Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инга Тест 300-А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529.41 Кб
Скачать

1. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.

Мына жеңіл көлік көршім...., ал менің автокөлігім жоқ.

А) -дікі

В) -нікі

С) -тікі

D) -нің

Е) -дің

2. Диалогті толықтырыңыз.

– Ұсынылып отырған идея кімдікі?

– ... .

А) Бас мамандікі

В) Мамандар көп

С) Басшының қалауы

D) Олардың айтуынша

Е) Жас маманға

3. Меншіктілікті білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.

А) Бұл байқау талапкерлердікі.

В) Талапкерлер ерте келді.

С) Талапкерлер көп дайындалуда.

D) Университет жас талапкерлермен толыға түсті.

Е) Талапкерлер құжат тапсырды.

4. Диалогті аяқтаңыз.

– Балалар, ауылға не мақсатпен келдіңдер?

– Ауылдың тіршілік-тынысымен ... келдік.

А) танысуға

В) танысу

С) таныссақ

D) таныспақшы

Е) танысушы

5. Сөйлемдегі барыс септігіндегі сөздің мәнін көрсетіңіз.

Әкем дауыс беруге кетті.

А) мақсат

В) құрал

С) мекен

D) мезгіл

Е) амал

6. Студенттердің мақсатын білдіретін сөйлемді табыңыз.

А) Студенттеріміз білімдерін сынауға келіпті.

В) Студенттер конференцияға кетіп қалды.

С) Студенттер қоғамдық шараларға қатысуда.

D) Студенттердің өмірі қызықты етуде.

Е) Студенттер конференцияға қатысты.

7. Мақсат мәнді қатарды көрсетіңіз.

А) кітап өткізуге кетті

В) мұражайға кетті

С) бір сағатқа кетті

D) кітапханаға кетті

Е) кітапхана жабық

8. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Адам сөйлеп жатқанда сөзін ... болмайды.

А) бөлуге

В) алуға

С) беруге

D) көруге

Е) қосуға

9. Диалогті аяқтаңыз.

– Ағай, балаңызды қалаға не үшін жібердіңіз?

– Балам биыл мектепті бітірді. Енді қалаға ... түссін деп жібердім.

А) оқуға

В) оқуды

С) оқуын

D) оқу

Е) оқуда

10. Мақсат мәнді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл жерге адамдар көбіне емделуге келеді.

В) Шипалы сулардың құрамына талдау жасалынды.

С) Мұндай емдік сулардың тазалығын сақтауымыз қажет.

D) Бұлақтың емдік қасиеті туралы халық бұрыннан біледі.

Е) Рахман қайнарлары Шығыс Қазақстан жеріндегі емдік шипажай.

11. Қажетті сөзді қойыңыз.

Сіз бос ... дұрыс пайдаланасыз ба?

А) уақытты

Б) уақытта

С) уақыт

D) уақытында

Е) уақытымен

12. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Әсел бауырдан жасалған ... жемейді.

А) тағамды

Б) тағамнан

С) тағамның

D) тағаммен

Е) тағамсыз

13. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Олар орталық мұражайдағы «Алтын адам» ... тамашалады.

А) мүсінін

В) газетті

С) радионы

D) журналды

Е) киімі

14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бұл ... теледидардан көрсетті.

А) жарнаманы

В) жарнамада

С) жарнамаға

D) жарнамадан

Е) жарнамамен

15. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен көркем әдебиетті ұнатамын, әсіресе «Абай» ... сүйіп оқимын.

А) романын

В) романды

С) роман

D) романның

Е) романына

16. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мен І. Есенберлиннің ... ұнатамын, әсіресе тарихи романдарын сүйіп оқимын.

А) туындыларын

В) туындылары

С) туындылар

D) туындыларды

Е) туындыларының

17. Мақалды толықтырыңыз.

Бауыр шырын, бас тәтті,

Көп... ішкен ас тәтті.

А) -пен

Б) -бен

С) -мен

Д) -бенен

Е) -менен

18. Бірлескен әрекетті білдіретін сөйлемді толықтырыңыз.

Ғалымдар ... бұл құпияның сырын ашты.

А) археологтармен бірге

В) зерттеу туралы

С) тапқаннан бұрын

D) қазбалар үшін

Е) туындылар

19. Бірлескен әрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Біз әкімшілікпен сөйлестік.

В) Ол Астанаға ұшақпен барады.

С) Оқу инемен құдық қазғандай.

D) Саяхатты кемемен жасау керек.

Е) Қалаға мәшинемен келдік.

20. Бірлескен әрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол Р. Рымбаевамен бірге өнер көрсетті.

В) Өнерлі өрге жүзер.

С) Өнерлі жастар жиналды.

D) Ол – өнерлі жігіт.

Е) Сегіз қырлы, бір сырлы.

21. Бірлесіп атқаратын іс-әрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұстаздар әдіскерлермен бірге жаңа әдістемені меңгере бастады.

Б) Біздің мектеп инновациялық әдістерді кеңінен пайдалануда.

С) Мен жаңа инновациялық әдістемемен таныстым.

D) Оқу бағдарламасына инновациялық технологиялық әдістер енгізді.

Е) Сабақта жаңа технологиялар қолданылды.

22. Бірлесіп жүзеге асырған іс-әрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Ұстаздар оқушылармен бірге семинар ұйымдастырды.

Б) Ұстаздар республикалық семинарға барды.

С) Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты.

D) Ұстаздар әдістемелік семинар өткізді.

Е) Ұстаздар қауымын құттықтады.

23. Көп нүктенің орнына қажетті күрделі атауды қойыңыз.

Ол – Алматы қаласы Түрксіб ауданы ... төрағасы.

А) «Қазақ тілі» қоғамының

В) «Қазақ тілі» қоғамын

С) «Қазақ тілі» қоғамымен

D) «Қазақ тілі» қоғамы

Е) «Қазақ тілі» қоғамынан

24. Дұрыс жазылмаған атауды белгілеңіз.

А) «Егемен Қазақстан» газет

В) Болжау институты

С) Халықаралық келісім басқармасы

D) «Ғажайып әлем» телебағдарламасы

Е) «Жұлдыздар» журналы

25. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

... деректері бойынша, 280 орындық балалар бақшасын салу керек.

А) Білім және ғылым министрлігінің

В) Қазақ ұлттық университетіне

С) «Қазақстан Темір жолы» Акционерлік қоғамы

D) Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында

Е) Жеке кәсіпорындағы