Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инга Тест 300-А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529.41 Кб
Скачать

136. Сөйлемді толықтырыңыз.

Соңғы автобусқа жүгіріп ... үлгердім.

A) әрең

B) тез

C) шапшаң

D) бірталай

Е) емін-еркін

137. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын қатарды көрсетіңіз.

A) Сәуле бірнеше тілде емін-еркін сөйлей алады.

B) Алмат кеше тіл курсына барды.

C) Айдананың қытай тілін үйренгеніне екі ай болды.

D) Гүлсімнің болашақта аудармашы болғысы келеді.

Е) Мен төрт тілді білемін.

138. Дұрыс жауабын табыңыз.

Ол көршісін ... көрмегенсіп, қасынан амандаспай өте шықты.

A) әдейі

B) әрең

C) әзер

D) үнемі

Е) кейде

139. Қимылдың мақсатын білдіретін сөздерді табыңыз.

A) әдейі, жорта, қасақана

B) сонша, мұнша, соғұрлым

C) босқа, бекерге, лажсыздан

D) әрең, ақырын, қаннен-қаперсіз

Е) сондықтан, сол себепті, сол үшін

140. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.

Қызының сөзін жорта естімегендей отыра берді.

A) қасақана

B) бүгін

C) мұншама

D) құр босқа

Е) қатты

141. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

... жасалған қылмыстың жазасы ауыр.

A) Қасақана

B) Бекерге

C) Әбден

D) Шарасыздан

Е) Мұншама

142. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Оны осы жиынға ... шақырған сияқты.

A) әдейі

B) әбден

C) ілгері

D) жақсы

Е) соғұрлым

143.Сөйлемді толықтырыңыз.

Қаражатыңды ... жұмсай берме!

A) тектен-текке

B) рет-ретімен

C) тең-теңімен

D) топ-тобымен

Е) кезегімен

144. «Шарасыздан» сөзін ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.

Денсаулығым нашарлап, шарасыздан жазғы демалысымызды саяжайда өткізетін болдық.

A) амалсыздан

B) жоққа

C) тікелей

D) лезде

Е) соғұрлым

145. Себеп мәнді қатарды көрсетіңіз.

A) Болатхан амалсыздан ауыр жұмысқа орналасты.

B) Жұмысқа тұрмақ болып ол қалаға әдейі келді.

C) Жаңа зауытта қаншама бос жұмыс орны бар екен.

D) Мамандығына сай жұмыс таппай қиналып зорға жүр.

Е) Жазда зауытқа жұмысқа орналасамын.

146. Дұрыс жауабын табыңыз.

Шынтас шаруасы бітпегендіктен,... аудан орталығына тағы келді.

A) амалсыздан

B) шарасыз

C) босқа

D) кезек-кезек

Е) нашар

147. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Ауырып отырсам да,... апамның туған күніне бардым.

A) амалсыздан

B) құр босқа

C) бірқыдыру

D) керемет

Е) нашар

148. Тиісті нұсқаны таңцаңыз.

Айсұлу, сіз ... келдіңіз, бұл мекеме сенбіде жұмыс істемейді.

A) бекерге

B) біршама

C) бір жолата

D) шарасыздан

Е) кезек-кезек

149. Тиісті сөзді қойыңыз.

Жас келін артынан келген жасауын ... жинап, отауын жайнатып қойыпты.

A) рет-ретімен

B) аз-аздап

C) топ-тобымен

D) шет-шетінен

Е) қатты

150. Дұрыс жауабын табыңыз.

Келген қонақтарды қайын сіңлісімен ... жүріп күтті.

A) екеулеп

B) шеттеп

C) бір-бірлеп

D) көп-көптен

Е) топырлап

151. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Бұл отырған жұрт ... бекерге жиналған жоқ.

A) топ-тобымен

B) тең-теңімен

C) бас-басына

D) қос-қосымен

Е) екеулеп

152. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Бастықтың қабылдауына ... кіріп шықты.

A) екі-екіден

B) аз-аз

C) үйді-үйлеп

D) тең-теңімен

Е) қатты

153. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойыңыз.

... сіз сөйлейтін болсаңыз, ... мен слайдтарды көрсетіп тұрамын.

A) Егер де, онда

B) Әйтпесе, сонда

C) Әйтсе де, демек

D) Сол себепті, яғни

Е) Мүмкін, демек

154. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді белгілеңіз.

Бас қақпашы сен бол,... ұтылып қалуымыз мүмкін.

A) әйтпесе

B) бірде

C) демек

D) егер

Е) алайда

155. Шарттық мәнін білдіретін сөйлемді белгілеңіз.

A) Өткен жылы қыста қар қалың болып, кей жерлерде жол жабылып қалды.

B) Егер қыста қар қалың болса, жазда жер ылғалды болады.

C) Ауыл адамдары қыстың қамын жазда ойлап, шаруаға ерте қамданады.

D) Қыстыгүні қалың қардан балалар аққала жасап ойнады.

Е) Биыл қыста қар қалың болды.

156. Шарттық мәнді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бақытты болғың келсе, өзгелерді бақытты ете біл.

B) Менің бақытты өмір сүргім келеді.

C) Оның өзі сүйген жанға бақыт сыйлағысы келеді.

D) Жас жұбайлар тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатыр.

Е) Бақытты болыңдар, жас жұбайлар.