Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

4 Аюсай учаскесі ауданындағы геологиялық зерттеулер тарихы.

Аюсай кенорны аттас өзеннің тауалды жазығының солтүстік жағалауында, Кентау қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа 55 км қашықтықта орналасқан (К-42-19-В-г).

Бокситтер білінулеріне ұқсас, ол 1986-87 ж.ж. Қаратау ГРЭ-ның Елубай ІТП-мен (Турсункулов Э.Т., 1987 ж) ГГП-50 бойынша жұмыстар жүргізу кезінде аэромагниттік аномалияларды бағалау нәтижесінде ашылды.

1974 ж. Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде ҚАЗНИИСА-ның Орталық геохимиялық экспедициясының Турлан партиясымен 1:10000 масштабтағы терең литогеохимиялық түсірілімі жүргізілді. Жұмыс барысында Аюсай өзенінен шығысқа қарай құрамында қорғасынның 0.04%, барийдің 0.1–0.3% және стронцийдің 0.3% дейін максималды мөлшері бар екінші шашырау жиегінің қатары анықталды. Барлық ореолдар теріс бағаланды.

1981-83 ж.ж. К-42-18-В,Г; 19-В және 31-А,Б парақтар ауданында Қазақстан аэрогеологогеофиялық экспедицияның бөлімімен алдын-ала ГКП жұмыстары жүргізілді, оларға: 1.50000 масштабтағы гравитациялық түсірілім және 1:10000 масштабтағы аэромагнитті іздеу жұмыстары кіреді. Аэромагнитті түсірілім нәтижесінде мезозой-кайназой шөгінділерімен көмкерілген Аюсай учаскесі шегінде № 22, 23 және 110 (118) локальді магнитті аномалиялар бөлінді.

1986 жылы ҚГБЭ Елубай ПСП УГБ-54 А станогын қолдана отырып аз тереңдікте комбинирленген бұрғылаумен («бұрғылау тереңдігі 50 м) аномалиялар орталығын бағалау талпыныстар жасалды. Бұрғылау ұңғымаларының арасынан (№ 91-95) тек екеуінде (№ 93 және 94) палеозой іргетасының әктастары ашылды, ал № 91,92 және 95 ұңғымалар мезазой-кайназойлық қима шегінен аса алмады. Мезазой-кайназойлық қиманың жекелеген учаскелерінде жоғары глиноземді таужыныстар кездесті, онда Al2O3: 93 (инт.2.5-4.5 м.) ұңғымада 19,38%-дан 22.37% дейін және 94 ұңғымада 36.5 – 41.6 метр интервалда 30.06% - 33.79% . Спектрлік талдау деректері бойынша 93 және 94 ұңғымалардағы саздарда және сазды алевролиттерде қорғасын мен мырыштың аномальді мөлшерлері анықталды. 91 ұңғыма көмірлі саздар мен алевролиттердің қимасын ашты.

1987 жылы Аюсай учаскесінде 3,7 км2 ауданда ҚРБЭ Елубай ПСП (Турсункулов Э.Т., 1987 г) 125х25 м желі бойынша жербетінің магнитті түсірілімі жүргізілді және бірқатар локальді аномалиялар ашылды. Аса қарқынды аномалиялар эпицентрлерінде бағаналық бұрғылаудың 5 ұңғымасы (№№131 -135), жалпы көлемі 342 метр. Ұңғыма кернінен 121 керндік және 182 литогеохимиялық сынамалар алынды. Жоғарыглиноземді таужыныстар барлық 5 ұңғымада кездеседі. Химиялық талдау нәтижесінде бокситтер 3 ұңғымада анықталды: №131, №133 и №134. №131 ұңғымада қалыңдығы 14 м бокситтер (субгоризонтал шөккен) 73-87 м аралығында тіркелді. Глиноземнің орта мөлшері – 37.23% (от 33.58 до 48.92%), кремнезем - 15.76% (от 12.02 до 18.99%), кремнийлі модульдің орташа мәні 2.36 (2.11 - 2.98). Бокситтер ашық сұр аз темірленген (73-82 м инр.) және қызыл түсті, темірлі (82-87 м инт.) түрлерімен берілген. №133 ұңғымада 4.0 – 8.0 м интервалында темірлі боксииттер кездесті, онда орта есеппен глинозем 42.8% (39.48%-дан 50.17% дейін), кремнезем 12.39% (8.54%-дан 15.51% дейін) және орта кремнийлі модуль 3.45 (2.8%-дан 4.76% дейін). №134 ұңғымада бокситтер (темірлі түрлері) 29.9 – 32.0 метров интервалында ашылды. Онда глиноземнің орта мөлшері 40.02% (39.82 %-дан 40.2% дейін) құрады, кремнезема 14.31% (4.10 %-дан 14.50% дейін) кремнийлі модуль 2.80 (2.77-ден 2.82 дейін). Төрт ұңғымада (№№131, 132, 133, 134) аллиттердің темірлі және аз темірлі түрлері анықталды. Глиноземнің орта мөлшері аллиттерде 27.51%%-дан 37.55% дейін өзгерді, кремнезем 19.16%%-дан 38.89% дейін, кремниилі модул мәні 0.94-тен 1.42 дейін өзгерді. №135 ұңғыма қалыңдығы 50 м болатын сиаллиттерді ашты, онда глинозем 25.92% - 30.89% және кремнезем 32.10% - 39.0% құрады. Оңтайлы нәтижелі магнитті аномалиялардың бокситтер мен аллитердің темірлі түрлерімен тікелей байланысты екені анықталды. Осылайша ашық-сұр, аз темірлеген бокситтер мен аллитерде магниттік қабылдағыштық 10 -нан 100 х 10-6СГСМ дейін болды, жеке жағдайларда 1100-2200 х 10-6СГСМ жетті, ал темірлі түрлерінде 3500-4000 –нан 6800-7000 х 10-6СГСМ дейін өзгерді. Глиноземді таужыныстардан алынған керндік сынамаларда жүргізілген спектрлік талдау қорытындылары қорғасынның 0,45% дейінгі, мырыштың 1% дейінгі жоғарғы мөлшерлерін көрсетті. Химиялық талдау деректері бойынша бокситтер мен алититердің 34 сынамасында қорғасын мөлшері 0.1-0.52 % құрады. Бокситтердің аз темірлі түрлерінің екі сынамасында (ұңғ.131, инт. 73.6-74.7 м) қорғасын концентрациясы 1.11% және 1.84%, ал мырыш 1.50% және 2.63% жетті. Глиноземді шөгінділерді көмкеруші юралық қимада көмірлердің линзалары мен пласттары табылды. ГГК-50 бойынша жұмыстар нәтижесіне арналған есепте Э.Т. Тұрсынқұловпен Аюсай учаскесінде кешенді қорғасын-мырышты-бокситті кендердің бар екендігі туралы қорытындылар жасалды және Р2 категориясы бойынша болжамдық ресурстар есептелді, олар 18,42 млн.т кенді құрады (Тұрсынқулов Э.Т., 1987 г).

2007 ж «Іздеу-түсіру экспедициясының» Қаратаулық отрядымен жүргізілген ГДП-200 жұмыстары кезінде Аюсай учаскесінде алдын-ала геофизикалық және бұрғылау жұмыстарының кешені жүргізілді. 100 х 20 м желі бойынша жербетінің магниттік түсірілімі жүргізілді және қарқындылығы 20 -120 нТл 8 оңтайлы магниттік аномалиялар бөлінді, олардың кейбірі 1987 ж аномалиялармен сәйкес келді. Аномалиялар сопақ немесе сақина тәрізді формалы, ұзындығы 50-400 м, ені 50-200 м. Бағаналық бұрғылау ұңғымаларының орындары оңтайлы аномалиялардың таралу ауданы бойынша анықталды. Барлығы 19 ұңғыма бұрғыланды (№№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 15, 17, 18, 19, 20, 21, 23, 24). Бұрғылаудың жалпы көлемі 1830,40 метр, 260 керндік және 109 сызықты-нүктелі сынамалар алынды. Глиноземді таужыныстар 15 ұңғымада кездесті. Химиялық талдау деректері бойынша бокситтер мен аллитердің темірлі түрлері (глинозем 22.51% -дан 46.53% дейін және кремнезем 17.66%-дан 34.75% дейін) 4 ұңғымала бөлінді (№№ 6, 17, 19, 20). Кернді сынамаларды химиялық және спектральді талдау дерктері бойынша глиноземді шөгініділерде қорғасын мөлшері 0.8-1.5%, қорғасын 0.8-1.17 %. 67 сынамаларда (18.2% сынаманың жалпы көлемінің) мырыш мөлшері 0.1% -дан 0.5% дейін өзгерді, ал 8 сынамада 0.5 % асты. Қорғасынның аса жоғары концентрациялары палеозойлық іргетас әктастатрының жабынына шөгетін көгілдір-ашық-сұр түсті каолитнитті саздарға шоғырланған. Іздеу-бұрғылау жұмыстарның нәтижесінде оңтайлы аномалиялар мен глиноземді шөгінділердің темірлі түрлерінің пластты денелердің арасында тікелей кеңістікті байланысы бары расталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Аюсай учаскесінде және Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде дамыған мезазой-кайназойлық шөгінділердің таралу аумағында шаймерден типті маңызды объектілердің табылу ықтималдығы бар екені анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]