
- •1 Байланыс саласының әлеуметтік−экономикалық ерекшеліктері
- •2 Байланыс қызметінің сапасы
- •4. Басқарудың маңызы және мағынасы 5. Басқарудың қағидалары мен міндет-і
- •6 Жоспарлаудың мағынасы мен рөлі
- •7. Байланыс қызметінің классификациялау және экономикалық мағынасы.
- •8. Байланыстағы табыстың мағынасы және оны анықтау әдістері.
- •9. Рентабельділік және пайда, оларды жоғарлату әдістері.
- •10. Байланыс кадрлары, құрамы, құрылымы. Жұмысшылар санын жоспарлау.
- •Ұйымды басқару туралы білім саласының иерархиясы.
- •Телекоммуникациядағы менеджменттің міндеттері
1 Байланыс саласының әлеуметтік−экономикалық ерекшеліктері
Республика байланысы біркелкі шаруашылық емес. Ол әртүрлі байланыс саласының тармақтарынан тұрады. Почта байланысы, электробайланысы, телевизия және радиохабарларын тарату т.б. түрлері, олар бір-бірінен жіберетін хабарлардың айырмашылығына байланысты болды. Байланыс туралы Қазақстан Заңы бойынша, байланыс желілері бірнеше түрге бөлінеді;
электр байланысы (телекоммуникация) – белілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаларды, бейнелерді, дыбыстарды сым- өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;
почта байланысы- почталық және арнаулы жөнелтімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
телевизия және радио хабарларын тарату желілері бірыңғай телекоммуникация желісінің құрымдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттің аумағына телевизия және радио бағдармаларын тарат әрі трансляциялау үшін пайдаланатын жердегі және жерсеріктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік- технологиялық кешенін құрайды. Жердегі жүйелерге мемлекеттік және комерциялық бағдармаларды трансляциялауға арналған радиорелейлі және кәбілді байланыс желілері, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кіреді;
Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсеріктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесілі орбиталық байланыс серіктері мен жердегі таратушы және қабылдаушы станциялар кіреді;
Қазақстан Республикасының өзара байланысты бірыңғай телекоммуникацияның желісі Қазақстан аумағында орналасқан төменгі желілерінен тұрады:
ортақ пайдалынатын телекоммуникация желілерінен;
телекоммуникация ведомстволық желілерінен;
телекоммуникацияның бөлектелген желілерінен;
корпорациялық және ақпаратты электрмагниттік сигналдар арқылы беретін басқа да желілерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.
Ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілері Қазақстан аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желілерінің құрамының бірі болып табылады. Ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілері шет мемлекеттердің ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілерімен бірге жұмыс істеседі. Телекоммуникациялық ведомствалық желілері мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз жұмыстаррына сәйкес асыруын қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік және басқарушылық мақсаттарын қамтамасыз етуін іске асыруға арналған. Ведомстволық желілер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылады.
2 Байланыс қызметінің сапасы
Байланыс жұмысы сапасының комплексті және жүйелі түрде жақсарту проблемалары сапа деңгейіне әсет ететін факторларды табуды қажет етеді.
Факторларды екі топқа қосуға болады:
Техника – технология факторлары;
Ұйымдастыру – экономикаға байланысты факторлар.
Байланыс жұмыс сапасына әсер етуші факторлар
Кәсіпорын желісін кеңейту;
Құралдарды жаңарту, іске қосу;
Ғылыми жаңалықтарды енгізу;
Байланыс құрану схемаларын ықшамдау;
Құралдардың сапасы;
Басқару жүйесін қорғау;
Пропорционалды дамуы;
Ұйымдастыру экономикалық факторлар:
Операторлардың нормативті заң базасын құру;
Лицензия, сертификация жұмыстарын ұйымдастыру;
Тай – таластың нарықта бірнеше операторлардың барлығын білдіреді, қызмет көрсету тәсілдері мен алдағы түрлерін енгізу;
Біркелкісіз жұмыс ауырлығы, жұмыс ауырлығын теңеу үшін ыңғайлы тариф жүйесін қолдану;
Экологиялық қызықтырылу, жұмыс ақысын қызықтыру үшін ұйымдастыру;
Жоғарағы сапаға жоғарғы тариф болу керек;
Сапа жұмысын бақылау, пайдаланушылардың правосын қорғау;
Сапа көрсеткіштері техника мен өндіріс технологиясының жанаруына байланысты жаңарып, өзгеріп отыруы керек.
3. Байланыс саласының ұйымдағы алатын орны. Телекоммуникацияның бөліктелген желілері, телекоммуникацияның желілерінің дербес ұйымдасқан түрі болып табылады. Бұл ортақ пайдаланатын телекоммуникация желісіне қосылмайды.
Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері қорғаныс, қауіпсіздік, ішкі істер тәртібін қорғауды қамтамасыз ететін және үкіметтік байланысты қамтамасыз етуге арналған, ол орталық пайдаланатын телекоммуникация желісіне қосылады.
Фельдъегерлік және арнаулы байланыс.
Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады.
Арнаулы байланыс қызметі Қазақстанның Ұлттық почта оператырының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, заңдарға сәйкес арнаулы байланыс қызметін көрсетеді.
Нарық экономикасына байланысты байланыс структураларына да тиісті өзгерістер де кірді. Бұрынғы байланыс салаларының негізінде: «Қазпочта», «Қазақтелеком», «Қазтелерадио» т.б. акционерлік қоғамдары құрылды.