Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИС умкдп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.19 Кб
Скачать

2. Кәсіби терминдермен таныстыру.

3. Кәсіби мәтінді меңгерту.

Ресурстар – сақтаулы заттар, белгілі бір нәрселердің шығу көздері деген мағына береді.

Мүмкіндіктердің басым бөлігі материалдық өндіріске бағытталған біздің қоғамда классикалық экономикалық категориялар (санаттарға) болып саналатын ресурстардың бірнеше негізгі түрлері бар, олар:

  • Материалдық ресурстар – қоғамдық өнім өндіру процесінде пайдалануға арналған еңбек заттары, мысалы, шикізат, материалдар, отын, энергия, полуфабрикаттар (жартылай шикізаттар), құралдар, т.б.;

  • Табиғи ресурстар – адамдардың материалдық және рухани талаптарын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, процестер, табиғи жағдайлар;

  • Еңбек ресурстары – қоғамда жұмыс істеу үшін жалпы және кәсіби білімі бар адамдар;

  • Қаржылық ресурстар – мемлекеттік немесе коммерциялық құрылымдардың қолындағы ақшалық қаржылар;

  • Энергетикалық ресурстар – энергия көздері, мысалы, көмір, мұнай, мұнай өнімдері, газ, гидроэнергия, электр энергиясы, т.б.

Ақпараттық қоғамда дәстүрлі ресурс түрлерінен гөрі ақпараттық ресурстарға көбірек назар аударылады. Олар бұрыннан боғанменен, кезінде, экономикалық немесе басқа категориялар ретінде қарастырылмаған; ешкім олар туралы арнайы пікір айтпаған, әрине олар жайлы анықтамалар, түсініктер де болмаған еді.

Қазіргі ақпараттық қоғамға өту кезеңіндегі ең өзекті түсініктердің бірі «ақпараттық ресурстар» ұғымы болып тұр. Бұған соңғы кезде көптеген соны пікірлер, анықтамалар, түсініктер беріліп келеді.

Ақпараттық ресурстар – жеке құжаттар және жеке құжаттар жиындары, ақпараттық жүйелердегі (кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банктерінде) құжаттар мен құжаттар жиымдары.

Ақпараттық ресурстар – қоғамдағы әлеуметтік мақсатта пайдалануға арналған және белгілі бір материалдық жинақтауышта тіркелген адамдардың дайындаған білімдері. Қоғамның ақпараттық ресурстары білім ретінде оларды жасаған, жинақтаған, талдаған адамдардан бөлек сақтала береді. Адамзат білімі құжаттар, мәліметтер базасы, білім базасы, алгоритмдер, компьютерлік программалар және де өнер, әдебиет шығармалары, ғылыми еңбектер түрінде сақтала береді. Мемлекеттің, аймақтың, ұйымның ақпараттық ресурстары шикізат, энергия қорлары, пайдалы қазба байлықтар сияқты стратегиялық ресурстар ретінде қарастырылады.

Ақпараттық ресурстар ақпараттық өнім жасаудың негізгі базасы болып табылады. Кез келген ақпараттық өнім оны жасаушының ақпараттық моделін бейнелейді де, оның қарастырып отырған нақты пәндік аймағы жайлы жеке көзқарасын көрсетеді.

Ақпараттық өнім адамның интеллектуалдық еңбегінің нәтижесі бола отырып, белгілі бір материалдық мәлімет жинақтайтын кітап, программа, мақала, құжат, т.с.с. түрінде тіркеліп қалуы тиіс.

Ақпараттық өнім - заттық немесе заттық емес формада таратуға арнай отырып, ақпаратты жасаушы адам қалыптастырған мәліметтер жиыны.

Ақпараттық өнім кез келген материалдық тауар (өнім) сияқты қызмет көрсету жолымен таратыла алады. Көрсетілетін қызмет түрлері ақпараттық ресурстарды пайдалану аймағындағы оның көлемімен, сапасымен, колданылу бағытымен және солардың негізінде жасалатын ақпараттық өнімдер арқылы анықталады.

Ақпараттық қызмет тек компьютерлік немесе компьютерлік емес нұсқадағы мәліметтер базасы болған кезде ғана туындайды.

Мәліметтер базасы ақпараттық қызмет көрсетудің негізгі көзі және шикізаты болып табылады. Мәәліметтер базасы дәл осылай аталмағанмен, компьютерлік кезеңге дейін де кітапханалар, мұрағаттар, анықтамалық бюролар түрінде болған еді. Оларда оқиғалар, құбылыстар, объектілер, процестер, жарияланымдар жайлы барлық мәліметтер сақталатын болатын.

Мәліметтер базасы – ұйымдастыру ережелері мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеу қағидаларына негізделіп, бір-бірімен байланысқан мәліметтер жиыны.

Компьютерлер пайда болған соң, мәліметтер базасының көлемі тез ұлғайды және соған сәйкес ақпараттық қызмет көрету аймағы да кеңейді.

Қызмет көрсету – мекеменің немесе жеке адамның басқа бір адамның не мекеменің әт түрлі өнімдерді пайдалану талаптарын қанағаттандыруға бағытталған өндірістік емес іс-әрекеттерінің нәтижесі.

Ақпараттық қызмет көрсету – ақпараттық өнімдердің қолданушы қолына пайдалануға берілуі. Ақпараттық қызмет көбінесе компьютер арқылы берілетін қызмет түрі болып саналады, бірақ одан оның ауқымы кең.

Қызмет көрсету кезінде оны беруші мен алушы арасында келісім-шарт жасалып, онда қызмет көлемі, бағасы қолданылатын өнім көрсетіледі. Ақпараттық қызмет көрсету компьютер немесе басқа бір мүмкіндік арқылы мәліметтер базасы түрінде беріледі.

Енді ақпараттық технология ұғымымен сабақтас программалау технологиясы мәселелеріне кеңірек тоқталайық.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі [1, 5]

Қосымша [1, 2, 5]

10-тақырып. ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ .Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Синтаксис.