Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

6.2 Горнопроходческий жұмыстар

Горнопроходческий жұмыстар өнімді буманың шөгінділер жабынының жер бетіне жақын орналасқан жерлерін ашу мақсатында, сонымен қатар, қорғасын, мырыш және темірдің шашырандыларының екінші ретті ореолдарын бөлу мақсатында жүргізілді. Жұмыс учаскесінің солтүстік-батыс бөлігінде 100х10 м желі бойынша шурфтарды салу қарастырылды. Шурфтардың барлығы 250 м ұзындығы салынды. Шурфтарда қорғасын, мырыш және темірдің мөлшерінің экспресс-талдауының деректерін алу үшін борпылдақ шөгінділерді ренгенографиялық өлшеу (РРО) жүргізілді (әр шурфта 5-10 өлшеммен). Өкінішке қарай, шурфтар төртік шөгінділерден аспады, өнімді қат-қабаттың тереңдігі есептелгеннен төмен болып шықты және тек екінші тапсырма ғана орындалды (Pb, Zn және Fe шашырандыларының екінші ретті ореолы).

6.3 Бұрғылау жұмыстары

Аюсай учаскесінде іздеу-бағалау бұрғылаулары өндірістік қорғасын-мырышты кенденуді анықтау, контурлау, сынамалау мақсатында, сонымен бірге өнімді қат-қабатпен кенді дененің көлбей жату жағдайын нақтылау мақсатында жүргізілді (созылуы, құлауы, морфологиясы, қалыңдығы және т.б.).

Бұрғылау жұмыстары шпиндель типті ЗИФ-650 құрылғысымен және ішкі диаметрі 76 мм «Boart Longyear» компанияның бұрғылау құрылғысын қолдана отырып жүргізілді, бұл өнімді қабатты бұрғылау үрдісі кезінде диаметрі 46 мм (NQ) керннің 95-100% шығуын выходын алуға мүмкіндік берді.

Бұрғылау рейстерінің ұзындығы бұрғылау жағдайларына байланысты 0,3 м-ден 1,5-3,0 м өзгерді және орта есеппен 2,0 м құрады. Өнімді бума таужыныстары бойынша кернді алудың барлық рейстерінде 95% асты.

Бірінші ретті ұңғымаларды бұрғылау ертеректе жүргізілген магнитобарлау жұмыстарын жүргізу кезінде алынған магнитті аномалиялардың орталық бөлігіне ұштастырылған. Бұрғылаудың оң нәтижелері алынған жағдайда (өнімді қабат таужыныстарын ашу) екінші ретті ұңғымаларды отырғызу орындары барлау желісінің тығыздығына (барлық ұңғымалар тығыздығы) қойылатын талаптарға сәйкес анықталды, бұл түсті металлдар кенорындарында қорларды класификациялауда қолданылатын нұсқаулықтарға ( ГКЗ ҚР,Көкшетау, 2006ж) сәйкес С2 категориясы бойынша күрделігі 3 топтағы қорғасын-мырышты бөлінулерді бағалау үшін қажет.

Барлығы 23 вертикалды бағаналық ұңғымалар бұрғыланды, жалпы бұрғылану тереңдігі 2684 м. (өнімді буманың субгоризонталды орналасуы бойынша). 15 ұңғыма триас-юра жасының өнімді шөгінділерін ашты.

    1. Сынамалау

Аюсай бөлінуінде іздеу бағалау жұмыстарын жүргізудегі негізгі мәселелер пайдалы құраушыларды нақтылау, қорғасын-мырышты кенденудің заттық құрамы мен технологиялық қасиеттерін анықтау мақсатында өнімді бума шөгінділерінен сынамалар алуға негізделген. Сынамалаудың келесі түрлері қолданылды: керндік, ренгенографиялық және технологиялық. Сонымен қатар петрографиялық және минералогиялық зерттеулер үшін үлгілер алынды.

Кернді сынамалау. Триас-ерте юралық жіктелмеген шөгінділердің потенциалды кенді таужыныстарының тұтас керндік сынамалануы жүргізілді (өнімді буманың табанынан жабынына дейін, төмен жатқан және көскеруші шөгінділрге шығатын 2-3 сынама алынды). Кернді сынамалар рейстедің ұзындығы литологиялық өзгергіштігі және минералдану қасиеттері ескеріле қолдан алынды, керн ұзын осі бойымен екіге бөлінді, оның біреуі сынама алынды. Сынама ұзындығы 0,8-1,3 м аралығында өзгереді және көп жағдайда 1 м құрайды. Кернді сынамалар юралық жасты шөгінділердің көмірлі-сазды горизонттарыннан алынды, бұл көмірлі-сазды таужыныстарда қорғасын мен мырыштың жоғары мөлшердегі интервалдардың бөлінуімен шартталады (Pb, Zn, Fe мөлшерінің экспресс-талдауды жүргізген соң – рентгенорадиометриялық сынау.

Рентгенорадиометриялық сынамалау (РРО). Бұрғыланған 23 ұңғымадан алынған керннің барлық көлеміне (2684 м) тұтас рентгенорадиометрялық сынау жүргізілді. Ол Pb, Zn, және Fe мөлшерінің жедел-талдауын тікелеу далалық бақылауларды жүргізу үрдісінде алу мақсатында жүргізілді. Өлшеулер рентгенорадиометрялық қалалық аспаппен (РПП-12) триас-ерте юралық шөгінділер бойынша 0,2 м қадаммен және юралық және неоген, төрттік жасты шөгінділерде 0,5 қадаммен орындады. Ұңғыма керндерінен басқа рентгенорадиометрялық өлшеулер шурфтармен ашылған шөгінділерде жүргізілді.

Технологиялық сынау. Кеннің қорғасын, мырыш және аллюминийге байытылуын ары қарай анықтау үшін жеткілікті материалдарды алу мақсатында жүргізілді. №8 ұңғымадан салмағы 100 және 80 кг екі сынама алынды. Технологиялық сынау үшін материалдар учаскенің солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерінен ашылған өнімді бума шөгінділерінен алынған кернді сынаудан қалған керннің екінші бөліктерінен және дубликаттар (фракция 2-5 мм) мен ұнтақталған сынмалардан даярланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]