Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЖН шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

22. Бу турбиналары

Бу турбинасы будың потенциалдық энергиясы кинетикалыққа түрленіп, әрі қарай кинетикалық энергия білікті айналдыратын механикалық энергияға түрленетін жылу қозғалтқышының бір түрі. ЖЭС жағдайында жұмыс машинасы болып электр генераторы саналады. Қазіргі кезде аса қуатты жылу электр стансаларында бу турбинасынан қоректік су сорғылары, түтін сорғыштар және желдеткіштер қозғау алады.

Кез келген турбина қозғалмайтын және қозғалатын бөліктерінен, атап айтқанда статор мен ротордан құралады. Потенциалдық энергияның кинетикалыққа түрленуі қозғалмайтын саптамалық торда іске асады. Мұнда будың көлемі белгілі бір алғашқы мәнінен бастап ұлғаяды. Ұлғаю процесінде будың жылдамдығы артады, және бу ағыншасы турбинаның роторына бекітілген, жұмыс қалақшаларға бағытталады. Диафрагмаға орнатылған қозғалмайтын саптамалар жиынтығы саптамалар торын құрайды. Роторға бірнеше дисктер кигізіледі. Әрбір дискінің шетінде бірнеше қалақшалар бекітілген. Жеке дискі мен қалақшалар жұмыс дүңгіршегі деп аталады. Екі көршілес қалақшаның арасынан саптамадан бу шығып тұрады. Жеке қозғалмайтын саптамалар торы мен айналып қозғалатын қалақшалар торы(жұмыстық тор) турбина сатысын құрайды. Ең алғаш рет буды өткізетін саптамалар торын қысымды реттеуші саты деп атайды, ал басқа сатыларды аралық сатылар деп қарастырады. Әдетте турбина бірнеше сатыдан тұрады, сатылар турбинаның ағынды бөлігін құрайды.

Әрбір саптамалы тордан өткенде, әсіресе оның арнайы қималары бар каналдарынан өткенде бу ағыны шапшаңдап, белгілі бір бағытқа ие болады. Осы бағыт бу ағынына, көршілес екі қалақшаның арасынан, соқтығыссыз өтуге мүмкіндік береді. Бу ағыны қалақшаларды итеріп, дискіні және онымен байланысқан білікті айналдырады.

23. Бу турбинасының түрлері

Жеке құрылымына, бойында өтетін жылулық процестің сипатына, балғын (таза) будың және жұмыс жасап шыққан будың параметрлеріне және өнеркәсіпте пайдалануына қатысты турбиналар бірнеше түрлерге бөлінеді.

1. Бір сатылы және көп сатылы турбиналар. Бір сатылы турбина кіші-гірім сорғыны немесе желдеткішті қозғалту үшін қолданылады. Көп сатылы турбиналар энергетикада және өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылады.

2. Бу ағынының бағытына қарасты турбиналар өсті және радиалды болып екіге бөлінеді. Өсті турбинада бу ағыны біліктің айналу бағытымен қозғалады.

энергетикада қолданылатын турбиналардың басым бөлігі өстіге жатады. Радиалды турбинада бу ағыны біліктің айналу бағытына перпендикуляр бағытта қозғалады.

3. Корпусының немесе цилиндрлерінің санына қарасты турбиналар бір немесе көп цилиндрлі болып жіктеледі.Бір цилиндрлі турбинаның қуаты шамалы болады. Көп цилиндрлі турбинаның бір білігі немесе бірнеше білігі болуы мүмкін. Соңғы жағдайда әрбір біліктің өз генераторы болады. Екі білікті турбинаның мысалы ретінде 1968 жылы құрастырылып, пайдаланымға берілген К-800-240-1 ЛМЗ агрегатын атауға болады. Оның параллель орналасқан екі білігі және екі электр генераторы бар.

4. Буды үлестіру ережесіне байланысты турбиналалар дросселдік, саптамалық және айналма бу үлестріуі бар түрлерге жіктеледі. Дросселдік бу үйлестіруде турбинаға берілген таза бу, бір немесе бірнеше бір мезгілде ашылған клапандар арқылы дросселденіп, бірінші сатының барлық саптамалар торына беріледі. Турбина жүктемесі осы кезде толық немесе төмендеген болуы мүмкін.

5. Жылулық процестің сипатына сәйкес турбиналар а) конденсациялық; б) қарсы қысымды; в)нашар вакуумдалған және т.б. түрлерге жіктеледі. а) Конденсациялық және жаңғыртушы бу алымдары бар турбинада жұмыс жасаған бу атмосфералық қысымнан төмен қысымда шықтану үшін конденсаторға барады. Мұндай турбиналарда конденсаторда бу шықтанғанда бөлінетін барлық жасырын булану жылуы ысырап болад б) Турбинаның аралық бу алымдарынан алынған будың қысымыт реттелетін болса, мұндай турбина өнеркәсіптік не болмаса жылытуға қажет жылу мұқтаждарын өтей алады. Бұл жағдайда турбинаның ең соңғы сатыларына бу аз мөлшерде барып, оларды тек қана салқындату үшін қызмет атқарады. Мұндай режимді буды соңғы сатыларды желдету үшін үлестіру деп атайды. в) Қарсы қысымды турбинада бу шықтанбайды, конденсаторы жоқ. Яғни турбинада жұмыс жасаған барлық бу өндірістік немесе жылыту мақсатымен қолданушыларға беріледі. Мұндай турбинаның да жаңғыртушы және реттеулі қысымы бар бу алымдары болады.

6. Таза будың параметрлеріне қатысты турбиналар келесі түрлерге жіктеледі:

а) орташа қысымдағы, қысымды 3,5 МПа және температурасы 4350С таза бумен жұмыс жасайды.

б) жоғарылаған қысымдағы, қысымы 9,0 МПа және температурасы 5350С таза бумен жұмыс жасайды.

в) б) жоғары қысымдағы, қысымды 13,0 МПа және температурасы 5400С таза бумен жұмыс жасайды және аралық бу қыздырғышта 5400С дейін қыздырылған бумен де жұмыс жасайды.

г) аса критикалық параметрлердегі, қысымы 24,0 МПа және температурасы 5400С бумен жұмыс жасайтын және аралық бу қыздырғышта 5400С дейін қыздырылған бумен де жұмыс жасайтын турбиналар.