
- •Мемлекет түсінігі, негізгі белгілері және негізгі сипаттамалары
- •Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары
- •Басқару ісінің мәні және құрылымы
- •Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
- •Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі
- •6. Мемлекеттік басқарудың объективті және субъективті басқару қажеттілігі
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғалымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғалымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия – табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, объективті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әр түрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтармен өзара байланыста және қарым – қатынаста қарастырады.
Саясаттану – мемлекеттік ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғынан қарастырады.
Экономикалық теория – мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқарудың мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын , нысндары мен әдістерін, сондай – ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саяси, мемлекеттік басқару, билік сияқты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізгі саналатын коцепция саясаттың, құқықтың басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметті қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс - әрекетін құқықтық реттеумен байланысты.Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағнада ол білімнің саяси – заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас қоғамға жалпы ықұпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны - қоғамды басқару институты ретінде мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зааңдылықтары мен қағидаларын оқып – үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси – құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси – құқықтық әлеуметтік қарым - қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесіндей ұғымдарды жатқызамыз:
- мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар);
- мемлекеттік билік (саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б): басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті- құқықтық реттеу);
- басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);
- атқарылған қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар:мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қорғаушы қорғаушы күштеін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі ;
- билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси құқықтық , экономикалық және басқа кеңестіктер.
Мемлекеттік басқару теориясында филосософиялық-әлеуметтік және басқа жалпытеориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастыр), саяси және рухани дамуын басқару.
Басқарудың қоғамдық құбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, кәсіпорын, ұйымдарды, фирмаларды басқару және т.б.
Мемлекеттік басқарудың өзіне ғана тән ерекшеліктері оны басқа басқа басқару түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік басқаруда, осы аталған басқару түрін жүзеге асыратын оның субъектісі – мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырынан көрініс табуына қарамастан барлық зеттеуші-ғалымдар бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М.Вебер: «Мемлекет дегеніміз адамдардың легитимді күш қолдану арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі» - деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік құрылым туралы пікір қалыптасты.
Сонымен қорыта айтқанда мемлекеттік басқаруды былай деп анықтауға болады: мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттің адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерден тәртіпке келтіру, сақтау немесе қайта құру мақсатында өзінің билік күшіне сүйене отырып практикалық, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері. Әрине, күрделі қоғамдық құбылыстың кез келген анықтамасы шартты сипатқа ие және жіктелуі болады, берілген сипаттамаларға кейбір элементтердің енбей қалуы мүмкін. Мемлекеттік басқарудың ұсынылып отырған анықтамасының ерекшілігі оның жүйелі ұйымдасқан субъект ретінде басқарушы әсерді қабылдайтын адамдардың қоғамдық өмірін, мемо\лекет пен қоғамды байланыстыратын басқа әсерін біріктіруінде.