Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
396.07 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

  1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

1.1 Ауданының географиялық-экономикалық сипаттамасы

1.2 Аюсай кенді ауданындағы бұрын жүргізілген жұмыстар

2. Ауданның геологиялық құрылысы

2.1 Стратиграфиясы

2.2 Тектоникасы

2.3 Ауданның пайдалы қазбалары

2.4

2.5 Магматизм

2.6 Гидрогеологиялық жағдайы

2.7 Ауданның мезозой-кайнозойда геологиялық дамуының тарихы

2.8

2.9 Уранды кенденудің морфологиясы

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ. РУДАНЫҢ ЖӘНЕ СЫЙЫСТЫРУШЫ ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ІЛЕСПЕ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Үлкенсор бөлікшесінің уран рудалануының сипаттамасы

3.2 Кендердің заттық құрамы

3.3 Кенорынның шығу тегі

4 ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ, ЖҮРГІЗІЛУ ЖАҒДАЙЫ, ӘДІСТЕМЕСІ

4.1 Ұйымдастыру жұмыстары

4.2 Жобалау жұмыстары

4.3 Геологиялық түсіру жұмыстары

4.4 Геофизикалық жұмыстар

4.5 Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар

4.6 Топографиялық жұмыстар

4.7 Сынамалау жұмыстары

5 Қауіпсіздік және Еңбекті қорғау

5.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының анализі

5.2 Санитарлы - гигиеналық шаралар

5.3 Ұйымдастыру шаралары

5.4 ЭЕМ машиналық залында өндірістік шуды төмендету шаралары

5.5 Метереологиялық шарттарды қамтамасыз ету

5.6 Табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру

5.7 Төтенше оқиғалардың алдын алу шаралары

5.8 Өртке қарсы шаралар

5.9 Техника қауіпсіздігінің талаптары

5.10 Электр қауіпсіздікпен қамтамасыз ету

5.11 Радиациялық қауіпсіздік

5.12 Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік

6 Қоршаған ортаны қорғау

7 Техникалық-экономикалық бөлім

7.1 Күтімдегі қорды есептеу

7.2 Мойынқүм уран кенорнының қорын есептеу үшін кабылданған кондициялар

7.3 Геологиялық жұмыстардың экономикалық тиімділігі және өзіндік құны.

8 ЖОБАЛАНАТЫН ЖҰМЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Үлкен Қаратау қыраты ауданы Оңтүстік Қазақстанның аса ірі кенді облыстарының бірі болып табылады, және маңызды таукенөндірістік аймақ болып келеді, онда қорғасын мен мырыштың, (пайдалы қазбалар ауданы үшін бағдарланатын), сонымен қатар ванадий, алтын, барит, түйірлі фосфорит және тағы басқа көптеген кен орындары орналасқан.

Соңғы онжылдықта Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай сияқты ірі кенорындарында кен өндіру тоқтатылды, осының салдарынан ауданда, атап айтқанда Кентау қаласында үлкен әлеуметтік-экономикалық мәселелер туындады, мұнда Ащполиметалл кәсіпорны тіректі болып табылады. Бұл ауданда өндірістік маңызы бар жаңа объектілерді анықтау аталған мәселелерді түбегейлі шешпегенімен біршама азайтуға мүмкіндік береді.

Аюсай учаскесі әкімшілік бөліну бойынша Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы аумағында орналасқан.

Аюсай кенді аумағы 1987 ж. Э.Т. Тұрсынқұловтың жетекшілігімен Қаратау ГБЭ Елубай ІТП-ның ГГК-50 бойынша жұмыс жүргізу кезінде анықталды. Осы кезде Шәймерден кенорны әлі ашылмағандықтан бокситтер мен аллиттер қабатындағы қорғасын мен мырыштың мол мөлшері ешкімді аса қызықтыра қоймады.

«Іздеу-түсіру экспедициясы» АГП көмегімен ГДП-200 жүргізу үрдісінде К-42-IV, X парақтардағы учаскеде Аюсай кенді ауданы авторлармен шәймерден типті қорғасын –мырышты объектілерді іздеуде келешекті деп танылды, себебі оның аумағында болжаулық ресурстары бағаланған өндірістік кондициялары бар бокситтер объектілері анықталып қойған. Триас-юралы бокситті шөгінділерді ашқан әрбір ұңғымадан мөлшері алғашқы пайыздарға дейін көтерілген мырыш пен қорғасын анықталды, сонымен қатар олардық болжамдық ресурстары бағаланды. Юралық көмкеруші шөгінділерде қалыңдығы 20 м болатын қоңыр көмірлердің пласттары анықталды. Бұл көрсеткіштердің барлығы учаскеде шәймерден типті қорғасын мен мырыштың өндірістік-бағалы кенішінің табылуының келешегі зор екенін көрсетті. Оларды анықтау мен маңыздылығын бағалау туралы мәселеге төменде аталған іздеу-бағалау жұмыстары арналған.

Бұрғылау және тау-кен жұмыстарының негізгі көлемі корғасын - мырыш кенденуін бағалау мақсатында палеозойлық іргетас депресиясы шегінде шоғырланған. Нәтижесінде бұл учаскелер Аюсай учаскесіндегі қорғасын мен мырыштың жалпы қорының 80% құрайтыны анықталды. Жаңа депрессияларды анықтау мақсатында геофизикалық зерттеулер (магнитобарлау, ВЭЗ, СГВП) және бұрғылау жұмыстары кең қолданыла отырып учаскенің барлық аумағы зерттелді. Өкінішке орай басқа депрессиялар табылмады. Триас-юралық бокситті шөгінділер қабатындағы қорғасын-мырышды кендену деңгейі өндірістік маңызды мөлшерлерге жетіңкіремейді, пайыздың оннан бір бөлігі аралығында өзгереді, кейде ғана 1,5-2,0 % жетеді. Сонымен бірге бұл деңгейде бокситті қабаттың барлығы минералданған болып келеді (кей жерлерде 60 м жетеді). Қорғасын мен мырыш мөлшері жоғары зоналар мен учаскелер анықталған жоқ. Технологиялық зерттеулер боксит-аллит қабатының таужыныстарынан гравитациялық сипарация және флотация әдістері арқылы мырыш, қорғасын және темірдің біршама бөлігін алу мүмкіндігі бар екенін анықтады.

Геологиялық тапсырысты орындау мақсатында қорғасын мен мырыштың С2 және Р1 категорияларының қорлары мен ресурстары есептелді.

Бұдан қорғасын мен мырыштың барлығы дерлік аллюмоқұрамды таужыныстарға шөғырланғаны анықталды, соңғы С2 категориясының және Р1 категориясы ресурстарының қорлары есептелді, мұнда аллюмоқұрамды таужыныстар қосалқы шикізат ретінде есептелді. Боксит-аллитті шөгінділерді өңдеу барысында алынатын темір қорлары да қосалқы шикізат ретінде есептелді.

Қосымшы ретінде, юралық жасты боролдай свитасының боксит-аллитті қабатын көмкере шөгетін қоңыр көмірдің С2 және Р1 категрияларының қорлары мен ресурстары есептелді. Олар учаскеден СШ қарай 13 км орналасқан Леонтьев ойпатының аумағындағы Тасқұмырсай кенорнында өндірілетін қоңыр көмірмен бірдей болып келеді.

Іздеу-бағалау жұмыстарының барысында петрографиялық, минералогиялық, технологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық зерттеулер жүргізілді. Учаске аумағының жер бедерінің топографиялық түсірілімі жүргізілді.

Берілген жұмыста 2010-2012ж.ж.-да Аюсай учаскесінде жүргізілген жұмыстардың негізгі нәтижелер, сонымен қатар алдағы жүргізілетін жұмыстар бағытына қатысты ұсыныстар берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]