
- •3 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Грамматика туралы айтып өту (еске түсіру, сұрақтар қою).
- •Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Сурет. Программалық жабдықтама құрылымы
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Өнімдер алуға арналған технологиялар құрамы
- •Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі сипаттамалары
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Ақпараттық техника
- •2 Сурет. Ақпараттық техника құрамы
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
Өнімдер алуға арналған технологиялар құрамы
Материалдық өнім
Шикізаттар мен материалдар даярлау
Материалдық өнім өндірісі
Шығарылған өнімді тұтынушыларға сату |
Ақпараттық өнім
Мәліметтер немесе алғашқы ақпарат жинау
Мәліметтерді өңдеу және нәтижелік ақпарат алу
Нәтижелік ақпаратты шешім қабылдау үшін қолданушыға беру |
Ақпараттық технология - қоғамдағы ақпараттық ресурстарды пайдалану процесінің маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі кезге дейін ол ғылыми-техникалық прогрестің дамуына және ақпарат өңдейтін жаңа техникалық құралдардың шығуына байланысты бірнеше эволюциялық кезеңдерден өтті.
Қазіргі ақпарат өңдеу технологиясының негізгі техникалық құралы компьютер болып саналады, ол технологиялық процестің құрылу концепциясына және нәтижелік ақпарат саласында да бірсыпыра әсерін тигізді.
Дербес компьютердің ақпараттық ортаға енуі және байланыстың телекоммуникациялық құралдарын пайдалану ақпараттық технологияның жаңа кезеңі келгенін анықтады. Осыған орай технология атауына синоним сөздер болып табылатын «жаңа», «компьютерлік» немесе «заманауи» тәрізді тіркестер қосылып қолданыла бастады. «Жаңа» сөзі бұл технологияның эволюциялық сипатын емес новаторлық мүмкіндігін айқындайды. Оның новаторлық мүмкіндігі мекемелердің әр түрлі жұмыстарының мазмұндарының да жаңаруына сәйкес пайда болды.
Жаңа ақпараттық технология ұғымына ақпаратты тасымалдайтын телефон, телеграф, телекоммуникация, факс тәрізді құрылғылардан тұратын коммуникациялық технологиялар да кіреді.
Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі сипаттамалары
Методологиясы (әдіснамасы) |
Негізгі белгісі |
Нәтижесі |
Жаңадан шыққан ақпарат өңдеу құралдары |
Басқару технологиясына «кірістіру» |
Коммуникациялардың жаңа технологиясы |
Біртұтас технологиялық жүйелер |
Мамандар мен менеджерлер қызметін интеграциялау |
Ақпарат өңдеудің жаңа технологиясы |
Ақпаратты мақсатқа сәйкес түрде жасау, тасымалдау, сақтау және бейнелеу |
Әлеуметтік орта заңдылықтарын есепке алу |
Басқару шешімдерін қабылдаудың жаңа технологиясы |
Жаңа ақпараттық технология - дербес компьютерлер мен телекоммуникациялық құралдарды пайдаланатын, қолданушылармен «жылы жүзді» интерфейс арқылы жұмыс істейтін ақпараттық технология түрі.
Жаңа ақпараттық технологияның үш негізгі қағидасы (принципі) бар, олар:
Компьютермен интерактивті режимде жұмыс істеу;
Басқа программалық өнімдерін бірігуі (байланысы, қатынас жасауы);
Мәліметтерді де, мәселені қоюды да өзгерту процесінің икемділігі.
Ақпараттық технологиялар оның негізгі ортасы болып табылатын ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар – компьютерде сақталатын мәліметтермен шектелген ережелерге сәйкес орындалатын кез келген операциялардан, әрекеттерден, кезеңдерден тұратын процесс.
Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – алғашкы мәліметтерден белгіленген әрекеттерді орындау нәтижесінде қолданушыға керекті ақпарат алу.
Ақпараттық жүйенің құраушы элементтері компьютерлер, компьютерлік желілер, программалық өнімдер, мәліметтер базасы, адамдар, байланысудың техникалық және программалық жабдықтары болып келетін орта болып табылады. Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – ақпаратты сақтау мен өңдеуді ұйымдастыру. Ақпараттық жүйе мәлімет өңдеудің адамдық – компьютерлік жүйесі болып табылады. Ақпараттық жүйеге бағытталған ақпараттық технологияны білмей, жүйе функцияларын жүзеге асыру мүмкін емес. Ақпараттық технология ақпараттық жүйе аймағынан тыс жұмыс істей береді.
Екі ақпараттық технологияны – басқару және компьютерлік технологияларды сәйкестендіре білу – ақпараттық жүйенің табысты жұмыс істеуінің кепілі бола алады.
Осы айтылғандарды есепке ала отырып ақпараттық технология және ақпараттық жүйе ұғымдарының бұрынғы анықтамаларын толықтыра түсуге болады.
Ақпараттық технология – компьютерде мәлімет өңдеу кезінде персоналдың мақсатқа жету жолында атқаратын нақты анықталған әрекеттер тізбегі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі [1, 5]
Қосымша [1, 2, 5]
7-тақырып. Аралық тест.
8-тақырып. Ақпараттық жүйе. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Синтаксис.