
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
Контур № |
Парақ Номенклатурасы |
Жұмыс атаулары, авторлар |
Жұмыстың жүргізілген жылы |
Масштаб |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
455
|
К-42-19-А (о-б), В, Г (о-б); К-42-31-А (с-в), Б; К-42-32-В, А (о-б) |
Рыжова А.А. Жаманқытай-Сасық-Булақ өзенаралығының геологическая картасы. О-Ш Каратау |
ПСЭ, Қазгеол- басқармасы |
1953-57 |
461
|
К-42-19-Б |
Лем Х.Д. Кіші Қаратауда кешенді геологиялық түсірілім есебі |
ПСЭ, Қазгеол- басқармасы |
1958 |
1287 |
К-42- IV (парақтың оңтүстік-батыс бөлігі), Х (без К-42-43-А,В,Г) |
1:200000 масштабта Үлкен Қаратау қыратының біріккен геологиялық картасын құрастыру мақсатында Аэрофотогеологиялық карталау Севрюгин Н.Н. |
1975-1979 |
1:200000 1:25000 |
1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
2 Ауданның геологиялық құрылысы
2.1 Стратиграфия
Жоғарыда атап өтілгендей аудан құрылысына девон, таскөмір, триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік жасты шөгінділер қатысады.
Девон-таскөмір жүйесі
Ауданда бұл уақыт түзілімдеріне фамен –ерте турней жасты бөлімдер жатады, олар қиманың Рандысай - Ақтас типті шөгінділердің таралу ауданында байқалады.
Девон жүйесінің фамен ярусы – таскөмір жүйесінің турней ярусы.
Девон мен карбон арасындағы шекараны көрсететін стратиграфиялық бөлім Ақтас сериясының шөгінділерімен және Ақтас рифті кешендерінің орогенді құрылымдарымен берілген.
Ақтас сериясы (D3-C1akt). Рандысай – Ақтас фациалды белдеуінің шекарасында базалы свитасына үйлесімді жатады және аюсай сериясының терригенді-карбонатты литофацияларымен (оңтүстік фациалды зона), сонымен қатар ақсай свитасының карбонатты шөгінділерімен (солтүстік подзона) трангрессивті үйлесімді қатынаста көмкеріледі. Үлкен-Қытай - Ақтас өзен аралығында ақтас сериясы қимасының үлкен бөлігі ұзындығы бойынша Ақтас рифті кешенінің құрылыстырымен алмасады. Мұнда, бөлімше өз қимасының тек жоғарғы интервалымен берілген, ол орогенді құрылыстың карстанған жабынымен ақсай свитасының негізі арасында орналасады.
Ақтас сериясының қима құрылысында біркамералы фораминиферлерден, кальцифирлерден және балдырлардың көптеген ыдыраған фрагменттерінен тұратын сұр, ашық-сұр, ірі тақталы қаңқалы әктастар қатысады. Қаңқалы түйірлер арасындағы кеңістік керішпен немесе толықтырғышпен толтырылған. Кейбір жерлерді, әктастарда ұсақ брахиоподтардың сирек қалдықтары кездеседі. Әдетте әктастар шомбал құрылысқа ие, бірақ кейбір қабаттарда толқынды және қиғаш қабатты бітімдер, сонымен қоса қиғаш бұлдырды қабатты бітімдер байқалады. Қиманың орталық бөлігінде толқынды қабатты балдырлы (строматолитті) әктастардың бөлек горизонттары анықталады.
. Қимадағы Рандысай – Ақтас типті шөгінділердің таралу шекарасында ақсай сериясының қалыңдығы қысқартылған қималарда 90 м басталып, толық қималарда 500 м жетеді. Кейінгі фамен-ерте турней жасының түзілімдері стратиграфиялық жіктелуде фораминиферлерге негізделеді.
Ақтас рифті кешені (rfD3-C1akt). Рифті кешен шөгінділері базалы және шылбыр свитасы таужыныстарына үйлесімді жатады және сонымен қатар жоғары қарай аюсай сериясының литофацияларымен үйлесімді толығады.
Төселетін шөгінділерімен шекара қимада ашық түске боялған, ірі тақталы әктастардың пайда болуымен жүргізіледі. Карбонатты құрылыстар біркелкі шөгінділерден құралған және созылымы бойынша қимада біртипті құрылысқа ие. Рифті кешеннің құрылысында балдырлар және криноидеялармен (аз мөлшерде) қаңқақұрайтын ағзалар ролінде ашық-сұр ірі тақталы, шомбал көріністі әктастар қатысады.
Карс түзуші үрдістерге ұшыраған қима бөліктерінде оның қалыңдығы 70-90 м жетеді. Ақтас рифті кешенінің қалыңдығы 200-600 м аралықта өзгереді. Шөгінділердің кейінгі фамен-ерте турнейлік жасы фораминиферлердің табылуына негізделген.
Таскөмір жүйесі
Үлкен Қаратауда таскөмір жасының литофациясы ауданда ерте фаменнен бастап пайда болған карбонатты іргетаста үздіксіз шөгінді түзілудің қарапайым жалғасы болып табылады. Карбон қимасы турней-башқұр жасты карбонатты және терригенді – карбонатты шөгінділерден құралған, олар Орталық Қаратаудың барлық палеозойлық синклигальды құрылымдарының құрылысына қатысады.
Төменгі бөлім
Турне ярусы
Қиманың турнейлік бөлігіне аюсай сериясының ерте-кейінгі турней жасының және Ақтас рифті кешенінің шөгінділері (қиманың Рандысай – Ақтас типінің оңтүстік подзонасы), сонымен қатар Рандысай – Ақтас типті литофациялардың таралу ауданының солтүстігінде дамыған ақсай және орғайлысай свиталары жатқызылады.
Аюсай сериясы (C1as). Аюсай сериясы карбонатты, терригенді карбонатты және сирек терригенді құрамды, салыстырмалы тереңсулы литофациялардан қалыптасқан, олар генетикалық және кеңістіктік тұрғыда карбонатты іргетас бетімен байланысты (турбидиттер және in situ шөгінділерінің ассоциациясы). Серия шөгінділері арасында Аюсай рифті кешенінің орогенді құрылыстары барлық жерлерде кездеседі.
Серия құрамында сұр орта-ірі тақталы, қиыршықты-орта түйірлі биокласты, литокласты-биокласты әктастар; қаралау-сұр орта тақталы, орта-ұсақ түйірлі биокласты әктастар; қаралау-сұр, қара микритті (лайлы) әктастар; полимикті құрамды ортатақталы ұсақ-орта түйірлі құмтастар, сонымен қоса қаралау-сұр, қара орта-жұқа тақталы мергельдер және алевролиттер. Әктастардың түйірлі түрлестерінде биокласттардың үлкен мөлшерімен бірге, негізінен криноидтар фрагменттерімен көрсетілген, брахиоподтардың қабатты жинақталынған қайта шөгінделген формалары көптеп кездеседі. Серия қимасында бөлек қабаттар мен горизонттар құрайтын құмтастар жұмырланбаған литокласты карбонатты жыныстардан, алевролиттердің ұсақ фрагменттерінен, биокласаттардан, сонымен қоса кварцтың және плагиоклаздың көптеген сынықтарынан тұрады. Құмтастарда және литокласты-биокласты әктастарда үдемелі қабатты, шомбал және көлденең қабатты бітімдер басым. Бөлек қабаттарда әктастар және құмтастардың ұсақ тұйірлі типтерімен салыстырғанда, ұсақ бір бағытта бағдарланған қиғаш қабаттылық көп жағдайда байқалады.
Серия қалыңдығы 500 м асады. Аюсай сериясының ерте-кейінгі турнейлік жасы фораминиферлердің табылуына негізделген.
Аюсай рифті кешені (rfC1as). Аюсай рифті кешені шөгінділері аттас серия шөгінділерімен тығыз байланысқан және соларға ұқсас таралған. Аюсай сериясының терригенді-карбонатты шөгінділері қимасына шоғырланған қалыңдығы айтарлықтай бірқатар ірі орогенді құрылыстар бөлінеді (100 м). Созылуы бойынша құрылыс өлшемдері бірнеше жүздеген метрлерден алғашқы км-ге дейін өзгереді. Көлденең қимада олар күмбез тәрізді, жабыны томпайған, негізі салыстырмалы жазық формаға ие. Орогенді құрылыс бүйірлерінде аюсай сериясы турбиттерімен жапсарласу орындары байқалады. Аюсай рифті кешенінің шөгінділері ақ, ақшыл-сұр ірі тақталы, шомбал құрылысты органогенді әктастармен көрсетілген. Қаңқа құрайтын ағзалар ролін кринодеялар, мшанкалар, аздап балдырлар және губкалар атқарады.
Рифті кешені қимасының жоғарғы үштігінде аралары жұқа инелі, кальцитті, «теңіздік» керішпен толтырылған қаңқа құраушы ағзалардың арқасында пайда болған, әктастар горизонттары бөлінеді. Көзбен қарағанда мұндай жыныстар «ілмекті» кейіпке ие. Көп жағдайда, рифті денелердің табанында (қалыңдығы бірінші ондық метрлер) ірі криноидеялардың фрагменттерімен және сазды-карбонатты микритті (лайлы) толтырғышпен түзілімделген қиыршықты түйірлі биокласты әктастар қабаттары кездеседі. Органогенді құрылыстардың қалыңдығы 200 метрден 800 метрге дейін жетеді.
Құрылысы, құрамы, формасы және сыйғызушы таужыныстар арақатынасына байланысты Аюсай рифті кешені құрылыстары ірі илды төбелер болып табылады (қаңқа түзуші ағзалармен бекітілген). Аюсай рифті кешені шөгінділерінің ерте-кейінгі турнейлік жасы құрылымдардың аюсай сериясының фауналық сипаттағы шөгінділердің арасында орналасу жағдайына негіздерлген.
Триас жүйесі
Триас шөгінділері (T). Мезазой-кайназой шөгінділерінің негізіне шөгеді және Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктерінде фрагменталды таралуға ие, олар палеозойлық іргетас жабынында құрылысымды үйлеспеушілікпен рельефтің теріс формаларын қалыптастырады (ойпаттар, шұңқырлар, депрессиялар, палеозойлық жазықтар) және юралық жасты шөгінділермен көмкеріледі.
Стратиграфиялық бөлімнің қимасы «шұбар» түске боялған, сургучты-қызыл, аспан түсті көк-сұр, қоңыр саздармен, алевролиттермен, сирек полимикті құрамды құмтастармен құралған. Бағынышты мөлшерде тек химиялық талдаудың мәліметтері бойынша бөлінетін бокситтер және аллитердің горизонттары және линзалары кездеседі. Макроскопиялық бокситтер және аллитер ақшыл-сұр, ақ, қызыл, қызғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр бояуға ие. Бұршық немесе сынықты бұршық құрылымды темірлі немесе аз темірлі түрлестер бөлінеді. Бұршақтар темірлі-саздыжерлі және сазды жерлі материалмен құралған, олардың жыныстардағы мөлшері 75% (орташа 20-40%). Триас шөгінділері қимасының табанындағы саздар және алевролиттерде көбінесе ашық-сұр әктастардың (көлденең қимасы 0,5 метрге дейін) жұмырланбаған сынықтары кездеседі. Мүмкін, бөлім таужыныстары өзімен кештаскөмірлі – триас жасты мору қыртысының даму учаскелері және кейінен оның бұзылып алып келінген аллохтонды пролювиалды-аллювиалды жаралымды шөгінділер ретінде көрсетілген. Стратиграфиялық бөлімнің қалыңдығы 0-ден 100 метрге дейін өзгереді. Триас шөгінділерінің жасы қимадағы стратондардың орнымен, моллюскалармен және шаңды-споралы кешендермен анықталынады.
Юра жүйесі
Үлкен Қаратауда юралық жүйе Леонтьев ойпатында кең тараған және қыраттың оңтүстік-батыс беткейінде фрагментарлы таралуға ие болған 3 бөлім шөгінділерімен берілген.
Жоғарғы-төменгі бөлімдері
Юра жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдері юралық жасты жіктелмеген шөгінділермен берілген, ол Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде фрагментарлы тараған.
Бөлінбеген юра шөгінділері (J1-3). Юра жасының бөлінбеген шөгінділеріне Аюсай бөлікшесінде (Турсункулов Э.Т., 1987 г.; Бувтышкин В.М., 2008 г.) іздеу-карталау бұрғылауы процесі кезінде анықталынған көмірлі шөгінділер жатады. Мұнда көмірлі шөгінділер триас жасты жаралымдарында үйлесімді жабындайды және кейбір бөліктерінде аюсай сериясы және Аюсай рифті кешені әктастарын құрылымдық үйлесімсіздікпен көмкереді. Стратиграфиялық бөлімнің қимасы көмір, алевролит, құмтастар және аздап полимикті конгломераттар қабатшаларымен саздардан құралған. Саздар қара-сұр, қара, сұр, айтарлықтай сирек ашық-сұр түсті жен де, көлденең жұқа қабатты, жұқа-толқынқабатты және линзатәріздес-қабатты бітімдермен. Қара немесе қара-сұр түсті саздар өзімен көмірлі-сазды құрамды түрлесін көрсетеді. Қабаттық көмірлі заттың әр түрлі мөлшерімен қара және салыстырмалы сұр түстердің араласып келуімен байланысты. Жаппай, көмірлі-сазды шөгінділерде пирит сеппелері және пирит-марказитті материалдар тұратын конкрециялар (1.5 х 2 см) анықталынады. Әктастар бөлім қимасының жоғарғы бөлігі үшін сипатты, онда олар пириттің шашыранды сеппелерімен сұр немесе қара-сұр түсті сазды жұқа-орта қабатты саздармен көрсетілген. Көп жағдайда, әктастарда ұсақ молюскалардың толық формалары кездеседі. Көмірлер қара түсті, шомбал құрылысты марказит және пирит ұящықтарымен. Көмір қабаттарының және линзаларының қалыңдығы бірінші сантиметрлерден 7-8 метрге дейін өзгереді. Конгломераттар сазды-құмтасты толтырғышпен полимикті құрамды ұсақ-орта малталы түрлестермен көрсетілген. Саздарда, әктастарда және алевролиттерде детрит өсімдіктердің және көмірдің ұсақ сынықтары фрагменттері де кездеседі. Стратиграфиялық бөлімнің қалыңдығы 20-дан 200 метрге дейін өзгереді. Юра шөгінділері қимадағы бөлімнің орнымен және ортаюралық моллюскаларды анықтаумен негізделеді. Бұл анықтаулар тым шартты және кейінгі дәлдіктеуді талап етеді.
Неоген жүйесі
Плиоцен бөлімі
Плиоцен жасы шөгінділері машат свита түзілімдерімен көрсетілген.
Машат свитасы (N2ms). Свита шөгінділері Үлкен Қаратау қыратының оңтүстік-батыс баурайының дабаны бойында дамыған. Жаппай, олар төрттік жасы шөгінділерімен жабындалған. Сырдария ойысының тереңірек бөліктерінде машат свитасы жаралымдары кездеспеген. Свита шөгінділері әр түрлі жасты мезозой-кайнозойлық горизонттардың қимасында және палеозойдың әр түрлі стратиграфиялық бөлімдірінде шайылып жабындаған.
Свита қимасында сұр, ашық-сұр, орта-ірі малталы конгломераттар, конгломератты-брекчиялар, қойтасты-малталы шөгінділер басымдылықпен орын алады. Сонымен қоса сұр орта-ірі түйірлі құмдардың (түірлері карбонатты жыныстардың, кварцтың және шақпатастың сынықтарымен көрсетілген) және әкті-саздардың қабатшалары кездеседі. Конгломераттар және конгломератты-брекчиялардағы сынықты материал малтатастармен, және әлсіз жұмырланған карбонатты жыныстардың сынықтарымен (басымдылықпен), қызыл түсті және жасыл түсті полимикті құмтастармен көрсетілген. Сынықтар арасындағы кеңістік полимикті құрамды ірі түйірлі құмтасты материалмен толтырылған. Свита қалыңдығы 50 метрге жетеді. Шөгінділер жасы табылған сутқоректілердің сүйекті фрагменттерімен негізделінген.
Төрттік жүйесі
Төрттік жүйесі шөгінділері Үлкен Қаратауда кең таралған және генетикалық типтердің үлкен түрлерімен сипатталады. Элювиалды-делювиалды, делювиалды-пролювиалды, аллювиалды, аллювиалды-пролувиалды, көлдік, көлдік-аллювиалды, аллювиалды-эолды, техногенді шөгінділер бөлінеді.
Жоғарғы плейстоцен (a, apQII). Түйін шөгінділері тау алды ауданы көлемінің жапсарында және Үлкен Қаратау қыратының оңтүстік-батыс баурайында орналасқан тұрақты су ағындарының аллювиалды түзілімдерімен және аллювиалды-пролювиалды шығарынды конустарымен көрсетілген. Аллювиалды шөгінділер тұрақты су ағындарының үшінші және төртінші террасаларын құрайды. Олар конгломераттар қабатшалары және линзаларымен малтатастармен көрсетілген, олардың ішінде құмдақтар және саздақтар қабатшалары орын алады. Террасалар қалаңдығы 2-10 метрден (тау алдында) 30-40 метр (таулы бөлігінде) аралығында өзгереді.
Шығарынды конустар аллювиалды-пролювиалды шөгінділері ірі түйірлі қиғаш қабатты құмдар, құмдақтар, саздақтар қабатшалары және линзаларынан тұратын малтатастармен, қиыршықты-малтатастармен көрсетілген. Шөгінділер сынықтарының былығып орналасуы немесе өрескел сортталуымен сипатталады, малтатас пен қиыршықтастың мөлшері 1 ден 50 см. Құмдақтарда және саздақтарда малталы және қиыршықты қосылыстарымен анықталынады. Сынықты материалдың құрамы палеозой жыныстарының тікелей маңайында орналасуымен байланысты. Конус шығарымдарының қалыңдығы бірінші метрлерден 150-200 метр аралығында өзгереді.
Ортаңғы түйін шөгінілерінің жасы олардың плейстоцен қимасындағы орнымен және палеолиттік кремнийлік саймандардың табылуымен анықталынады.
Жоғарғы плейстоцен – голоцен (ap, dpQIII-IV). Бұл жасты бөлінбеген шөгінділер тауалдының тұрақты және уақытша су ағындарының жайылмаларын, жайылмалы террасаларын құрап аудан бойынша едәуір шекті таралған. Аллювиалды-пролювиалды шөгінділер өзен алаптарының бірінші террасаларын құрайды. Олар саздақтар және құмдақтардың (қалыңдығы 5-7 м) линзалары және қабатшаларымен малтатастармен, құмдармен көрсетілген. Үлкен Қаратау қыратының тау алдында делювиалды-пролювиалды шығарым конустары (қалыңдығы 1-ден 20-25 м), тау алды шлейфтері және конус сусымалары шөгінделінген, олардың арасында саздақтар, құмдақтар және құмдардың қабатшалары және линзалары анықталынады. Шөгінділер жасы – олардың жер бедеріндегі геоморфологиялық орны бойынша анықталынады да, шөгінділер жоғарғы түйіннің аллювиалды-пролювиалды террасаларын кесіп, және де өз кезегінде қазіргі уақытша су ағындары және шұңқырларымен кесіледі.
Голоцен (a, ap, dQIV). Голоцен шөгінділері генетикалық типтердің әр түрлілігімен және көптүрлі литологиялық құрамымен сипатталып, жаппай дамуға ие.
Аллювиалды шөгінділер тұрықты және уақытша су ағындары және олардың салаларының алаптарында жайылмалар және жайылмалы террасалар құрап таралған. Тау алды және таулы жерлерде биіктігі 0,5-1,5 метр болатын террасалар бөлінеді. Аллювийлі террасалар малтатастармен, құмдармен және құмдақтармен көрстеліген. Өзен аңғарларының шөгінділері , әдетте малтатасты, олардың таудан алшақтаған сайын малталары кішірейіп, жұмырлануы жақсара түседі де, құмды материалдың мөлшері ұлғаяды. Шөгінділердің қалыңдығы 1,5-2 метрді құрайды.
Қиыршық таспен, шағылмен және құмдақтардан құралған пролювиалды шөгінділер таудың табандарында шығарылым конустарының және пролювиалды шлейфтердің жиналатын жерінде таралған. Олар көп жағдайда тұрақты және уақытша су ағындарының террасалы шөгінділерін жабындайды. Шығарылым конустарының қалыңдығы 1-ден 15 метрге дейін өзгереді.
Делювиалды шөгінділер жабын түрінде салыстырмалы жайпақ суайрықтарда (100 – қа дейін) жиналады. Жабын қалыңдығы аз (1-5 м), тасшақпа, шағыл және лестәріздес құмдақтармен жалған террасалар, таулы террасалар және төбелер түрінді құралған.
Колювийлі шөгінділер (қалыңдығы 10-15 м) қыраттардың осьтік бөлігінде тік жалаңаштанған баурайларында таралған, онда олар кесекті, қойтасты, қиыршық тасты, ірі шағылдармен құралып, шашылымдардың, шашылмалы шлейфтердің және таулы террасаларыда үйіндер құрайды.
Ауылшаруашылық жерлер өзендердің жайылмалары және жайылмалы террасаларын құрайды, онда олар құмдармен, құмдақтармен, саздақтармен және жалпы қалыңдығы 0,5-0,5 метр болатын топырақты-өсімдікті қабатпен көрсетілген. Карьер және пайдалы қазбалар үйінділері (биіктігі 30-дан 100 м-ге дейін) 1-ден 5-дейін және одан да көп шаршы шақырым жерді алады да, қойтастар, шағылдар және қиыршықтастармен құралған.