Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЖН шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

3. Энергетикалық ресурстар

Энергетикалық ресурс - техниканың қазіргі даму деңгейінде қолдануға болатын энергия қоры. Шартты отын - әртүрлі органикалық отын түрлерін қолданатын электр стансалардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн және басқа көрсеткiштерiн салыстыру үшiн қолданылатын түсінік және 1кг шартты отынның жану жылуы 29,3 МДж ға тең деп қабылданған.

Шартты отын шығыны мен табиғи отын шығынын салыстыру кезінде келесі тепе-теңдікті қолданады:

мұнда - табиғи отын шығыны, кг; - шартты отын шығыны, кг; - табиғи отынның төменгі жану жылуы, МДж.

Кәсіпорынның отын (энергетикалық) балансы деп энергетикалық ресурстардың кірісі мен шығысы тепе-теңдігін анықтайтын, оларды әртүрлі қолданушылардың тиімді пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін айтады.

4. Жэс және өндірістік кәсіпорындардың отын балансы, оның құрылымы

Қазіргі кезде барлық өндірілетін электр энергиясы мен жылудың негізгі үлесі ЖЭС- да шығарылады. Осы мақсатпен жылу электр станциялары табиғи отынды (көмір, мазут, газ), әсіресе көмірді өте көп мөлшерде жағады. Мысалы қуаты 4000 МВт ЭГРЭС-1 Екібастұз станциясы тәулігіне 60000 тонна сапасы төмен жергілікті көмірді жағады. Осындай орасан-зор отын мөлшерін уақытында стансаға тасымалдап, оны жағуға дайындап, бу қазандарына үзіліссіз жеткізу қажет. Сондықтан ЖЭС - тың отын балансын, оның құрылымын және даму динамикасын білу өзекті мәселе.Жер бетіндегі табиғи энергетикалық ресурстар осы геологиялық дәуірде қайталанатын және қайталанбайтын болып екі топқа бөлінеді. Қайталанбайтын ресурстар қатарына органикалық отындар – көмір, мұнай, газ, тақтатас, торф, сонымен қатар ыдырайтын химиялық элементтер уран, торий, геотермалдық жылу энергиясы, термоядролық синтезге қажетті сутегі мен басқа элементтердің изотоптары кіреді. Табиғи қайталанатын энергетикалық ресурстарға - өзендер гидроэнергиясы, күн сәулесінің энергиясы, өсімдіктер, теңіз және мұхит толқындары мен жел энергиясы жатады. Осы аталған ресурстар біріншілік ресурстар болып саналады. Екіншілік ресурстар болып әртүрлі технологиялық процестерден бөлінген ыстық газдар(мұнай зауыты, домналық газдар) және тағы да басқа өндірістік қалдықтар энергиясы саналады.

5. Органикалық отын түрлері

Тұтынушыға байланысты отын энергетикалық (қайраттық) және тәсілдемелік (технологиялық) деп бөлінеді. ЖЭС-да пайдаланатын отын энергетикалық отын деп аталынады. Металлургияда, химиялық, құрылыс жадығат (материал) өнеркәсіптерінде және т.б. тұтынатын отын тәсілдемелік отын деп аталынады. Тәсілдемелік отынның сапасы қайраттық отынға қарағанда әдетте жоғары болады. Қайраттық отынның негізгі түрлері: қатты отын: тас және қоңыр көмірлер және олардың өңдеу қалдықтары, сұйық отын: мазут, газ тәрізді отын – табиғи газ.Мазут. Сұйық қайраттық отынның негізгі түрі мұнайды өңдегенде алынатын мұнай мазуты. Мұнай мазуты олардың тұтқырлығына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. ЭС-да негізінде таңбасы (маркасы) 100 мазут жағылады. Ошақтық мазут таңба ішінде олардағы күкірт мөлшеріне байланысты үш сұрыпқа бөлінеді: аз күкіртті ( ‹0,5%), күкіртті ( =0,5-2%) және көп күкіртті ( >2,0%).Ошақ мазутының күлділігі өте аз және әдетте 0,1 – 0,3% -дан аспайды. Мазуттағы су мөлшері 0,5%-дан 5%-ға дейін, кейде одан да жоғары (суланған мазуттар) 10 %-ға дейін болады. Мазутты құю, ағызу, бүркігіштің (форсунка) жұмыс істеу нәтижелігі мазут тұтқырлығына байланысты. Мазутты сақтағанда оның тұтқырлығы өседі. Температура 750 С-тан төмендесе мазут тұтқырлығы кенет өседі. Мазут қоюланады. Табиғи газ. ЭС-да қайраттық отын ретінде табиғи жанар газ пайдаланады. Өнеркәсіптік қазандықтарда өте аз мөлшерде жасанды жанар газдардың әртүрі (термиялық ыдырау газы, өндіргіштік газ, домналық газ, кокс газы) пайдаланады. Табиғи газ біріншіден үй – жай (коммуналдық) қажетіне пайдаланады Құрғақ табиғи газдың жану жылуы =33,52-35,61 МДж/м3 Газ отынның іс жүзінде қажетті бір сипаттамасы оның жарылғыштығы . Табиғи газдың ауадағы көлемдік үлесі 5- 15% болса, ұшқыннан қоспа жарылып кетеді.