Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Өнеркәсіп статистикасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Глоссарий

Абсолютті өсім – қатар деңгейлерінің айырмасы. Абсолютті өсімді базалық және тізбекті әдіспен есептейді.

Абсолютті шамалар деп қоғамдық құбылыстардың көлемін, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Ағымдағы бақылау деп үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілетін бақылауды айтады

Аналитикалық топтаузерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Арифметикалық немесе есептік тексерусандық көрсеткіштердің жиынын тексергенде қолданылады.

Арнайы ұйымдастырылған бақылау деп әр түрлі құбылыстарды зерттегенде олардың күй-жайы, дамуы туралы мәліметтерді есеп беру формасы бойынша жинау мүмкін болмаған жағдайда жүргізілетін бақылауды айтады.

Атрибуттытаратпалы қатарлар деп сапалық белгі бойынша құрылған таратпалы қатарларды атайды.

Аумақтық анклавтар деп дипломатиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын басқа елдердiң аумақтарын айтады. Елшiлiктер, басқа да дипломатиялық мекемелер, әскери және ғылыми базалар аумақтық анклавтар мысалы болады.

Ашық интервалдарда интервалдың не төменгі, не жоғарғы шегі ғана көрсетіледі.

Бақылау бағдарламасы деп бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін немесе тіркеуге алынатын белгілердің тізімін айтады.

Бақылау қатесідеп көрсеткіштің бақылау нәтижесінде алынған мәні мен нақты мәнінің айырмасын айтады

Белгі – бақылауға алынатын немесе өлшенентін бірліктердің, құбылыстардың ерекшеліктері, қасиеттері.

Бір жолғы бақылаудыбелгілі бір мәселені шешу үшін бір рет немесе қажет болған кездерде, яғни үздікті түрде жүргізеді.

Вариант деп вариациялық белгінің таратпалы қатардағы жек мәнін айтады.

Вариация деп белгілердің әр түрлі мәнді қабылдауын айтады

Вариациялық қатарлар деп сандық белгілер бойынша құрылған таратпалы қатарларды атайды.

График деп көрсеткіштердің сандық мәндерін шартты түрде бейнелеуді айтады.

Дербес абсолютті шамалар жиынтық бірліктерінің сандық белгілерінің мөлшерін көрсетеді.

Дербес индекстер құбылыстың біртекті элементтерін салыстыру арқылы анықталады.

Динамика - көрсеткіштің (құбылыстың) уақытқа байланысты өзгеруі.

Динамикалық қатар деп статистикалық көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан мәндерін айтады.

Динамикалық қатысты шама – уақытқа қарай көрсеткіштің өзгеру дәрежесін сипаттайтын қатысты шаманың түрі.

Дисперсия – ауытқулар квадратының орташасы.

Есеп беру деп кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өз қызметтері туралы статистикалық органдарға құжаттар (есеп) тапсыруын айтады.

Жай жинақтау қолданылғанда алынған мәліметтерді топтарға бөлмейді.

Жай кесте деп бастауышында топтастыру болмайтын кестені айтады.

Жай топтау деп бір белгі бойынша жүргізілген топтауды дейді.

Жалпы абсолютті шамалар дербес абсолютті шамаларды қосу арқылы анықталады.

Жалпы индекстер тікелей салыстыруға келмейтін элементтерден тұратын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың қатынасын көрсетеді.

Жаппай бақылаудепзерттелетін жиынтық бірліктері толық қамтылатын бақылауды айтады..

Жартылай бақылауда жиынтық бірліктерінің бір бөлігі ғана қамтылады.

Жинақтау деп зерттелетін құбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде өңдеп, бір жүйеге келтіруді айтады.

Жиынтықтың бірліктері деп осы жиынтықтағы жеке объектілер аталады.

Жиынтықтың құрамы белгілі бір уақыт аралығында өзгермейтін болса, ондай жиынтықтытұрақты жиынтық дейді.

Жиынтықтың негізгі бөлігін зерттеудеп бақылауға алынған жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын ас ірі бірліктерді ғана зерттеуді айтады.

Жиілік - әр варианттың неше рет қайталанғанын көрсететін шама.

Жоспардың орындалу дәрежесі – көрсеткіштің есепті мерзімдегі нақты деңгейінің жоспардағы деңгейге қатынасын білдіретін қатысты шама.

Жоспарлық тапсырма - көрсеткіштің жоспарланған мәні мен оның өткен мерзімдегі нақты мәнінің қатынасын білдіретін көрсеткіш.

Жұптық корреляция бір факторлық белгі мен нәтижелік белгі арасындағы байланысты көрсетеді.

Жүйелі қателер кездейсоқ қателерге қарағанда анағұрлым қауіпті, себебі олар қорытынды көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етеді. Жүйелі қателер әдейі жасалғанжәне байқаусыз (абайсыз) жіберілген болып бөлінеді

Икемділік коэффициенті – факторлық белгі 1 % - ке өзгергенде нәтижелік белгі қалай өзгеретінін білдіретін көрсеткіш.

Индекс деп белгілі бір экономикалық құбылыс мәндерінің қатынасын білдіретін сандық көрсеткішті айтады.

Институционалдық бiрлiк деп өзiнiң материалдық игiлiктерiне, қаржы ресурстарына өзi ие болатын, шешiм қабылдай алатын, экономикалық әрекетке қатысатын және бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн заңды ұйымды немесе жеке адамды айтады. Үй шаруашылығы бухгалтерлiк есеп жүргiзбесе де институционалдық бiрлiк болады.

Интенсивті (үдемелік) қатысты шама бір-бірімен байланысты, бірақ аттас емес көрсеткіштердің қатынасын білдіреді.

Интервал деп белгінің әр топтағы жоғарғы және төменгі мәндерінің практикада әр түрлі интервал (біртіндеп өсетін немесе біртіндеп кемитін) жиі қолданылады.

Интервалдар ашық және тұйық түрде болады.

Интервалды динамикалық қатарда қатардың деңгейі құбылыстыбелгілі бір уақыт аралына байланысты сипаттайды.

Картограмма - әр түрлі штрихпен немесе қоюлығы әр түрлі бояумен берілген көрсеткіштің белгілі аумақта қалай таралғанын бейнелейтін график.

Картодиаграмма – әр түрлі диаграммалық фигуралар көмегімен статистикалық көрсеткіштің шамасын берілген аумақтық бөлінудің әр бірлігі шеңберінде бейнелейтін картограмма түрі.

Кездейсоқ қателер қызметкер біліктігінің төмендігінен, оның жұмысқа ынтасыз болуынан , т.б. себептерге байланысты жіберілуі мүмкін.

Кездейсоқ іріктеу – жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін бақылауға алу.

Кестенің бастауышы деп зерттелетін объектіні айтады.

Кестенің баяндауышы деп зерттелетін объектіні сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.

Координациялық (үйлестік) қатысты шама жиынтықтың құрамдас бөліктерінің өзара қатынасын білдіреді.

Корреляциялық байланыс деп факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінін бірнеше мәнінің сәйкес келуін айтады.

Корреспонденттіктәсілмен бақылау кезінде бланктер оларды толтыруға ерікті түрде келісім берген белгілі бір ұйымдарға немесе жеке адамдарға статистикалық органдар арқылы таратылады, яғни керекті мәліметтер ерікті корреспонденттер арқылы жиналады.

Көп факторлы байланыс - екі немесе одан да көп факторлық белгілер мен нәтижелік белгі арасындағы байланыс.

Көрсеткіш деп әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттерінің сандық бағасын айтады.

Көрсеткіштер жүйесі – қоғамдық құбылыстар арасындағы өзара байланысты, қоғамның дамуын жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Күрделі жинақтау деп статистикалық топтастыру қолданылған жинақтауды айтады.

Күрделітоптау деп екі немесе одан да көп белгі бойынша топтауды айтады.

Қайта топтау деп белгілі топтарды жаңа топтарға топтауды айтады.

Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы мәнін айтады.

Қатысты шамалар бір-бірімен байланысты екі шаманың қатынасы арқылы есптелінеді.

Қорытындылаушы көрсеткіштер – жиынтықты немесе жиынтық бірліктерінің біртекті топтарын сипаттайтын көрсеткіштер. Статистикада қорытынды көрсеткіштердің 3 түрі қолданылады: абсолютті шамалар, қатысты шамалар, орташа шамалар.

Құрамакесте деп бастауышында зерттелетін объект екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылған кестені айтады.

Құрамы уақытқа байланысты өзгеретін жиынтық динамикалық жиынтық болады

Құрылымдық қатысты шама жиынтықтың жеке бөлігінің үлесін көрсетеді.

Құрылымдық топтау өзгермелі белгілер бойынша зерттелетін жиынтықтың құрылымын анықтау үшін қолданылады

Логикалық тексеру бақылау бағдарламасындағы өзара байланысты сұрақтардың жауаптарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Маусымдық ауытқулар – экономикалық құбылыстардың маусымға байланысты өзгеруі.

Медиана деп вариациялық қатардың ортасында орналасқан вариантты айтады.

Мезеттік (моменттік) динамикалық қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезетіне байланысты сипаттайды.

Мерзімдік бақылау мәліметтерді белгілі бір уақыт аралығында тіркеген кезде қолданылады.

Механикалық өсім (миграция сальдосы) елді мекенге (елге) көшіп келгендер мен елді мекеннен (елден) көшіп кеткендердің айырмасын айтады

Механикалық іріктеу әдісін қолданғанда негізгі жиынтықтан бірліктерді іріктеп алу үшін белгілі бір интервал қолданылады..

Мода деп жиынтықтағы ең жиі кездесетін белгінің мәнін (вариантын) айтады.

Монографиялық бақылау жүргізгенде жиынтықтың жекеленген бірліктері жан-жақты, толық зерттеледі.

Нәтижелік белгі деп факторлық белгілердің ықпал етуіне байланысты өзгеретін белгіні айтады.

Негізгі (бас) жиынтық деп барлық бірліктердің жиынтығын айтады, ішінара бақылауға бірліктерді осы негізгі ( бас) жиынтықтан іріктеп алады.

Орташа шама деп біртекті құбылыстардың жиынтығын бір вариациялық белгі бойынша сипаттайтын қорытынды көрсеткішті айтады.

Орташа шамадан ауытқу деп белгі мәні мен орташа шаманың айырмасын айтады.

Өзіндік тіркеу тәсілімен мәліметтерді жинағанда респонденттерге арнайы бланктер таратылады, оларды қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Респонденттер бланктерді өздері толтырады, ал тіркеуші бланктің дұрыс толтырылуын қадағалайды, оларды жинап, статистикалық мекемелерге тапсырады.

Өндiрiстiк әрекет – әр түрлi тауарларды, қызметтердi шығару барысында еңбек, капитал шығыны, сондай-ақ тауар және қызмет шығындары болатын, шаруашылық субъектiсiнiң бақылауымен жүргiзiлетiн әрекет.

Өсу қарқыны салыстырылатын деңгейдің базалық деңгейден неше есе артық екенін немесе салыстырылатын деңгей базалық деңгейдің неше пайызын құрайтынын анықтайды.

Өсім қарқыны деп абсолютті өсімнің базалық деңгейге немесе алдыңғы мерзім деңгейіне қатынасын айтады.

Өсім қарқынының 1 пайызының абсолютті мәні тізбекті тәсілмен есептелген абсолютті өсімнің өсім қарқынына қатынасын көрсетеді.

Рангбойынша орналасу – жиынтық элементтерінің зерттелетін белгі бойынша өсу ретімен орналасуы.

Регрессия сызығы – факторлық белгі мәндерін нәтижелік белгі мәндерінің орташасымен байланыстыратын функция.

Резидент деп елдiң экономикалық аумағында экономикалық мүдде орталығы бар институционалдық бiрлiктердi айтады.

РПрямая соединительная линия 1 езидент-кәсiпорын деп экономикалық аумақта өндiрiспен айналысатын кәсiпорынды айтады. Резидент-кәсiпорындарға бiрлескен кәсiпорындар, шетелдiк фирмалар, корпорациялардың филиалдары жатады.

Репрезентативті қате деп іріктеліп, бақылауға алынған жиынтық бөлігіндегі зерттелетін белгі мәнінің негізгі жиынтықтағы оның нақты мәнінен ауытқуын айтады.

Салыстырмалы қатысты шамалар аттас, біртектес шамалардың қатынасын көрсетеді.

Сериялы іріктеу жүргізгенде негігі жиынтықтан белгілі бір топтар, сериялар іріктеліп алынады., содан кейін осы топтардң, сериялардың барлық бірліктері бақыланады.

Статистикалық бақылау бірлігі деп белгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады

Статистикалық бақылаубірлігі деп белгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады

Статистикалық бақылау деп қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинауды айтады.

Статистикалық бақылау объектісі деп зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді айтады.

Статистикалық бақылау объектісі деп зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді айтады

Статистикалық есеп беру формасы деп есеп беру үшін қолданылатын бланктерді атайды.

Статистикалық жиынтық деп бір немесе бірнеше ортақ белгілері бар құбылыстарды, объектілерді айтады

Таратпалы қатарлар деп зерттелетін жиынтық бірліктерінің топтау белгісі бойынша реттеліп, топтарға бөлінуін айтады.

Типологиялық топтау біртектес топтарды, типтерді, кластарды анықтау үшін қолданылады.

Типтік іріктеуде жиынтық типтік белгілер бойынша топтарға бөлінеді, содан кейін әр топта кездейсоқ немесе механикалық іріктеу жүргізіледі.

Топтастырылғанкесте деп бастауышында зерттелетін объект бір белгі бойынша топтастырылған кестені айтады.

Топтау деп бақылау бірліктерін олардың негізгі белгілеріне байланысты біртекті топтарға біріктіруді айтады

Трансферт – ақша немесе зат түрiндегi қайта бөлiнген табыстың бiр жақты ағымдары. Трансферттер ағымдағы және күрделi болып екiге бөлiнедi.

Тұйық интервалдарда интервалдың төменгі шегі де, жоғарғы шегі де көрсетіледі.

Тізімдік жай кестеде объект бірліктерінің тізімі көрсетіледі

Тіркеу қатесі бақылау барысында деректерді дұрыс анықтамағанда, дұрыс жазбағанда болады.

Ұлттық экономика экономикалық аумақтағы, сол сияқты шетелдегi резиденттердiң iс-әрекетiн қамтиды.

Факторлық белгі деп басқа белгілерге әсер ететін белгіні айтады.

Формуляр деп бақылау бағдарламасындағы сұрақтардың жауабын жазу үшін қолданылатын бланкті айтады.

Функционалды байланыс деп факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінің айқындалған мәнінің сәйкес келуін айтады.

Халықтың табиғи өсімі деп туылғандар мен өлгендер санының айырмасын айтады.

Хронологиялықжай кесте деп көрсеткіштердің әр кезеңдегі мәндері берілген кестені айтады.

Ішінара бақылау – жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін зерттеу.Бұл – жартылай бақылаудың бір түрі.

Ішінара бақылау деп жиынтықтың кездейсоқ алынған бөлігін зерттеуді айтады.

Ішінара бақылау қатесі деп ішінара жиынтық пен негізгі жиынтықтың орташа шамаларының айырмасын айтады.

Ішінара жиынтық деп негізгі жиынтықтың бақылауға алынған бөлігін айтады.

Экономикалық айналымобъектiсi болып тауар, ақша, қызмет саналады.

Экономикалық айналым субъектiсi деп экономикалық айналымға қатысатын шаруашылық бiрлiктерiн (кәсiпорындарды, мекемелердi, ұйымдарды) айтады.

Экономикалық айналым өнiм өндiру, оны тұтыну, қор жинау және қайта бөлу сияқты процестерден тұрады. Экономикалық айналымның негiзгi элементi болады:

Экономикалық аумақ деп елдiң үкiметiмен басқарылатын және сол аумақта адамдар, ақша, тауар еркiн қозғалыста болатын аумақты айтады. Елдiң экономикалық аумағына сол елдiң әуе кеңiстiгi, халықаралық сулардағы аумақтық сулар және континенттiк шельф, сол сияқты аумақтық анклавтар да жатады.