Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры экономика1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

4. Басқарудың маңызы және мағынасы 5. Басқарудың қағидалары мен міндет-і

Байланыс желілерінің тұрақты, сапалы жұмыс істеуі, оларды басқару жұмысының тиімді ұйымдасуына байланысты. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс көлеміндегі жұмыстары, негізгі байлныс саласына тән принциптер арқылы ұйымдастырылады. Олар:

  • Нарық экономикасына сәйкес , байланыс қызметтерін ұсынғанда тұтынушылардың құқығы мен қызығу жағдайларын сақтай білу керек;

  • Телекоммуникация желілері арқылы хабарларды кідіртпей жіберу, почта жолдамаларын дер кезінде қабылдап жіберіп, апарып беру;

  • Жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін пайдалануға бергенде, тепеөтең қарау;

  • Байланыс істерінің көлемінде адал ниетпен бәсекелесу;

  • Желілік технологияның ерекшеліктерін еске ала отырып, Қазақстан бойынша бірыңғай стандартты негізге ала отырып, байланысқа деген сенімділікпен басқарушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • Байланыс көлемінде халықаралық қатынастарды кеңейтуге, әлем байланыс жүйесімен қарым-қатынастарды тығыз байланыстыру жұмыстарына әсер ету принциптері.

Байланыс комплексін басқарудағы негізгі бас міндеттердің бірі, нормативті – право негізін дайындау болып есептелінеді. Бұл жинақталған документтер арқылы нарықтық байланыс қызметтерінің қалыптасуымен дамуын реттейді.

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы Заңы», «Почта туралы Заңы» байланыс қызметтерінің қолдану тәртіптерімен реттеу тәсілдерін белгілейді. Нарық экономикасына байланысты қабылданған басқа да заңдар мен нормативті- право документтері арықылы байланыс саласының жұмыстары реттелінеді.

Басқару процесі – бұл циклді қайталанып келетін процесс, тізілп қайталанып басқару жұмысының элементтерін көруге болады, бұл басқару міндеттеріне ортақ болады.

Функциялары (іс-қызметтері)

Мағынасы

Талдау (анализ)

Басқарылатын объектінің жағдайы, күшті және осал жақтары фирманың есеп-статистика негізіне байланысты т.б.

Жоспарлау

Табысқа жету мүмкіншілігін белгілеу. Жаңа мақсаттар, оны орындау жолдары, көрсеткіштер.

Жандандыру, өзара бірігіп жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Жаңа структуралар жасау, белгіленген жоспарларды орындау жолдарын іздестіру;

Жандандыру (мотивизация), адамдарға жұмыс істеу. Оладың қажеттілігін біліп, орындап жұмысты жандандыру т.б.

Реттеу

Өзара бірігіп, келісіп жұмыс істеуді белгілеп, басқарылатын жүйенің құрамдарын, оның дамуына қолдану керек.

Есепке алу (учёт)

Ұйымның қаражат, шаруашылық нәтижелерін қорытындылап, байқауға алу. Бухгалтерлік, басқарушылық статистикалық т.б. есепке алу түрлері бар.

Бақылау (контроль)

Шаруашылық жүйесінде белгіленген көрсеткіштерден ауып кетуін табу. Нәтижелердің қойылған мақсатқа сәйкес келуі. Ауып кетуді табу, қалпына келтіру. Қалпына келтірілмесе, басқару жойылу мүмкін.

Жоғарыдағы басқарудың істер-қызметтер (функциялар) жалпы бір қасиеті – олардың барлығы шешім қабылданып орындалады.

Басқару шешімін қабылдау деген, әртүрлі шешу жолдарының ішінен – керектісін алу болады.

Жоғарыда көрсетілген жай түрлі (простой) функциялары бар басқару циклін, жай басқару циклі деп атайды.

Циклдер – өздерінің ұзақтығымен, мақсаттарымен және алдағы міндеттерді шешу жолдары, құралдарына қарай айырмашылықтары болады.

Шешім қабылдау процесінің жалпы мінездемесі.

Басқару жұмысының қорытындысы шешім қабылдау болады.

Шешу мәселесіне тиімді түрден қараса, қателі шешімдер аз болады, бұған бірнеше фазалар кіреді. Олар:

1 фаза – Басшы проблемаларды тауып, оларға талдау жасап, оның негізгі себептерін табу болады.

2 фаза – Жиналған деректерден, проблемаға байланысты хабарларды алып, оларды бағалап, альтернативті ұсыныстарды дайындау.

3 фаза – Проблеманы шешетін альтернативті шешімді дайындау.

4 фаза – Шешім қабылдау тәсілін алу, басқаша айтқанда альтернативті тиімді бағалау тәсілін ұсыну.

5 фаза – Шешімді қабылдау. Осы жағдайға сәйкес керекті вариант қабылданады. Шешімнің санасы әртүрлі факторларға байланысты болады.

Іс жүзінде, бәрі де дұрыстыққа әкелетін шешім болмайды, теріс жағдайлар да болуы мүмкін.

Шешімге жүйелі түрде қарау – табысты болудың жалпы шартының бірі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]