Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инга Тест 300-А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529.41 Кб
Скачать

49. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жер – ... адамзаттың ортақ мекені, аялайық біз оны!

А) күллі

В) тегіс

С) ыңғай

D) баршасы

Е) олар

50. Жалпылама мәнді сөзі бар сөйлемді керсетіңіз

А) Шабдалы, алма мен алмұрт – баршасы жеміс ағаштары.

В) Бағбан жеміс ағаштарын күтіп баптайды.

С) Бақта алма, өрік, шие өсіп тұр.

D) Бағбан баққа екі түп алша және төрт тұп шие ағашын отырғызды.

Е) Бақтағы алма ағашын отырғызыпты.

51. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Арал экологиясы - ..... әлемнің мәселесі.

А) барша

В) бәрі

С) ылғи

D) үлкен

Е) жуық

52. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – ... адал адамзаттың отан сүйгіштігінің белгісі.

А) барша

В) күлліге

С) бірімізге

D) баршамызға

Е) оған

53. Жалпылама мәнді сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Туған жердің тауы да, тасы да - бәрі де ыстық маған.

В) Туған ауылыма қайтып келе жатырмын.

С) Туған елімді қатты сағындым.

D) Туған-туыстарымды бір көруді аңсап жүрмін.

Е) Туған жердің иісіне не жетсің.

54. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Оған .... мәрте айтқан соң жауап берді.

А) бірнеше

В) бірдеме

С) біраздан

D) әрқалай

Е) әртүрлі

55. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқасы қойыңыз.

Адамның ... кездері жабырқап отыратын сәттері де болады.

А) кейбір

В) ештеңе

С) дәнеме

D) ешқандай

Е) түк

56. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Біреулер дүкенге барса, біреулер базарға барады.

В) Сен киім алу үшін дүкенге бармайсың ба?

С) Маған күздік киімдер сатып алу керек.

D) Дүкендерде арзан бағамен күздік киімдер сатылып жатыр.

Е) Дүкен жабық екен.

57. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

...дің қатесі – ...ге сабақ.

А) Біреу

В) Ешкім

С) Ешбір

D) Ештеңе

Е) Әлдекім

58. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сөзін әлденеше қайталап, нықтап отыратын.

В) Мына шаруаны, қарағым, сен бітіре салшы.

С) Сен өзің шаруаға ұқыпты бала екенсің.

D) Әр адам өз ісіне жауаптылықпен қарауы керек.

Е) Шаруамыз бітер емес.

59. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл түйінді басқа біреу шеше алмайды.

В) Осы істі мен аяқтай салармын.

С) Ол осы мәселеден қашқақтап жүр.

D) Оны өзім әкелейін.

Е) Ісіміз сәтті аяқталды.

60. Қимыл иесі белгісіз нұсқаны көрсетіңіз.

А) Кейбіреулер ісіне енжар қарайды.

В) Туған еліме, туған халқыма адал қызмет еткім келеді.

С) Адал азаматтар еліне қызмет етуге әрқашанда дайын.

D) Елімізде халқына адал еңбек етіп жүрген нағыз азаматтар көп.

Е) Мен өз ісіме жауаптылықпен қараймын.

61. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бұл жөнінде ... мәселе қозғалған жоқ.

А) ешқандай

В) әрқалай

С) дәнеме

D) ештеңе

Е) түк

62. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... де менің анамдай тамақ дайындай алмайды.

А) Ешкім

В) Ешбір

С) Ештеңе

D) Ешқайда

Е) Ешқалай

63. Болымсыздық мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Одан басқа ешкім де ауыз су мәселесіне мән бермепті.

В) Сайлауға дайындық белсенді жүргізілді.

С) Үміткерлер халыққа өз бағдарламаларын ұсынды.

D) Сайлаудың қарсаңында қарбалас басталды.

Е) Сайлауға қатыса алмаймын.

64. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Адам үшін өмірден бағалы ... жоқ.

А) ештеңе

В) ешкім

С) ешбір

D) ешқайсы

Е) ешқай

65. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Кішкентай баласымен ... бара алмай қалды.

А) ешқайда

В) ештеңе

С) ешкім

D) ешнәрсе

Е) ешқай

66. Болымсыздық мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Ауылдағы ешбір жан сайлауға салғырттықпен қарамады.

В) Сайлауда дауыс берушілер белсенділік танытты.

С) Сайлауда халық өз таңдауын жасады.

D) Бір үміткер ғана айқын басымдылыққа ие болып, депутат атанды.

Е) Сайлауға дайындық белсенді жүргізілді