
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
2.2 Тектоника
Үлкен Қаратау Қаратау қыратының қатпарлы зонасының негізгі бөлігі болып табылады, ол мегаантиклинорий рангісінде Ұлытау-Орталық-Тяньшань қатпарлы жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Қаратаудың қатпарлы түзілімдері арасынан келесі құрылымдар бөлінеді: Кіші және Солтүстік-Батыс Қаратау антиклийнориі, Боролдай және Байжан антиклийнориі, сонымен қатар Бүгін және Орталық Қаратау синклинориі.
Қаратаудың маңызды құрылымды элементі – Бас Қаратау жарылымы (БҚЖ) болып табылады, ұзақ уақыт бойы дамыған, тереңге жатқан, солтүстік-батыс бағытта 2400 км созылған, ол Үлкен және Кіші Қаратау құрылымдарын бөледі. Морфологиялық тұрғыда жарылым солтүстік-батыс бағыттағы субпаралельді тектоникалық жарылымдар зонасымен берілген. БҚЖ зонасының оңтүстік-шығыс бөлігінде Леонтьев депрессиясы бөлінеді. БҚЖ зонасының ені солтүстік-батыста алғашқы км-ден оңтүстік-шығыста 6-8 км дейін жетеді. Жарылым зонасында жекелеген блоктардың оң жақты ығысу схемасы бойынша ығысуы тіркелген.
Үлкен Қаратаудың сипатталушы бөлігі Орталық Қаратау синклиналінің оңтүстік жалғасында орналасқан, мұнда ауданның геологиялық құрылысына генрциндік және альпілік құрылымдық этаждардың шөгінділері қатысады. Герциндік этаж түзілімдері Сырдарья ойпатының мезозой-кайназойлық тысын қалыптастырушы Үлкен Қаратау құрылымды-формациялық зонасының құрамына кіреді. Үлкен Қаратау құрылымды-формациялық зонасының даму ауданы БҚЖ-нан оңтүстікке–батысқа қарай орналасқан. ҚФЗ шөгінділері Үлкен Қаратау қыратының құрылысына және Сырдарья ойпатының демезазойлық іргетасының құрылысына қатысады. Үлкен Қаратаудың ҚФЗ-да Үлкен Қаратаулық блок, Леонтьев грабенінің палеозойлық негізі және сипатталушы территориядан солтүстік-шығысқа қарай орналасақан Байжан блогы ерекшеленеді.
Герциндік құрылымдық этаждың қалыптаса бастауы ауданның ортаңғы девонда біртіндеп шөгуімен байланысты, олардың шекарасы Кіші Қаратаудан басқа Қаратау қыратының қазіргі шекарасымен сәйкес келеді. Үлкен Қаратаудың сипатталушы бөлігінде, осы құрылымдық этаж жоғарғы девондық фран және фамен ярустарының, төменгі карбонның визей-серпухов ярустарының және ортаңғы карбонның башқұр ярусының шөгінділерінен түзілген. Сипатталушы территория шегінен тысқары жерде герциндік этаж шөгінділері каледондық құрылымдық этаж таужыныстарына шайыла және бұрыштық үйлеспеушілікпен жатады. Таужыныстар құрамына және шөгінділердің жинақталу жағдайына байланысты екі подэтаж бөлінеді. Ерте герциндік подэтаж Түлкібас свитасының қызыл түсті терригенді таужыныстарынан құралған. Қиманың жоғарғы үштен бір бөлігіне континенталдық та, таязтеңіздік шөгінділер қасиеттері тән. Кейінгі герциндік подэтаж кейінгі девон ортаңғы таскөмір жасының терригенді-карбонатты және карбонатты литофацияларының үздіксіз трангрессивті реттілігінің нәтижесінде қалыптасқан. Герциндік подэтаж шөгінділер қимасының қалыңдығы сипатталушы аудан шегінде 5,5-6 км жетеді.
Үлкен Қаратаудың герциндік этаж шекараларында бірінші, екінші және одан жоғары ретті көптеген қатпарлы құрылымдар бөлінеді, олардың қалыптасуы постбашқұрлық орогенезбен байланысты, жоғарыда аталғандай, Қаратаудың сипатталушы территориясы Орталық Қаратау синклинориінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, бірінші ретті құрылым рангісіне ие. Бұл аудан екінші ретті антиклинальді және синклинальді қатпралардың үйлесуімен берілген, олар морфологиясы және жарылымды тектоникасының күрделенуімен өзара ажыратылады. Аса ірі құрылым бұл – Ақтас брахисинклиналі болып табылады. Құрылым ұзындығы 30 км жуық буын буынтәрізді иілім түзеді.
Оңтүстік-шығыста ол БҚЖ паралель бағытталады, ядролық бөлігінде оның бағыты меридиандық болады және солтүстік бөлігінде субендік болып өзгеретін иілім жасайды. Синклиналь ядросы ерте-орта таскөмір жасты карбонатты-терригенді және терригенді шөгінділерден құралған кең жазық депрессия ретінде көрініс береді. Ядродағы таужыныстардың құлау бұрышы 250-450 аралығында өзгереді. Қатпар қабаттары төмегі-карбондық карбонатты-терригенді таужыжыныстардан құралған. Құрылымның батыс қанаты Антай антиклиналінің қанатына біртіндеп жалғасады. Солтүстік-шығыс қанат ұсақ қатпарлармен күрделенген. БҚЖ маңында пластардың тік құлауы, кейде тіптен аударылуы байқалады. Орлығай свитасының шөгінділері Батберген антиклиналінің солтүстік-шығыс қанатының жоғарғы бөлігін құрайды. Қатпарлардың оңтүстік-батыс қанаты қаусырмалармен күрделенген, олар бойынша жекелеген қысқа учаскелерде Аюсай және Ақтас синклинальді құрылымдары байланысады.
Бақберген антиклиналі солтүстік-батыс бағытқа созылған, Аюсай және Ақтас құрылымдарының арасында орналасқан, ұзындығы 9 км, ядролық бөлігінде ені 3 км жетеді. Қатпар ядросы кішігірім жарылымдармен бұзылған, фамен ярусының карбонатты таужыныстарынан түзілген. Қатпарлардың солтүстік-шығыс қанаты орғайлысай свитасынан, оңтүстік-батыс қанаты аюсай свитасының шөгінділерінен және Аюсай рифті кешенінің әктастарынан құралған. Аюсай синклиналі жер бетіне тек солтүстік бөлігімен шығады, құрылымның негізгі бөлігі мезазой кайназойлық шөгінділер тысының астында орналасқан . Қатпар ұзындығы 30 км, ені 13 км. Синклинальда таужыныстарыдң созылу бағыты солтүстік-батыстан ендік бағытқа дейін өзгереді. Құрылым құрылысыа аюсай сериясының карбонатт ытерригенді шөгінділер іжәне Аюсай рифті кешенінңі әктастары қатысады. Солтүстік шығыс қанаты тік құлаған. Және Оңтүстік-Ақтас жарылымды зонасымен күрделенген, ол арқылы Аюсай синклиналі мен Қарабұлақ антиклиналі арасындағы шекара жүргізіледі. Аюсай синклиналінің шөккен оңтүстік бөлігі Досан жарылымымен қиылған, одан оңтүстікке қарай фамен жасының карбонатты терригенді шөгінділерінен тұратын фрагментарлы ашылған ірі Досан антиклиналі орналасқан.
Қарабұлақ антиклиналі рандысай қабатының фамен шөгінділерімен берілген. Қатпардың екі қанаты да жарылымдармен күрделенген және ақтас сериясының фамен-төменгі таскөмір және Ақтас рифті кешенінің шөгінідлерімен толығады. Қарабұлақ антиклиналінен солтүстікке Жамантай брахиантиклиналі бөлінеді, ол фамен және фамен ерте таскөмір жасының карбонаттытеригенді және карбонатты таужыныстарынан құралған. Оның шығыс қанаты Анды антиклиналімен ортақ болып келеді, оның осі сотүстік-шығысқа бағытталған. Қатпардың ядролық бөлігі ақтас сериясы шөгінділерінң арасында орналасқан фамен шөгінділерінің жіңішке тектоникалық блогы ретінде көрініс береді.
Ақтас синклиналінен солтүстікке қарай Турлан және Притурлан синклинальдары орналасқан. Олар өзара солтүстік батыс бағыттағы жарылым арқылы бөлінеді, ол Турлан құрылымының солтүстік-шығыс қанатын бұзып өткен. Притурлан құрылымы өз кезегінде Ақтас құрылымынан субендікті жарылыммен бөлінген. Құрылымдар ядролары ерте орта таскөмір жасты шөгінділерден құралған , қанаттары кейінгі фамен ерте турне таужыныстарымен толыққан. Турлан синклиналі солтүстік батысқа созылағн, ал Притурлан құрылмының остік беті субендікті бағытталған.
Бұрғылау дерекерін және геофизикалық материалдарды қайта интерпретациялау нәтижесінде бірқатар құрылымдар анықталды. Аюсай синклиналінен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Мыңбұлақ және Қосбұлақ антиклинальдары бөлінеді, олар өзара Жетімтау синклиналімен бөлінген. Досан антиклиналінен шығысқа қарай Жетіқұдық және Шақпақ антиклинальдары бөлінген. Жетіқұдық антиклиналінен оңтүстік батысқа қарай аттас синклиналь орналсқан. Барлық антиклинальдарлың ядролық бөліктері фамен шөгінділерінен құралған, ал қанаттары және олармен қатарлас антиклинальдар фамен ерте таскөмір жасты карбонатты шөгінділерден тұрады.
Альпілік құрылымдық этаж шөгінділері Сырдария ойпатының және Леонтьев депрессиясыынң мезазазой кайназойлық литофацияларымен берілген. Оның құрамында триас, юра , неоген, және төрттік жүйе шөгінділері қатысады, олар бұрыштық үйлеспеушілік беттерімен шектелген 3 подэтаж қалыптастырады.
Төменгі пожэтаж жіктелмеген триас юралық бокситті және юралық шөгінділержден құралған. Подэтаж шөгінділері Льеонтьев грабены шегінде таралған, және Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайының беткейінде фрагментарлы дамыған (Аюсай синклиналінің оңтүстік батыс бөлігі ауданы), мұнда әртүрлі деңгейде палеозойлық түзілімдерге құрылымдық үйлеспеушілікпен жатады. Леонтьев депрессиясының шекараларында юралық қабаттың әртүрлі бөліктерінің палеозой шөгінділеріне шөгуі жанасуы орын алуда. Таужыныстардың құлау бұрышы депрессия борттарынан орталығына қарай азаяды. Юралық шөгінділер оңтүстік-шығыс бағытта кулисатәрізді ығысуы байқалады. Олар жазық мульдалар, және қанаттары 10-20˚ раалығында құлайтын брахиқатпарларды түзеді. Ойпаттың солтүстік шығыс бөлігінде юралық шөгінділер моноклиналь түзеді.
Екінші подэтаж бор, палеоген және төменгі неоген шөгінділерінен тұрады. Подэтаж ішінде құрылымдық үйлеспеушіліктер бар, олар арқылы құрылымдық ярустарға бөлуге болады. Үйлеспеушіліктер борлық және эоцендік шөгінділер арасында сонымен қатар эоцендік және олигоцендік шөгінділер арасында тіркеледі. Подэтаж түзілімдері Сырдарья ойпатында толық көлемде кездеседі, мұнда олар Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде фрагментті дамыған, және оңтүстік-батысқа шөгетін кең моноклиналь түзеді.
Үшінші подэтаж плиоцен және төрттік кезең шөгінділерінен құралған Оның шөгінділері альпілік этаждың негізгі аумағының жер бетінде ашылуымен субгоризонталды шөгеді.
Үлкен Қаратаудың сипатталушы бөлігі шегінде БҚЖ басқаь жарылымды бұзылымаьрды ңәртүрлі типтері кең таралған. Орталық Қаратау синклинориінде екі ірі жарылым бөлінеді, олар субендік бағыттағы – Оңтүстік-Ақтас және Досан жарылымдары. Оңтүстік Ақтас жарылымдары өзінің батыс бөлігінде Аюсай синклиналімен Қарабұлақ антиклиналін бөледі. Ол шығысқа қарай өзінің бағытын субмеридиандыққа өзгертеді және шығыңқы бөлігі оңтүстік-батысқа қарайтын доғатәрізді форманы иеленеді. Дәл осы бағытқа жарылымды ығыстырушы жазық еңкіштенген. Жарылым зонасы рельефте оңтүстік батыс бөлігімен көтерілген уступ түрінде білінеді. Досан жарылымы борпылдақ шөгінділермен берілген. Ол арқылы Ақсай синклиналі мен Досан антиклиналі арасындағы шекара жүргізіледі. Ақтас жарылымды зонасы меридиандық, солтүстік-батыс, және солтүстік-шығыс жарылымдар желісін біріктіреді, аттас синклиналінің батыс қанатында Аюсай рифті кешені және Ақтас сериясының карбонаттары арасында түзілген және оңтүстікте Аюсай синклиналіне қарай созылған. Бұл зонаның ең жоғары амплитудалары және созылыңқы жарылымдары осы ауданда белгілі (Андысай антиклиналі) реттілігі болған екінші және одан жоғары антиклинальді құрылымдардың фамендік ядроларының блоктарын жиектейді. Жіңішке тектоникалық блоктарда табылған фамендік карбонаттар қарқынды кливажирленген және темірленген. Оларда көптеген сырғу айналары мен тығыздалған деформацияланған фауна қалдықтары байқалады. Олар қарқынды эрозияға ұшыраған және релефьтің тереңге шөгуіне әкеледі. Жарылымдардың қиылысу жерінде карстар пайда болған, олар карбонатты таужыныстарда пайда болатын опырылмалармен және қышқылданған қызыл зоналардың түзілуімен көрініс береді.