Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер

9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер

Гидрогеологиялық зерттеулер жоспарлы тапсырмаға сәйкес 2010-2010 ж.ж. екі далалық маусым кезінде жүргізілді.

Судың қысқаша химиялық талдауын жасау үшін екі бұлақтан көлемі 1,0 л сынама алынды (4 сынама), сонымен қатар бактериалдық талдауын жасау үшін көлемі 0,5 л сынамалар алынды (2 сынама).

Одан басқа, Аюсай өзенінің ағын суынан екі сынама алынды, ҚХТ және бактериалдық талдау үшін жылына 1 сынама алынды.

Сынамалар алынған жерде су температурасы, ауа температурасы және бұлақ шығыны, судың иісі, дәмі және татуы тексерілді.

Сынамалар автокөлікпен «Экогидрохимгео» орталық зертханасына және Алматыдағы санэпидемстанцияға 4 сағат ішінде жеткізілді. Су сапасы СЭТ талаптарына сәйкес регламенттелді, ҚРДСМ-ң 28.07.2010 ж №554 бұйрық.

9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер

Кеннің инденерлік-геологиялық жағдайын зерттеу үшін жіктелмеген триас-юралық шөгінділердің қабатының кендерін ашқан №6 және №8 ұңғымалар керндері дубликаттарынан екі технологиялық сынама алынды. Технологиялық зерттеулер үрдісніде Аюсай учаскесінің кенді қабатын сипаттайтын сынамалардың физико-механикалық қасиеттері анықталды.

9.1 кесте

Кеннәі физико-механикалық өасиеттерінің нәтижелері

Көрсеткіштер

Өлшеу шамасы

Аспа саны

Мәні

Тығыздығы

г/см3

3

2,5

Үйінді салмағы

г/см3

3

1,22

Кеуектігі

%

3

51,2

Ылғалдығы

%

-

-

Қарапайым еңіс бұрышы

градус

3

39,35

10. Экологиялық зерттеулер

Қорғасын-мырышты кенорын барлау кезінде, кендерді және олардың өңдеу кезінде туындайтын жоғары экологиялық қауіптілікке байланысты топырақтың, жербеті және жерасты суларының, атмосфераның ластану дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілді. Жобада технологиялық сынамаларды зерттеу кезінде кенді сыйғызушы қабаттардың радиологиялық ерекшеліктерін зерттеу қарастырылды. Қорғасын-мырышты кендерді және кен сыйғызушы түзілімдерді радиациялық зерттеу үшін учаскеде орналасатын карьерлерден (жерасты грунт), салмағы 1,0 кг екі сынама алынды. Қорғасын-мырышты кен сынамалары технологиялық зерттеулер жүргізілгенде истертый түрде сыналды. Зертеулер «РКС - 01 - Соло» заут. №006 радиометр-дозиметрімен жүргізілді, тексеру туралы сертификат №ВА.17.04-10579, 30. 11. 10 ж.

Ұңғымалардағы ридиометрлік бақылаулар (ТК) ұңғымалардың тұтас бағанасы бойында «Кура-1» аспабымен үздіксіз жүргізілді, тексеру сертификаты ВА. 17. 2854. Лицензия №0001015, серия МА, күні 22. 12. 2000г. Аттестат №651 04. 11. 2005ж.

11 Қорларды есептеу

11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар

Ең алдымен қорғасын-мырышты кендер қорын есептеу жүргізілді, 0,1% қордың шекті мөлшерімен және осы кендер контурында глиноземді таужыныстар қорлары мен кремнийлік модульдің орта мәндері есептелді (1.1, 2.1 және 3.1 кестелер). Одан кейін глиноземнің 25 % шекті мөлшеріндегі глмноземқұрамды контурлары қорларды есптеу үшін бөлінді және осы контурда, сонымен бірге қорғасын-мырыш кендерінің қосалқы қорлары есептелді. Бұл контурлар толық сәйкес келмейді.

Қорғасын-мырышты кендер қорын есептеу қорлардың 0,1% шекті мөлшерімен бір нұсқада жасалды. Бұл учаске бойынша қорғасын мен мырыштың орта мөлешрі 0,1%-дан сирек 0,3% дейін өзгерді, бұл айтарлықтай көрсеткіш емес. Қорғасын-мырышты кендердің минималды қалыңдығы 1 м ретінде қабылданды, аз қалыңдықта, бірақ қордың аса жоғары мөлшерінде сәйкес метропайыз ескерілді. Бос таужыныстардың немесе кондициялық емес таужыныстар қабаттарының максималды қалыңдығы 3 м. Көмір пласттарының минималды қалыңдығы 0,2 м қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]