Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.21 Кб
Скачать
  1. Басқару ісінің мәні және құрылымы

Саяси институттар мен әкімшілік басқару органдарының қызыметі тиісті мемлекеттік саяси және әкімшілік шешімдерді қабылдау мен іске асыруда көрініс табады. Шешімдерді талдау-мемлекеттік басқару теориясының ажырамас аспектісі болып табылады. Шешімдердің тұрпаты,оларды әзірлеу тәсілдері боиынша,әр түрлі субъектілердің қатысу деңгейлеріне қарай қоғамдық-саяси жүйенің нақты сипаттары туралы айтуға болады. Басқарушылық шешімдер барлық деңгейлерде қабылданады. Сәйкесінше тиісті мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шешім қабылдау субъектілері болып табылады. Шешімдерде қарастырылатын мәселелер басқарылатын объектілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес анықталады. Осы шешімдердің тұрпаты мен деңгейлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қабылдау және іске асыру процестерін сипаттайтын оларға кейбір ортақ белгілер тән. Сондықтан теориялық талдау басқару субъектілерінің қызмет ету жағдайларының жалпы белгілерімен қатар ерекшеліктеріне де қарастырады.

Сонымен мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды, тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі – басқару ісі арқылы жүзеге асырады.

Басқару ісі – қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.

Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған интелектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің ағымын және жағдайын, адамдардың сана – сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әлеуметтік нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді анықтайды, оны жетілдіру мен жаңа деңгейге көшірудің оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән – мағнасы басқарылатын процестің жаңа сапасын ашу, ал бұл шығармашылық күш – қуат қажет еттеді.

Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қорғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.

Басқару ісі сондай – ақ субъектінің ерік – қалауын білдірітін күрделі әлеуметтік - психологиялық құбылыс болып табылады. Онымен айналысатын әрбір адам талдау, бағалау, таңдау, бақылау амалдарын ойлау қабілеті, ерік қалауы арқылы атқарады. Бұл мемлекеттік билік органдарының ұжымдарында ерекше әлеуметтік – психологиялық жағдайды, мінез – құлық пен қызметтің белгілі бір түрін қалыптастырады. Ерікті үнемі шыңдау, жауапкершілік жүгі, тәртіптілік, мемлекеттік қызметті атқаруға бағыныштылық - мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметпен айналысатын адамдарға тән қасиеттер.

Егер бұл қасиеттер болмаса онда мұндай орган жүзеге асыратын басқарушылық ықпалдар адамдар арасында беделге ие болмайды.

Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандайда бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперация талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылық қызмет өзінің әлеуметін жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.

Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі – сан қырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы бірге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттыр бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылық ұжым бола тұра, өзінің кәсіби деңгейінің төменендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан – жақты ойластырып, тепе – тең түрде әрекеттке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.

Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне, адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда заңдық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқаруға ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекеттік органдарда тіркеліп, олардың құқықтың мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процесінің элеметтерімен ұқсастығы туындайды.

Барлық басқару деңгейлеріндегі басқарушылық шешімдердің ішінде біз мемлекеттік шешімдерді қарастырамыз. Мемлекеттік шешім - бұл қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдар әрекеттінің нақты жобаларын таңдау мен негіздеу.

Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен – бірін ажырата білген жөн. Саяси және әкімшілік шешімдерді бінен – бірі ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықтың шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастық ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Саяси шешімдер аймақтық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қоғамдастықтың шеңберінде қабылданса да сол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.

Әкімшілік шешімдер адамдар өндірістік – шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жәке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шгығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.

Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерде қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немесе жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табалады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік – басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.

Мемлекеттік шешім қабылдайтын субъект - мемлекеттік биліктің басқарушы органымен алқалы немесе жеке лидермен ; шешімді атқарушысубъект – мемлекеттік қызмет аппаратымен ; шешім бағытталған объектімен ( төмен деңгейдегі басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.

Мемлекеттік шешімдердің басқа да сипаттамалары бар : шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы мемлекеттік билік субъектісінің деңгейін, оның заңға сәйкестілігі мен негізділігін білдіреді;

  • шешім диапазионы, өзі әрекет ететін саяси кеңестікті және аталған шешім қамтитын міндеттер көлемін сипаттайды;

- әдетте саяси шешімдер көп мақсатты болып келеді.

  • шешімдердің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, яғни оны қабылдаудың ғылыми және ақпараттық негізі – шешім қабылдаудың технологиясы мен стилі - шешімді әзірлеу мен қабылдау әдіс – тәсілдерінің, шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтау мен қабылдау әдістерінің жиынтығы; жобалардың баламалы нұсқаларын талдау тәртібі мен сипаты, олардың ішіндегі басым бағыттарын айқындау және олардың іске асыру үшін қажетті құралдарды таңдау амалдары, тәсілдері;

  • шешім қабылдау түрлері - демократиялық немесе авторитарлық;

  • шешімдердің тәжірибелік маңыздылығы.

Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілер деңгеиіне қарай : жалпы ұлттық, аймақтық жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттары мен міндеттері сипатына қарай – саяси әкімшілілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немесе мемлекеттік өмірдің жекелеген облытарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша бойынша - шаруашылық – экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік , құрылыс және т.б. бойынша бойынша шешімдер ; басқару объектісін қамту маштабына қарай – жалпы жүйелік, жалпы саяси, макроэкономикалық, мироэкономикалық шешімдер; басқару функциялары бойынша - жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.

Саяси шешімдердің мысалы келтіру ретінде мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік – саяси және әскери - стратегиялық тұжырымдамаларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялық сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік - басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын, министірліктер мен ведомстволардың бұйрығы мен өкімдері жатады.

Басқару мәдениеті - мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін аса қажет. Мемлекет қызметінің нәтижесі басқару процесінде жинақталған білім, тәжірибе, экономиканы басқарудың қандай әдістері қалай қолданылатындығына тікелей байланысты. Басқару мәдениет алдыңғы аға буын өкілдері қалыптастырған материалдық және рухани мәдениет, ұлттық дәстүр негізінде дамиды. Адамзат қоғамның дамуы барысында ол да жинақталып, дами береді. Мысалы ғылыми басқарудың жолдарын, әдістерін, тәсілдері мен амалдарын ғылыми бағалау жүргізіледі, әлемдік практикада қолдану үшін олардың ішінен ең таңдаулысы алынады.

Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің құшрамдас бөлігі болып табылғанымен де, басқа мәдениет түрлерімен нысандарынан ажырататын оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Басқару аппаратының әрбір қызметкерінің оны білу тек қажеттілік емес, сонымен қатар тікелей міндеті болып табылады, өйткені кез келген құрлымның, ұйымның тиімді жұмыс жасауы оның қызметкерлерінің мәдениеті жоғары болуымен байланысты. Басқару мәдениеті – басқару процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы, басқарушылық еңбекті ұйымдастырудағы жетістіктердің, сондай – ақ қоғамдық мораль, этика, эстетика, құқық нормалары мен қағидаларына сай келетін басқару жүйесі мен қызметкерлерге қойылатын талаптардың жиынтығы. Ол жалпы түрде экономиканы басқару жүйесіне қойылатын талаптардың сақталу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Экономиканы басқару жүйесін жалпы жүйелік көрсеткіштермен бағалауға болады, олардың ең негізгілері болып табылатындар:

- мақсаткерлік (жүйенің мақсатқа қол жеткізу қабілеттілігі);

- тұтастығы (жүйенің басқа бөлігінде жоқ қасиеттердің жүйеде болу мен қолданылуы);

- байланыстылығы (тиімді технологиялық, ақпараттық, өндірістік және басқа байланыстардың болуы);

- ашық сипатта болуы (жүйенің басқалармен өзара іс-әрекеті және сыртқы ақпаратты қабылдауы);

- серпінділік (жүйенің қандай да бір факторлардың әсерінен өзгеру жылдамдығы);

- дамуға ұмтылыс (жүйе құрамының қандай да бір факторлардың әсері негізінде күрделене тенденциясы).

Бірақ тәжірибе жүзінде басқару жүйесі мәдениетін аталған жалпы жүйелік көрсеткіштермен бағалау қиындықтар тудырыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]