында ашылуы және барлануы). Желге мүжілу қыртысының сазды түзілімдеріндегі қорғасын-мырышты кендену қорғасын мен мырыштың карбонаттарымен, қышқылдарымен және силикаттарымен берілген, бұл оны көзбен көру арқылы сараптау кезінде қиындықтар туғызады. Қаратау қыратының мезазой-кайназойлық шөгінділерінің қорғасын-мырышты кендедеріне перспективасы жоғарыда атап өтілген, бірақ мұндай типтегі өнідірістік объектілердің болмауы қорғасын мен мырыштың қорларын сандық бағалауға мүмкіндік бермеді. Қазіргі эталонды обьекті шаймерден кенорны болып табылады, ол төменгі карбон әктастары арасында қиыршық тасты, сазды шөгінделермен толтырылған, желдену қыртысында жинақталған карстты депрессия ретінде көрініс береді. Кенорында 12 өндірістік кенді денелер бөлінді, олрадың екеуі негізгі болып табылады, себебі мырыш кендерінің балансты қорының 90 % құрайды. Алғашқы кенді дене 270 м созылған шұңқыр болып келеді. Кеніш ені 50-100 м аралығында, қалыңдығы 7 м-ден 140 м дейін өзгереді. Мырыштың орта мөлшері 28 % құрайды. Екінші кенді дене әктастарға тұтас жабынымен көмкерілетін горизонталды кеніш (көлемі 280 х 50-100 м, орта қалыңдығы 14.8 м, мырыштың орта мөлшері 19.5%), ретінде көрініс береді. Кен құрамы коломинді-смитсонитті.
Қаратау қыратының оңтүстік-батыс беткейінің геологиялық жағдайы (қорғасын-мырышты стратиформды кеденуі бар карстанған карбонатты іргетас потенциалды бокситті және бокситті, триас-юралық, борлық шөгінділермен көмкерілген) Солтүстік Қазақстаннның бокситкені аудандарының геологиялық құрылысына айтарлықтай ұқсас. Мұнда мезозой-кайназойлық шөгінділермен байланысты көптеген қорғасын-мырышты объектілер белгілі. Ең алдымен бұл орталық Қаратаудағы Шаштөбе кенорны (өткен ғасырдың 80 ж «Ащполиметалл» комбинатымен өндірілген), Солтүстік-Батыс Қаратаудағы Карсті учаскесі, Қарасу I, II, Сарыоба, Күздік, Бестоғай, сонымен қатар бокситті шөгінділердегі қорғасын мен мырыштың мол мөлшерімен белгілі Мансұрат, Қараүңгір, Фогелевка және Аюсай учаскелері.
Шаштөбе кенорны фаменнің брекчиялы әктастары арасында жіңішке карстты ойпат ретінде көрініс береді, ол сарғыш-қызыл саздармен орындалған. Саздар арсында церрусит-гидрогетитті құрамды, ұзындығы 190 м, ені 20 м дейін және қалыңдығы 1-10 м аралығында өзгеретін кенді дене бөлінеді. Церрусит құба, темір кенінің арасында цементтелген, кремнийленген түрде және шашыранды түрінде кездеседі. Кендегі қорғасын мөлшері 50 %асады.
«Ащполиметалл» комбинатымен өңделген карсты учаскелерде Шалқы кенді аумағы шегінде орналасқан. Қызыл қоңыр және қара саздар, сирек саздақтар фамен әктастарына қалталарға ұқсас линзалар түрінде шөгеді.
Кенді шөгінделер солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 1 км созылады, ені солтүстік-батыста 220 м, оңтүстік-шығыста 40 м жолақ ретінде байқалады. Шөгінділер қалыңдықтары 2-10 м құрайды. Қорғасын мөлшері 0,3 % , мырыш мөлшері 11% жетті. Аюсай учаскесі шегінде Турней жасының әктастарындағы депрессиялар және карсты жолақтарды толтырған триас-юралық, жоғары сазды таужыныстармен (боксит, алит, сиаллиттермен) қорғасын мен мырыштың жоғары концентрациясына байланысты болып келеді.