
- •3 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Грамматика туралы айтып өту (еске түсіру, сұрақтар қою).
- •Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Сурет. Программалық жабдықтама құрылымы
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Өнімдер алуға арналған технологиялар құрамы
- •Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі сипаттамалары
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •Ақпараттық техника
- •2 Сурет. Ақпараттық техника құрамы
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
- •2. Кәсіби терминдермен таныстыру.
- •3. Кәсіби мәтінді меңгерту.
3 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1-тақырып. Дербес компьютерлердің программалық жабдықтамалары. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматика туралы айтып өту (еске түсіру, сұрақтар қою).
2. Тән дыбыстарға тоқталу.
3. Кәсіби терминдермен таныстыру.
4. Кәсіби мәтінді меңгерту.
XX ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты жіктерге (класстарға), тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен оның ақпарат өңдеуге қатысты бөлігін информатика деп атады. Бұл сөз франсуз тілінде «Informatigue» деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі «Computer science» деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады. Сонымен, ақпаратты қабылдау, сақтау, түрлену және тасымалдау жолдарын зерттейтін информатиканың негізгі ақпаратты - электрондық есептеуіш машинасы, яғни компьютер болып саналады. Сол себепті компьютерді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатика 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады.
Информатика
Алгоритмдік бөлік |
Программалық бөлік |
Техникалық бөлік |
1- сурет. Информатиканың құрамы
Егерде информатиканың мағынасын толық ашатын болсақ, оны
Ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау, іздеу және тасымалдау,
Ақпаратты өңдеу және түрлендіру тәсілдерін жасау ( ойлап табу),
Ақпаратты өңдейтін электрондық есептеуіш техникасын дамыту жолдары деп түсіну керек.
Қазіргі кезде кез келген ғылым саласында өте көп ақпарат жинақталған. Мысалы, физика, химия, математика, т.б. салаларда өте көп формулалар, ұғымдар, схемалар бар. Оларды оқып-үйрену үшін информатиканы кеңінен қолдануға болады. Осы тұрғыдан алғанда информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - компьютерлердегі ақпаратты сақтау, өңдеу жолдарымен танысу және үйрену; қалаған мамандықты игеру жолында кездесетін есептерді шығару үшін компьютерді кеңірек қолдана білу. Сондықтан есептер шығару кезінде информатиканың алгоритмдік және программалық бөліктерінің атқаратын маңызы зор. Бірақ бұл екеуінің жұмыс нәтижесін компьютерсіз алу мүмкін емес.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерден сөздік құрастырыңыз.
2. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі [2, 5]
Қосымша [1, 2, 5]
2-тақырып. Программалар мен олардың түрлері. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматика туралы айтып өту (еске түсіру, сұрақтар қою).
2. Тән дыбыстарға тоқталу.
3. Кәсіби терминдермен таныстыру.
4. Кәсіби мәтінді меңгерту.
Компьютердегі информация екі үлкен топтан тұрады:
Программалар - алгоритмдердің компьютерге түсінікті командалар немесе операторлар тізбегі түрінде жазылған нұсқасы.
Мәліметтер( данные, операнды) - программалар өңдейтін немесе солардың жұмысы нәтижесінде пайда болатын информациялар жиыны, құжаттар.
Кез келген програманың міндеті, атқаратын жұмысы - апараттық құралдарды басқару.
Компьютерде программаның дұрыс жұмыс істеуі үшін ол қатесіз, дұрыс құрастырылып, өзінің жек түсініктеме құжаты (документация) болуы тиіс. Сондықтан оны программалық жабдықтама деген терминмен атайды.
Компьютердің программалық жабдықтамасы құрамы программалық конфигурация деп аталады.
Программалық жабдықтама қызметі:
Компьютер жұмысын қамтамасыз ету;
Тұтынушы мен компьютер байланысын жеңілдету;
Есептеу жүйесінің мүмкіндігін кеңейту;
Құрылғыларды пайдалану тиімділігін арттыру;
Адамның жұмыс сапасы мен өнімділігін көтеру.
Программа жасауға қатысатындар:
Тұтынушы, пайдаланушы (user ) - есепті, мәселені қоюшы.Ол программа жазбайды, бірақ қай есепті шығарып, қандай нәтиже алу керектігін біледі.
Программалаушы - программа жасаушы, яғни оны жазатын адам. Ол тұтынушының талабына сәйкес компьютерге нұсқаулар дайындап, соларды машина командалары ретінде жазып шығады.
Компьютер - командаларды атқарушы орындаушы құрал. Ол командаларға сәйкес тұтынушы мәліметтерін жылдам өңдейді. Мәліметтер мен программаларды өзіне түсінікті екілік (он алтылық) жүйеге алмастырып, программаны орындап, нәтижесін алып, оны да екілік жүйеден тұтынушыға түсінікті тілге түрлендіріп береді. Дербес компьютер деп бір адамның жеке пайдаланатын есептеу машиансын айтады. Программалар жазу үшін үш тіл қажет:
Машиналық кодтар тілі - компьютерге түсінікті тіл(екілік және 16-лық кодтар түрінде жазылады). Ассемблер тілі осыған жақын.
Программалау тілі - программалаушыға түсінікті тіл (мәтін, сөз, команда түрінде жазылады). Бейсик, Паскаль, С/С++, Ява( Java) тілдері.
Бейнелер (образдар) тілі -тұтынушыға түсінікті тіл (мәтін және графика), яғни қарапайым кітап тілі деуге негіз бар. Біз екінші топты қарастырамыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі [2, 5]
Қосымша [1, 2, 5]
3-тақырып. Программалық жабдықтама деңгейлері. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары