Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы

Қорларды есептеудің қабылданған әдіс і- геологиялық блоктармен есептеу болып табылады. Учаскені бағалау вертикалды бағаналық ұңғымалармен жүргізілді. Барлығы екі қорғасын-мырышты кенді дене және 4 көмірлі пласт бөлінді. 1 қорғасын-мырышты дене 8 бағаналық ұңғымамен барланды, олардың 5-і өнімді болып танылды. 2 қорғасын-мырышты денесі 19 бағаналық ұңғымалармен барланды, олардың 11 өнімді болып келеді. Көмірлі пласттар 24 бағаналық ұңғымамен барланды, олардың 19 өнімді болып келеді. Қорғасын-мырышты кендер бойынша қорлар мен ресурстарды есептеуге кенді сынамалардың химталдау қатысты. Мұнда глиноземді таужыныстардың қоры және кремнилі модуль мәндері есептелді.

11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау

Қорғасын, мырыш және глиноземнің орта мөлшерлері сынаманың бағаналық немесе сызықты ұзындығына мөлшерді салыстыру анықталды. Қорғасын, мырыш және глиноземнің блоктар бойынша анықталған орта мөлшері осы блоктардың барлық ұңғымалары бойынша мөлшерін салыстыру бойынша анықталды.

Қорғасын-мырышты кенді денелерді контурлау сынамадағы шекті мөлшері бойынша кондициялауға сәйкес қиылысуларды бөлу арқылы жүзеге асты. Қиылысуларды бөлу кенді денелердің минималды қалыңдығын және кеніштегі кондициаланбаған қабатшалардың максималды қалыңдығын ескере бағаналық (немесе сызықты) қалыңдықтары бойынша алынды. Көмірлі пласттардың орта қалыңдығы нақтылы пластқа кіретін қөмірлі пласттардың ұңғымалары барлық қалыңдықтары бойынша орта арифметикалық ретінде анықталды.

Блоктарда кенді денелер ауданы Mapinfo v 9.0. бағдарламасымен автоматты түрде анықталды. Блок көлемі призма формасы бойынша анықталды. Қорларды есептеу Microsoft Excel бағдарламасын қолданыла отырып орындалды. Қорғасын-мырышты кендерді есептеуде ДГП ГНПОПЭ Қазмеханобр анықтаған 2,5 т/м3 тең көлемдік масса мәні қолданылды. Бұл есептеуде көмірлер бойынша көлемдік масса мәні арнайы түрде анықталды, сондықтан қоңыр көмірлер үшін 1,5 т/м3 мәні қолданылады.

11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу

Учаске қорғасын-мырышты кенорынның ішінде күрделігі жағынан үшінші топқа жатады. С2 категориясы үшін ұсынылған бағдарланушы желі ұзындығы бойынша 100-120 м және тереңдігі бойынша 60-80 м құрайды. 1-С2 қорғасын-мырышты кенді денесі бойынша ұңғымалар арасындағы қалыңдық 25-120 м, ал тереңдігі 10-55 м. 2-С2 қорғасын-мырышты кенді денесі бойынша ұңғымалар арасындағы қалыңдық 50-200 м, ал тереңдігі 15-325 м. 3-Р1 қорғасын-мырышты кенді денесі бойынша ұңғмалар арасындағы қалыңдық 50 м, ал тереңдігі 470 м. Жалпы алғанда бөлінген қорғасын-мырышты кенді денелер бойынша барлаушы желі нұсқауларға сәйкес келеді. Көмірлер бойынша учаске күрделігі жағынан үшінші топқа жатады. Көмірлер бойынша С2 категориясы үшін ұсынылған барлау желісі мынадай: линиялар арақашықтығы 800 м, линиядағы ұңғымалар арақашықтығы 500м. Барлық 4 көмірлі пласттар бойынша линиялардың арақашықтығы 15-250 м аралығында өзгереді, ал ұңғымалар арақашықтығы 15-200 м аралығын құрады. Шынайы барлау желісі нұсқаулықтағымен сәйкес келеді.

Қорғасын-мырышты кендер кострукцияларында глиноземді таужыныстар және олардың кремнилік модулі есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]