
- •1. Қазақстан энергетикасына жалпы шолу
- •2. Энергетика туралы түсініктер
- •3. Энергетикалық ресурстар
- •4. Жэс және өндірістік кәсіпорындардың отын балансы, оның құрылымы
- •5. Органикалық отын түрлері
- •6. Отынның құрама бөліктері
- •7. Қатты отынның жылутехникалық сипаттамалары
- •8. Көмiрлердi өнеркәсiптiк жiктеу (классификация)
- •9. Сұйық отын және оның негізгі сипаттамалары. Сұйық отынды жіктеу
- •10. Отынның жану жылуы және келтiрiлген сипаттамалары
- •11. Жануға қажетті ауаның көлемі
- •12. Қазандық қондырғылар. Бу өндірудің тәсілдемелік сыбалары
- •13. Қазандарды жіктеу
- •14. Бу қазандарының сипаттамалары
- •15. Өзіндік айналымы бар дағыралы қазанның жұмыс тәртібі
- •16. Қазандық қондырғының жылулық теңестігі
- •17. Қазандық қондырғының пайдалы әсер коэффициенттері (брутто және нетто)
- •18. Қазандық қондырғының пайдалы әсер коэффициентін кері теңестіктен анықтау
- •19. Органикалық отынды жағу тәсілдері
- •20. Қатты отынның қабатта жануы. Жану өнімдерінің отын қабатында таралу заңдылықтары, отынды қабатта тиімді жағуға арналған шаралар
- •2.4 Сурет. Жану қабаттарындағы ауа мөлшерінің және температураның өзгерісі.
- •4.5 Сурет.Қалыптасу аймағында көміртегі көмір қышқылымен әсерлеседі
- •21. Камералық жағу тәсілі
- •22. Бу турбиналары
- •23. Бу турбинасының түрлері
- •24. Бу турбинасының маркалары, белгілері
- •25. Турбинаның пайдалы әсер коэффициенті, бу шығыны
- •27. Турбинаның пәгі
- •26. Бу көлемінің ұлғаюуын h-s диаграммада бейнелеу
- •3.5 Сурет. – пт турбинасында будың ұлғаю процесін н-s диаграммада бейнелеу
- •28. Жылуды қолданушылар және жылулық жүктемелер
- •29. Бөлмелерде комфорттық жағдай туғызу
- •30. Жылуды қолдану. Негізгі есептеуші кейіптемелер
- •32. Жыл бойлық жылулық жүктеме
- •33. Жылдық жылу шығыны
- •34. Жылумен жабдықтау жүйелерінің жылулық жүктемелер графигі
- •4.1 Сурет.- Жылыту жүктемесінің сыртқы орта температурасына тәуелділігі
- •4.2 Сурет. - Желдету жүктемесінің сыртқы орта температурасына тәуелділігі
- •35. Қосынды жылулық жүктемелер ұзақтығының графигі
- •36. Жылумен жабдықтау жүйелерінің топтары Жылумен жабдықтау жүйесі жылу көзінен, жылуды тасымалдаушы – жылу желілерінен және жылуды қолданушылардан құралады.
- •5.1 Б суреті – Органикалық отынмен жұмыс жасаушы, т типті
- •38. Су ысытушы қазандықтың жылулық сызбасы
- •39. Жылу желілерінің сызбасы
- •40. Сулық жылумен қамдау жүйелерін жіктеу
- •41. Сулық жылумен қамдау жүйесінің жабық түрлері
- •42. Жылыту жүйесін қосудың әртүрлі сызбалары
- •43. Жабық жылумен қамдаушы сулық жүйелер.
- •45. Жабық жылумен қамдаушы сулық жүйелер.
- •46. Жылыту және ыстық сумен қамдау жүйелерін қосу сызбалары
- •47. Ашық жылумен жабдықтау жүйелері 48. Ыстық сумен қамдау жүйелерін қосу сызбалары
- •49. Шартты отын
- •50. Отын ылғалдылығы
- •51. Отынның жану жылуы
- •57. Турбинадағы энергия шығыны
- •58. Бу турбиналарының жұмыс істеу қағидасы
1. Қазақстан энергетикасына жалпы шолу
Қазақстан республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары еліміздің жалпы энергетика саласын дамытуды көздейді. Жоспардың құрама бөлігінде, атап айтқанда энергетиканың алты негізгі бағытта дамуы ұсынылған. Бірінші бағытта мұнай өнеркәсібін дамытуды қарқындату, екінші бағытта еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи газды өндіруді жылдамдату.Үшінші бағыт мұнай химиялық өнеркәсіпті дамытуды, яғни елімізде маңызды мұнай химиялық өнімдерді шығаратын жаңа зауыттарды іске қосуды қарастырады. Қазақстан республикасында игеруге мүмкін 4,8 млрд. тонна мұнай қоры бар. Ол шамамен бүкіл әлемдік жалпы мұнай қорының 3 % құрайды, сондықтан біздің еліміз мұнай қоры бар алдыңғы он мемлекеттің қатарына кіреді. Мұнайдан жылу энергетикасында қолданылатын негізгі отынның бірі мазут, дизель отыны және т.б. алынады. Мазутты, оның басты жылутехникалық қасиеттерін білу арқылы тиімді қолдану болашақ жылуэнергетиктің өзекті мәселесі. Стратегиялық жоспардың келесі үш бағыты электр, атом энергетикасын әріқарай дамытуды және барлық өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеудің басымды шараларын енгізуді ұсынады. Электр энергетикасы саласын дамыту бағдарламасы еліміздің электр энергиясы арзан мемлекеттер қатарында қала беруін, өнеркәсіптік өнімдер шығаруда энергия сыйымдылығын азайтуды, энергетика саласына жаңа инвестициялық жобаларды енгізуді көздейді. Қазіргі кезде республикамыздың электр энергиясын өндіру жүйесі орталық азия энергетикалық жүйесімен параллель режімде жұмыс жасауда.
2. Энергетика туралы түсініктер
Энергетика немесе энергетикалық шаруашылық деп энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін өндіруді, өңдеуді, түрлендіруді, сақтауды, тасымалдауды, таратуды және қолдануды іске асыратын өндірісті айтады.Қазіргі заманда энергия екі түрлі күйде: электр энергиясы және жылу ретінде қолданылады. Энергетиканың жылу және электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және қолданатын жеке салаларын, жылу энергетикасы және электр энергетикасы деп атайды.Энергетикада келесі негізгі бес түрлі қондырғылар пайдаланылады:
а) генерирлеуші қондырғылар – табиғи энергетикалық ресурстардың потенциалдық энергиясын электр энергиясына, немесе жылуға, не болмаса энергияның басқа түріне (механикалық) түрлендіреді, кейбір жағдайда басқа энергетикалық ресурсқа айналдырады (мысалы компрессорлық және газды генерирлеуші қондырғылар).ә) түрлендіруші қондырғылар – берілген энергия түрінің параметрлерін немесе басқа ерекшеліктерін өзгертеді (мысалы трансформаторлық подстанциялар, түзетуші және инвертолық электр қондырғылары, жылу трансформаторлары)б) энергияны тасымалдаушы және таратушы қондырғылар (мысалы, электр, жылу, газ желілері, мұнай құбырлары, сығылған ауа желісі).в) жинақтаушы қондырғылар – қолданушыларға ыңғайлы болатын энергияны өндіру тәртібін жартылай реттеу үшін қажет( мысалы электр, жылу аккумуляторлары, су қорын түзуші сорғылар гидростанциясы).г) қолданушы қондырғылар – олар энергияны нақты қолданушыға қажет күйіне түрлендіреді(мысалы машиналардың электр қозғауыштары, шамдар, өнеркәсіптік пештер, жылытушы қондырғылар және т.б.).