
- •Мазмұны
- •5.11 Радиациялық қауіпсіздік
- •1 Жалпы мәлімет
- •1.1 Ауданның географиялық экономикалық сиппаттамасы
- •1.2 Аюсай ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар
- •Геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары
- •1.1 Сурет. Геологиялық түсірілім бойынша зерттеулер нәтижесі
- •2 Ауданның геологиялық құрылысы
- •2.1 Стратиграфия
- •2.2 Тектоника
- •2.3 Пайдалы қазбалар
- •2.4. Ауданның ықтималды келешектілігін бағалау.
- •3.1 Аюсай учаскесінің геологиялық құрылысы
- •2007 И 2010-12 жж. Бұрғыланған бөлшектелмеген триас-ерте юра жасындағы шөгінділеріндегі Pb және Zn орташа құрамы.
- •4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.
- •6 Геологобарлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі
- •6.1 Геологиялық-іздеу жұмыстары
- •6.2 Горнопроходческий жұмыстар
- •6.3 Бұрғылау жұмыстары
- •Сынамалау
- •Зертханалық зерттеулер
- •6.6. Қорытынды бақылау
- •6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
- •6.8 Магнитобарлау
- •6.9 Электробарлау
- •6.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
- •8. Технологиялық сынамалау нәтижелері
- •9. Гидрогеологиядық және инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •9.1 Гидрогеологиялық зерттеулер
- •9.2 Инженерлік-геологиялық зерттеулер
- •10. Экологиялық зерттеулер
- •11 Қорларды есептеу
- •11.1 Қорларды еспетеу үшін орнатылған кондициялар
- •11.2 Қорларды есептеу әдісі және технологиясы
- •11.3 Қорларды есептеудің негізгі парметрлерін анықтау
- •11. 4 Есептік блоктарды бөлу принциптері, қорлар категориясын негіздеу
- •11.5 Барлық құраушылардың қорларын есептеу нәтижелері
- •11.6 Қорғасын мырышты кенді денелердің және көмірлі пласттардың мөлшері, морфологиясы, параметрлері
- •12 Үлкен қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің шегінде қыртыстық-карстық типті полиметаллдық кенденулерді анықтаудағы ауданның перспективаларын бағалау
- •Список использованных источников
- •Фондовая литература
6.7 Топогорофо-геодезиялық жұмыстар
Топогрофо-геодезиялық жұмыстар геофизикалық бақылаулар пукттерінің желісін жасақтау, олардың жоспарлы жағдайын қажетті дәлдікпен анықтау мақсатында жүргізілді. Жүргізілуші жұмыстардың барлық ауданы бойынша әртүрлі көздерден басылған 1:100000, 1:50000, 1:10000, 1:5000 масштабтағы топографиялық карталар, сонымен қатар электрондық түрдегі топографиялық байланысқан аэрофотосуреттер, космостық түсірілімдер бар. Жұмыс ауданында мемлекеттік триангуляция пункттерінің жеткілікті саны бар, олар жекелеген пунктерді анықтау үшін теодолитті қадамдарды салу және байланыстырушы негіз ролін атқарады. Теодолиттті қадамдар геофизикалық бақылаудың 100х100 м желісін жасау мақсатында салынды. Магистральдар мен профильдер Т-30 теодолитімен вертикалды шеңбердің екі жағдайында горизонталды бұрыштарды әрбір нүктеде бірдей қабылдаумен өлшеу арқылы салынды.
Магистральдар мен профильтдердегі сызық ұзындықтары пикэтажды 100 м сайын бөлу арқылы GPS(Garmin) құрылғысымен өлшенді. Жұмыс ауданында теодолиті жүрістер биіктігі 1,5 м белгілермен және диаметрі 1 м сақиналық қазындылармен белгіленді, пикетаж кітапшасында жазбалар жүргізілді, онда келесі жағдайлар суреттелді: профиль бойынша орналасу жағдайы мен гидрографиясы, сонымен қатар магистральді нүктеден ауытқулар да тіркелді. Профильдердің магистральді нүктелерінің максималды ауытқуы 3 м құрады., бұл жоба таларптарын қанағаттандырды.
6.8 Магнитобарлау
Магнитобарлау (15 кв.км көлемінде) геологиялық карталауға көмек ретінде, ертеректе анықталған аномалияларды растау, олардың орналасу орнын нақтылау, жаңадан анықталған аномалияларды бөлу және нақтылау үшін қоданылды. Өлшеулер М-33 магнитометрімен ертеректе даярланған 100х10 м бақылау желісімен, 50х5 м нақтылаумен жүргізілді. Әрбір жеке маршруттар ұзақтығы 1,5 сағ аспады. Варияциялық станциялар ретінде учаске маңында стационарлы орналасқан М-33 магнитометрі қолданылды, ол магниттік өріс ауытқуын әр минут сайын тіркеді. Әрбір жеке жұмыс учаскесінде қорытынды өлшеулер көлемі 7%, орта есеппен 7,3% құрады. Барлық жұмыс кезеңіндегі ортаквадраттық қателік келесідей болды: минимум ±2,2 нТл, максимум ±3,4 нТл, барлық учаскелер бойынша орта мәні ±2,8 нТл. Қол жеткізілген қателік учаскелердің магнит өрісінің 5 нТл изодин қиылысуларындағы карталарды жасауға мүмкіндік берді. Таужыныстардың магниттік қасиеттерін зерттеу мақсатында магниттік қабылдағыштықтың КП-01 далалық өлшегішімен бұрғыланған ұңғымалар кернінің каппаметриясы жүргізілді.
6.9 Электробарлау
Электрлік барлау профильдер бойынша ВЭЗ (94 ф.т. көлемінде), СГ-ВП (20 кв.км көлемде), әртүрлі комбинацияларда электропрофильдеу модификацияларында жүргізілді. Жұмыс кешенімен шешілетін мәселелер: жарылымды бұзылымтарды табу, кенді денелерді контурлау, олардың көлбей орналасу жағдайын анықтау. Зерттеу нәтижелері бұрғылауда, таукен жұмыстарын жүргізуде қолданылды.
Нақтылы іздеу жұмыстарын жүргізуде ВП әдісі қолданылды, ол ВП ортаңғы градиенті АВ=2200м MN=100м, ұзындығы 18 км 200х100м желі профильдері бойынша жүргізілді. Палеозойдың және ықтималды кенді денелер бетінің модификациясын нақтылау үшін АВ 1500 м дейін қадамы 200 м профильдер бойынша және ертеректе салынған ұңғымаларда ВЭЗ түсірілімі жүргізілді. Элетробарлау жұмыстарының негізгі көлемі Аюсай учаскесінде жүргізілді. Түсірілім масштабы басым көпшілігінде 1:10000 болды. Келесі құрлғылар қолданылды: АЭ-72 аспабы, Agilent U1252A мультиметрі, қуаты 4,5 кВват түрлендіргіші және 1000V түзейткішібар генераторлық топ, қабылдаушы және ток беруші желілерді басқаруға арналған приставка. Келесі сымдар қолданылды: ток берушіде–ГПСМП типті, қабылдағышта-ГСП-05 (полевка). СГ-ВП ток беруші желіде 1,5х0,8 м мырыштанған қапталған парақтар қолданылды, олар 0,7-0,9 м тереңдікке көмілді және оларға көп су қйылды. Электробарлау әдістерінің қабылдаушы желісінде поляризацияланбайтын керамикалық электродтар қолданылғандықтан, оның өзіндік поляризациясы 2 mV аспайды. Өлшенуші шама – токтың тік бұрышты айнымалы импульсі, ток беру ұзақтығы 10 сек, разряд ұзақтығы – 5 сек. Өлшеу циклы көпфункционалды Agilent U1252A мультиметрімен жүргізілді, ол 1 секунта 7 өлшем жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір өлшем компьютерге жеке файлға жазылды және ары қарай өңделді. Қайталап өлшеу профиль бойында өлшеудің әрбір 10 нүктесінде жүргізілді. Қорытынды өлшеулер көлемі басында, соңында келесідей болды: СГ-ВП модификацияларда және үшядролы ВП 8,3 %; ВЭЗ-8,7%. Орта салыстырмалы қателік келесідей: поляризациялану бойынша – 4,4 %, кедергі бойынша – 2,3%.