
- •9 Сурак .Жоспарлаудын артыкшылыктары
- •11 Сурак Мотивация Жалпы минездеме
- •12 Сурак Кос факторлы Герцберг теориясы
- •1. * Гигиеналық факторлар*
- •13 Сурак Маслоудың иерархиясы
- •14 Сурак Кутилим теориясы (Врум Портер)
- •15 Сурак Материялдык емес мотивация
- •Требования, предъявляемые к управленческим решениям
- •Условия, при которых вырабатываются качественные управленческие решения
- •Эффективность управленческого решения
- •34 Сұрақ. Компоненты имиджа
- •1. Фактура.
- •2. Костюм.
- •3. Роль.
- •4. Антураж.
- •5. История жизни.
1.Сурак Ғылым ретинде менеджмент тарихы .Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны “тейлоризм” деген ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер “нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әлі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын” зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Сонымен , басқару ісінің тарихы даму жолын былайша сипаттауға болады:
1. Басқарудағы тӛңкеріс (революция)
Басқару ісіндегі тӛңкеріс ақпарат алмасу құралы ретіндегі тілдің пайда болуына
байланысты: тіл нені және қалай істеу қажеттігін түсіндіруге мүмкіндік беру арқылы
ортақ іс-әрекеттегі ӛзара ынтымақтастық пен басқарудың тиімділігін бекітті.
2. Бірінші кезең – бастапқы (б.д.д. 9-7 жылдардан бастап орта ғасырларға дейін)
Басқарушылық ой-пікірлердің қалыптасуы (Сократ, Платон, Макиовели, т.б.).
Бірлескен еңбекті реттеу мен ұйымдастырудың қарапайым формалары. Басқаруды
қауым мүшелері бірлесіп жүзеге асырды. Кӛсемдер мен ақсақалдар барлық іс-әрекет
түрлерін басқарудың бастамасы болды.
Бұл кезеңдегі негізгі қағидалар – мемлекеттік басқару формаларын жіктеу; оның
органдарының қызмет бағыттырын ажырату; мемлекеттік шаруашылықты басқару
тәжірибесін жинақтау; басқару ісіне ерекше қызмет саласы ретінде сипаттама беру.
Бастапқы кезеңнің қазіргі менеджментте қолданылып отырған негізгі идеясы - бір
қолдан басқарушылық принципі және ӛкілеттіліктерді орталықтандыру.
3. Екінші кезең – индустриалдық (1776-1885 жж.)
Негізгі қағидалар – еңбек бӛлінісі және соның нәтижесінде ұйым мен қоғамның ие
болатын экономикалық басымдылықтарының сипаттамасы; ӛндірісті басқаруды
гуманизациялау идеясы; қызметкерлердің тұрмысы мен жұмыс жағдайларын
жақсарту және оларды оқыту қажеттігін қолдау; қазіргі сандық есептеу
техникасының бастапқы образы – «аналитикалық машина» жобасының жасалуы.
Индустриалдық кезеңнің қазіргі менеджментте қолданылып отырған негізгі
идеялары: түрлі салалардағы еңбек бӛлінісі, жедел басқарушылық шешім
қабылдауда техниканы пайдалану.
4. Үшінші кезең – менеджменттің жүйеленуі (1885-1950жж.)
Менеджмент мектептерінің құрылуы:
- ғылыми басқару мектебі (басқаруда ғылыми талдауды пайдалану);
- классикалық немесе әкімшілік мектебі (басқарудың функциялары мен
принциптерін сипаттау негізінде оны жүйелеу);
- адамгершілік қарым-қатынастар мектебі (басқаруда тұлғааралық қатынастарды
ескеру);
- бихевиористік немесе мінез-құлық мектебі (ӛзара әрекеттесу, бедел мен билік
сипаты мәселелерін қарастыру.
5. Менеджменттің сапалық дамуы Еңбек ӛнімділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізудің тиімді жолдарын іздестіру
нәтижесіндегі менеджменттің ғылыми пән ретінде пайда болуы. 1885-1920жж.
ғылыми басқару немесе сандық ықпал мектебінің құрылуы және қарқынды дамуы.
Негізгі қағидалар – мәселелерді шешудің ең ұтымды тәсілдерін анықтау үшін
ғылыми талдауды қолдану; міндеттердің нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін
ресурстармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту; қызметкерлерді ынталандыру
қажеттігін қолдау.
Ғылыми басқару мектебінің қазіргі менеджментте қолданылып отырған негізгі
идеялары: менеджментке және оның принциптеріне ғылыми кӛзқарас; орындалған
жұмыс тәсілдерін талдау; қызметкерлерді материалдық ынталандыру; еңбекке
келісімді ақы тӛлеу.
6. Тӛртінші кезең – ақпараттық (1950 ж.бастап қазіргі кезге дейін)
Басқару ісіндегі жаңа бағыттардың пайда болуы: шешім қабылдау теориясы, сандық
бағыт, жүйелік, жағдаяттық, құзыреттілік қатынастар.
2 Сурак. Менеджмент негізінің түсініктері. Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы
3 Сурак. Ғылыми менеджмент мектебі «Классикалық» ( ғылыми менеджерлеу мектебі) кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды.
Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (ХХ ғ.басында). Оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабрикой» (1903 ж.); «Принципы научного управления» (1911 г.); «Покпзания перед специальной комиссией конгресса» (1912 г.) еңбектерінде баяндалған. Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкерңс жасау қажет. Ф.Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
Тәжірибеде қалыптасқан ескі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
Ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті тең бөліп беру.
«Классикалық» мектепті зерттеудің негізін Анри-Файоль (1841-1925 ж.ж.) қалады. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрмақ: өндірістік,коммерциялық,қаржылық,кредиттік, есептік-бухгалтерлік, әкімшілік.
А.Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жараайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік, ( бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпаративтік рух. Ол сонымен қатар маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы. «Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі принциптерін қалыптастырды:
Іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол болсын.
Дайын өнімдерді алып-сату нақты іспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті түрі» ретінде болады.
Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа зиянды әрі ақылға сыймайтын ұғым жоқ шығар, сірә.
Біреудің ісіне қол сұғу-қылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің үстемдігін орнатады.
Көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басыңның қамынан жоғары қой. Пайдасы болмаса ешқандай жаманшылқ жоқ.
4 Сұрақ . 5.Сұрақ.
Әкімшілік басқару мектебі.
Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.)
Ол менеджменттің қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынадай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.
Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз еңбегінде басқарудың 14 принципін жан- жақты дәлелдеп берді. Енді сол басқару принциптерін жеке- жеке қарастырайық:
Еңбек бөлінісі-еңбектің бір іске мамандандырылуы нәтижеге жету үшін қажет. Еңбек бөлінісінің мақсаты — сол бұрынғы жұмсалған шығынмен өнім өндіруді арттыру және өнім сапасын жақсарту.
Билік жүргіу – өз қол астындағы адамдарға жарлық беру құқы. Билік жүргізу сөзсіз жауапкершілікті туғызады. Жауапкершілікті сезіну әсіресе бастықтар үшін аса қажетті принцип.
Тәртіп – кез –келген ұжымды ұстай білу, кәсіпорын мен оның қызметкерлерігің арасында арқашанда келісім жасаушылықта еңбек нәтижесіне елеулі әсер етеді. Тәртіп тыңдауды, жасалған келісімді сыйлау білуді талап етеді.
Дара басшылық принципі – жұмыске өзінің тікелей бастығынан ғана жарлық алып, соны орындауға тиіс. Іс бірлігі – Әр адамның ісі белгілі бір бағытқа жұмылдырылуы қажет. Әр топ, ұйым бір мақсатты орындау жолында бірігіп, бір жоспармен жұмыс атқаруы керек.
Қызметшілерге ақы төлеу – Атқарылған жұмысқа ақы төлеу әділетті болуға тиіс және бар мүмкіндігінше ол қызметкерді кәсіпорынды, жалдап алушыны және жалданушыны да қанағаттандыруға тиіс. Қызметкерлерге ақы төлеу олардың әрқайсысының қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуі шарт.
Бір орталыққа бағындыру – Бұл жалпы табиғи қажеттілік. Әрбір элементтік ұйым бір орталыққа бағынып жарлықпен кәсіпорынның әр құрылымы жұмыс істеуге тиісті. Бір орталыққа бағыну принципі жалпы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Қызмет иерархиясы – Бұл ең төменгі деңгейден бастап, ең жоғарғы деңгейге дейін басқару қызметінің орны. Мұның негізгі принципі төменгі қызметтегі бастықтар өзінен жоғарғы бастықтарға бағынуы керек. Оның жарлығымен жұмыс істейді.
Ретке келтіру (реттеп ұстау) – Әр адам өз орнында болуы керек.Белгілі бір орың әр адамға белгіленеді. Әр адамды реттеп ұстау, бәрінің де өз орнында ретте болуы деген сөз.
Әділеттік – Шынындығын айту, әділетті болуы, зандылыққа сүйену басшыларға тән принциптердің бірі. Бұл рақымшылықтың және адамгершіліктің жиынтығы деп деп айтуға да болады.
Қызметшілердің тұрақты жұмыс істеуі – Бұл ұйым жұмысының тиімділігіне әсер ететін фактор. Сондықтан да бастықтар жұмыс күшінің тұрақсыздығымен күресе білуі керек. Ол үшін әр адамның жұмыс орнына, еңбек етуіне, өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасап, оның қажетін қанағаттандыру басты міндет болып табылады.
Инициативалық — әдетте бұл ұғымды жоспар жасап, оны жүзеге асыра білуді айтамыз.
Бірлесу – қызметкерлердің бірлесіп атқарған ісі әрқашанда жемісті болады. Бір одаққа бірігу – бұл үлкен күш. Сондықтан да бірлесу принципінің маңызы аса зор.
6.Сұрақ. Адами қарым қатынас мектебі Басқару теориясында жаңа бағыттың негізін қалаған американдық ғалым
Элтон Мейо (1880-1949) болды. Ол жұмысшылар тобымен бірлесіп 13 жылдай
тәжірибе жүргізу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың
еңбек ӛнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты
емес, ол, сондай-ақ жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік
климатына, олардың қанағаттану сезіміне де тәуелді болады. Сондықтан еңбек
тиімділігі үшін жағымды психологиялық жағдайлар мен адамдардың жақсы
кӛңіл-күйі аса маңызды. Мектептің кӛрнекті ӛкілдері Дуглас Макгрегор,
Фоллет Мэри Паркер, т.б. адам факторына баса кӛңіл аудару қажеттігін кӛрсете
отырып, басшыларға ӛз қарамағындағы жұмысшыларға барынша қамқорлықжасауды, олармен қарым-қатынас жасауды ұсынды.
7 Сурак .Заманауи менеджмент мектебі Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
Шетелдердегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі – «басқару
ғылымы» деп аталып, басшылық жасау ісіне сандық тәсілдер мен дәл ғылым
аппаратын енгізуге тырысумен сипатталады. «Жаңа» мектептің кӛрнекті
ӛкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, Д.Форрестор сияқты ғалымдар жатады.
Басқару ғылымы ұйым жұмысында неғұрлым жиі кездесетін құбылыстардың
математикалық моделін құруға, жұмыс уақытын реттеуге, ресурстарды
басқаруға қатысты мәселелерді қарастырып, «жүйе технологиясын» құруға
айрықша мән берді.
Сонымен, қазіргі менеджменттің қалыптасуына басқару ісіндегі әртүрлі бағыттар
үлкен үлес қосты.
Нарықтық экономика жағдайында ұйым стратегиясын құру оның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырылып отыр. Осыған орай,
ресурсты сақтаушы технологиялар құрыла бастады, инновациялық менеджменттің
тиімді модельдері жасалды, ынталандыру және лидерлік теориясы құрылып,
олардың қызметкерлерді басқарудағы маңызы анықталды, ұтқыр инновациялық
және стратегиялық менеджменттің қажеттігі дәлелденді.
8.Сурак.Баскару амалдары(Жуйелик .жагдайлык) Менеджментті дамыту – бұл үзіліссіз болатын ұйымның мақсатына, стратегиясына және мәселелеріне бағытталған эволюциялық үрдіс. Басқару үрдісі үнемі жаңарып отырады. Менеджменттің тарихи кезеңделуі расталады және оның дамуының ең алдымен сыртқы жағдайларға тәуелді екендігін көрсетеді. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды көзқарас белгілі.
1-ші басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас. Бұл көзқарас басқару әртүрлі 4 көзқарастан қарастырылуымен сипатталады.
2-ші үрдістік көзқарас
3-ші ситуациялық көзқарас
4-ші жүйелік көзқарас.
- Жүйелі көзқарас басқарылушы және басқарушы жүйелерді өзара байланысты ортақ мақсат біріктірген элементтердің тұтас кешені ретінде қарастырылған, жүйелердің қасиеттерін, оның ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Өндірісті басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру үшін экономикалық, ұйымдық және техникалық сипаттағы өзара байланысты шаралар қажет
-Жағдайлық көзқарас ХХ ғас 60жылдары қалыптасты әртүрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық басқарушылық мәселені шешудің нақты қалыптасқан жағдайымен байланыстыруды талап етеді өзінің зерттеуі негізіне бұл мектеп кәсіпорын ,ұйымның жұмыстарын қарастыруын олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді.Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан ,мүмкін шешімнің біреуі қабылданып ,қалыптасқан мәселенің бірғана шешімі алынады
9 Сурак .Жоспарлаудын артыкшылыктары
10 Сурак .Стратегиялык жане тактикалык жоспарлау Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.
Статегиялық жоспарлау – жетекшімен қабылданатын әреккеттермен шешімдер жиынтығы, бұлар арнайы статегияларды дайындауға көмектеседі, негізінен ұйымның мақсатына жетуге арналады. Статегиялық жоспарлау процесі басқару шешімдерін қабылдау кезінде көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті ұйымда жеткілікті дәрежеде жаңалықтармен, өзгерістермен қамтамассыз ету. Қорта айтсақ статегиялық жоспарлау барлық басқару функцияларының негізгісі болып табылады. Статегиялық жоспарлау шегінде 4 түрлі басқару қазметі ерекшеленеді: 1. Рисурстарды бөлу 2. Сыртқы ортаға бейімделу 3. Ішкі бағыттауларды жүргізу 4. Стратегияның мәнін түсіну және жүзеге асыру. Статегиялық жоспарлау икемді болу керек. Себебі: сытрқы орта өзгеріске ұшырап отырады. Стратегия – бұл грек тілінен аударғанда генерал өнері деген мән береді. Стратегия жан жақты бөлшекті кешендік жоспар. Ол ұйымның негізгі мақсатын жүзеге асыруды және оған жетуді қамтамассыз ету керек. Статегиялық жоспарлау кәсіпорынның алдағы дамуына байланысты болашақты есепке ала отырып дайындалыу керек Миссия – ұйымның құрылуының ерекше себебі миссияны қалыптастыруда келесі жағдайлар есепке алынады. 1. кәсіпорын нақты қандай кәсіпкерлік қызметпен айналысуы керек. 2. кәсіпорынның сыртқы ортасы қандай. 3. Ұйымның міндеті. Миссияның негізінде ұйымның мақсаттары қортылады. Кәсіпорынның ұзақ мерзімі мақсаты және қысқа мерзімі болуы мүмкін. Кейбір кәсіпорындар нақты жоспарлауға көп уақыт жібермей-ақ белгілі жетістіктерге жетеді. Мұнымен қатар стратегиялық жоспарлау жетістікке жетуге кепілдеме бермейді.Стратегиялық жоспарды жасаушы ұйым ұйымдастыру ынталандыру және бақылау кезінде жіберген қателіктерге қарамастан нақты жоспарлау ұйымға маңызды және жақсы жағдайлар жасауы мүмкін.Қазіргі кездегі өзгерістердің жиілігіне байланысты білімдердің жоғарлауына байланысты стратегиялық жоспарлау болашақ мәселермен мүмкіндіктерді нақты бағдарлаудың бірден бір тәсілі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау шешім қабылдаудың негізін береді. Нақты жоспарлау шешім қабылдауда тәуекел деңгейін төмендетеді. Жоспарлау алға қойған мақсаттарға қалыптастыруда ұйым ішіндегі жалпы мақсатты құрауға көмектеседі.
Ұйымның негізгі мақсаты бұл айқын көрсетілген өмір сүуінің себебі және оның миссиясы, мақсат миссияны таңдау кезіндегі жетекші 2 сұраққа жауап беруі керек: “ Біздің клиенттеріміз кім? ” және “Біздің клиенттеріміздің қандай қажеттіліктері бар? ” және “Біздің оны қанағаттандыра аламыз ба? ” Жалпы кәсіпорынның мақсаты ұйымның миссиясы бойынша қалыптасып бекітіледі және жорғарғы басқарушылар осыған бағыт бағдар жасайды. Ұйымның жетістігіне мәнді жағдай жасау үшін мақсаттар келесі реттегі мінездемелерге ие болуы шарт: 1. Нақты және өлшенетінболуы керек. 2. Мақсат тиімді болуы керек, яғни бағдарлаудың нақты шегін көрсетеді. Мақсаттар уақытқа байланысты тағайындалады: ұзақ мерзімдік мақсат жоспарлау шегі 5 жыл. 3.Қысқа мерзімді мақсат бір жыл көлемінде орта мерзімді мақсатжоспарлау шегі 1 жылдан 5 жылға дейін. 4. Мақсатқа жетуге мүмкіндік болу керек. Бұл ұйымның тиімділігін жоғарлатады. 5.Ұйымның көптеген мақсаттары тиімді болуы үшін бір-бірін қолдап отыруы керек, яғни бір мақсатқа жетудегі қажетті әрекеттермен шешімдер келесі мақсатқа жетуде кедергі жасамауы керек. Стратегиялық жоспарлау процесінің мақсат маңызды бөлігі болу үшін жоғарғы басқармаларда дұрыс қалыптастырып, төменгі деңгейдегі жұмысшыларға айқын таныстырып оны жүзеге асыруда ынталандыру. Стратегиялық жоспарлау жүзеге асырылғаннан кейін ғана белгілі мәнге ие болады. Негізгі стратегияны таңдаудан кейін оны жүзеге асыру қажет. Жалпы стратегиялық жоспарлау ұйымның басқада функцияларымен біріктіре отырып іске асырылады. Стратегияны іске асыруда тактика, политика, процедура және правило жасалынады. Процедура – нақты жағдайда қабылданатын әрекеттердің жиынтығы. Ереже – нақты жағдайда да не істеу керектігін көрсетеді. Саясат – шешім қабылдаумен әрекеттердің жалпы бағдарламасы. Тактика – нақты қыска мерзімдік стратегия. Стратегиялық жоспарлаудың жүзеге асыру басқармасының 2 әдісі бар: 1Мақсаттар бойынша басқару 2. Бюджет көмегімен басқару.