Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.21 Кб
Скачать

Жоспар:

Кiрiспе.

  1. Мемлекет түсінігі, негізгі белгілері және негізгі сипаттамалары.

  2. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары.

  3. Басқару ісінің мәні және құрылымы.

  4. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары.

  5. Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі.

  6. Мемлекеттік басқарудың объективті және субъективті басқару қажеттілігі.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кiрicпе.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).

Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.

Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені , мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық , ұйымдастырушылық қызметі . Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.

Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.

Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

  1. Мемлекет түсінігі, негізгі белгілері және негізгі сипаттамалары

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.

Жапы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның бір қандайда ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субьектілері,ұлттар,белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.

Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібімен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір «әлеуметтік жалпыға бірдейлілік»,әлеуметтік қоғам болып саналады және оған түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән. Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс-әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және биліктіде өз қолына шоғырландыратын бірде бір мемлекет жоқ». Қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар. Олардың қызметінің нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап,басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды. Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет»деген ұғымды білдірді.

Сонымен қатар мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм»ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол «әлеуметтік биологияның нысаны»ретінде қарастырылады. Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австриялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады.

Нормативтік мағынада мемлекет түсінігі Г.Кельзин және оның нормативист-жақтаушыларының анықтауы бойынша «нормалар жүйесін», «нормативтік тәртіпті», «мемлекет-билік» немесе «саяси ұйымдастырылған қоғамды» білдіреді. «Мемлекетке саяси сипат тән. Оның саяси ұйым болып табылатыны,алдымен күшті қолдану ретін белгілейтіндігіне, өйткені ол күшті қолдануда монополист болып табылады» - дейді автор.

Сонымен, бір жағынан, мемлекеттің құбылыс пен түсінік ретіндегі күрделілігі мен көп қырлылығы,екінші жағынан әр түрлі авторлардың оны қабылдау субъективизмі оны түсіну мен түсіндіру варианттарының көп болуына объективті жағдай туғызады. Осыдан қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде мемлекеттің көптеген анықтамалары мен түсініктерінің пайда болуы мен олардың көптеп қолданылуы түсінікті. Бұл туралы Л.Гумплович:

«Қанша мемлекет танушылар мен философтар бар болса,сонша мемлекеттің анықтамасы болады»-деп жазды. Сол себепті мемлекетке тарихи дамуының әр кезеңінде ғалымдардың берген анықтамаларының бір текті болмағаны айқын. Мысалы ұлы ойшыл Аристотельдің пікірінше «мемлекет дегеніміз ешкімге тәуелді емес азаматтардың қарым-қатынасының жоғары нысаны».

16 ғасырдағы ірі француз ойшылы Жан Боден мемлекетті «қайырымдылық пен әділеттіліктің мәңгі бастамаларын басшылыққа алатын жоғары билік және отбасын құқықтық қорғау» деп қарастырады. Либерализмнің саяси-идеялық доктринасын құрушы, ағылшын философ-матералисі Джон Локк (1632-1704) «мемлекет басым күштің, яғни мемлекет құрамына кіретін көптеген азаматтардың ортақ еркі» дейді. Ол мемлекетті өздері бекіткен жалпы заңдардың негізінде біріккен адамдардың жиынтығы ретінде қарастырған.

Неміс әдебиетінде мемлекет «белгілі бір аумақта және жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың ұйымы» ретінде көрсетідсе (Р.Моль), ал өзге әдебиеттерде «құқықтық жағдайды жан-жақты қолдану үшін құрылған жоғары биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы» ретінде қарастырылады (Н.Аретин). Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші ұйым, - деп айтылған (Л.Гумплович).

Сонымен мемлекет, әсіресе 1917 жылғы төңкеістен кейінгі кезеңде, Ресейде «қандай да бір тапты басу үшін арналған күш көрсету ұйымы» ретінде түсіндіріледі. Академилық басылымдарда және оқу әдебиеттерінде ол көбінесе қатаң таптық мағынада «өз диктатурасын жүзеге асыратын экономикалық үстем таптың, билік аппаратының саяси ұйымы немесе негізгі өндіріс құралдарының меншік иелерінің ортақ мүдделерін қамтамасыз ететін және қорғайтын, тарихи түрде келетін, қоғамнан бөлініп шығып, оның экономикалық құрылымынан туындайтын саяси биліктің таптық ұйымы» ретінде сипатталады.

Қорыта айтқанда, мемлекет кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын таптық тар ауқымдағы міндеттерді ғана емес, сонымен қатар ортақ істерді атқару үшін қажетті саяси билік ұғымы. Бұл анықтама жоғарыдағы аталған анықтамаларға қарағанда мемлекет түсінігін ғана емес, сонымен бірге билік басындағы таптардың немесе топтардың мүдделерін қамтамасыз ететін институт ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуын нақтырақ айқындйды.

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.

Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік бақару ғылымымен зерделентін копқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспективтісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.

Мемлекет қызметінің маңызды бағыты – адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырылады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олармен сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру-тайпалық қарым-қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қаумдастығын құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]