Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

1 Жалпы мәлімет

1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы

Аюсай кенорны Оңтүстік Қазақстан облысының Байдыбек ауданының территориясында орналасқан (аудан орталығы Шаян кенті). Жақын маңдағы елді-мекендер (халық саны 1000 адамнан асады) - Шолаққорған (65 км), Ащысай (35 км) және Шаян (45 км), сонымен қатар Түркістан қаласы (85 км) және онымен аттас теміржол бекеті және Кентау (52 км) қаласы, бұл қаланы жұмыс ауданымен І және ІІ дәрежелі жолдар байланыстырады. Жұмыс ауданымен тікелей жақын аралықта (оңтүстік-батыс бағытқа 8 км қашықтықта) Мыңбұлақ кенті орналасқан, оның халқы мал және егін шаруашылығымен айналысады.

Сипатталушы территория Орталық Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайында орналасқан (Үлкен Қаратау қыраты). Тауалды белдеу оңтүстік-батысқа әлсіз еккіштенген адырлы-белесті рельефті жазық ретінде көрініс береді. Максималды абсолютті биіктіктер 530-550 метр, минималды белгілер 470-780 мертді құрайды. Жазық беті жекелеген құрғақ және уақытша ағатын өзен арналарымен кескіленген (арна тальвегаларынан салыстырмалы асуы 1-2 м құрайды). Орталық Қаратаудың дәл осы бөлігіндегі суайрықты жерінің теңіз деңгейімен алғандағы абсолютті белгілері 400-750 м құрайды. Су арнасының тауалды жазығындағы салыстырмалы ауытқуы 150-200 м құрайды.

Аюсай учаскесі ауданының гидрографиялық желісі бірегей үнемі ағатын бұлақтардан және Ақтас пен Аюсай кішігірім өзендерімен көрініс береді. Өзендер Сырдарья өзенінің бассейніне жатады және жұмыс ауданының батыс бөлігін субмеридиандық бағытта қиып өтеді. Құрғақшылық жылдарында Аюсай және Ақтас өзендері (тауалды жазығы ауданында) уақытша ағатын, жазда құрғайтын суайрықтар ретінде көрінеді. Үлкен Қаратау өзендерінің су деңгейі көктемде қарлар мен мұздықтар ерігенде максималды белгілерге жетеді. Уақытша ағатын өзен аңғарлары мен құрғақ арналар кесекті материалдардан тұрады, олардың басым көпшілігі таскөмір жасты карбонатты малтатастар мен ағаштардан құралған және Орталық Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайын құрайды.

Жұмыс ауданының климаты қатаң континентальді, мұнда ауа температурасының мезгілдік және тәуліктік ауытқуы байқалады. Бұл аудан жаздың ыстық, қыстың суық болуымен, ауаның құрғақтығымен, жауын-шашынның аздығымен, оның жыл бойында айтарлықтай біртексіз таралуымен, бұлтты күндердің аздығымен және ашық, жарқыраған күндердің молдығымен сипатталады. Ауа температурасы жаз айларында абсолютті максималды көрсеткішке (+45° С) (шілде – тамыздың І бөлігі) жетеді, өз кезегінде ауа температурасы желтоқсан-қаңтар айларында (-)25° – (-)30° дейін жетеді. Ауаның тәуліктік ауытқуы қыстың соңы мен көктемнің басында 25° болады. Орта жылдық температура +9° С құрайды. Жылы мезгіл ұзақтығы 4-5 айға созылады (мамыр-қыркүйек). Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның екінші жартысынан қаңтардың соңына дейін сақталады. Рельефтің төменгі бөлігінде қар биікті 0.3-0.4 м жетеді. Қыс жылы болған жылдарда жауған қар тез еріп кетеді және қыраттың оңтүстік-батыс баурайында ұзақ уақытқа сақталмайды. Орталық Қаратауда атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 150-300 м аралығында өзгереді. Жауын-шашынның ең көп мөлшері көктемде және қыста түседі, аз мөлшері – жазда және күзде түседі (шілде-қыркүйек). Атмосфералық жауын-шашын аудан бойынша біртексіз таралады, олардың мөлшері жазықтың тауалды бөлігінен қыраттың суайрық аумағына қарай артады.

Жыл мезгіліне байланысты ауданға шығыстық, солтүстік-шығыстық және солтүстік-батыстық құрғақ желдердің соғуы тән. Әдетте желдің орташа жылдамдығы 4-6 м/с құрайды, жекелеген кезеңдерде 15 м/м жетеді. Кейде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді, және 50 м дейін қашықтық қана көрінетін шаңды борандар (қыста – қарлы борандар) пайда болады. Жұмыс ауданы аумағында төрттік шөгінділердің өзіне тән өсімдік жамылғысы бар сұр- қоңыр топырақ таралған, өсімдік жамылғысы жусан және дала өсімдіктерімен көрініс береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]