
- •Мемлекет түсінігі, негізгі белгілері және негізгі сипаттамалары
- •Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары
- •Басқару ісінің мәні және құрылымы
- •Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
- •Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі
- •6. Мемлекеттік басқарудың объективті және субъективті басқару қажеттілігі
Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі
Қоғамды мемлекттік басқарудың объективті қажеттілігі жалпы тарихи және әлеуметтік-саяси, сонымен қатар нақты қоғамның тек өзіне тән факторлардан туындайды. Аталған факторлардың бірінші тобы мемлекет болмысымен байланысты.
Қазіргі ғылыми деректерге сәйкес алғашқы мемлекет адамдар қауымдастығының өмір сүру шартына айналған еңбек қызметінің жаңа нысандарын, өндіруші экономиканың қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету үшін пайда болады, деп жазады профессор А.Венгеров. Осыдан келіп, ең алдымен, қоғамға ақпараттық қызмет көрсетуді көздеген басқарушылық (жұмытар туралы әр түрлі мәліметтер жинақтау және т.б.) функция туындайды.
Топтар мен жіктерге әлеуметтік бөліну және оларға тән қарама-қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым-қатынастар мемлекеттің саяси функциясына – қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызды. Мемлекеттік аппаратта ерекше дәрежелі топтар шоғырланғандықтан әлеуметтік реттеу функциясы негізінен осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцияны орындау сәтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.
Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік- мүддесін білдіретін орталықтандырылған билік арқылы жүзеге асты. Халық сайлайтын немесе билікті мұрагерлікпен алатын бделді тұлғалар тобы тікелей билікке ие болды.
Бүгінгі таңда аталған факторлардың ешқайсысы да ұтымды басқарудың заңды негізі (детерминанта) ретінде өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көптеген басқа да оьъективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез-келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін және формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағаттандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттат жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мәселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік-техникалық және экономикалық базисі әлеуметтік құрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, әлеуметтік институттардың, адамдар қажеттіліктерінің мазмұны мен құрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тұрғыдан өзгеруіне себеп ьолды, Жаңа қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар туғызады. ХХ ғасырдың екінші жартысы мемлекеттердің адам құқығы мен бостандықьарын қорғау мәселелерін шешуге басты назар аударып, әлемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңі болып табылады.
Әрбір ел үшін аталған мәселелердің белгілі тарихи кезеңмен байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Егер басқарушы күштер өз қызметтерінде жалпы даму заңдылықтарын білуді басшылыққа алуға қабілеттілік танытпаса, сондай-ақ өздері басқарып отырған халықтың жағдайын, даму деңгейін, дәстүрін, оның үміттерін ескермесе онда қоғамды басқару өзінің алдында қойған міндеттерін толық атқара алмайды.