Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жану.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.21 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары

Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс табады. Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің бастауымен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша монархиялық, аристократиялық болып бөлінеді. Монорхиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жлымен алатын бір адамның –монархтық қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде монархиялардың екі түрі қалыптасқан: дуалистік және парламенттік. Олар белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олпрдың пайда болуы мен қызмет ету жағдайларына тәуелді. Дуалистік монархияға тән ерекшелік - бұл монарх пен парламенттің арасында мемлекеттік биліктің ресми-құқықтық бөлінуі. Атқарушы билікті тікелей монархтың өзі жүзеге асырса, заң шығарушы билік іс жүзінде монархқа бағынатын парламенттің қолында шоғырланады. Сәйкесінше аристократиялық мемлекетте жоғары жоғары билік қоғамның элитасына, оның білімді, тәжирбелі және парастты өкілдеріне тиесілі деп саналады. Демакратиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы - халық төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша тікелей өз еркін білдіту арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық және демократиялық белгілерді үйлестірген конститутциялық (заңмен шектелген) монархияларға айналған.

Элитаның ұйымдастырушылық бірігуінің (консолидациясының) күрделілігіне байланысты таза аристократиялық мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады. Көбіне элита монархияның болмаса демократияның атын жамылып басқарды және басқарады. «Біз, халық, бекітеміз және қабылдаймыз» деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттің қадір-қасиеті мен болашағын мойындау өткен ХХ ғасырда жүзеге асты.

Әрбір жоғары билік тұрпаиына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастру мен жүзеге асыру логикасы анықталатынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылу және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуы болмаса оның ұжымдық органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары бар. Осыған сәйкес бірінші жағдайда монархиялық басқару нысаны қалыптасса, екіншісіне республикалық басқару нысаны тән.

Әрбір нысаны, яғни жалпы мемлекеттік билікті ұйымдастыру бойынша парламенттік және президенттік республикалар болып бөлінеді. Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және парламенттік монархия. Ол билікті бөлу қағидасын мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия, Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да осындай.

Парламенттік монархия мемлекеттік билікті жүзеге асырудың саласында монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелумен ерекшеленеді. Заң шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал атқарушы билік өз қызметі үшін парламенттің алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады. Ұлыбритания, Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қаратына саналады.

Мемлекеттік құрылым нысандары бойынша мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінеді. Унитарлық мемлекет – біртұтас мемлекеттік құрылым. Мемлекет бұл жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын әкімшілік аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларға автономдық құрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетте бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, біріңғай сот жүйесі мен конститутцияның болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және т.б. мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады.

Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды. Федерация мемлекет – басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік құрылмыдардан – федерация мүшелерінің (штатдардан, кантондардан, одақтас немесе автономдық республикалардан) тұрады. Мемлекеттік құрылымдардың әрқайсысының әкімшілік-аумақтық бөлімдері болады. Барлық федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың аумағында өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жоғарғы және жергілікті органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда айтылған анықтамаларға сәйкес Қазақстан – біртұтас, ал Ресей федеративті мемлекет болып табылады.