Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЖН шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

15. Өзіндік айналымы бар дағыралы қазанның жұмыс тәртібі

Жалпы алынған жағдайда дағыралы қазанда бу өндіру келесі жұмыс тәртібіне негізделген.

Отын 3 оттық құрылымдары арқылы 1 ошаққа енгізіледі және ошақта жанады. Жануға қажетті ауаны ошаққа үрлегіш вентилятор үрлейді немесе өзіндік тартуы бар қазандарда ошақтың төменгі бөлігінде орналасқан колосникті тордың тесіктері арқылы сорылады.

Отынды жағуды үдету үшін және қазанның жұмыс тиімділігін арттыру үшін ошаққа берілетін ауаны, алдын ала 11 ауа қыздырғышта, жану өнімдерінің ыстықтығын пайдалану негізінде, қыздырады.

Отынның жануынан пайда болған түтін газдары, өз ыстықтығының бір бөлігін ошақта орналасқан 2 және 6 радиациялық қызатын беттерге таратып, әріқарай 7,8,9,10,11 ағындық(конвекциялық) беттерге өтеді, ақырында әбден салқындағанда түтін сорғыш арқылы түтін бағанына және атмосфераға кетеді.

Құбырдан алынған шикі су катиониттік фильтрден(сүзгілерден) өтіп, жұмсарады және әрі қарай деаэраторға беріледі, мұнда коррозияға белсенді (O2 және CO2) газдардан арылып, деаэрирленген су багында жинақталады.

Бактан қоректік суды сорғылармен тартып алып, бу қазанының 9 су үнемдегішіне береді. Су үнемдегіш ағынды шахтадан өтетін, түтін газдарының жылуын қабылдайды. Сол себептен үнемдегіштегі қоректік су қызып, енді қазанның 5 дағырасына құйылады. Дағырадан қоректік су 4 түсіруші құбырлармен 2 радиациялық беттерге барады да, қайтадан дағыраға көтеріледі.

Аса қызған будың температурасын реттеу үшінбеттік бу салқындатқыштарды қолданады, немесе буға су тамшыларын бүркиді, не болмаса жану өнімдерінің біраз бөлігін ағынды бу қыздырғыштан тыс жерден өткізіп, ошаққа қарай кері айналымға түсіреді, сондай-ақ ошақта от алауының аэродинамикасын, химиялық структурасын түзетіп, алаудың сәуле шашырату қабілетін өзгертеді.

16. Қазандық қондырғының жылулық теңестігі

Ошақ құрылымында отынды тиімді пайдалану екі негізгі факторға байланысты: отынның толық жануына және жану өнімдерінің аса қатты суынуына. Отын жанғанда ошақ құрылымында бөлінетін жылу сол отынның төменгі жану жылуы, себебі оның құрамындағы су буы жану өнімдерінде шыққа айналып үлгермей ошақтан бу түрінде шығады. Оны келесі мәлімет анықтайды. Жану өнімдеріндегі су буының парциал қысымы шамамен антрациттер мен тас көмірлер үшін 0,005 МПа, тақтатас пен шым тезек үшін 0,02 МПа, мұндай қысымға 30.....600С –қа тең шықтану температурасы сәйкес келеді. Жану өнімдерін мұндай температураларға дейін суынуын іске асыру техникалық тұрғыдан өте ауыр мәселе және экономикалық тұрғыдан тиімсіз.Қазан қондырғысының жылулық теңестігі қондырғыға кіретін жылудың қондырғыдан берілетін жылу шығындарына теңестігін сипаттайды. Жалпы түрде жылулық теңестік келесі түрде беріледі

(2.2)

Ошақ құрылымында отынның жануы кезінде оның химиялық энергиясы ыстық жану өнімдерінің физикалық жылуына айналады. Әрі қарай осы жылуды қондырғының міндетіне сәйкес әртүрлі бағыттарда қолдануға болады. Егер қондырғы жылу генераторы міндетін атқаратын болса, жылуды технологиялық мақсатта (материалдарды кептіру үшін) қолдануға болады. Бұл жерде жылу ошақ үшін пайдалы қолданылған болып саналады.

Егер ошақ бу қазанына қызмет атқарса, онда ошақтағы пайдалы жылу аса қызған немесе қаныққан бу алу үшін жұмсалады. Жану өнімдері газ жолдарымен қозғалғанда, қызу беттерін шарпып өтеді. Осыдан қызу беттері жылуды қабылдап, олардың ішінде қозғалған су қайнау температурасына дейін жетіп, буланады және аса қызған буға айналады. Бұл жерде де жылу пайдалы қолданылған болып табылады.

Қондырғыда бөлінген жылудың 10-20% -ы сонда да пайдаға аспайды. Кез келген қазандық қондырғының жұмысы әртүрлі жылу шығындарымен байланыста болады. Қазан қондырғысына енгізілген жылудың пайдалы және жылу шығындарына жіктелуі қондырғының жылулық теңестігінен көрінеді.

Кез келген қондырғының жылулық теңестігін 1 кг қатты немесе сұйық не болмаса 1 м3 газдық отын үшін және қалыпты жағдайға (температура 00С-қа, ал қысым 101 кПа-ға тең) сәйкес құрастырады.

Жылулық баланстың кіріс бөлігінде 1 кг қатты немесе сұйық отынды жаққанда бөлінетін бар жылу көрсетіледі

(2.3)

мұнда - қатты немесе сұйық отынның жұмыс массасының төменгі меншікті жану жылуы, кДж/кг; - қондырғыдан тыс жерде қыздырылған ауаның ошаққа

әкеген меншікті жылуы, кДж/кг; - отынның физикалық меншікті жылуы, кДж/кг; - мазутты шашыратуға арналған ыстық бумен келетін

жылу, кДж/кг; - тақтасты жағу кезінде оның құрамындағы карбонаттардың ыдырауына жұмсалатын жылу, кДж/кг.