
- •5. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •6. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •7. Соөж тапсырмаларын орындау мен өткізу кестесі
- •4. «Қазақстан Даму Банкі» ақ-ның инвестициялық портфелін талдау
- •2006-01.04.2009Жж. Инвестициялық портфелінің өзгеру динамикасы
- •2. Валюталық басқарудың негізгі қызметтеріне келесі операциялар жатады:
- •8. Емтихан сұрақтарының үлгісі
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •12. Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
2006-01.04.2009Жж. Инвестициялық портфелінің өзгеру динамикасы
*Ескертпе: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның 2006-2008 және 2009ж. шоғырландырылған қаржылық есебінен алынған. (www.kdb.kz )
Келтірілген № 7-11 кестелер нәтижесіне қарасақ «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық портфелінің құрлымы айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Олардың құрылымы сол бастақы кезбен салыстырғанда Мемлекеттік бағалы қағаздар 2006 жылы 70,28%-ды құраса, ал 2009 жылы 1 сәуірде 55,88%-ды құрап отыр. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың осы аралықта үлесінің кемігенін көрсетеді. Ал халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары 1,87%-дан 5,18%-ға дейін өскен. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары 2006 жылы 0%-ды құраса, ал 2009 жылы 1,55% болып тұр. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 27,85% болған, 2009 жылы 31,50%-ды құрайды.
Қазақстан Даму Банкі өз қызметін осы 6 жыл ішінде атқарып келеді. Оның негізгі қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. Шетелдердің қаржы ұйымдары мен коммерциялық банктері және халықаралық банктермен байланыс жасай отырып, Қазақстанға керекті инвестициялық жобаларды іске асыру болып отыр. Ол мемлекетпен бірлесіп Қазақстанда инвестициялық климатты жасай отырып, шетел инветорларын Қазақстанға тарту қажет. Бірақ бұл істің бәрі бір мезетте ғана бітетін іс емес. Оған біз бәріміз ат салысуымыз керек. Президентіміз әр жылдағы халыққа жолдауында тиімді инвестициялық жобаларды Үкіметке және арнайы органдарға тез арада дайындаумен, оларды шұғыл түрде іске қосуды талап етуде.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық портфелін талдау барысында оның құрлымының көп өзгеріске ұшырамайтынын байқаған болатынбыз. Соған қарағанда банк инвестициялық портфельді басқаруда пассивті модельді қолданады. Пассивті модельді қолдану барысында инвестициялық портфельдің құрамы көп өзгеріске ұшырамайды. Құрамындағы бағалы қағаздардың тәуекел дәрежесі мен табыстылығы өте жоғары болмайды. Бірақ олардан тұрақты табыс табуға болады.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Инвестициялық қоржынның түсінігі және негізгі қызметі? Инвести-циялық бағалы қағаздардың қандай түрлерін банктер өздеріне қолайлы деп есептейді?
Бағалы қағаздар қоржынына қосылатын қаржылық құралдарды сипаттаңыз. Қазіргі кезде банктер үшін капитал нарығының және ақша нарығының қандай негізгі құралдары тиімді?
Банкілік бағалы қағаздар қоржынының негізгі функцияларын сипаттаңыз
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Аса ірі және ең майда банктердің инвестициялық қоржынының құрамы неліктен бір-бірінен айрықша болады? Неге банк активтерінің едәуір көлемі құнды қағаздар жұмсалымына бөлінеді?
Банкілерде сақталатын облигациялардың үлкен бөлігінің күтілетін табыстылығы қалай анықталынады?
Бағалы қағаздардар инвестицияларына қатысты әртүрлі салықтық талаптарды атаңыз. Салықтық своп деген не? Қоржындық транс-формация деген не? Олар қай кезде қолданылады, мысал келтіре түсіндіріңіз.
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Неліктен мемлекеттік депозиттерді қабылдау кезінде банктерге кепіл-заттық талаптар беріледі? Банктің кепілзаттық талаптарын қанағат-тандыру үшін қолданылатын құнды қағаздар типтерін атаңыз.
Өзінің инвестициялық қоржынын басқару кезінде банктер қолданатын инвестициялық (горизонт) жиектің стратегияларын сипаттаңыз.
Қоржынға бағалы қағаздарды таңдау кезінде банк шешіміне әсер ететін факторларды атаңыз. Банк қандай мерзімді бағалы қағаздарды ұстауы қажет?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Өтеудің орташа өлшенген мерзімінің көрсеткіші және табыстылық ауытқымасы банктың инвестициялық менеджеріне: қандай құнды қағаздарды сатып алу керек және қандай құнды қағаздарды сату керек? деп қойылған сұраққа шешім қабылдауда тигізер көмегін түсіндіріңіз.
Өткен материалдарды бекіту үшін тапсырмалар
І. Кәсіпорын тартқан қаражаттарының төменде келтірілегн нұсқаларын қарайластырып, олардың ішінен қайсысы ең арзан түсетінін анықтаңыз.
Кәсіпорын 1 жыл мерзімімен 1 млн. АҚШ доллары көлемінде банк несиесін алуға мүмкіншілігі бар. Банк үшін талап етілетін табы-стылық 14% жылдық мөлшерде, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме түсетін табыстың 30% тең. Осы жағдайда кәсіпорын үшін несиелік ресурстардың жылдық құны қаншалықты болмақ (пайызбен)?
Кәсіпорын 1 млн. АҚШ доллары көлемінде бір жылдық мерзімді облигациялық зайым шығармақшы. Банк үшін талап етілетін табыстылық (КУПА және басқалары) 14% мөлшерде. Корпоративті облигациаларға ақша қаражатын салудан түсетін табысқа 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады. Эмиссияға салық 0,5%. Кәсіпорынға облигациалық зайым қаншаға айналатынын (%) анықтаңыз.
Кәсіпорын тартатын қаражаттың бірінші және екінші нұсқаларына банк көз қарасы қандай? Осы жағдайда банк үшін қай нұсқа қолайлы?
ІІ. Өтеу мерзімі бойынша жіктелген мемлекеттік құнды қағаздардың төменде келтірілген (%) нарықтық табыстылығының негізінде, табы-стылық ауытқымасын графикте көрсетіп оған түсініктеме беріңіз.
-
3 айлық
қазынашылық вексельдер
7,52
6 айлық
қазынашылық вексельдер
7,36
1 жылдық
облигациялар (ноталар)
7,82
2 жылдық
облигациялар (ноталар)
7,94
3 жылдық
облигациялар (ноталар)
7,94
5 жылдық
облигациялар
8,10
7 жылдық
облигациялар
8,15
10 жылдық
облигациялар
8,22
Банктық табыстылық ауытқымасының мәнін сипаттаңыз, егер банк-тың инвестициялық қоржынның 75%-ң өтелу мерзімі 7 жылдан 30 жылға дейінгі облигациялар және 25 %-н бір жылдың ішінде өтелетін қазынашылық вексельдер мен облигациялар құрар болса. Инвестиция-лық қоржынның қалыптасу бағыттарының ең тиімді түрін анықтаңыз.
ІІІ. Бүгін, номиналды құны 10000 тенгені құрайтын үкіметтің облигациясы, 9300 тенгеден сатылады. Өтелу мерзіміне облигацияның табыстылығы 6%-ке тең болмақ, ал өтелу мерзіміне дейін,10 жыл ішінде облигация иелеріне жылсайын пайыз түрінде 550 тенге көлемінде төлем төленеді. Облигациялардың орташа өлшенген өтелу мерзімін анықтаңыз
Альтернативті нұсқа.
1. Банк облигацияны сатып алуға өтініш берген уақытта оның нарықтық бағасы 9500 тенге болған, деп айталық. Осы жағдайда, бағаның өзгеру нәтижесінде өтелудің орташа өлшенген мерзімінің өзгеруін көрсетіңіз.
1.Банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға: Банк, банк конломераты; банк холдингі; басқару ұйым; депозит
2. Банктің реттеуші меншікті капитал дегеніміз: банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы; орталықтандырылған ақша қаражат қоры; банктің инвестицияларының және негізгі капиталдың қосындысының сомасы; басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға.
3. Басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым: Менеджмент; маркетинг; статистика; қаржылық есеп; бюджет
4. Менеджменттің негізгі мақсаты: басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс ету; банк дамуының негізгі ұйымды бағыттарын анықтау; табыс ету көзі ретінде сыртқы ортаны өзекті позициясын анықтау; қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау; құрылымдық бөлімшелерінің деңгейін және олардың даму жоспарын анықтау.
5. Банк менеджментінің негізгі бағытының бір саласы: банк құзыреттілігінің экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды; банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау; құрылымдық бөлімшелерінің деңгейін және олардың даму жоспарын анықтау; қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау; табыс табу көзі ретінде сыртқы ортаны өзекті позициясын анықтау.
6. Персоналды басқару жүйесінің негізгі мақсаты: банк бөлімшелерін дер кезінде кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету; менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ынтасын оята білу керек; еңбекке деген ынтасын және интудиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу; басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс табу; банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау
7. Баланс мәліметтеріне кіріс және шығыс есебіне тадау жүргізу негізінде жүзеге асады, осы талдау табыс табыстылығын басқару механизмінің негізі болып табылады: Банк табыстылығын бағалау; банк өтімділігін бағалау; банк активтерінің жағдайын бағалау; ресурстық базаны бағалау; банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау
8. Банк қызметіндегі бақылау жұмысы бөлінеді: сыртқы және ішкі; негізгі және қосымша; біркелкі және әртүрлі; үстеме және жанама; мемлекеттік және халықаралық
9. Бөлшек банкингті дамыту бойынша саясат белсенді жүргізіледі: депозиттік қызмет көрсету, бөлшек несиелеу, карталық бизнес және т.б. ол: Бөлшек бизнесі; банкинг; банк менеджменті; бизнесті несиелеу; банкті басқару
10. Жаңа даму стратегиясы 3 құраушыға негізделеді, олар: клиентке бағыттылық, тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру, IT технологиялар мен инновациялар; банк, бақылау және жоспарлау; басқару ұйымдастыру, талдау; сыйақылау, аванстау, қаржыландыру; несиелендіру, банк тәуекелінің алдын алу, қаржыландыру.
Тақырып 10. Банктің валюта қоржынын басқару
Мақсаты: Банктің валюта саясатының қалыптасуын, валюталық тәуекеллердің қысқару жолдарын анықтауды және зиян шегу қаупі туындағанда жүргізілетін жұмыстарды біліп түсіну.
1. Валюта операциялары және оларды жүргізу ережелері
2. Валюта жайғасымдары және валюталық тәуекеллер
3. Валюта нарығының операциялары
4. Валюта қоржыны өтімділігін қамту жолдары
1. Валюталық басқару – банк қызметінде ең маңызды буын болып есеп-телінеді. Банк активтері мен пассивтерінде валюталық шоттар қалдық-тарының үлесі аз емес. Сонымен қатар, көптеген банктер пайданың негізгі бөлігін шетел валютасымен операцияларды жүргізу барысында табады.
Сондықтан, валюта нарығында жұмыс істейтін өкілетті банктердің басты мәселесі, банк өтімділігін және валюта операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында валюта қоржынын тиімді басқару.
Салық және кеден заң нормасында, Қазақстан Ұлттық банк нормативті-құқықтық актілерінде қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, республикадағы резиденттер және бейрезиденттермен жүргізілетін валюта операциялары №497 1997 жылы 23 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережелеріне» сәйкес өкілетті банктер және өкілетті банкілік емес қаржы мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
Валюта операцияларын жүзеге асыру үшін заңды-резидент тұлғалар және бейрезидент-заңды тұлғалар өкілетті банкілерде шот ашуға міндетті. Өкілетті банкілерде, шетел валютасында (бейрезидент) резидент-заңды тұлғалар шоттарының ашылуы, жүргізілуі және жабылуы №61 1997 жылы 4 наурызда қабылданған «Екінші деңгейдегі банкілерде пайдаланармандар шоттарының ашылу тәртібі» атты нұсқау және жоғарыда аталған Ереже бойнша жүргізіледі.
Несиелерді беру-алумен, экспорт-импорттық келісімдерді несиелен-дірумен байланысты ағымды валюта операциялары бойынша –міндеттемелердің орындалуы, тиісті шарт күшіне енген күннен 180 күн аралығында жүргізілмесе, мұндай операциялар капитал қозғалысымен байланысты валюта операциялары деп есептелініп, аталған Ережелердің 204 және 205 бөлімдеріне сай лицензиялануға немесе тіркелуге тиісті.
Қаражаттың бейрези-денттерден резиденттерге өтуін қамтитын, капитал қозғалысымен байланысты, валюта операцияларының келесі түрлерінің тіркелу тәртібі анықталған:
180 күннен асатын мерзімге несие алу;
180 күннен жоғары мерзіммен резиденттердің экспорттық мәмілесін бейрезиденттердің несиелендіруіне байланысты есеп-айырысуды жүзеге асыру;
180 күннен жоғары мерзімге бейрезиденттердің экспорттық мәмілесін резиденттердің несиелендіруімен байланысты есеп-айырысуды іске асыру;
180 күннен жоғары мерзімге резиденттердің импорттық мәмілесін, бейрезиденттердің несиелендіруімен байланысты есеп-айырысуды іске асыру;
Қазақстан Республикасына бейрезиденттердің инвестициясы;
жылжымайтын мүлікке меншіктік және басқа да құқықтарды төлем ретінде аудару.
Қаражаттың бейрезиденттерден резиденттер пайдасына өтуін қара-стыратын, капитал қозғалысымен байланысты валюта операциялары шектеусіз жүргізіледі.
ҚР-на 100 мың АҚШ долларынан (басқа валютада сай эквиваленттен) жоғары сомада қаражаттардың түсуін көздейтін, капитал қозғалысымен байланысты, валюта операциялары тіркелуге тиіс. Капитал қозғалысымен байланысты басқа операцияларға, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын тікелей және қоржынды шетел инвестицияларын жатқызуға болады.
Тікелей инвестициялар – бұл заңды тұлғаға тікелей немесе жанама бақылау жүргізу мақсатында, капитал енгізу (жарғы капиталының 10%-нен жоғары): акционерлік және оған теңелген капиталға салымдар (соның ішінде тауар формасында болатындары да), беру мерзіміне тәуелсіз, тіке- лей инвесторлар қарызы мен несиесі (соның ішінде тауар формасында да); қайта инвестициялау.
Қоржындық инвестициялар – бұл, салынған капиталдан табыс табу мақсатымен бағалы қағаздарды сатып алу түріндегі қаржы салымдары.
Тікелей инвестицияларды тіркеу үшін тиісті филиалға келесі құжат-тарды ұсыну қажет:
капитал қозғалысымен байланысты басқа да операцияларды тіркеуге өтініш;
резидент-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу куәлігінің көшірмесі;
кедендік рәсімдеуі аяқталған, тауар нысанында жүргізілетін инвести-циялар бойынша кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін жеке куәлік көшірмесі;
келісім шарт көшірмесі;
Қоржындық инвестицияларды тіркеу үшін тисті филиалға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
капитал қозғалысымен байланысты басқа да операцияларды тіркеу жөнінде өтініш;
резидент-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуі жөніндегі куәлік көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін-жеке куәлік көшірмесі;
келісім шарт көшірмесі.