
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
Қаратау қыратының геологиялық құрылысы туралы алғашқы деректер И.Л. Северцев, Д.М. Романовский, И.В. Мушкетов, Р. Фрезе, және А.П. Татарников (1866-1877ж.ж.) жұмыстарында кездеседі. Сол кезеңде ең соңғы болып Ащысай және Турлан кенорындарының геологиялық құрылысына толық толық сипаттамалар берілді.
ХХ ғасырдың басында Үлкен Қаратау тауларында М.М.Бронников, В.Н.Вебер, Д.В.Наливкин геологиялық зерттеулерін жүргізді. 1925-1926 ж.ж. Геолком Ащысай кенорнын барлауға кірісті және оның аумағында іздеу жұмыстарын бастады. 1926 ж. И.И. Князев басшылығымен Ащысай (Турлан) полиметалл кенорны барланды. Ащысай кенорны ашылған соң Қаратау ауданына деген қызығушылық бірден артты. 1928 ж. Біресек, Баялдыр және Жағалы аудандарында іздеу-барлау жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарда И.С.Комишин, И.И.Князев, Н.А.Брызгалов, Е.А.Немов, Д.Н.Раша, А.Я.Яковлев және т.б. қатысты. Нәтижесінде кенденудің көптеген ошақтары табылды және Мырғалымсай кенорны ашылды. Үлкен Қаратауда жоспарлы геологиялық зерттеулер 1932-1933 ж.ж.-да 1:200000 масштабтағы түсірілімдерден басталды және Н.В.Дорофеевпен, Н.М.Саловпен, И.И.Машкароймен, В.С.Малявкинмен, Т.А.Мордвилкомен жүргізілді. Олар Қаратау қыратының геологиялық құрылысын қысқа түрде сипаттады және 1:200 000 масштабтағы геологиялық картасын құрастырды. 1934-49 ж.ж. аралығында ірі масштабтардағы геологиялық түсірілімнің 1:50000 масштабтағы зертеулері жүргізілді, оларға В.В.Галицкий, Н.А.Ноздрев, А.С.Пирго, И.И.Бок, Е.А.Анкинович, М.А.Сенкевич және т.б. қатысты.
1964 ж. Қолда бар деректерді жалпылау негізінде, 1:50 000 масштабтағы түсірілімдер бойынша К-42-II (О.С. Грум-Гржимайло), К-42-III (Л.В. Беляков) парақтардағы масштабы 1:200000 Мемгеолкарта құрастырылды.
1970-71 ж.ж. Ф. М Ибрагимов және т.б. Орталық Қаратаудың оңтүстік-батыс тауалды беткейінде 1:50 000 масштабта жабық аудандарды терең геологиялық карталау жүргізілді.
1971-73 ж.ж. Оңтүстік Қазақстанның Батыс аудандарының палеозойлық шөгінділерінің бокситтенуінің келешектілігін бағалауды О. А. Федеоров және т.б. жүргізді. Нәтижесінде турней, визей ярустары және орта карбон үшін 1:500 000 масштабтағы палеогеографиялық карталар, бокситті формациялардың ықтималдық картасы құрастырылды. Осы аралықта ООГГЭ көмегімен Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктеріде 1:10000 масштабта ұшақпен жоғары дәлдікті аэромагнитті түсірілім жүргізілді (Игнатюк О.В., 1971 г.; Криворотенко А.Н., 1973 г.). Кішігірім параметрлердің көптеген оң ауытқұлары анықталды, оларды талдау арқылы бірқатар білінулерді және Боролдай қыратының оңтүстік-батыс баурайындағы бокситтердің кішігірім Құтырған кенорнын анықтауға мүмкіндік берді.
1975 ж-дан 1979 ж дейін ОҚТГБ орталық тематикалық партиясымен Үлкен Қаратаудың және оған қарасты Кіші Қаратау аудандарын 1: 200000 масштабта аэрофотогеологиялық карталау жүргізілді. Нәтижесінде карталанған түзілімдердің литологиясы көрсетілген геологиялық карта тұрғызылды және ауданның стратиграфиялық сызбасы нақтыланды.
1981 және 1987 жылдар аралығында Қаратау ГРЭ-нің Елубай ПСП (жауапты орындаушы - Э.Т. Турсункулов) Үлкен Қаратау қыратының Оңтүстік-батыс бөктерінде Қантағы-Жетіқұдық өзен аралығында терең геологиялық карталау жүргізілді. Авторлармен К-42-18, 19 және 31 парақтардағы көмкерілген шөгінділер картасы құрастырылды.
Бірқатар көмкерілген полиметалл ореолдары анықталды. Аюсай бокситтерінің білінулері байқалды. Бокситтер қабатында қорғасын мен мырыштың жоғары құрамы анықталды. Шәймерден кенорны кейінірек ашылғандықтан бұл дәйек тиісті бағасын алмады.
2006-2008 ж.ж. аралығында АГП «Іздеу-түсіру экспедициясы» К-42- IV және К-42-X парақтарындағы 1:200000 масштабта түбегейлі геологиялық зерттеулер жүргізді. Бұл жұмыстар барысында Аюсай учаскесінің шаймерден типтегі қорғасын-мырышты объектілерін анықтауда болашағы зор екені дәлелденді.