- •5. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •6. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •7. Соөж тапсырмаларын орындау мен өткізу кестесі
- •4. «Қазақстан Даму Банкі» ақ-ның инвестициялық портфелін талдау
- •2006-01.04.2009Жж. Инвестициялық портфелінің өзгеру динамикасы
- •2. Валюталық басқарудың негізгі қызметтеріне келесі операциялар жатады:
- •8. Емтихан сұрақтарының үлгісі
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •12. Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
6. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Сабақты өткізу формасы
|
Инновациялық технологиялар |
Әдебиет |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Банк менеджментінің мазмұны, құрылымы мен бағыттары |
0.5 |
АС |
ИТ |
10,13,14,15 |
2 |
Банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздері. |
1 |
ЖС |
|
1, 5,7,17,18 |
3 |
Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары және қалыптасу ережелері. |
1 |
АС |
|
1,5, 4,9 |
4 |
Банктің меншікті капиталын басқару. |
0.5 |
КЖ |
ИТ |
5,7,8,10 |
5 |
Банк активтерін басқару. |
0.5 |
Т |
|
7,8,12,17 |
6 |
Банктің қарыз қаражаттарын басқару. |
0.5 |
КЖ АС |
|
5,7,8,12 |
7 |
Пассивтерді басқару. Пассивтерді басқару стратегиясы. |
0.5 |
АС |
|
10,12,15 |
8 |
Банк пайдасын басқару. |
0.5 |
АС |
|
10,13,14,15 |
9 |
Банктің инвестициялық қоржынын басқару. |
0.5 |
ЖС |
ИТ |
5,7,15,16 |
10 |
Банктің валюта қоржынын басқару. |
0.5 |
Т |
ИТ |
4,9,17,18 |
11 |
Банк өтімділігін басқару стратегиясы. |
1 |
АС |
|
5,7,8,10 |
Қысқартылған: АС – ауызша сұрау; КЖ – карточкамен жұмыс;
ЖС – жазбаша сұрау; ИТ– интерактивтік тақта
Т-тест
7. Соөж тапсырмаларын орындау мен өткізу кестесі
№ |
Тақырып атауы |
Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны |
Ұсынылатын әдебиет |
Бақылау түрі |
Өткізу аптасы |
1 |
Банк менеджментінің мазмұны, құрылымы мен бағыттары |
Банк менеджментінің мазмұны, құрылымы мен бағыттары Банк менеджментінің басты мақсаттары және ерекшеліктері. Банк менеджментінің құрылымы мен бағыттары. Басқару процесінің мазмұны. Банк басқару аялары. Банк менеджментінің даму перспективалары. Банктердің 2009-2011жылдарға арналған даму стратегиясы |
5,8, 7,18 |
Реферат |
1 |
2 |
Банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздері. |
Банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздері. Коммерциялық банктердің қызметі Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары. Банктің ұйымдық құрылымы. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы. Банкті ұйымдастыру қағидаттары. Банк құрылымының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары. ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары. |
5,8,10 |
Баяндама |
2 |
3 |
Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары және қалыптасу ережелері. |
Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары және қалыптасу ережелері. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары. Банктің кадрлық саясаты. Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты |
5,8, 7, 10,19 |
Эссе |
3 |
4 |
Банктің меншікті капиталын басқару. |
Банктің меншікті капиталын басқару. Меншікті капиталдың негізгі міндеттері. Меншікті капиталдың қалыптасу көздері және оның жеткіліктілігін бағалау. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын басқаруы жөніндегі пруденциялық нормативтер. Қазақстан Республикасының банктерінің меншікті капиталын басқаруды жетілдіру жолдары. |
5,7,8,10,12 |
Реферат |
4 |
5 |
Банк активтерін басқару. |
Банк активтерін басқару. Активтерді басқару стратегиясы. Активтерді басқару принциптері.Резервтерді қалыптастыру тәртібі. |
7, 9, 10, 11 |
Слайд |
5 |
6 |
Банктің қарыз қаражаттарын басқару. |
Банктің қарыз қаражаттарын басқару. Кредиттік операциялардың технологиясын басқару. Кредиттік тәуекеллерді басқару. Кредит қоржынының жіктелуі. |
6,1, 7 |
Реферат |
6 |
7 |
Пассивтерді басқару. Пассивтерді басқару стратегиясы. |
Пассивтерді басқару. Пассивтерді басқару стратегиясы. Макро- және микродеңгейде пассивтерді басқару. |
7, 8, 9, 10 |
Қорғау |
7 |
8 |
Банк пайдасын басқару. |
Банк пайдасын басқару. Банк табыстылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер. Банк активтері табыстылығының құрылымдық талдауы. Есеп-қисап нысандары |
7,6, 13,14 |
Баяндама |
8,9 |
9 |
Банктің инвестициялық қоржынын басқару. |
Банктің инвестициялық қоржынын басқару. Банктің инвестициялық портфелін басқару. Банк қоржынындағы инвестициялық бағалы қағаздар Инвестициялық жұмсалымдардың табыстылығын анықтау стратегиясы. Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні мен маңызы. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық портфелін талдау. |
7,8,10,5,6 |
Эссе |
10,11 |
10 |
Банктің валюта қоржынын басқару. |
Банктің валюта қоржынын басқару. Валюта операциялары және оларды жүргізу ережелері. Валюта жайғасымдары және валюталық тәуекеллер. Валюта нарығының операциялары. Валюта қоржыны өтімділігін қамту жолдары. |
1,10,21 |
Реферат |
12,13 |
11 |
Банк өтімділігін басқару стратегиясы. |
Банк өтімділігін басқару стратегиясы. Банк өтімділігін басқару негіздері. Өтімділікті теңдестіре басқару стратегиясы. Өтімділікті басқару тетігі. |
7,5,8,12 |
Слайд |
14,15 |
Қысқартылған: АС – ауызша сұрау; КЖ – карточкамен жұмыс;
ЖС – жазбаша сұрау; ИТ– интерактивтік тақта
Т-тест
6 - «БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып 1. Банк менеджментінің мазмұны, құрылымы мен бағыттары
Мақсаты: Банк менеджерлерінің шешім қабылдау процессіне және банк қызметінің өркендеуіне, банк ісіндегі жаңа тенденциялардың мүмкінінше тигізер әсерін анықтау.
1. Банк менеджментінің басты мақсаттары және ерекшеліктері. Банк менеджментінің құрылымы мен бағыттары
2. Басқару процесінің мазмұны
3. Банк басқару аялары
4. Банк менеджментінің даму перспективалары
5. Банктердің 2009-2011жылдарға арналған даму стратегиясы
1. Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатады. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықта оған басты назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын талап етпей-ақ, шығындарды төмендете отырып жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік жағдайда дамыған елдерде, менеджмент – бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар, теория мен тәжірибеде қорланған білімдерді тез игере, өзгермелі жағдайларда – жаңа, қалыптаса қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек.
Менеджмент – басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа мағынада менеджментті – адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең мағынада – банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымдастыру деп түсінеміз. Банк менеджменті нақты мекеменің қызметіне сәйкес белгілі бір спецификаға ие. Ойткені банк, өкіміндегі несие ресурстарын ақылы түрде – кәсіпкерлердің, ұйымдардың, халықтардың, мемлекеттің қосымша қаражатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұсынатын, яғни бизнеспен айналысатын өз алдына кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар банкте, әртүрлі меншік иелерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары жинақталады.
Банк қоғам капиталын сақтаушы және орналастырушы ( екі жақты, пайда табу мақсатында), сондай-ақ, банк шоттарына салынған ақша қаражаттарының сақтаулы (немесе, дер кезінде, салыну шарты бойынша қайтарылуға тиіс) болуына иелері алдына жауапты мекеме. Нәтижесінде банк, жеке өз мүддесімен қатар, қоғам мүддесін қорғауды да көздейді. Мұндай мүдделер сәйкестілігі баланс өтімділігін, яғни ақша нарығында банк тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, банк менеджментінің келесідей мақсаттарын анықтайды:
банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде, табысты жұмыспен қамту;
банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту;
іскерлік қатынастарды тұрақтандару және ұзарту мақсатында пайдала- нармандардың (клиенттердің) банк қызметіне деген көлемдік, құры- лымдық және сапалық қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
ұжымның әлеуметтік, коммерциялық, өндірістік проблемаларын өз ара жетік шешілуін қамту;
мамандардың әлуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру мақсатында, мамандарды орнықтыру, даярлау және қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.
Негізгі мақсаттармен қатар, банк менеджменті, бір қатар көлемдік, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағдарлайды. Сандық (көлемдік) көрсеткіштердің, банк қызметін басқару аяларының барлығына қатысы бар, олардың қатарына: банк клиенттерінің және олардың шоттарының санын, депозиттер көлемін, кредиттік салымдарды, инвестицияларды және банк жүзеге асыратын қызметтер мен операциялардың көлемін жатқызуға болады.
Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатады:
банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен банк пайдалылығын басқару іске асады);
қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштері;
банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері;
банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.
Әлеуметтік көрсеткіштер, ұжым мүшелерінің кәсіби дайын-дықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік пробле-малардың шешілу дәрежесін сипаттайды. Банк менеджментінің басқа бір ерекшелігі, ол депозиттер мен ақшалай салымдар иелерінің мүддесін қорғау мақсатында банк қызметінің мемлекет тарапынан реттелуінде. Бұл біріншіден, банк қызметін реттейтін – міндетті нормативтер, заңдар және жазбалардың орындалуымен уағдаласылған еркін шешім қабылдаудың шектеуі бар екенін білдірді. Екіншіден, ақша нарығы конъюнктурасының үнемі өзгеріп тұратын жағдайында, банк өтімділігін қамту жолын таба білетін менеджерлердің қажеттілігін көрсетеді.
Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Банк бизнеспен айналысатын өзінше ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады. Банк операцияларының келісім-шарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктерімен дайындауды қажет етеді.
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
Бірінші топ банк құзіреттілігінің экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты.
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие.
Банк тұрғысынан басқарудың жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал банк саясатының құрамдық бөлігіне депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін таңдаудың маңызы зор.
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас екі міндет алға қойылады – жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
2.Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын білдіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу
банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орныдау үшін әрі активті операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстары іздестіру
Банк ұжымын ұйымдастыру және басқару келесі факторларғы негізделеді:
ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
әр қызметкермен тіл табыса білу;
ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Персоналды басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттері
Персоналды басқару жүйесінің негізгі мақсаты – банк бөлімшелерін дер кезінде кәсіби білікті мамандармен қатамасыз ету. 2-кестеде аталған білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері келтірілген. Осы мәселелер оң шешімін тапқан кезде ғана банк қызметі алға ілгерілеп, табыстық деңгейі артады.
1 кесте. Білікті мамандармен қамтамасз ету мәселелері
№ |
Мәселелер атауы |
Мазмұны |
1 |
Біліктілікті жоғарылату |
банктің мамандарға деген қажеттілігін анықтау және сырттан мамандар тарту немесе банк қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату |
2 |
Талдау қорытындыларын пайдалану |
жұмыс барысында қызметкерлер талдауларының қорытындыларын пайдалану |
3 |
Мамандарды іріктеу |
жаңа мамандарды іріктеуді және олардың бейімделуін жүргізу |
4 |
Біліктілігін тексеру |
қызметкерлердің біліктілігін тексеруді ұйымдастыру |
5 |
Қайта оқыту |
тексеру қорытындысы бойынша қызметкерлерді қайта оқытуды ұйымдастыру |
6 |
Кадрлық резерв дайындау |
басқару қызметіне кадрлық резерв дайындау және оларды оқыту |
7 |
Корпоративтік мәдениет |
корпоративтік мәдениетті қалыптастыру |
Ескерту. Кестені автор құрастырған.
Ұжымды басқарудың басты міндеті – менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі керек. Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер мынаны көрсетеді: қаржылық қатынастағы жетістіктердің 85% менеджердің әріптестермен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.
Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білу міндеттерді ұжым мүшелеріне нақты тапсырмаларды жаңылыспай бөліп беру, оларды нақты көрсеткіштермен көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпараттық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету, міндеттердің орындалу кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.
Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі керек.
Еңбекке деген ынтасын және интузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл – менеджердің ең жауапты және күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді.
2. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау.
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау, осы процесс барысында – перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады. Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтарының өзара байланыстыруға және оның орындалуын еңбекке ынталандыру жүйесі арқылы ұжымның мүддесімен байланы- стыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының коньюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызме- тінің бағыттарын, жаңа сфера мен өнім түрлерінің тиімділігін баға- лайтын процесс деп тануға болады. Жоспарлаудың негізгі бағыты, нарық жағдайында банк қызметінің технико-экономикалық негізделуі ретінде бизнес-жоспарды жасау. Бизнес-жоспарды дұрыс пайдалана білу – қаржы ұйымдарын тиімді басқарудың негізін құрайды.
Банктің аналитикалық қызметінің негізін, баланс көрсеткіштерін талдау арқылы ашып көрсетуге болады. Оның негізгі бағыттары:
банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау: активтерінің, депозиттерінің, меншікті капиталының, кредиттерінің, табысының;
ресурстық базаны бағалау: көлемін, құрылымын және оның құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (меншікті капиталының, депозит- терінің, банкаралық кредиттерінің);
банк активтерінің жағдайын бағалау: көлемін, құрылымын және банк активтерінің құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (кредиттері- нің, инвестицияларының, депозиттерінің);
банк өтімділігін бағалау – қаржы коэффиценттерін есептеу мен оларды критериалдық деңгеймен салыстыру және көрсеткіштер деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау негізінде жүзеге асады;
банк табыстылығын бағалау: баланс мәліметтеріне, кіріс және шығыс есебіне талдау жүргізу негізінде жүзеге асады. Осы талдау, банк табыстылығын басқару механизімінің негізі болып табылады.
Банк саясатын құру барысындағы аналитикалық жұмыстардың бір бөлігі ретінде, банк маркетингі көрінеді. Банк қызметінде маркетинг түсінігі: берілген аймақтағы және оның шегінен сырт банк қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі қызметтерді қанағаттандыру негізінде банктің орналасқан жерін бағалау (инвестициялау, кредиттеу, қолма-қолсыз есеп-айырысуды ұйымдастыру; лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.); әртүрлі банктердің сәйкес операцияларды жүргізудегі шығындарының нормасын салыстыру; жарнамалар жүргізу ұғымдарын білдіреді.
Коммерциялық банктер, жоғарыда аталғандардан басқа, тағы бірнеше бағыттар бойынша аналитикалық жұмыстар жүргізеді: кредиттік және бағалы қағаздар қоржындарын, клиенттердің несие қабілеттігін, меншікті капиталдың жеткіліктілігін, пайыздық маржаны және т.б. талдау.
Банк менеджментінің жүйесінде, реттеу белгілі ерекшеліктерге ие, ол коммерциялық банктер қызметтерінің мемлекет тарапынан реттелуімен ұштасады. Сондықтан, банктің ішкі реттеу жүйесінің жұмысы, мемлекет- тік бақылау органдары: банктерді лицензиялауға, банк қызметінің шектілуіне, капиталдың жеткіліктілігіне, өтімділікке, міндетті резервтердің қалыптасуына қатысты белгілеген нормативтер мен талаптардың орын- далуына бағытталған.
Банктің ішкі реттеу процессіне келесі бағыттарды жатқызуға болады:
банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, барлық бөлімшелерді қоса банк құрылымын қайта қалыптастыру және жетілдіру;
банк басқару сапасының жоғарылауын қамтитын, әдістемелік және нұсқаулық құралдарды, шешімдер қабылдау процедураларын енгізу;
өндіріс ішінде және сыртқы ортада қалыптасқан жағдайлар негізінде, банк саясатын құру;
банк тәуекелін шектеу мен төмендетудің негізгі бағыттарын әзірлеу;
банк ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, кадрлар саясатын және персоналдың профессионалды өсуін қамтитын шараларды әзірлеу.
Банк қызметіндегі бақылау жұмысы, сыртқы және ішкі бақылау болып бөлінеді. Сыртқы бақылауды, Қазақстан Республикасының орталық банкі және сыртқы аудиторлар жүргізеді. Ішкі бақылауды банктің өзі ұйымдастырады. Бұл жұмыстың басты мақсаты, банк қызметіндегі теріс тенденциялар мен жетіспеушіктерді анықтау және оларды жою шараларын қабылдау үшін, оперативті жүйе құру.
3. Банк менеджметінің нақты бағыттарын үлкен екі аяға (сфераға) бөлуге болады. Бірінші топ, банк құзыретіндегі экономикалық процесстерді басқару мен ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қамтиды (бұл бөлім қаржы менеджменті деп аталады). Оның басты бағыттары: банк қызметін- дегі бөлек аялар (сфералар) бойынша нақтыланған банк саясатын құру (депозиттер, кредиттер, инвестициялар, қызметтер ж.т.б.); банк маркетингі; банк активтері мен пассивтерін басқару, банк өтімділігін, табыстылығын, меншікті капиталын, кредиттік қоржыны мен банк тәуекеллерін басқару.
Қаржы менеджментінің ерекшелігі, біртұтас банк жүйесі шеңберінде банк процедураларын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқаруда, біркелкі технологияның жоқтығы.
Екінші топты, қаржы менеджменті тиімділігінің шарты ретінде көрінетін, банк қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерін рационалды қолдануға бағытталған, ұжымды басқарумен байланысты туындайтын мәселелер құрайды. Бұл топқа: банк қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және мотивациялау; кадрларды орнықтыру; еңбек ақы төлеу, еңбекке ынталандыру және көтермелеу механизмі; бақылауды ұйымдастыру; қызметте өсу жүйесін қарастыру, ұжымдағы қарым-қатынасты қалыптастыру принциптері кіреді.
Шетел тәжірбиесінде, әр бір банктің басқарылу сапасына баға беріледі ойткені, көптеген жағдайда, жалпы банк жүйесінің және нақты банк сенімділігінің деңгейі осы көрсеткішке тәуелді.
Менеджмент дұрыс жүрмеген жағдайда, теріс факторлардың пайда болу себебін анықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Оларды дер кезінде анықтау, дұрыс жұмыс істемейтін банктердің қызметіне араласуға құқығы бар, мемлекеттік бақылау органдарының негізгі міндеті болып табылады.
Дұрыс емес менеджментке: банк басшылары мен қызметкерлерінің әлсіздігінен басқару процесінде пайда болатын техникалық қателерді және жалған активтер мен шығындарды жабу үшін жасалған есептер бұрмаларын, сонымен қатар уақытша тартылған қаражаттар арқылы қиын қаржы жағдайын жасыруды (банкаралық несие) жатқызуға болады.
4. Банк менеджменті дамуының шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріне енгізу мүмкіндіктері
Банктердің тиімділігін бағалаудың бұрыннан бар тәсілдері менеджмент пен акционерлердің өсіп отырған сұранысын күн өткен сайын қанағаттандырмауда. Банк бизнесінің құнына материалдық емес активтер әсер етеді: әйгілі бренд, қызметкерлердің білімі мен тәжірибелері, клиенттер мен серіктестермен қарым-қатынас, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, өкіметтік ұйымдармен байланыс, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, т.б.
Тағы да айта кететін мәселе стратегиялық тапсырмалардың орындалуына бақылау жасаудың қиындығы. Тиімділік көрсеткіштерінің құрылған жүйесі басқарушыларға іс-әрекеттің басты бағыттарына баса назар аударуға көмектеседі.
Шетел компанияларының тәжірибесінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қолдану (KPI - key performance indicators) көптен бері дәстүрге айналған. KPI - бұл компанияны басқару функциялары мен процестерінің, персоналдар іс-әрекеттерінің, өндірістік, технологиялық және тағы басқа іс-әрекеттердің тиімділігі мен нәтижелілігі бағаланатын көрсеткіш. Өз іс-әрекеттерінің тиімділігін өзгерткісі келетін көпшілік компаниялар бұл мақсатқа әр түрлі көрсеткіштер мен өлшемдер жүйесін қолданады. Бұл бизнестің өсу қарқынын бағалауға және жоспардан ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді.
Шет елдік және отандық іс тәжірибелері олардың қызметтері барысында келесі қиындықтарға тап болады:
уақытылы мәліметтер жинауды талап ететін жұмыс көлемі;
мәліметтерді қолайлы, түсінікті, анық түрде беру;
менеджменттің бұл жүйеге қызығушылығын қолдау.
Осылайша компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, компанияның тиімділік көрсеткіштерін уақытылы бақылап отыруға болады. Топ-менеджмент нашар жинақталған және анық емес мәліметтерге назар аудармайды. Негізгі көрсеткіштер жүйесі менеджерлерге бизнес үшін нағыз қажет нәрселерді ашып көрсетеді.
Енді банктерде KPI көрсеткішін қолдану мәселесіне келсек, бұл көрсеткішті қолдану банк менеджменті деңгейімен, сондай-ақ іс-әрекеттерді интуитивті бағалаудан нақты бағалауға көшумен байланысты қажеттіліктің туындауына байланысты болып отыр.
Көбіне өлшеуді қаржылық қызмет беретін көрсеткіштерден бастайды (пайда, өнім өткізу көлемі, шығындар, т.б.). Бірақ егер операциялар саны артса, процестер күрделеніп, бақылауға алынатын параметрлер саны артады. Банктегі әрбір бөлім, әрбір басқарма өз есептерін өздері үшін өте маңызды болып табылатын бөлшек сандармен береді. Мұның бәрі топ-менеджменттің қанағаттанбауын тудырады.
Тұрақты уақытта көрсеткіштердің мұндай көп көлемі жаман емес те шығар, бірақ нарықтағы жағдайға тез әсер ету керек болған кезде топ-менеджмент мұның барлығын ой елегінен өткізіп үлгермейді де нақты сандарға емес интуицияға сүйенеді.
Іс-әрекетті бағалауда интуициялық әдіс кіші гірім банктерге де тән. Персоналдар саны аз болғандықтан басшылар бағалау жасап, мамандарды субъективті түрде ынталандыруды жөн көреді. Балдарды санап, әр түрлі құжаттар толтыртып қызметкерлердің уақытын алу жөнсіз деп есептейді. Алайда нәтижелер мен негізгі көрсеткіштер бойынша басқару бизнестің қандай көлемінде болса да оң нәтиже беретіні бұрыннан белгілі.
Нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері өз бастауын Гарвардтан алады. 1992 жылы Гарвардтың бизнес мектебінің профессоры Р. Каплин компанияның қысқа мерзімді мақсаттары мен ұзақ мерзімді стратегиясын байланыстыратын баланс «өсін» ұсынды. Бұл үшін төрт негізгі құраушыны қолданды:
қаржылық;
клиенттік – тұтынушылармен қарым-қатынас;
ішкі – бизнес-процесті ұйымдастыру;
оқыту мен дамыту перспективасы.
Балансталған көрсеткіштер жүйесін қолдану үшін алдымен сол көрсеткіштердің өзін құрып алу керек, яғни KPI-ді.
Көптеген компаниялар шығындарды төмендету, сапаны арттыру, тапсырыстарды орындау уақытын қысқарту арқылы өз қызметтерінің нәтижелілігін жақсартуға тырыса отырып, стратегиялық негізгі процестерге көңіл бөлмеді. Ал компаниялар үшін KPI көрсеткіштерін қолдана отырып операциялық тәртіп пен бақылау мәселесін шешу өте маңызды.
Көрсеткіштер жүйесін енгізу бойынша жоба жыл жарым уақытқа созылды. Құрамында персоналды басқару бойынша басшы мен арнайы шақырылған кеңесші бар жобаны басқару кеңесі құрылды. Жобаны іске асыру барысында көрсеткіштерді жасау, процестердің мониторингін жүргізу, көрсеткіштердің нормативтік мәнін іздеу, KPI-ді есептеу әдісін жасаумен айналысқан отыз жұмысшы топ жұмыс жасады. Әрбір топтың жұмыс жасау уақыты 1-ден 3 айға дейін созылды.
Алғашында банктің мақсаттық көрінісінің диагностикасы жүргізілді.
Перспективтік мақсаттардың максималды саны (2-3жылға) клиенттерге, нарыққа, қаржыға әсер етті. Персоналдар мен процестер бағынған негізгі ұзақ мерзімді жоспарлар соларға бағытталды.
Жылдық процестермен байланысты қысқа мерзімді мақсаттар екі есеге көбейді. Процестер банктің уақыт өткізбей айналысуы тиіс «жанды жері» болды.
Қаржылық жағдайға байланысты айтылған мақсаттар көп болғанымен, басшылардың көпшілігі нақты сандармен сөйлей алмады. Персоналдармен байланысты мақсаттар айтылмады десе болады.
Осылайша алға қойылған мақсаттық перспектива енді мақсаттық KPI бойынша жұмыс жасай бастады. Жылдық перспективаға негізгі мақсаттық бағытталулар пайда болды:
Нәтижелі бөлшек бизнесті құру, өнімдік қатарды құру, нарықтық үлес алу;
Жаңа кредиттік өнімдер шығару;
Өнімдік қатардың барлық технологияларын тәртіпке келтіру мен стандарттау;
Аймақтарда дамуға баса көңіл бөлу;
IT-технология арқылы банктік процестерді автоматтандыру.
Алынған сұхбаттар, SWOT-талдаулар банктің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік берді және мақсаттық артықшылықтарды толықтырды.
Банктік жоспарлау жүйесіне жүргізілген экспресс-диагностика, сондай-ақ жоба барысында топ-менеджерден алынған сұхбат нәтижелік бағалау жүйесін құрудың объективті қиындықтары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Басты себеп басқару жүйесі жуырда құрылған топ-менеджерлермен басқарылды және оларда әзірше стратегиялық даму сұрақтарына көңіл аудару болмады. Орта менеджмент барлық бизнестің стратегиялық мақсаттарын жасай алмады, тек өзінің қызметтік бағыттарының нәтижелілігіне бағытталды. Сондықтан бөлімшелерді бағалау жүйесін жалпы фундаменттен емес, қызметтер мен процестерден құру туралы шешім қабылданды.
Әрбір топтың жұмыс технологиясы келесілерді кірістірді:
KPI концепциялары мен бөлімшелердің негізгі мақсаттары туралы ақпарат тарату.
Бөлімшелердің функционалын қалыптастыру: бизнестің тиімді жұмысы үшін бөлімшелер персоналдары қандай қызметтер, мақсаттар, тапсырмалар орындаулары керек.
Мүмкін болатын қателіктер бойынша келесі түрлерде көрсеткіштер жасау:
Процестің аты;
Процесті өңдеуге қойылатын стандартты уақыт;
Берілген процесте мүмкін болатын қателіктер;
Ақпараттарды алу әдістері мен салыстыру нұсқалары;
Қателіктің мүмкін болатын деңгейі.
Дирекция ішінде қызметтер мен операциялық процестер бойынша мониторинг жүргізу:
Типтік операцияларды орындау үшін стандартты уақытты белгілеу;
Қателіктердің түрлерін анықтау;
Операцияларды «қалай болып жатыр», «қалай болу керек», «қалай болғанда жақсы болар еді» деген сұрақтар бойынша сипаттау;
Қателіктерді жинақтау;
Қателіктердің теориялық мүмкін болатын деңгейін анықтау.
Модельдер шеңберінде көрсеткіштерді анықтау
Нәтижелілікті арттыру үшін KPI мәндерінің «бастапқы нормативтерін» анықтау
Бөлімнің барлық бөлімшелеріне KPI көрсеткіштері мен оның барлық мәндерін презентация жасау
KPI көрсеткіштерін алғашқы бағалауды жүргізу
Мониторинг қорытындысы бойынша көрсеткіштер мен нормативтерді түзету
KPI-дің жаңа көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізу.
Нәтижелік көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу алғашында тек пилоттық бөлімшелерде жүргізіліп, ол KPI-ді жасау технологиясының басты нүктелерін анықтауға, қосымша нәтижелер алуға көмектесті. Одан соң технологияның келесі басты нүктелері анықталды:
Функционалды анықтау;
Көрсеткіштерді анықтау;
Процестер мониторингі;
Стандарттар, нормативтер және мәндерді іздеу мен қою;
Өлшеу әдістері мен көрсеткіштерді есептеуді жасау;
Көрсеткіштер мониторингі.
KPI-ді жасау барысында қосымша пайдалы нәтижелер де алынды. Мысалы функционалды нақтылау, департаменттердің жауаптылығы мен мақсаттарын нақтылау, департамент ішінде және арасында процестерді оптимизациялау жүргізілді.
Мұндай тәжірибе ішіне тек жұмыстағы кемшіліктер мен уақыттық шығындар ғана емес, олардың себептері мен себепкерлері де жазылатын «ұсыныстар мен арыздар кітабы» енгізілді. Бұл жұмыс өз мақсатына жазалауды қоймады, қайта жұмысшыларға кеткен қателіктерді талдауға мүмкіндік берді.
KPI көрсеткіштері мазмұны туралы көзқарастар мен ақпараттар алмасу үшін жалпы отырыстар ұйымдастырылды. Бір бөлімшенің тиімді жұмыс жасауы үшін қалған бөлімшелердің де тиімді жұмыс жасаулары керек. Егер бір бөлімшенің кетірген қателігі келесі бөлімшенің қателігіне себеп болса, ол KPI көрсеткіштерінде өз көрінісін табады. Сондай-ақ KPI бойынша нәтижелер алу үшін басқа бөлімшелердің жұмыс нәтижелері туралы есеп алу керек. Банктерде бизнес-процестің басынан аяғына дейін сипаттап жазатын бөлімшелер банкте аз кездесетіндіктен мәселелер туындауы мүмкін. Одан басқа, көрсеткіштердің нормативті мәндерін анықтау үшін басқа бөлімшелердің даму жоспарлары туралы ақпарат керек.
KPI-ді жасау процесінің аяқталуы барысында барлық бөлімшелер бойынша көрсеткіштердің барлық жүйесінің тұтастығына тексеру жүргізілді. Операциялар көлеміне, жоспарлы мәндерге, құрылымдық банктік артықшылықтарға байланысты өзгеріп отыратын KPI нормативтерінің балансы құрылды.
Осылайшы KPI көрсеткіштерінің стандартты жүйесі келесі түрде көрініс тапты:
Бөлімшелер көрсеткіштерінің толық қызметтік кітапханасы;
Бағалау беттері түрінде бөлімшелер деңгейлерінің қалыптасқан жалпы көрсеткіштері;
Берілген периодқа құрылған нормативтер мен көрсеткіштер мониторингі негізінде жасалған есептеу әдістемесі;
Әрбір бөлімше бойынша KPI көрсеткіштерінің есебі мысалдары.
Әрбір менеджер көрсеткіштер жасауға қатысты, оның не екенін түсінді, KPI жүйесін қабылдады. Басшы офистің менеджменті KPI жүйесін қолдануға дайындалды: басшылар талдау объектісін бөлшектеуге үйренді, өз қызметтерінің соңғы нәтижелеріне жауап бере алады, еңбекақы төлеудің ауыспалы құраушысымен жүргізілетін жұмысты экономиклық ынталандыру нұсқасын таңдады. Олардың нарықтық ойлануға бағытталған басқару біліктілігі артты.
Қазіргі банктердің бөлімдерінде қызметтер мен құрылымдық өзгерім динамикасы өте жоғары болуына байланысты жаңа бөлімдер үшін KPI көрсеткіштерін үнемі жетілдіріп отыру мен қызмет етіп жатқан бөлімшелер үшін көрсеткіштерді өзгерту талап етіледі. Сондықтан шағын құрылым құрып, KPI жүйесі үшін жауап беретін маман бөлу пайдалы болып табылады. Бұл маман сондай-ақ бөлімшелерден мәліметтер жинау және өңдеумен, KPI-ді басшылыққа жеткізумен айналысады.
KPI негізінде бөлімшелер басшыларын ынталандыру принциптері қалыптасады.
KPI көрсеткіштерінің мысалдары.
KPI көрсеткіштерінің талдауы 50 әр түрлі көрсеткіштерден 25%-ға жуығы ғана қаржылық көрсеткіштер болып табылатынын көрсетті:
Бизнес-жоспарды көлем, операциялар, сатулар, жопарлы негізгі көрсеткіштер бойынша орындау;
Жоспарды қаржылық нәтижелер бойынша орындау;
Кірістілік;
Жоспарды кредиттік портфель көлемі бойынша орындау;
Еңбекақы төлеу қорларын қолдану;
Шығындар бойынша нормативтерді орындау.
Көрсеткіштердің 20% ішкі процестреді орындауға жатады:
Банк өнімдері мен жобаларының сапасы;
Процестер, жұмыстар, процедуралардың сапасы;
Координацияның сапасы;
Есептілік;
Қателіктер;
Қарым-қатынастың сапасы;
Тәуекелдердің көлемі;
Бөлімшелерді қолдау.
Жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне барлық көсеткіштердің 20% жатқызуға болады:
Уақытты тиімді пайдалану;
Жұмысты тиімді орындау;
Қарқындылық;
Талаптарды сақтай отырып, тапсырмаларды уақытылы орындау;
Ақпараттың уақытылы келіп түсуі;
Тәуекелдік лимиттерін қайта қарау.
Ішкі процестерге көрсеткіштердің 5%-ға жуығы жатады:
Жүргізілген жұмыстар көлемі;
Ашылған жаңа филиалдар мен қосымша офистар саны;
Сандық жоспарды орындау;
Жоспарлы жұмыстар мен тексерулерді орындау.
Көрсеткіштердің 10%-ға жуығы клиенттерді қанағаттандыру көрсеткіштеріне жатады:
Клиенттермен жұмыстың нәтижелілігі;
Рекламация;
Қызметтер мен өнімдер бойынша қанағаттанушылық пайызы;
Ақпаратпен уақытыл қамтылу.
KPI көрсеткіштерінің 20% персоналдарды дамыту көрсеткіштеріне жатады:
Қызметкерлердің бастамашылдығы;
KPI көрсеткіштерін орындау;
Кәсіби өсу;
Оқытуға шығындар;
Жабылмаған бос орындар пайызы;
Оқыту нәтижесі бойынша тексеруден өткен қызметкерлер пайызы;
Персоналдар ағымдылығының пайызы.
Осылайша жеке бөлімшелер іс-әрекеттерінің нәтижелілік көрсеткіштерінің жасалған жүйесі жеткілікті балансталған болып табылады. Көрсетілген мысалда клиенттік артықшылықтар көрсеткіштерін арттыру бойынша ұсыныс жасалуы мүмкін.
Көрсеткіштердің нормативті мәндері анықталып, оларды есептеу әдістемесі жасалып, мәліметтерді жинау принциптері құрылды.
KPI жүйесінің артықшылықтары.
Жасалған KPI жүйесі менеджерлерге мәселелерді шешу барысында көмектеседі.
Басшыларға басты мақсаттарға көңіл аударуға талап қоя отырып, негізгі параметрлер бойынша бақылау жүргізу;
Тиімді бюджеттеу: нақты өлшенетін тапсырмалардың орындалуы бойынша бюджет құру. Бастысы оны бюджеттік комитетте негіздеп алу;
Жүйе мықтылар мен әлсіздерді анықтап, шығармашылық пен бастамашылыққа, дамуға қолдау көрсететіндіктен персоналдардың сапасын арттыру;
Өзіндік статусты қолдау мен көтеру. Бұл негізінен қызмет көрсетуші және көмекші блоктарға қатысты;
Мәселелерге көңіл аударудан жоспарланған болжаулар мен мақсаттық бағыттар қоюға көшу;
Негізгі қызметте артықшылықтарды анықтау.
KPI жүйесінің пайдасы банк басқармасы үшін анық. Нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштер жүйесі басты тапсырмаларды анықтауға мүмкіндік береді. Қызметкерлерді қойылып отырған мәселелерді шешуге ынталандырады.
KPI көрсеткіштерінің мониторингі
Бөлімшелерді көрсекіштер бойынша бағалауды бастамас бұрын алдын-ала мониторинг жүргізіп, нақты уақыт интервалында берілген банкте аталған жүйе қалай жұмыс жасап жатқанын анықтап алу керек.
Сондықтан бөлімдерді KPI бойынша бағаламас бұрын ақпараттарды жинау бойынша жауапты адамдарды оқыту жүргізіліп, іскерлік ойын түрінде көрсеткіштер жасалды және процесс барысында көрсеткіштер мониторингінің технологиясы игерілді.
Пилоттық мониторингте екі ай бойына банктің 40-тан 17 бөлімшесі қатысты, ай сайын KPI көрсеткіштері бағаланып отырды.
Мониторинг нәтижелері KPI-дің нормативтік мәндерін 3–6 айға дұрыстауға мүмкіндік берді.
KPI мониторингі бойынша қатысушы бөлімшелер үш топқа бөлінді:
Ерекше көңіл аударуды талап ететін, KPI деңгейі нормадан төмен 20-40% аралығындағы топ.
KPI деңгейі нормаға сәйкес келетін топ.
KPI деңгейі нормадан жоғары 30-40% аралығындағы топ. Бұл топ үшін KPI көрсеткіштері нормативі шамадан асып кеткен-кетпегенін тексеру керек.
Пилоттық мониторинг нәтижесінде KPI көрсеткіштері бойынша жоғары сыйақылы бонустарға әзірше жете алмайтын бөлімшелер мен жете алатын бөлімшелер анықталды.
Мониторинг этаптары кезінде өзгерістер тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді:
а) KPI көрсеткіштері бар барлық жұмыс технологиясы толығымен персоналдар бойынша дирекцияға берілді;
б) Екі айлық пилоттық мониторинг нәтижелері бойынша KPI бойынша бағалау арқылы алдағы уақытта жұмыс жасау бойынша бөлім бастықтарымен жеке кеңес беру өткізілді;
в) «Банк бөлімшелер қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (KPI) бекіту туралы» және «Қызмет тиімділігінің көрсеткіштері (KPI) мониторингі туралы» қаулы қабылданды.
Жобалық топтар жұмысы барысында «өзгерістер агенттері», яғни белсенді де бастамашыл басшылар белгіленді. Сондай-ақ «қиын» басшылар, яғни KPI жобасын іске асыру үшін жауапкершілікті бөлісуге дайын емес басшылар анықталды.
Қорытындылай келе, банктік құрылымдағы тиімді басқару көрсеткіштері жүйесін жасау тәжірибесін талдай келе, бизнеске оң әсерін тигізетін принциптерді атап көрсетуге болады.
Банк артықшылықтарына көңіл бөлу. Көрсеткіштер перспективалық стратегиялық тапсырмалар мен негізгі бизнес-процестерді есепке ала отырып жоспарланады;
Көрсеткіштердің кешенділігі. Көрсеткіштер банктің барлық функционалын есепке алады және әрбір функцияның мәселесін қамтиды;
Жүйенің динамизмі. Көрсеткіштер құрамы, олардың жанама коэффициенттері, нормативтік мәндер мен статус бизнестің приоритеттеріне байланысты өзгереді.
Көрсеткіштердің көпсатылы жүйесі:
Барлық менеджерлер жауап беретін және әр бөлімнің жеке көрсеткіштері анықталады;
Көрсеткіштер орындалу периодына және бақылауға байланысты жылдық, тоқсандық, айлық болып бөлінеді.
Көрсеткіштерді жоспарлаған уақытта олардың сандық мәндері орындаушылар жағынан күш салуды талап ететіндей болу керек. Көрсеткіштерді орындау банк бөлімшелерінің басшыларының жалпы кірісін айнымалы құраушыға әсер етеді. Бұл басшыларды жыл сайынға бағалауда және қызметтік өзгертулер туралы шешім қабылдағанда басты фактор болып табылады.
Қазақстан Республикасының банк менеджментінде персоналдарды басқаруды дамыту.
Қазіргі заманғы персоналды басқару бұл – ұйымды басқарудың нәтижелі әдістері мен идеялардың жиынтығы. Ол қатып қалған заңдылықтарға бағынбайды, қайта күн сайын әлемде болып жатқан мыңдаған өзгерістерге бейімделуі керек. Сондықтан банк персоналын басқаруда қазіргі кезде жаңа басқару әдісі керек, яғни кадрлар бөлімі емес, персоналдарды басқару департаментін құру қажет.
Банктер әр түрлі ұйымдармен – акционерлермен, клиенттермен, серіктестіктермен, фирмалармен, билік органдарымен, тұрғындармен, бәсекелестермен, БАҚ-мен, инвестициялық және сақтандыру агенттерімен, зейнетақы қорларымен жұмыс жасайды. Сол себепті жаңа қызмет түрлері пайда болады – персонал бойынша менеджер, адаптация бойынша менеджер, адам ресурстарын басқару бойынша маман, т.б. Мұның бәрі персоналдарды басқарудың жаңа тәсілі керек екенін көрсетеді.
Төмендегі 1-суретте банктегі басқару бөлімінің құрылымы көрсетілген:
1 сурет Банктегі басқару бөлімінің құрылымы
Ескерту. Суретті автор құрастырған.
Енді 1-суреттегі мәліметтерді таратып түсіндірсек, ұсынылып отырған персоналдарды басқару бойынша департаменттің құрамында 20-80 адамға 1 персоналды басқару бойынша маман сәйкес келеді.
Жалпы сипаттама:
Департаменттің барлық құрылымының компьютерленген болуы – әрбір маманда электронда пошта, ұялы телефон және компьютерлі жұмыс үстелі болуы;
Департаментті базалық қамтамасыз ету жұмыс кабинеттерін, психологиялық комнаталарды, тренингтік кабинеттерді, жеке психологиялық кеңеске арналған кабинеттерді қамтиды;
Департаменттің басшылығы өз ұсыныстарымен банк басқармасына шыға алу мүмкіндігіне ие болуы.
Департаменттің негізгі мақсаттары:
Персоналдың біліктілік және жеке өсуіне қолдау көрсету;
Қызметтік орындарды бөлудің иерархиясын жасау;
Персоналды тиімді мамандандыру;
Қызметкерлердің мамандану дәрежесін өсіру процестерін ұйымдастыру;
Мамандардың иерархиядағы алатын орны мен жұмысының нәтижесіне сәйкес сыйақылар бөлу жүйесін құру және қолдау;
Жоғарыдан төмен қарай иерархия бойынша құрылған орталықтандырылған бақылауды жүзеге асыру.
Заңдық топ міндеттері:
Сот билігі органдарына келіспеушілік мәселелері бойынша шығу;
Банк персоналы үшін келісім-шарт жасау;
Персоналды жұмысқа қабылдау, шығару процестерін заңдық қамтамасыз ету
Техникалық қамсыздандыру тобы міндеттері:
Департамент қажеттіліктері үшін компьютерлік бағдарламалар шығару;
Департаменттің компьютерлік ақпараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Компьютерлік техниканы жөндеу;
Техникалық шешімдер бойынша кеңес.
Персоналды жұмысқа қабылдау/шығару бөлімі міндеттері:
Персоналды жұмысқа қабылдау, шығару, қызмет ету процесінде психологиялық тестілеу;
Барлық персонал үшін психологиялық портрет жасау;
Әлеуметтік зерттеу жүргізу;
Карьераны дамытудың жеке жоспарын жасау;
Адаптация бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
Психологиялық қолдау/дамыту бөлімі міндеттері:
Жеке өсу және командалық тренингтердің бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;
Персоналдардың жеке қасиеттерін ескере отырып жұмыс графигін бақылау;
Жұмыстың басталу, аяқталу графигін жасау;
Персоналды аттестациялау бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;
Персоналдың біліктілігін арттыру курстарын өткізу;
Банк персоналдарын ынталандырудың жеке бағдарламасын жасау;
Банктің корпоративтік мәдениет ережелерін жасау.
Эргономика бөлімі міндеттері:
Персоналдың жеке қасиеттерін ескере отырып, жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Жұмыс кабинеттерін безендіру бойынша кеңес беру;
Персоналдардың психологиялық жағдайларының мониторингін жүргізу;
Офистік техниканы таңдау бойынша кеңес беру;
Тартымдылық әсерін беру үшін операциялық залдың безендірілуін ауыстырып отыру.
Лояльділік, харрасмент бөлімі міндеттері:
Мамандардың харассмент, ұрлық, әдептен тыс іс-әрекеттер бойынша конфликтілік комиссияға қатысуы;
Банк қызметкерлерінің жұмыс уақытындағы қауіпсіздік әрекеттерінің ережелерін жасау;
Қызметкерлердің телефонмен сөйлесулерін оперативті бақылау;
Персоналдардың ішкі қауіпсіздігі бойынша талдау жасау;
Ақша ұрлығы, бәсекелестерге құпия ақпараттың жеткізілуі, шпионаж бойынша зерттеу жүргізу.
Стресс, тәуелділіктің алдын алу бөлімі міндеттері:
Банк персоналдарының психологиялық және физиологиялық денсаулықтарын сақтау бағдарламасын басқару;
Ауру кезіндегі профилактика;
Медициналық орталық және мамандар көмегімен персоналдарға медициналық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.
Өркениетті қоғамда болып жатқан өзгерістер тұтынушылар мен персоналдардың қызығушылықтарын өзгертеді, ол өз кезегінде ұйым құрылымын күрделендіре түседі. Сол себепті персоналдарды басқару процесі де қиындай түседі. Менеджердің басқарушылық ролі интеллектуалдық ролге айналып қоймай, жалпы ұйымға да интеллектуализация процесі тән болып табылады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында персоналды басқарудың барынша тиімді әдістерін іздестіру көкейкесті мәселе болып табылады.
5. Банктердің 2009-2011жылдарға арналған даму стратегиясы.
Банктің даму стратегиясының мақсаты болып Банктің 2009-2011 жылдар ішіндегі даму үлгісін қалыптастыру табылады.
Банктің даму стратегиясы қызмет ету барысыныда Басшылыққа, Басқарма мүшелеріне және барлық қызметкерлер үшін нұсқау болып табылады, бірақ та ол индикативті құжат болып табылады және нарықтық жағдайлардан (бәсекелік орта мен акционерлердің қызығушылықтарын қоса алғанда) шыға отырып түзетулер енгізуге болады.
Банктің миссиясы. «Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі және экономиканың өркендеуі мақсатында біз кең ауқымда банк өнімдерімен әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға талпынамыз».
Банктің мақсаттары. «Цеснабанк» АҚ өзінің қызметінің барысында келесі негізгі басымдылықтарды басшылыққа алады:
Клиентке бағытталу. Клиенттердің қызығушылықтары әрқашан да Банктің басты назарында, олар оның барлық қызметін анықтайды.
Жаңашылдық. Банк жұмыстың дәстүрлі және инновациялық әдістерін үйлестіре біледі.
Мақсатқа жету. Банк мақсатқа жету мен қойылған міндеттерді орындауға бағытталады.
Команда. Кез келген міндеттерді орындау тек қана бірлескен, ұйымшыл және ниеттес команданың қолынан келеді.
Шағын және орта бизнесті несиелеу – Банктің назарын орта және шағын кәсіпорындар мен жобаларға аудару. ШОБ құрылымын және кейін дамыту бойынша жұмыс өткізу, осыған байланысты ШОБ Несиелендіру бағдарламасын дамыту. Филиал желісі мен бөлімшелерін кеңейту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді дамыту. Банктің қазіргі уақыттағы филиалдарының саны 19, 2011 жылға қарай олардың санын 24-ке дейін ұлғайту.
Лизинг – Банктің лизинг нарығындағы өзінің орнын бекіту. Пайдалы шарттарда жол-құрылысы және ауылшаруашылық техникасын («АгромашХолдинг» АҚ, Матрикс Агритех), жабдықтарды, коммерциялық жылжымайтын мүлікті, автокөлік құралдарын (МАЗ, КАМАЗ), арнайы техниканы, басқа да жабдықтарды (сауда, медициналық, полиграфиялық және т.б.) ұсыну. Лизингтің мерзімі 3 жылдан бастап және жоғары.
Бөлшек бизнесі – бөлшек банкингті дамыту бойынша саясат белсеңді жүргізіледі: депозиттік қызмет көрсету, бөлшек несиелеу, «карталық» бизнес және т.б. Жеке тұлғалардың саны 48 мыңнан астам клиентті құрайды. Банк клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған. Банк карталарын шығару көлесмін ұлғайту. Жалақы жобаларының шегінде Банкпен 262 кәсіпорын қызметтестік жасайды.
Банкпен әзірленген бөлшектеп несиелендіру бағдарламасы клиенттердің талаптарын жоғары мөлшерде қанағаттандыруға бағытталған, халықтың барлық жігін қамтиды және автокөлікті сатып алуға және басқа да тұтынушы мақсаттарға займды алуға мүмкіндік береді.
Банк қаржылық операциялардың сенімділігімен, қызмет көрсетудің жоғары сапасымен және жылдамдылығымен жасалатын операциялар мен клиенттер туралы толық құпиялы ақпаратпен айрықшаланатын көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуді үнемі жүзеге асырады. Несиелеу көлемінің өсуі несие қоржынының сенімділігін қажет деңгейде ұстап тұрумен үйлеседі.
Қаржылық дағдарыс жағдайындағы банк қызметінің стратегиясы – жаңа экономикалық ортада тұрақтылыққа және банк сенімділігін сақтауға бағытталу.
Қазіргі заманғы банкті басқару – бұл, біріншіден, банктің дамуын басқару, аймақтардағы банктік желінің кеңеюін басқару, бәсекелік саясатты жасауды басқару және т.б.
Дәстүрлі терминологияда ұзақ мерзімді дамудың келісілген және бекітілген жоспарлары стратегия деп аталынады.
Қазіргі заманғы банкті басқару – бұл ұжымдық және командалық қызмет. Банк өте күрделі ұйым, оны жалғыз адам ғана басқаруды жүзеге асыра алмайды. Стратегияны қалыптастыру және банктік команданы құру – бір-бірімен байланысты процестер.
2009 жылы Цеснабанк тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сапалы өсуге ниетті: ішкі бизнес-процестерді оңтайландыру, технологияларды дамыту, шығындарды қысқарту және табыстылықты көтеру.
Мобильділік және Банктің жылдам өзгерістер енгізу қабілеттілігі – бұл қазіргі заман жағдайларындағы елеулі артықшылық.
2009 жылы 19 мамыр күні Алматы қаласында «Цеснабанк» АҚ-ның 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары бойынша пресс-конференция өтті. Онда Казинформ корреспонденті Дәурен Жайлиннің айтуынша, басқарма Төрағасы Дәурен Жақсыбек «Цеснабанк» АҚ-ның 2009-2010 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын қабылдағаны туралы мәлімдеді.
Жаңа даму стратегиясы – бұл сапалы өсу стратегиясы – үш құраушыға негізделеді: клиентке бағыттылық, тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру, ІТ-технологиялар мен инновациялар. Цеснабанк екі себеп бойынша клиентке бағытталады: сапа службасы мен өнімдік қатар белсеңді түрде енгізілуде. «Ең бастысы – клиентке сапалы қызмет көрсету», - деді Д.Жақсыбек.
Оның айтуынша, бүгін банк PricewaterhouseCoopers тұлғасындағы сыртқы консультантпен тәукел-менеджмент жүйеісіндегі озық технологияларды ендіру бойынша белсеңді жұмыс істеуде. Бұл жоба осы 2009 жылдың соңында аяқталады.
Банк жүйесін ҚР Үкіметі тарапынан қолдау өте дұрыс. Үкіметтің қолдауының арқасында банктік жүйе дағдарыс жағдайында тап болатын проблемаларға жылдам және икемді бейімделеді және сәйкесінше дағдарыстан тезірек шығады.
Дәурен Жақсыбек: «Бүгінгі таңда еліміздің банктік жүйесі басынан оңай емес кезеңді кешуде. Әрине, біз бір жерлерде белгілі бір қателіктерді жасадық және кемшіліктерді өткізіп жібердік. Бірақ, басқа жағынан, егер орташа банктер туралы сөз қозғасақ, онда олардың сыртқы және ішкі факторлардың ауытқулары мен әсерлеріне неғұрлым аз ұшырайтынына түйін жасауға болады. Біздің банк – солардың қатарында. Бұнын барлығы біздің аз қарыз алуымыздың арқасында. Орташа банктер көлемі бойынша кішірек, сондықтан да олар неғұрлым икемдірек болады Біз нарық пен клиенттер талап ететін міндеттерге жылдамырақ бейімделеміз».
«Цеснабанк» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Бұл Стратегия Банк дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Бұл Стратегияның мақсаты болып «Цеснабанк» АҚ 2011 жылдың соңындағы перспективті көрінісін сипаттау табылады.
Құжаттың құрылымы келесідей:
қызметтің бағыттарын және оған жету стратегиясын анықтау;
Банктің миссиясын анықтау және Банктің осыдан шығатын мақсаттарын қалыптастыру;
Бәсекелік ортаны талдау (SWOT-талдау);
Банктің мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін Банктің бәсекелік артықшылықтарын және негізгі міндеттерін анықтау;
Банктің көрсеткіштері, оның бәсекелік позициясы және ресурстармен қамтамасыз етілуі.
Банктің көрсетілетін қызметтері/өнімдері бойынша саясаттары мен жоспарлары, олар қызметті ұйымдастыру бойынша іс-шараларды анықтайды және Даму стратегиясында көзделген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет.
«Цеснабанк» АҚ – бұл қаржы нарығы саласында қызмет жасаған 17 жыл ішінде қалыптасқан жоғары білікті мамандар командасы.
Банкте рекрутивтік агенттіктермен қызметтес болу, бос жұмыс орындарына қабылдауда сапалы конкурстық таңдау, жас мамандар үшін тәжірибелеуді ұйымдастыруды енгізетін қызметкерлерді таңдаудың және жалдаудың тиімді жүйесі қызмет жасайды.
Бірінші бөлімде қарастырылғандай, стратегияның мақсаты компанияның өзіне пайдалы етіп болашағын қалай өзгерте алатындығын білдіреді. Ол компанияның қалай бәсекелесетінін анықтайды және барлық мақсаттарды жүйелейді. Ол сондай-ақ, дамудың бағыттарын, басымдылықтар мен басқаруды ұсынады.
«ЦентрКредит» Банкі АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.
Банктің миссиясы. ЦентрКредит Банкі – әмбебап банк, оның негізгі мақсаты болып Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу болып табылады.
Банктің әрбір қызметкерінің басты міндеті – Банктің клиенттеріне білікті, сапалы және жылдам қызмет көрсету.
Болашақты көруі. ЦентрКредит Банкі Қазақстанның ірі жекеменшік банктерінің бестігіне кіретін ұйым. Банктің Қазақстандағы үлесі 9%-дан кем емес.
Банктің 2009-2011 жылдарға арналған басты мақсаттары.
Болашақты көруге сәйкес, Банктің 2009-2011 жылдарға арналған басты стратегиялық мақсаттары болып келесілер табылады: біріншіден, бизнестің нарықтық құнын көтеру, екіншіден, банктің активтері бойынша нарықтық үлесін 9%-ға ұлғайту.
Банктің 2009-2011 жылдарға арналған негізгі басымдықтары.
Басты мақсаттарға жету үшін, Банк жоспарланған кезеңге келесідей негізгі басымдықтарды анықтады:
Банк үшін маңызды нарық сегменттеріндегі нарықтық үлестерін ұлғайту.
Капиталдың жеткілікті деңгейін қолдау.
Бизнестің рентабельділігін арттыру.
Клиенттік базаны көбейту.
Қиылысқан сатылымдарды арттыру.
Клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру.
Банктің негізгі бизнес-процестерін жетілдіру.
Банктің негізгі бизнес-процестерінің автоматтану деңгейін арттыру.
Банктің қарыздық қоржының жоғары сапалылығын қолдау.
Персоналдың біліктілік, қанағаттанушылық және жылы шырайлығы деңгейін арттыру.
Операциялық шығындарды қысқарту. Операциялық шығындарды қысқарту мәселесі ЦентрКредит Банкі үшін ең маңыздыларының бірі болып табылады. 2008 жылы Банктің операциялық шығындарының операциялық табыстарға қатынасының коэффициенті 0,77 құрады, бұл көрсеткіш саланың жоғары көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сала бойынша ең жақсы көрсеткіш 0,32 құрайды. Осыған байланысты, 2009-2011 жылдары Банк өзінің көрсеткішін едәуір жақсартуды жоспарлауда. Берілген мақсатқа жету үшін негізгі іс-шаралар Банктің әкімшілік және басқа да шығындарына қатаң бақылау орнатуға бағытталады. Сонымен, операциялық шығындардың өсу қарқындары едәуір қысқаруы қажет.
Клиенттік базаны ұлғайту. Банктік қызмет көрсетулер нарығындағы бәсекелестіктің күшеюіне қарамастан, Банк үшін негізгі басымдықлықтардың бірі болып оның клиенттік базасын бизнесінің барлық желілері бойынша ұлғайту табылады. Клиенттік базаның өсуі бойынша жоспарларға жету мақсатымен, Банк келесі негізгі бағыттар бойынша іс-шаралар жүргізуді көздеп отыр:
Клиенттердің барлық топтары үшін маркетинг кешенін жасау. Банктің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында, келесі үш жылда клиенттердің барлық топтары үшін (Ірі компаниялар, Ірі бизнес, ШОБ, жеке тұлғалар) қызмет көрсетулер пакетін жасау жоспарлануда. Қызмет көрсетулер пакетін жасау процесі, ең алдымен, клиенттердің мақсатты топтарына несиелеудің неғұрлым оңтайлы мөлшерлемелерін анықтауға бағытталады.
Шағын және орта бизнесті несиелеудің жаңа бағдарламаларын дамыту. Қазіргі уақытта ШОБ компанияларын несиелеу қазақстандық банктердің барлығына жуық үшін басымдылықты болып табылады, клиенттердің берілген санатын несиелеудің жеке және халықаралық қаржы институттарымен бірлескен бағдарламалары белсенді дамуда. ЦентрКредит Банкі берілген нарықта өзінің үлесін едәуір ұлғайту мақсатын қойып отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерін тарту үшін Банк өзінің бағдарламаларын, сонымен бірге ЕБРР және басқалармен бірлескен ШОБ-і несиелеу бойынша бағдарламаларын белсенді жетілдіреді.
Клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін көтеру. Қазіргі уақытта банк клиенттерінің барлық топтары банктік қызмет көрсетулердің сапасына неғұрлым қатаң талаптар қояды. Соңғы зерттеулер бойынша, ЦентрКредит Банкі тұрғындарға қызмет көрсету сапасы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан банктерінің бірінші ондығында бесінші орынға ие. Бұл, ең алдымен, Банктің позицияларын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдауға қажеттілік тудырады. 2009-2011 жылдарға Банк алдына клиенттердің мақсатты топтарына қызмет көрсету бойынша көшбасшылардың біреуі болу мақсатын қойып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін алдағы уақытта Банк келесі негізгі бағыттарда іс-әрекет жасауды көздеп отыр:
Клиенттердің қанағаттанушылық деңгейінің көрсеткіштерінің мониторингі және талдауы. Қызмет көрсету сапасы мен клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату міндеттерін жүзеге асыру үшін, Банк осы бағыттағы қызметінің тиімділігін жартыжылдық негізде үнемі өлшеуі қажет.
Көрсетілетін қызметтердің жинағын кеңейту.
Негізгі бизнес-процестерді автоматтандыру. Негізгі бизнес-процестерді оңтайландыру мәселесі сияқты, оларды автоматтандыру мәселесі Банктің қызмет етуінің жоғары сапасын растау көзқарасынан алғанда ЦентрКредит Банкі үшін маңызды болып табылады. Бірақ, бизнес-процестерді толық автоматтандыру Сату департаменттерінің қызметкерлерінің жұмысын максималды жеңілдетуге және клиенттердің өтініштерін қарастыру процестерін жылдамдатуға мүмкіндік береді. 2009-2011 жылдары Банк несиелеу процесін автоматтандыру деңгейін, сонымен бірге ішкі құжат айналымы процесін едәуір жоғарылатуды жоспарлап отыр.
Қазіргі заманғы IT-жүйелерді ендіру. 2009-2011 жылдары Банк клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын жоғарылатуға, ішкі құжат айналымын автоматтандыруға бағытталған қазіргі заманғы IT-жүйелерді ендіруді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жекелеп алғанда ШОБ клиенттерін және жеке тұлғаларды бағалау үшін скорингтік жүйелерді ендіру, сонымен бірге қазіргі заманғы автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесін (АБАЖ) ендіру. Соңғы міндет жүзеге асырыла бастады (батыстық АБАЖ «Temenos» - T24).
Активтердің жоғары сапалылығын қолдау. Банк активтердің өсуіне қатысты амбициялық мақсаттар қойып отыр (активтердің орташа жылдық өсу қарқындары 50% құрау қажет), оның қызметінің басымдылықты бағыттары болып активтерінің жоғары сапалылығын қолдау, валюталық тәуекелдерді,сонымен бірге активтер мен пассивтерді басқару жүйесін жетілдіру табылады. Негізгі міндеттердің ішінде келесілерді бөліп қарастыруға болады:
Стандартты заемдардың қабылдарлық үлесін қолдау. Банктің жоспарларына сәйкес берілген несиелердің жалпы көлемінде стандартты заемдардың үлесі 65%-дан төмен болмауы тиіс.
Қаржылық тәуекелдер. Банк алдына қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін ең үздік халықаралық тәжірибелерге келтіру міндетін қойып отыр. Банктің банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің жаңа стандарттарына көшу үшін негіз ретінде тәуекелдерді сандық бағалау әдістемелері жасалатын болады. Банкті бірыңғай интеграцияланған ақпараттық-аналитикалық басқару жүйесін ендіру осы процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Банктің өтімділік тәуекеліне және нарықтық тәуекелдерге ұшырау көрсеткіштерін, сонымен бірге капиталдың және резервтердің адекваттылығын бақылаушы органдардың, халықаралық рейтингтік агенттіктер мен халықаралық қаржы ұйымдарының талаптарына жауап беретін деңгейде ұстап тұратын болады.
Банк қызметкерлерінің біліктілік, қанағаттанушылық деңгейін көтеру. Банк қызметкерлерінің біліктілік, қанағаттанушылық деңгейін көтеру Банктің неғұрлым артықшылықты міндеттерінің қатарына кіреді. Бұл міндеттерді шешу мақсатында Банк адамдық ресурстарды дамытудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Берілген бағдарламаға сәйкес, келесі үш жылдың ішінде адамдық ресурстардың дамуының келесі негізгі бағыттарына көңіл бөлінетін болады:
Кадрлық аудит. Берілген бағыттың басты мақсаттары Банктің құрылымдық және кадрлық әлеуетінің оның мақсаттары мен даму стратегиясына сәйкес келуін бағалау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін Банк жыл сайын өз күшімен кадрлық аудит жүргізетін болады.
Кадрларды іріктеу, тағайындау. Персоналды дамытудың бұл бағытының басты мақсаты персоналды іріктеудің ағымдағы саясатын жетілдіру болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Банк келесі үш жылдың ішінде менеджерлерді тренингтеу бойынша корпоративті бағдарламаларды жүргізеді, барлық санаттағы қызметкерлердің біліктілігіне талдау жасайды.
Персоналды бағалау. Жоспарланып отырған кезеңде Банк өзінің қызметкерлерін бағалаудың тиімді жүйесін енгізуді көздеп отыр. Банк жұмысының берілген бағытының басты мақсаты ұйымдастырушылық иерархиясының барлық деңгейлерінде кадрларды басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады. Бағалау жүйесі Банк қызметкерлерін іріктеу, резервке қою, оқыту және мотивациялау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Корпоративтік мәдениет. 2009-2011 жылдары Банк қызметкерлеріне, клиенттеріне және Банктің инвесторларына үшін тартымды корпоративтік мәдениетті дамытуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін Банк қоғаммен байланысты оның клиенттеріне арналған корпоративті журналын шығару арқылы орнатуды дамытуды жоспарлауда [30].
Стратегияны бұдан әрі іске асыру 2006-2008 жылдардан бері болған экономикалық үрдістердегі өзгерістерді ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Стратегия 2011 жылға дейінгі кезеңге арналған банктердің тұтас және кешенді саясатын қалыптастыратын және дамудың нақты бағыттарын ұсынатын жалпы жүйелік құжат болып табылады. Стратегия банк қызметін дамыту мен әртараптандыру, жоғары технологиялар қолдану мен банктің бәсекеге қабілеттілігін үздіксіз арттыру мақсатында қолда бар әлеуеттік артықшылықтарды пайдалану жолымен банктің орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
Банктердің даму стратегиясын жетілдіру.
Банктердің даму стратегияларын жетілдіру жолдары келесідей мәселелерді қамтиды:
банктің өзінің ағымдағы міндеттемелері бойынша төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету;
ағымдағы қызметтің жоспарланған жағдайларға сәйкес келуіне үнемі мониторинг және талдау жүргізу;
қызмет барысында пайда болатын тәуекелдерді бағалау әдістерін жетілдіру;
жыл сайын банк қызметкерлерін біліктілік деңгейін жоғарылату курстарынан өткізу және қызметкерлерді мотивациялау жүйесін жетілдіру, оларды әлеуметтік қолдау және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілді жаппай оқыту жолымен енгізуді жүзеге асыру;
банктің әлеуетті клиенттеріне жобаларды қаржыландыру мен жүзеге асырумен байланысты туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру. Көптеген компаниялар өздерінің бизнестерінің даму перспективалары туралы ойланбайды, ескірілген технологияларды пайдаланады. Банк әлеуетті клиентпен консалтингтік жұмысты оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жүргізеді.
Шетелдік/халықаралық даму институттарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету, мыналар үшін:
Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру барысында өзара қаржыландыру;
ұзақ мерзімді қаржы ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету;
банктің клиенттеріне шетелдік нарықта контрәріптес арқылы көмектесу;
шетелдік контрсеріктес арқылы шетелдік фирмалар және компаниялармен іскерлік және әріптестік қатынастар орнату.
Рейтингтік агенттіктермен, инвесторлармен, реттеуші органдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету және банктің оң несиелік тарихын қолдау үшін жүзеге асырылып жатқан жобаларға тиісті мониторинг жүргізу.
Өзінің қызметінде Банк қызметкерлері республиканың оқу орталықтарында және шетелде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша сыртқы оқудан өтеді.
Банкте қызметкерлерді ішкі оқыту жүйесі жасалған: қызметкерлерді тестілеу, Бас офис пен филиалдардың қызметкерлері үшін тұрақты әрекеттегі семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Командалық рух, кәсіпкерлік, жоғары корпоративтік мәдениеті Банкке өздерінің клиенттері арасында және кәсіптік салада жоғары рейтинг пен беделге ие болуға мүмкіндік береді.
Банктің капиталы және абыройымен қатар оның негізгі активі қызметкерлер болып табылады. Банк ең жақсы қызметкерлерді сақтауға, жоғары санатты мамандарды тауып және жұмысқа қабылдауға бар күшін салатын болады. Өзінің қызметкерлеріне жұмыс істеудің әр түрлі тәжірибесін және қаржы секторында жұмыс істейтін басқа компаниялардың көпшілігіндегі қызметте өсу мүмкіндігіне қарағанда тезірек өсу мүмкіндігін ұсынады.
Адам капиталы – кез келген компания келешегінің кепілі. Сондықтан, Банктер өз қызметкерлерінің білікті болуына үлкен мән береді және командасының біріккен рухын нығайтуға қолдау көрсетеді. Банктерде қызметкерлерді іріктеу мен қабылдау жүйесі жұмыс істеуде. Қажетті орындарға сапалы іріктеу байқауы сөйлесулерден, психологиялық және кәсіби сынамалардан және кандидаттың лауазымның талаптарына сәйкестігі туралы тереңдетілген ақпараттан тұратын көп сатылы жолмен жүзеге асырылады.
Жыл сайын қызметкерлерге жылдық бонустар төленеді. Аталмыш жүйенің басты мақсаты банк қызметкерлерін ынталандыру болып табылады:
банктің жетістігінде әрбір қызметкердің жеке қызығушылығын арттыру арқылы акционерлер қойған бизнес-тапсырыстарды орындау;
банктің кәсіби талаптарына сай келетін мамандарды және басшыларды тарту және орындарында қалдыру;
стратегияларға нысаналарға сәйкес қызметкерлердің мамандығы бойынша барлық жұмыстарын барынша тиімді етіп құру.
Банк қызметкерлерінің жұмыс істеу принциптері келесідей болуы керек:
ұқыптылық;
орындаушылық (мерзімде орындау, сапа және шығындар жоспарға сәйкес болу);
технологияны жетілдіруде, еңбекті ұйымдастыруда, сапаны жоғарылатуда, шығындарды азайтуда бастамашы болу;
адалдық және т.б.
Банк алдына қойылған міндеттерді шығармашылық жағынан шешуге қабілетті жоғары білікті қызметкер Банктің негізгі ресурсы болып табылады. Сондықтан Банкте қызметкерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді.
Адами әлеуетті дамыту Банктің кадр саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Банкте Банк қызметкерлерін оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесі әзірленген.
Коммерциялық банктің қызметі клиентураны сақтап қалу мен кеңейтуге, ұзақ перспективаға клиенттер үшін қаржылық қызмет көрсету орталығы болуға бағытталады. Банк жұмысында жалғыз критерий болып клиенттердің нақты қажеттіліктері болып табылады. Егер бұрын банктер салымшылар мен несие алушыларға банктік өнімдердің стандартты жиынтығын ұсынса, қазір олар үнемі ірі компаниялар, фирмалар, мемлекеттік мекемелер, жеке тұлғалар және т.б. сияқты клиенттердің нақты топтарына бағытталған қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін жасайды, берілген банктік қызмет көрсетуге сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып. Сондықтан да коммерциялық банк өзінің өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағытталуы керек.
Соған байланысты банктің дамуында маркетинг қызметін ұйымдастыру және оны жете дамыту қажет. Банктің басшылығы маркетинг тұрғысын қабылдаса, ол оның барлық шаруашылық әрекеттерінде – сыртқы және ішкі, көрініс табады. Яғни, тұтынушы мен банктік қызмет көрсетулер мен өнімдерге деген қажеттіліктерге жылдам әрекет етуде біліктілік икемділігіне бағытталады. Осылайша ол нарықта табысты жұмыс істеуге неғұрлым бейімдірек болады.
Банкте маркетингтік функцияларды табысты орындау сәйкес ұйымдық бөлімшелердің (стратегиялық даму бөлімі, банктің ақпараттық қызметі, жарнамалық бөлім, клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру бөлімі) бар болу жағдайында мүмкін болады. Сондықтан банктің тиімді жұмыс істеуі үшін маркетингтік қызметті құру қажет. Банктің маркетингтік қызметінің негізгі функциялары мен міндеттері болып келесілер табылады:
нарықты және оған белсенді әсер ету мүмкіндіктерін зерттеу;
маркетинг стратегиясын жасау;
жаңа қызмет көрсету түрлерін жоспарлау, белгілі бір қызмет көрсетулер үшін маркетингтік концепцияны жасау;
жарнама және сатуды ынталандыру;
қызмет көрсетулермен айналысатын қызметкерлерді оқыту;
маркетингтік стратегияның орындалуын қадағалау.
Сондай-ақ, Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің болашақта даму мақсаттарын М.Портердің ромбысы негізінде төмендегі суретпен беруге болады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі бүкіл дүние жүзін қамтыған қаржылық дағдарыс жағдайында осындай негізгі мақсаттарды шешу өте маңызды болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақты өсуі және
бәсекеге қабілеттігі
Банк секторының өтімділігі мен қаржылық
тұрақтылығын қолдау
Банк қызметтері мен өнімдерінің,
технологияларының сапасын арттыру
Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту
2-сурет Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары
Қазіргі кезде елдің экономикалық жүйесінде банктік сектордың мәні өзекті болуда. Осыған байланысты экономиканың банктік секторын стратегиялық талдаудың (SWOT-талдау) мәні зор. Берілген талдау банктердің күшті және әлсіз жақтарын, сонымен бірге олардың дамуы үшін мүмкіндіктері мен қауіптерін табуды қамтиды. Төмендегі кестеден банктердің қызметіне SWOT-талдау жасалды.
Өздерінің мақсаттарына жету үшін коммерциялық банктерге тұтынушыларға банктік өнімдер мен қызмет көрсетулерді өткізумен байланысты мәселелерді қарастыру қажет. Клиенттермен, ең алдымен клиенттік базаның негізін құрайтын және оны болашақта кеңейту көздері болып табылатын кәсіпорындармен және тұрғындардың негізгі топтарымен белсенді коммуникация бағдарламасын жүргізу қажет. Банк әрбір клиентпен ұзақ мерзімді клиенттік қатынастар қалыптастыруы тиіс. Осы мақсатпен банк клиенттердің сұраныстарының дамуын болжауы керек, банктік бизнестің жаңа бағыттарын анықтау және маркетингтік зерттеу жүргізіп, банктік өнімдер мен қызметтердің толық шараларын ұсынуы тиіс.
2-кесте Банктердің қызметіне жасалған SWOT-талдау
Күшті жақтары |
Мүмкіндіктері |
|
|
Әлсіз жақтары |
Қатерлер |
|
|
Тәуекелдерді басқару Банктің операциялық қызметінің маңызды элементі болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдердің негізгі түрлері мыналар: несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі және валюталық тәуекел. Банктің тәуекелдерін басқару келесідей жүзеге асырылады.
Банктің тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді анықтауға, талдау мен басқаруға, тәуекелдерді шектеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін және оның орнатылған шектеулерге сәйкес болуын үнемі бағалауға бағытталған. Тәуекелдерді басқару бойынша процедуралар мен саясат нарықтағы жағдайлардың өзгеруін есепке алудың негізінде жүргізіледі.
Банктің Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқару бойынша жүйенің қызмет етуіне, негізгі тәуекелдерді басқару мен тәуекелдерді басқару бойынша процедуралар мен саясатты мақұлдауға жауапты болады.
Банк Басқармасы тәуекелді төмендету бойынша іс-шараларды орындау мен мониторинг үшін жауапты болады, сонымен қатар Банктің тәуекелдердің тағайындалған шегінде қызмет етуін қадағалайды. Банктік тәуекелдер Департаментінің жетекшісінің міндеттеріне тәуекелдерді жалпы басқару және заңнаманың талаптарын орындауын қадағалауды жүзеге асыру, сонымен қатар тәуекелдер бойынша есепті жасау, анықтау және бағалау бойынша жалпы принциптер мен әдістердің қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру кіреді.
Несиелік, нарықтық және өтімділік тәуекелдері Несиелік комитеттер мен активтер мен пассивтерді басқару бойынша Комитет жүйесімен басқарылып, қадағаланады. Шешімдерді қабылдау процесінің тиімділігін жоғарылату үшін Банк тәуекелге ұшыраудың мөлшері мен түріне байланысты несиелік комитеттердің иерархиясының құрылымын жасады. Нарықтық тәуекел мен өтімділік тәуекелі активтер мен пассивтерді басқару бойынша Комитетімен басқарылады және қадағаланады.
Банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.
Валюта нарығында жұмыс істейтін өкілетті банктердің басты мәселесі?:банк өтімділігін және валюта операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында валюта қоржынын тиімді басқару,активтер есебінен өтімділікті қамтамасыз ету,тиімділікті теңдестіре басқару стратегиясы, ақша қаражаттарына деген сұранысты қанағаттандыру үшін қарызға алынған өтімді қаражаттарды пайдалану,ақша және валюта нарықтарындағы валюта операцияларының табыстылығын салыстыру
«Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережелері» қай жылы қабылданған?:1997 жылы 23 мамыр,1996 жылы 8 тамыз,1999 жылы 31 қаңтар,1993 жылы 10 тамыз, 2000 жылы 15 ақпан
«Екінші деңгейдегі банкілерде пайдаланармандар шоттарының ашылу тәртібі» атты нұсқау қай жылы қабылданған?: 1997 жылы 4 наурыз, 1996 жылы 8 тамыз, 1999 жылы 31 қаңтар, 1997 жылы 23 мамыр,1993 жылы 10 тамыз
Қаражаттың бейрезиденттерден резиденттер пайдасына өтуін қарастыратын, капитал қозғалысымен байланысты валюта операциялары қалай жүргізіледі?: шектеулі, жабық түрде,шектеусіз, тыйым салынады,етілген күнде
Заңды тұлғаға тікелей немесе жанама бақылау жүргізу мақсатында, капитал енгізу (жарғы капиталының 10%-нен жоғары): акционерлік және оған теңелген капиталға салымдар (соның ішінде тауар формасында болатындары да), беру мерзіміне тәуелсіз, тікелей инвесторлар қарызы мен несиесі (соның ішінде тауар формасында да); қайта инвестициялау бұл?:тікелей инвестициялар, қаржылық инвестициялар,қоржындық инвестициялар, аралас инвестициялар,реинвестиция
Салынған капиталдан табыс табу мақсатымен бағалы қағаздарды сатып алу түріндегі қаржы салымдары бұл?: қоржындық инвестициялар,тікелей инвестициялар,мемлекеттік инвестициялар,жалпы инвестициялар,нетто-инвестиция
Валюталық басқарудың негізгі қызметтеріне келесі операциялар жатады: валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу,банктiң бөлiмшелерiмен құрылатын төлем форматтарын стандарттарын қадағалау бойынша қадағалау,ақша және валюта нарықтарының хал-жағдайын және даму динамикасын талдау,халықаралық тәжірибеде қабылданған нысандарда, халықаралық әсіресе сыртқы саудалық есеп-қисаптарға қызмет көрсету бойынша жүргізілетін операциялар, ағымдағы және есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары
Валюта қоржынын басқарудың негізгі мақсаты?: мүмкін болатын шығындарды болдырмау және ақша, валюта нарықтарында шетел валютасында жүргізілетін операциялардан табыс табу,нақтылы қаражатқа тез ауысына жол беретін сенімді нарықпен қамтылуы қажет,ақша қаражаттарына деген сұранысты қанағаттандыру үшін қарызға алынған өтімді қаражаттарды пайдалану,валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу, валюталарды сату және сатып алу
Валюта шығындарын болдырмаудың бірден-бір тәсілі?: банктің барлық валюта түріндегі активтері мен пассивтерінің теңдестірілген құрылымын сақтау,тәуекеллерді қамсыздандыру,салымдар бойынша қаражаттарды қабылдау және несие қаражатын беру,мүмкін болатын шығындарды болдырмау және ақша, валюта нарықтарында шетел валютасында жүргізілетін операциялардан табыс табу,валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу
Банктің шетел валютасы түріндегі активтері мен міндеттемелерінің арасалмағы?: валюта жайғасымы, валюталық тәуекелділік, валюталық маржа, паритет,валюта тиімділігі
Банкте, валюта операцияларын жүргізу процесінде бір валюта орнына басқа валюта алынады (яғни, бір валюта екінші валютамен алмасып жатады), егер, осы кезде міндеттемелер мен талаптар қатынасы үйлеспесе, онда бұл қагдай жайғасым?: ашық,жабық,қысқа,ұзын,ішкі
Ашық валюталық жайғасым қандай түрлерге бөлінеді?: қысқа және ұзақ,ашық және жабық,ішкі және сыртқы,таза және аралас,тікелей және жанама
Сатылған валюта бойынша банк міндеттемелері талаптарынан асқан жағдайда, жайғасым қандай болады?: қысқа,ашық,ішкі,таза,тікелей
Сыртқы сауда, кредит және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегу қаупі?: валюталық тәуекел,валюталық жайғасым, валюталық теңсіздік,қаржылық тәуекел,валюталық паритет
Келісімнің негізінде тұрған валюта бағамының төмендеп кетуінен сақтандыратын жедел келісім?: хеджирлеу,Факторинг,спот,форвард,своп
Хеджтің жағымды жағы?: шығындардан арылу,тәуекеллерді қамсыздандыру, конъюнктураның қолайлы өзгерістерін қолдану мүмкіндігін жоғалту, валюталарды сату және сатып алу, валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу
Хеджтің жағымсыз жағы?: конъюнктураның қолайлы өзгерістерін қолдану мүмкіндігін жоғалту,тәуекеллерді қамсыздандыру, валюталарды сату және сатып алу, валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу,шығындардан арылу
Белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізуге міндеттелінетін, нақты тауар (валюта,бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле?:форвард,спот,своп,фьючерс, облигация
Шұғыл жеткізілім шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбір активті сатып алу-сату жөніндегі мәміле?: своп,спот,форвард,фьючерс,облигация
Алдын ала келісілген мерзім ішінде, бекітілген бағамен белгілі бір активті сату немесе сатып алу құқығын беру туралы екі жақты келісім шарт?:Опцион,спот,своп,форвард,фьючерс
Әртүрлі валюта нарығында валюта бағамдарының өзгеруі негізінде пайда табу мақсатымен шетел валютасын бір валюта нарығынан сатып алып, оны сол мезгілде екінші бір валюта нарығында сату үшін қолданылатын валюталық арбитраж?:кеңістілікті арбитраж,мерзімді арбитраж,пайыздық арбитраж,күрделі арбитраж,таза арбитраж
Валюта бағамының уақыт барысында өзгеруі негізінде пайда табу?: мерзімді арбитраж,кеңістілікті арбитраж,пайыздық арбитраж,күрделі арбитраж,таза арбитраж
Валюталық мәміле жүргізуде түрлі валюталар бойынша пайыздық мөлшерлемедегі айырма есебінен пайда табу?: пайыздық арбитраж,кеңістілікті арбитраж, мерзімді арбитраж,күрделі арбитраж,таза арбитраж
Әртүрлі нарықтарда, валюталық (котировка) бағаламаларды зерттеу негізінде шетел валютасын арзан бағамен сатып алу үшін, бірқатар валюталармен жұмыс істеу?: күрделі арбитраж, кеңістілікті арбитраж, мерзімді арбитраж,пайыздық арбитраж, таза арбитраж
Мемлекет аумағында орныққан, банктер арқылы жүзеге асырылатын әртүрлі операциялар жиынтығы?:Ұлттық валюта нарығы,валюталық операциялар,банктік операциялар,қаржы нарығы,мемлекеттік валюталық операциялар.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банк менеджментінің мәнін, мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Банк менеджментінің басты мақсатын атаңыз
Банк неге өз мүддесін ғана емес сонымен қатар қоғам мүддесін де қорғауға тиіс, түсіндіріңіз?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк менеджментінің мәнін, мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Банк менеджментінің басты мақсатын атаңыз
Банк неге өз мүддесін ғана емес сонымен қатар қоғам мүддесін де қорғауға тиіс, түсіндіріңіз?
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банк менеджментінің мәнін, мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Банк менеджментінің басты мақсатын атаңыз
Банк неге өз мүддесін ғана емес сонымен қатар қоғам мүддесін де қорғауға тиіс, түсіндіріңіз?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк менеджментінің мәнін, мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Банк менеджментінің басты мақсатын атаңыз
Банк неге өз мүддесін ғана емес сонымен қатар қоғам мүддесін де қорғауға тиіс, түсіндіріңіз?
Көлемдік, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді мінездеңіз.
Банк мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басты жазбалар мен нормативтерді атаңыз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы
Репродуктивті деңгей
Банк менежментінің басты бағыттарын атаңыз және оның әрқайсына қосымша түсінік беріңіз.
Банктің аналитикалық жұмыстарының басты мақсаты қандай?
Банк менеджменті жүйесінде, реттеудің қандай нақты ерекшеліктері бар.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк менеджментінің басты сфераларын атаңыз, оларға түсінің беріңіз. Дұрыс емес менеджменттің тәуекелі қаншалықты және оны қалай бақылап, дұрыс жолға қойюға болады?
Банктің басқару қызметінде банк маркетингі қандай орынға ие?
Шығармашылық деңгей
I. Мысалы сіз, нақты аймақта бірнеше жыл қызмет жасағап отырған бір – офисті банктің президентісіз. Осы аймақтағы халық санының, кәсіпо-рындардың өсуіне байланысты сіз бірнеше филиал ашып қызметіңізді кеңейткіңіз келеді. Осы мәселені шешуде, келесі сұрақтарға қалай жауап берер едіңіз?
Жаңа офистерді қай жерде орналастыру қажет, олар қандай қызметтер көрсетуге тиісті?
Әрбір жаңадан ашылған филиалдың жұмыс тиімділігін, оның әрі қарай жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтау мақсатында, қандай критерияларды қолдануға болады?
Филиалды-банктің, Сіздің бір-офисті банкіңізге қарағанда қандай артықшылықтары бар? Банк филиалдарын құрумен байланысты қандай кемшіліктер пайда болуы мүмкін? Осы кемшіліктерді төмендетудің қандай жолдары бар?
Филиалдар құрылғаннан кейін, болмаса одан бұрын холдингтік компанияны құру мүмкіншіліктері қандай? Сіздің банкіңіз үшін холдингтік компанияның құрылуы тиімді ме?
II. Ақша нарығында, қызмет сферасы мен ассортиментін кеңейту негізінде белсенділік көрсетіп отырған банктер, бүгінгі күні-инвестициялық қызмет түрінің кеңеюін де талап етеді. Олар – корпорациялардың қарыз куәлігін, клиент кәсіпорындардың акцияларын, кейіннен, инвесторларға ашық нарықта қайта сату мақсатымен сатып алуды көздейді. Тәуекеллік дәрежесі және пайданы өсіру көзқарасы бойынша осы жоспар банкке қаншалықты қажет? Осы банкте, ірі депозиттері бар коорпорация басшылары банктің осындай іс-әрекетіне қалай қарар екен?
Тақырып 2. Банк қызметін ұйымдастыру және банктің
ұйымдық құрылымының негіздері. Коммерциялық банктердің қызметі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
Мақсаты: Банк жұмысын ұйымдастырудың түрлі әдістерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру және басшылық таңдап алған банк қызметін ұйымдастырудың нақты нысанының пайда көлеміне, тәуекел деңгейі мен операциялар тиімділігіне тигізер әсерін бағалау.
1. Банктің ұйымдық құрылымы. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
2. Банкті ұйымдастыру қағидаттары
3. Банк құрылымының қалыптасуына әсер ететін факторлар
4. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
5.ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
1. Белгілі функциялар мен операцияларды орындайтын банктің кәсіпорын ретіндегі мәні, басқару аппараты мен оның ұйымдық құрылымдарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жылдар бойы банкілерде бір қатар ұйымдық нысандар қалыптасып, оның әрқайсысы тұтынушылар қажет ететін функциялар мен қызмет түріне ыңғайланған. Бүгінгі жағдайда қалыптасқан, банк типтерінің қатарына: әмбебаб, маманданған, инвестициялық, ипотекалық, жинақ, арнайы тағайындалған және тағы басқа банктерді жатқызуға болады. Алайда, күнделікті жәй операцияларды және басқа да өзіндік өзгешілігі бар қызметтерді көрсететін әр бір банкте, басқару блоктарының міндетті жинағы болуға тиіс. Бұлардың қатарында:
Банк Кеңесі.
Басқарма.
Басқарудың жалпы мәселелері.
Коммерциялық қызмет.
Қаржылар.
Автоматтандыру.
Әкімшілік.
Бірінші блокты банк құрылтайшылары қалыптастырады. Олардың саны әр түрлі болуы мүмкін, бірақ әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесі 35% аспауы керек. Банк құрылтайшылары қатарында мемлекеттік құрылымдар және жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде, банк меншігінің акционерлік нысаны көп тараған, мұнда құрылтайшылар мен акционерлер ретінде әртүрлі меншік нысандарын иеленетін жеке және заңды тұлғалар көрінеді.
Басқарудың негізгі органы – банк акционерлерінің жиналысы, ол банк қызметінде келесі стратегиялық міндеттерді орындайды: банктің ашылуы туралы және қорларының қалыптасуына қатысты шешімдерді қабылдау, банк жарғысын және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын анықтау, банк жұмысы туралы есепті бекіту.
Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк Басқармасы және Тексеру комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы, белгіленген мерзімде өкілеттілік жүргізетін банк Кеңесін сайлайды. Сондай-ақ, банк акционерлерінің жалпы жиналысы Кеңес мүшелерінің санын анықтайды. Кеңес мүшелері көп дауыспен банк Кеңесінің төрағасы мен оның орынбасарларын тағайындайды, бірақ Кеңес мүшелері бір мезгілде Тексеру комиссиясының немесе Басқарма мүшелері қатарында болмауы шарт.
Банк Кеңесі басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл ішінде кемінде бір ретт мәжіліске жиналады. Банк Кеңесі:
банк саясатының бағытын және нақты экономикалық жағдайға, дивиденттер мен пайыздық мөлшерлемелер көлеміне байланысты операциялар шеңберінің кеңеюін анықтайды;
банк Басқармасы мен Тексеру комиссиясының жұмыстарына бақылау жүргізеді;
банк өкілдіктері мен филиалдарының ашылу мәселелерін шешеді;
банк жүргізетін кредиттік және инвестициялық саясаттың орындалуына бақылау жүргізеді;
банк төрағасын, оның орынбасарларын және басқада басқарушы тұлғаларды тағайындайды;
жұмыс жүргізетін комитеттерді бекітіп, олардың мүшелерін сайлайды.
Кеңес мүшелері, банк қызметін реттейтін заң актілерінің бұзылғаны және банк жарғысымен қарастырылмаған операциялардың орындалғаны үшін, сондай-ақ тиімсіз шешімдер қабылдану нәтижесінде шығындардың туындауына жауапкершілікте болады.
Банк басқармасы (екінші блок) банк қызметінің стратегиялық бағыттарын бекітуге және жалпы басқару жұмыстарына жауапты. Басқарма құрамына банктің ірі бөлімшелерінің жоғарғы басшылары және осы кредиттік мекемені толық немесе жартылай иеленетін тұлғалар кіреді.
Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі банк жарғысымен бекітіледі. Банк басқармасының төрағасы:
банк атынан сөз жүргізуге өкілетті;
банкті басқаратын жоғарғы органның шешімдерін қабылдап, сол шешімдердің орындалуын қадағалайды;
банк ұжымын ұйымдастырып, басқарады;
банкті басқаратын орган алдында банк жұмысының заңдылығына жауап береді.
Банк Кеңесі (басқармасы) жанынан екі комитет құрылады: Кредиттік және Тексеру. Кредиттік комитеттің функцияларына жататындар:
банктің кредиттік саясатын, тартылатын қаражаттар құрылымы мен оларды тиімді орналастыру бағыттарын қарастыру;
сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүргізу мен қорларды инвестиялауға байланысты мәселелерді қарастыру;
банктің жеке бөлімшелерінің қызметін бақылау.
Тексеру комитетінің құрамы акционерлердің жалпы жиналысында тағайындалады. Банк Кеңесінің мүшелері және банктің штаттық қызметіндегі басқа тұлғалар Тексеру комитетінің құрамына сайланбайды. Тексеру комитеті – банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса мен мүлік жағдайын және жыл ішінде жүргізілетін валюталық, есеп-айырысу, кредиттік операциялардың банк қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады.
Үшінші блоктың жұмысы – банк қызметін жоспарлау мен болжауды ұйымдастыру, банк қызметінің (активтер сапасы, капитал жеткіліктігі, өтімділік және тағы басқадай) негізгі бағыттары бойынша Ұлттық банктің талаптарын орындау, басқару әдістемесін тағайындау (методологиясын). Бұл блоктың мәселелері экономикалық-жоспарлау басқармасы шеңберін- де шешіледі.
Төртінші блок – әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды (несиелендіру, инвестициялау, валюталық, трасстық және басқа да активті операцияларға қатысты). Бұл блокқа кіретіндер: кредитті басқару бөлімі, опциондық басқару, бағалы қағаздар мен операцияларды басқару және т.б.
Кредиттік басқару – кредиттік қоржынның қалыптасуына, пайдаланармандарды несиелендіруге, несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.
Қаржылық блокқа: бухгалтерия, табыстар мен шығыстардың есебін дайындайтын касса, ішкі банкілік есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар бөлімшелері, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорын ретінде банктің өз қызметінің есебі кіреді.
Алтыншы блок – ақша ағымдары бойынша мәліметтердің электронды өңделуін қамтамасыз ететін, техникалық блок (несиелендіру, есеп айрысу және басқа да операциялар).
Кадрларды жинақтау, жұмыс орындарына қажетті кандидаттарды таңдау, қызметке қабылдау, қызметтен шығару, қызмет сатысының өсуіне қатысты және басқа да жұмыстарды – кадрлар бөлімі, яғни жетінші (әкімшілік блогі) блок қамтиды. Бұл блокқа, сондай-ақ канцелярия, секретариат және әкімшіліктің шаруашылық бөлімін жатқызуға болады.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым – қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін
талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.
Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
жоғарғы менеджерлер;
администраторлар;
қадағалау және аудит /ревизиялық/ функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау – жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы
басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер – басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Банк өзінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банкткер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штаптық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістеменлік көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы – клиенттнрге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
2. Банкті ұйымдастырудың негізгі қағидаларына жататындар:
банктерді орындайтын қызметтеріне сәйкес құру;
ұйымдастыру буындары және билік өкілеттілігі бойынша сатылар (иерархия);
банк қызметінің қойылған мақсаттарға сәйкес болу қағидасы;
бірлескен және үйлестірілген іс-әрекеттер, басқаруды рационализация- лау;
банк қызметінің қоршаған орта талаптарына толық сәйкес болу қағидасы;
персонал қызметін регламенттеу;
жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілу.
Банкті ұйымдастыру қағидалары – бұл банкке тән функциялар мен операциялардың орындалуы үшін алғы шарттарды құратын, банк жұмысының бастапқы ұйымдастыру жағдайлары.
Негізгі функционалдық қағида дегеніміз, банктің ұйымдық құрылымының, банк қызметінің нақты бағытына және көрсететін қызметтерінің көлемі мен түрлеріне сәйкес, қалыптасуын білдіреді. Сондықтан, банк операциялары мен функциялары және олардың масштаб-тары банк басқару жүйесінің құрылуын негіздейді.
Банк бөлімшелері бойынша, билік өкілеттілігінің сатысы биліктің екі буынын қарастырады. Олардың бірінші буына, Кеңес пен Басқарманы, Тексеру комиссиясын, Кредит комитетін жатқызуға болады. Екінші буынға, жалпы банк ісіне және пайдаланармандарға қызмет ететін бөлімдер жатады. Банк қызметінің басқармасы, банк операцияларының функционалды белгіленген бағыттары бойынша, жіктелуін есепке ала құрылады:
1) банк қызметін болжау (жоспарлауды) басқармасы, банк қызметінің негізгі қағидаларын (өтімділік, пайдалылық және сенімділік) қамту мақсатында, банктің басқару функцияларын жүзеге асырады;
2) кредиттік басқарма, әртүрлі кредиттік операциялардың орындалу негізі болып саналатын несие қорының қалыптасуын, берілетін несиелердің функцияларын, қолдану аясын және оларды қамсыздандыруды қамтамасыз етеді;
3) коммерциялық банк қызметінде маңызды орын алатын валюта басқармасының негізгі функциялары:
валюта жайғасымы мен валюталық шоттарға басшылық ету;
валюталарды сату және сатып алу;
салымдарға қаражаттарды қабылдау және несие беру;
тәуекелділіктерді қамсыздандыру.
4) депозиттік операцияларды басқару бөлімі, банктің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарын талдауға және олардың есебін жүргізуге арналған. Оның функцияларына келесілер жатады:
банктің депозиттік қаражаттарының, мерзімдері және жеке депозиттері бойынша есебін жүргізу;
банк ресурстары және олардың банк балансының өтімділігіне тигізер әсерін бағалау мақсатында – депозиттік қаражаттарды, олардың құрылымы мен даму динамикасын талдау;
банк ресурстарын жоспарлауға қажетті, ақпаратты ұсыну.
5) есеп айырысу-кассалық қызмет басқармасының функцияларына келесілер жатады:
есеп айырысуға қажетті шоттарды ашу және оларға басшылық ету;
кассалық операцияларды жүргізу.
6) талдау және статистика басқармасы келесілерді қарастырады:
статистикалық ақпаратты жинақтау мен талдауды;
банк қызметі туралы есептерді, жоспарлар болжамын дайындауды;
банк балансының статистикалық өңделуін;
пайдаланармандарға ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетуді.
7) маркетинг басқармасы, оның функцияларына жататындар:
рыноктық конъюнктураны зерттеу;
банк қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу және еңгізу;
клиенттері мен әріптестеріне қатысты іскерлік байланыстарды орнату;
8) банк филиалдарының басқармасы келесілерді қарастырады:
филиалдардың қызметтеріне басшылық жасау;
жүргізілетін банк саясатының дұрыс болуын қадағалау және банк жұмысы тиімділігінің жоғарылауын қамту.
Қойылған мақсаттарға сай келу қағидасы, банктің негізгі міндеті – пайда табуға бағыттап жалпы банк қызметін ұйымдастыруды қарастырады. Сондықтан, банктің ұйымдық құрылымы, барлық қызмет бөлімшелерінің жұмысын үйлестіріп, дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Банктің ұйымдастыру қағидаларының қатарына, басқаруды парасаттау да (рационализациялау) жатады. Ол – нарықты зерттеу, өндіріс шығындарын қысқарту және көрсетілетін қызмет түрлерінің кеңейюі бағытында банктің мақсатты дамуын қарастырады.
3. Банктің ұйымдық нысаны оның функцияларымен негізделген, өйткені банктер ұйымдық құрылымы тұрғысынан алда тұрған міндеттерді максималды тиімді орындауға бағытталып құрылады.. Әрине, ірі банктер әр түрлі көптеген функцияларды іске асырып, банк қызметінің кең спектрін игеруді көздейді. Сондықтан, банк көлемі оның ұйымдық құрылымын анықтауда басты фактор болып табылады. Банктің ұйымдық құрылымын және оның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер қатарына, жоғарыда аталған, банк көлемі және функцияларымен тең жүретін басқада біраз факторларды жатқызуға болады: банк персоналының сапа және сан жағынан қажетті көлемін, қызмет бағытын, шығындарды үнемдеу есебін және персоналдың жұмысбастылығын. Банктердің қызметіне мемлекеттік реттеу жүргізу, олардың ұйымдық құрылым нысанының және көптеген қажеттіліктерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Банк көлемінің оның ұйымдық құрылымына әсер етуі, ірі және майда банктердің құрылымдарын салыстыру кезінде көрінеді. Жүздеген банктер мысалы АҚШ-та, майда және орта шаруашылық құрылымдарына қызмет көрсетумен, жеке тұлғалардан кішігірім депозиттерді тартумен, сондай-ақ майда кәсіпорындарға қарыз қаражатын және тұтыну кредиттерін берумен айналысады. Мұндай банктерді әдетте бөлшек банктер деп атайды. Ірі «көтерме» қаржы-несие институттары (мысалы, «Морган гэренти энд бэнкерс траст оф Нью-Йорк», секілді), корпорацияларға ірі заем берумен және комерциялық кәсіпорындарға қызмет көрсетумен айналысады.
Кіші банктердің даму деңгейі, аймақтың экономикалық жағдайына тәуелді. Осы банктердің көбі ауылшаруашылық өндірісімен тығыз байланысты қызмет жасайтын болғандықтан, жергілікті кәсіпорындар жағдайының тұрақтылығы да олар үшін өте маңызды. Өйткені, жергілікті кәсіпорындардың қаржы жағдайының төмендеуі, банк қызметінің өсу қарқынына және оның депозиттер, несиелер және табыс көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Ірі банктерге қарағанда кішігірім банктердің жұмысында кездесетін тәуекеллер деңгейі төмен болғанымен, олардың жаңа қызметтер түрін игеру және тез даму мүмкіндіктеріде өте төмен.
Ірі банктердің кіші және орта банктерге қарағанда біраз артықшылығы бар, олар пайдаланармандарға кең көлемде қызмет көрсете отырып, көптеген және әртүрлі нарықтарда жұмыс атқарады. Сол себебте, олардың қызметі территориалды және ұсынатын қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша әртараптанған. Бұл ұтымды, өйткені экономикалық тұрақсыз жағдайда банк тәуекелдігі деңгейінің төмен болуын қамтиды. Мұндай ірі қаржы-несие институттарының даму деңгейіне салалардың, аймақтың немесе тіпті мемлекеттің экономикалық жағдайының өзгеруі ешқандай әсер етпейді. Мысалы, «Ситикорп» және «Чейз Манхэттен» сияқты банктер АҚШ шегінен тыс территорияларда өздерінің табыстарының көп бөлігін табады. Мұндай банктердің тағы бір ерекшелігіне – төмен шығынмен капиталды жұмылдыра білу қабілетілігін жатқызуға болады.
Келесі фактордың мәні мынада, нарықтың технологиялық және экономикалық параметрлерінің өзгеруі, банктердің табысты және тиімді қызмет етуінің негізі болып табылатын, жоспарланған кадрлар құрылымын өзгертеді. Экономикалық өсу мен қатаң бәсекелестік жағдайда, банктер тұтынушылардың қаржы қызметтеріне деген сұраныстарының өзгеруін қатаң бақылауға, басқа банктермен және банкілік емес қаржы-несие ұйымдарымен бәсекелестікке дайын болуға мажбүрлі. Осындай жаңа талаптарға сай банк қызметін жүргізу үшін, банк пайдаланармандарының қажеттіліктерін зерттеуге баса назар аудара алатын, өзгермелі сұраныс жағдайында қызметтердің ескі түрін өңдей және жаңа түрлерін әзірлеп, енгізе алатын қызметкерлер мен менеджерлер қажет.
Банк құрылымына оның мамандануы мен әмбебаптылығы да әсер етеді. Әмбебап банктердің көптеген қызметтер түрін ұйымдастыруға қажетті арнайы бөлімдері бар болуы керек. Керісінше, банктің нақты қызмет түріне мамандануы мұндай бөлімдердің қалыптасуы мен бірқатар операциялардың орындалуын қажет етпейді.
Банк қызметі бойынша шығындарды үнемдеу, ұсынылатын қызметтер табыстылығының жоғарылауына және банк жұмысының тиімді болуына әсерін тигізеді. Банк коммерциялық кәсіп орын ретінде өз жұмысында минималды шығындармен пайда табуға мүдделі. Тиімсіз шығыстардың қысқару бағыттарының бірі, банк персоналының жұмыспен ұтымды қамтылуын көздейтін, орындалатын жұмыстар көлеміне банк жұмысшылар санының сәйкес болуы.
Банк құрылымын қалыптастырудағы соңғы мақсат – банк қызметкерлерінің еңбек өнімділігі кешенін тиімді басқару және қызметте табыстылыққа жету. Осы жағдаймен байланысты, банк құрылымы икемді, қозғалмалы, өзгертуғе ыңғайлы болуы және банктің басты мақсаты табыс табу жолында қызмет етуі керек.
4.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді (1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар - инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі
құралады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизинтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау.
5. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.
Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.
Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде 1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банк пен ТӘБ - нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.
3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.
Берілген қаражатты банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.
Мемлекет банктер капиталындағы бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық – Қазына ” қорының меншігіне түседі.
Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс.
Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.
Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің балансын өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.
2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.
Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың
және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.
Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.
Таңдаулы халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.
Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.
Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды.
Халықтың зейнетақы қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді.Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттендірілген банктер айналасындағы жағдай әлі де болса қараңғы болып тұр. Қаржылық жүйенің мемлекеттендіру үдерісін басқарып отырған премьер-министрда, Ұлттық банк басшысыда, ҚҚА –нің басшысыда, «Самрұқ-Қазына» қорының төрағасыда, қоғамға, мемлекеттің «БТА» және «Альянс банк - тің» құрамына неге кіргендігін түсіндірмегені бір түрлі болып отыр.
2 ақпанда мемлекеттендірілген банктердің жағдайы банкроттықтан ешқандай ерекшелігі болған жоқ. Бұл жағдай банкроттықтанда жаман болды деп айтуға болады, өйткені «БТА» және «Альянстың» активтерінің жағдайы жақсарған жоқ, ал пассивтерінің жағдайы оданда бетер болды. Өйткені қаржы нарығындағы жағдай депозитор және кредиторлардың банктен қашуына себеп болды. Нәтижесінде қашып жатқан қаражат орнын мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялардың қаражатымен толтыруға тура келді. Соның салдарынан мемлекеттің және сол мемлекеттендірілген банктердіңде қаржылық тұрақтылығы төмендеді. Бұл банктерді неге мемлекеттендіруге асыққандыға туралы мемлекеттік қызметкерлерден анық ақпарат жоқ. «БТА-ның» экс төрағасы Роман Солодченко жақын уақытта банк банкроттыққа кететіндігіне сенімді, өйткені мемлекеттің қаржы институтын қолдауға бөлінген ақшасы бітуге таяу, ал алдағы уақытта банк қайта құрылымдау жасауы қажет, оған қаражаты жоқ. Ал енді қанша қаражат кеткеніне келетін болса, ол төмендегі кестеде көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі $ 10,7 миллиардты құрап отыр, оның ішінде «Самрұқ-Қазына» қорының бағалы қағаздарын қоспағанда $8,7 миллиардты құрайды. Сонымен $8,7 миллиард дегеніміз не? 2009 – дың ақпаны мен караша аралығында «БТА» мен «Альянс» банктерін құтқаруға жұмсалған бұл қаражат, бюджеттің дефицитін толығымен жабуға мүмкіндік беретін еді және артылып қалар еді. Ол мембюджеттің жылдық шығындарын әлеуметтік саланы қаржыландыруға, яғни білім алу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмекті 3/2 ұлғайтуға мүмкіндік берген болар еді.
Нәтижесінде «құтқарудың» бағасын салық төлеушілер және президент төледі, осы айлардың ішінде ел басымызға КХР және Парсы шығанағы елдеріне несиелік қаражат сұрап, көптеген мемлекеттерді аралап шығуға тура келді.
Елбасының сөзін есте сақтаған жөн «дағдарысты жеңу үшін ешбір ел Қазақстан сияқты ЖІӨ-ге пайыздық қатынаспен алғанда көп қаражат жұмсаған жоқ», ал біздің $10,7 миллиардымыз ЖІӨ-нің 10-11% құрайды. Міне, қандай нәтижеге алып келуі мүмкін бір дұрыс емес стратегиялық шешім.
1 – кесте. «БТА» және «Альянс банкті» қолдау үшін мемлекеттік қаражаттарды құю (2009 жылдың ΙΙΙ квартал соңына)
млн. доллар
Қолдау құралдары |
БТА банк |
Альянс банк |
Қосымша капиталдандыру |
1770 |
0 |
Мемлекеттік ж/е байланысқан компаниялардың есептері, бағалау |
8 |
800 |
Мемлекеттік қарыз |
3000 |
150 |
Шығарылған БҚ |
4300 |
700 |
Барлығы |
9078 |
1650 |
Анықтама үшін: |
|
|
Ұлттық банктің БҚ кепілдігіне берілген қысқа мерзімді несиелер |
2700 |
250 |
Бүкіл каналдар бойынша алынған барлық ақша қаражаттары |
7470 |
1200 |
Ескерту: мәлімет көзі «НЕДВИЖИМОСТЬ» газеті, 5б, 07.12.09ж.
2 – кесте. 2009 жылға арналған ҚР – ның мемлекеттік бюджеті
Бюджет баптары |
2009 жыл жоспары |
2009 жылдың 9ай ішіндегі жузеге асуы |
|
нақты |
пайыз |
||
Ι. Табыстар |
24238 |
17617 |
100.0% |
Салық түсімдері |
15131 |
10698 |
60.7% |
соның ішінде |
|
|
0.0% |
Корпоративтік табыс салығы |
4513 |
2653 |
15.1% |
Жеке табыс салығы |
1883 |
1312 |
7.4% |
әлеуметтік салық |
1591 |
1131 |
6.4% |
Қосымша құн салығы |
3919 |
2712 |
15.4% |
Акциздер |
414 |
283 |
1.6% |
Салықтық емес түсімдер |
518 |
487 |
2.8% |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
443 |
177 |
1.0% |
Трансферттердің түсімдері |
8146 |
6255 |
35.5% |
ΙΙ. Шығындар |
26878 |
18359 |
100.0% |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
1195 |
792 |
4.3% |
Қорғаныс |
1296 |
838 |
4.6% |
Қоғамдық тәртіп,қорғаныс, құқықтық, соттық, қылмыстық-орындаушылық қызмет |
2210 |
1508 |
8.2% |
Білім |
4646 |
3397 |
18.5% |
Денсаулық сақтау |
3115 |
2230 |
12.1% |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
5209 |
3887 |
21.2% |
Тұрғын үй шаруашылығы |
2268 |
1397 |
7.6% |
Мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік, |
1226 |
846 |
4.6% |
Жанар май энергиялық комплекс, жер қойнауын қорғау |
439 |
241 |
1.3% |
Ауылғ су, орман, балық шаруашылығы, |
1192 |
887 |
4.8% |
өндіріс, архитектура, құрылыс қызметі |
202 |
114 |
0.6% |
Транспорт және коммуникация |
2274 |
1648 |
9.0% |
басқалары |
1052 |
196 |
1.1% |
Қарызды қызмет ету |
554 |
379 |
2.1% |
Трансферттер |
0 |
0 |
0.0% |
ΙΙΙ. Таза бюджеттік несиелеу |
165 |
0 |
0.0% |
Бюджеттік несие |
209 |
12 |
0.1% |
Бюджет несиелерін өтеу |
43 |
12 |
0.1% |
ΙV. Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо |
1209 |
901 |
4.9% |
Қаржылық активтерді алу |
1223 |
906 |
4.9% |
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер |
14 |
5 |
0.0% |
V. Бюджет дефициті (профициті) |
-4014 |
-1643 |
-1.6% |
Ескерту: мәлімет көзі «Недвижимость» газеті, 5б, 07.12.09ж
Қаржы секторы дегенде, әрине көпшілікті екінші деңгейдегі банктердің келешектегі қызметі, Қазақстанның қаржы рыногына шетелдік қаржы инсти-туттары қатысама, жоқ па, теңгенің долларға шаққандағы бағамы алдағы жылы қалай болар екен, деген сауалдар мазалайтыны анық.
Г. Марченконың айтуынша, Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдеріне қарағанда, Қазақстандағы шетелдік банктердің үлесі айтарлықтай төмен, сондықтан да қаржы секторына шетелдіктердің қатысуын заңмен шектеуге жүгінудің әзірге қажеті шамалы. Ал егер қажет болған жағдайда, еліміздегі қаржы секторына жиынтық капиталдың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде қаржылық сектордың әрбір сегментіне шетелдік банктердің қатысуын заңмен шектеуді қайта жаңғырту мәселесін қарастыруға болады, бүгінгі күнде Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатқан 37 банктің 16-сы шетелдік екен. Былайша айтқанда, еліміздегі банктердің шамамен 40 пайыздайы шетелдік. Сондықтан Үкімет әзірге қаржылық сектордың әрбір сегментіне шетелдік банктердің қатысуын заңмен шектеуді қажет деп отыр.
Ал доллардың теңгеге шаққандағы бағамына келетін болсақ, бас банкир қазіргі валюталық дәліз, яғни бір доллар үшін 150 теңге, плюс-минус 3 пайыз, немесе 5 теңге - 2010 жылы да сақталатынын айтуда. Оның айтуынша, орта мерзімді перспективада бұл дәліз ұлғайтылуы да мүмкін. Есте болса, ағымдағы жылдың ақпанда жасалған девальвацияның алдында үкімет мүшелері теңгенің долларға шаққандағы бағамы асып кеткенде 10 пайызға ғана құнсызданатыны айтып, сендірген-ді. Бірақ жеме-жемге келгенде ақпанда теңге бірден 25-30 пайызға құнсызданғанда халықтың сасып қалғаны бар.
Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстанның банк секторының сыртқы міндеттемелері жыл басынан бері айтарлықтай, анығында 7,3 млрд. долларға төмендеген. Бұл цифрға БТА банкі мен Альянс банкінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстар енгізілмегенін ескерсек, еліміздегі екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздарына қатысты мойындарына алған міндеттемелерін абыроймен атқарып жатқанын көреміз. «Қазақстанның басқа банктері қарыздарын өтеуді жалғастыруда. Бұл қарыздың көлемі айтарлықтай қысқарды: қазанның 1-індегі жағдай бойынша банктердің сыртқы міндеттемелері 31,5 млрд. долларды құрады.
Сонымен бір мезгілде, елімізде 2008 жылдан бері алғаш рет ипотекалық және тұтыну несиелеріне сұраныстың арта бастағанын айтып өткен жөн. Банктер несиені негізінен тұрақты жұмысы бар және тәуір жалақы алатын адамдарға беретінін бір қайырып қойсақ, бұл үрдістен бір жағынан елімізде жұмыссыздықпен күрестің тиімді нәтиже бергенін және халықты жұмыспен қамту мәсесі дұрыс шешіліп жатқанын аңғарамыз. Ал жалпы жоғарыда айтылған дүниелерден Қазақстанның қаржы секторының басына төнген қара бұлт сейіле бастады деп қорытынды жасауға болатындай. Ендігі міндет - қаржы секторына, банк жүйесіне «ауыздықталған аттай» қатаң бақылау орнату болып отыр, ел экономикасының игілігі үшін. Жоғарыда сөз болған тұжырымдамадағы дүниелер бұл міндеттерді шеше алады деген үміттеміз. Өйткені, дағдарыстан кейінгі кезеңде Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің қаржылық және институционалдық жағынан күшеюін Үкімет басшысының өзі қос қолын көтеріп қолдап отыр.
Банк секторын жетілдіру бойынша өз ұсынысымды қосатын болсам, мына қазіргі дағдарыс жағдайында:
- банктегі менеджментті жетілдіру;
- тұрақты даму стратегиясын құрып үйрену;
- бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
- несие беруді және оның мақсатты қолданылуын қатаң қадағалау;
- банктердің инвестиция тартымдылығын жоғарылату;
- банктің қызмет көрсету сферасын әр тараптандыру;
және осы дағдарыста кеткен қателердің негізінде үйрену.
Даму үрдісі дағдарыс арқылы да жалғаса береді!
Банк италянша қандай мағынаны білдіреді?: үстел,несие алу,депозит,салым салу,ақша аудару
Алғашқы банктер кайда пайда бола бастады?:Солтүстік Италияда,КСРО-да,Қазақстанда,Қытайда,АҚШ-та
Тарихшылардың пайымдауынша бұл елде банк және несие құқының нормалары болған, бұл қай ел?: Ежелгі Рим,Вавилон,Кіші Азия,Италия,Греция
Нормаларға сәйкес, б.э.д. ІІІғ. Айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді қалай атаған?:листинг,кумулияр,ифляция,дефолт,коммивояжер
Қайтарылу мерзімі бойынша несиенің түрлерін көрсетіңіз?: Ұзақ, қысқа, орта;Ағымдық, уақытша және ұзақ;Тоқсандық, жылдық, айлық;Сенімді, сенімсіз;Орта және ағымдық
Несиенің салалық бағыты бойынша жіктелуін көрсетіңіз: ауыл шаруашылық несиесі,жай ссудалық шот бойынша несие,овердрафт бойынша несие,стандартты несие,арнайы ссуда шоты бойынша несие
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның ................................ байқалады:несие беруінен,аудит жүргізуден,өнім шығару,инвестициялық салымдар,салықтар
Өтелу тәртібі бойынша несиенің түрін көрсетіңіз: кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес),өнеркәсіп несиесі,ұзақ мерзімді,контокорренттік шот бойынша несие,пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты)
Тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс қалай аталады?:Тәуекелді басқару,Несие саясаты,Қаржылық бақылау,Несиенің функциясы,Инфляциялық саясат
Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқаруға жатпайтын тәсілді (шаралар) көрсетіңіз: банктік несиені жою,идентификациялау,несиені кепілдендіру немесе қамтамасыз ету,ранжирлеу (саралау),провизия (резервтер) құру
Несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган?:Несиелік комитет,Қаржы министрлігі,Ұлттық банк,Коммерциялық банк,Үкімет
Банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган?: Ревизиялық комиссия,Ұлттық банк,Парламент,Несие комитеті,Ұлттық банк
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау қалай аталады?: Депозит,Лизинг,Ломбарт,Изнвестиция,Несие
Несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары қалай аталады?:Пассивтік операциялар,Депозиттік операциялар,Активтік операциялар,Лизингтік операциялар,Ипотекалық операциялар
Банктің негізгі өнімі:несие,акциз,ақша,аударма,валюта
Банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражат?: Резервтік қор,Тауарлы қндылықтар,Акционерлік капитал,Ұлттық қор,Жинақ салымы
Акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі қалай аталады?:Бөлінбеген пайда,Соңғы қалдық (сальдо),Аммортизациялық шығындар,Акцияларды сатудан түскен пайда,Жарғылық қор
Коммерциялық банктер операциялық түрлеріне қарай қалай бөлінеді?: Әмбебап және мамандандырылған,Мемлекеттік және акционерлік,Пайыздық және пайыздық емес,Өнеркәсіптік және сауда,Халықаралық және ұлттық
Иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық беретін акция түрі: Жай акция,Артықшылықты акция,Пайыздық акция,Атаулы акция,Облигация
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк «Ағылшын банкі» қай жылы құрылды?: 1964 жылы,1999 жылы,1817 жылы,1944 жылы,1917 жылы
Қазақстанда екі деңгейлі банк қай жылы құрылды?: 1991 жылы,2005 жылы,1992 жылы,1989 жылы,1995 жылы
Ломбардтық операцияларды көрсетіңіз: Тез іске асатын бағалы қағаздар, әшекей бұйымдар мен жылжитын мүлікті кепілге қою арқылы несиелеу;Чек кітапшаларын шығару;Үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру;Клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздар;Бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік операциялар
Кассалық операцияларды көрсетіңіз: Банкнота мен монеталарды қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау,Төлем карточкаларын шығару,Банкнот пен монеталарды және бағалы заттарды инкассаиялау және жөнелту,Ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру,Тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру
Банктің меншікті қаражатына жатпайды: зейнетақы қорлары,банктің жарғылық капиталы;банктің резервтік капиталы;қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;сақтандыру резервтері
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты қалай бөледі?:Депозиттер және депозиттік емес тартылған қаражаттар,Жарғылық және резервтік капиталы,Пайыздық және пайыздық емес несиелер,Ұлттық қор,Самұрық қазына
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырамалары
Репродуктивті деңгей
Басқарудың негізгі блоктарын атап, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Банк жұмысын ұйымдастыру – қандай қағидаларға сай болуы керек? Банкті ұйымдастыру қағидаларына түсінік беріңіз.
Банк құрылымының қалыптасуына персоналдар саны қаншалықты әсер етеді?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сипаттама беріңіз.
«Басқарудың жалпы сұрақтары» блогінің орындайтын қызметін түсіндіріп беріңіз. Оның негізгі бағыттарын атаңыз.
«Коммерциялық қызмет» атты төртінші блок қандай сұрақтарды шешеді? Осы блокты қалыптастыратын негізгі қызметтерді атаңыз.
Студенттің өзіндік жұмыс тапсармалары
Репродуктивті деңгей
Кредиттік басқару құрамындағы бөлімдердің қайсысы нормативтік құжаттарды әзірлеумен айналысады?
Талдау және статистика басқармасының негізгі міндеттерін атаңыз. Клиенттерге ақпаратты-анықтама қызмет көрсетуді қалай түсінесіз?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Кредиттік коммитеттің қызмет ету қажеттілігі неден туындайды ?
Көптеген банкілерде президент жанынан әрекет ететін сараптама Кеңесіне сипаттама беріп, оның негізгі функцияларын атаңыз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы тапрсырмалары
1. Банкілік ұйымдар құрылымының бірнеше мысалын келтiрiңіз. Келесі сұрақтарды ескере отырып, өзіңіз келтірген нұсқа бойынша қысқаша түсінік хат құрыңыз:
а) Әр банктің көлемі, ол ұсынатын қызметтер түрі, банк саясаты, басшылардың іс әрекеті – ұйымдық құрылымдар арасындағы айырмашылықтарды көрсетеме ме?
б) Әрбір банктің ұйымдық құрылымы банк ұсынатын қызметтерге қаншалықты сәйкес келеді?
2. Майда және ірі банктердің ұйымдық құрылымының мысалын келтіріп сипаттама беріңіз. Жоғарыда аталған банктердің негізгі бөлімдері мен бөлімшелері немен айналысады (олардың алдында тұрған функционалды міндеттері мен тапсырмаларын атаңыз)? Оларды салыстырыңыз. Нарықтық жағдайда банктің ұйымдық құрылымының өзгеруіне әсер ететін тенденцияларды атаңыз.
Тақырып 3. Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары және қалыптасу ережелері
Мақсаты: Банк ісін басқарудың негізгі құрамдық бөлімдерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру.
1. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары
2. Банктің кадрлық саясаты
3. Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты
1. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз, банк қызметіндегі басқару процессінің негізгі ұтымды бағыттарын анықтау, даму идеологиясын жасау және алға қойылған міндеттерді тиімді орындау. Банк сферасында, стратегиялық жоспарлар қатарына банк саясатын жатқызуға болады. Ол банктің ұзақ мерзімді міндеттерін, даму бағыттарын және осы аталғандарды іске асыру бойынша шаралар кешенін анықтайды.
Қазақстан банктерінің осы даму кезеңіндегі негізгі проблемаларының бірі стратегиялық деңгейде банк басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерінің жоқтығы. Банкілерде стратегиялық жоспарлаудың кейбір элементтері қолданғанмен, ол қажетті тиімді деңгейге толық сай келмейді.
Бүгінде, көптеген банктерді өз қызметтіндегі стратегиялық аспек-тілерден гөрі, оперативті мәселелер қызықтырады. Бірақ, шаруашылықтың нарықтық жағдайға көшуі, отандық банк жүйесінде бәсекелестіктің өсуі, әлемдік қоғамдастықта саясаттық және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы – банк ісінде стратегиялық жоспарлаудың қажетті түрде қолдануын талап етіп отыр.
Казақстанның алдыңғы қатарлы банктері өздерінің пайдаланарман-дарына көптеген операциялар мен қызметтерді көрсетуге мүддесі зор, мұндағы мақсат – банктің табыстылық базасын кеңейте отырып, оның бәсекелесу қабілетін жоғарылату. Тағы бір ескеретін жәй, банк ісінің –пайдаланармандарға көрсетілетін қызметтер бағасының қолайлы және сол қызметтер бойынша шығындардың екі жақты минималды болуын көздей дамуы (банк және клиент үшін).
Осыдан біраз жыл бұрын, отандық банктер сертификат, вексель және кредиттік карточкалармен жұмыс істеуді білмейтін. Сондай-ақ, факторинг, лизинг, контокоррент, опцион, банкомат және басқада осындай түсініктер банктің профессионалдық лексиконында жоқ болатын. Олда түсінікті, ойткені сол кезде банктер, орталықтанған бөлініс жүйесінде жұмыс атқаруымен байланысты, шектелген ғана қызмет түрін көрсететін. Нарық жұмысқа жаңа талаптар қойды: банктер пайдаланармандарға қажетті жаңа операцияларды игеруге, сонымен қатар өз қызметінің сферасын кеңейтуге мәжбүр болды.
Мысалы, «Казкоммерцбанк» – бүгінгі күнде, Қазақстан банктерінің ішінде бірінші болып халықаралық кредиттік рейтинті иеленіп отыр. 1998-2000 жылдары банктің айналысқа шығарған бағалы қағаздар көлемі 21,6% өсіп, оның ішінде ең көп бөлігін 1998 жылы 100 млн. АҚШ доллары көлемінде шығарылған айналыс мерзімі 3 жылдық еврооблигациялары құрады. 2000 жылы желтоқсан айының аяғында 20 млн. АҚШ долларына 2007 жылы өтелетін субординацияланған еврооблигациялар шығарылды. Халықаралық қаржы институтының статусын иелену үшін банк акционерлер қатарына басқа халық өкілдерін тартты. Осы мақсатта банк 1997 жылы ADR/GDR депозитарлық қол хат шығару програмасы бойынша халықаралық инвесторлар арасында өз акцияларын орна-ластырды.
Сонымен, отандық банктердің халықаралық деңгейде қызмет істеуін ескере отырып және оперативті басқарудың маңыздылығын еш кемітпей, банк жүйесінің нарықтық жағдайда дамуының негізгі аспектісі ретінде – ұзақ мерзімді міндеттерді жоспарлау дұрыс деп есептейміз
Стратегиялық басқаруды, банктің сыртқы нарықтағы іс-әрекетін және ішкі процесстерін, құрылымын-экономикалық өзгерістерге сәйкестей, банктің оптималды тиімді даму бағытын анықтау деп түсінуге болады. Стратегиялық басқару құрамына – стратегиялық жоспарлау, ұйым-дастыру, бақылау және реттеу кіреді.
Стратегиялық бағдарды (ориентир) негіздеу және банк құрылымын ұйымдастырудың ең тиімді нысандары мен әдістерін таңдап алу үшін, жалпы банк жағдайын және бәсекелестік орта мен банк сферасындағы қозғалыс күштерінің және олар мен байланысты өнімдер мен қызметтердің ерекшеліктерін бағалау және оларға стратегиялық талдау жүргізу қажет. Даму стратегиясы, банктің қаржы жағдайын есепке ала отырып, ең негізгі деп саналатын, ішкі және сыртқы факторларға талдау жүргізу арқылы әзірленеді. Банк дамуының стратегиялық жоспарының мазмұны және негізгі кезеңдері:
1. Банк міндеттері мен мақсаттары:
банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау;
құрылымдық бөлімшелердің деңгейін және олардың даму жоспарын анықтау;
табыс табу көзі ретінде «сыртқы» ортаның өзекті позициясын анықтау (енгізілген қаражаттар клиенттердің, партнерлардың қажет-тіліктерін қамту арқылы табыс әкеледі);
қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау.
2. Қызметтің әр түрінің мақсатын белгілеу:
мақсаттың белгіленуіне әсер ететін факторларды анықтау;
болашағы мол банк өнімдері мен қызмет қатарын анықтау;
банкті бір шама жақсы нәтижеге жеткізген, нақты қызмет сферасын анықтау;
банк қызметінің тұрақты, асық нәтижеге жететін сфераларын анықтау.
3. Банктің бастапқы жағдайын бағалау:
қызмет етілетін нарықты анықтау (банк клиенттерін және олардың кажеттіліктерін айқындау, қызмет етуге қажетті ресурстар көлемін анықтау);
нарық сегменттерін анықтау (ортаны талдау, бәсекелестерді бағалау, нарық жағдайын бағалау);
нарық тартымдылығын бағалау (сегменттердің сапасын бағалау, оларға мақсатқа сай қызмет көрсету).
4. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды анықтау;
банк стратегиясына әсер ететін микро- және макроорталар фак-торларын айқындап, талдау.
5. SWOT – талдау:
банк дамуындағы ұтымды және ұтымсыз тенденцияларды анықтау;
банк ісіндегі мүмкін болатын қолайлы және қолайсыз аспектлерді болжау.
6. Шаруашылық қоржынының даму стратегиясы:
- даму стратегиясын таңдауға әсер ететін факторларды талдау негізінде, мүмкін болар стратегиялық альтернативаларды анықтау.
7. Реттелетін факторлардағы өзгеру стратегиясы:
- іс жоспары түрінде көрінетін, нақтыланған банк стратегиясының жоспарын жасау.
Стратегиялық даму жоспары – тұрақты және ұзақ мерзімді алғы бәсекелестікті қамтуға бағыталған, өз ара сәйкестелінген бағдарламалар пакеті ретінде көрінеді. Стратегиялық, сондай ақ оперативті басқару негіздерін жасап шығару бағыты әртүрлі болмақ.
Стратегиялық жоспарлаудың, идеялы-теориялық негізі ретінде банктің даму концепциясы көрінеді. Даму концепциясы (тұжырымдамасы) – бұл банк ісіндегі өзекті, ұтымды бағыттарды бөліп көрсету, жалпы мақсаттар мен оның ішінде алғыларын анықтау. Банктің даму концепциясына: банк миссиясы, банктің қаржы нарығында алар орны, несие және қызмет көрсету саясатының қағидаттары, менеджмент қағидаттары және банк имиджі (бет-бейнесі) жатады. Игілікті банктің – өсу қарқыны тұрақты, шығыны минималды, тәуекел деңгейі оптималды, қаржы нарығы сегменттерінде нақты орны және ауқымды қызметтік базасы бар болып келеді.
Стратегиялық мақсаттар тактикалық шешім қабылдауды болжамдайды, яғни жүргізілетін операциялардан табыс табу тәсілдерін, орындалу мерзімдері мен жағдайын, ұсынылатын банк қызметтерінің көп түрлі болуын, банк капиталы мен баланс валютасының өсу жоспарын, клиенттік базаны, банк активтері мен пассивтерінің ауытқуымен мен құрылымын, табыс шамасы бойынша жоспарды және т.б. қарастырады. Сонымен, стратегия дегеніміз – перспективаны көру (болашақты), тактика –стратегиялық жоспардың орындалуын бақылау деп, қортынды жасауға болады.
Осыдан кейін, активтер және пассивтер көлемін, құрылым боынша жоспар мен пайыздық мөлшерлемелерді болжау негізінде – банктің табыстылығы, маржасы және пайдасының болжамды көлемдері анық-талады.
Банктің осындай маңызды көрсеткіштерін жоспарлау барысында, негізделмеген тәуекеллерді жою мақсатында, біздің республикада – олардың әлем деңгейіндегі мәнін есепке ала қабылданған, регулятивті нормаларды (реттеуші) ескерген жөн. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға бо-лады:
Базель келісімімен бекітілген және тәуекел есебінен таразыланған активтердің 8% төмен болмайтын капиталдың жеткілікті деңгейін;
активтердің жалпы сомасындағы 65% аспайтын кредиттердің шекті үлесін;
кредиттердің, банк депозиттік базасы негізінде қамтылуын;
пайыздық және пайыздық емес табыстар есебінен банк пайдасының өсуін;
өтімділік нормасының белгіленуін.
2. Банк қызметін ұйымдастырудағы негізгі буынның бірі банк персоналын басқару. Ойткені, көбіне банк қызметінің тиімділігі жалпы банкті басқаратын немесе жеке банкілік операцияларды орындайтын адамдарға байланысты.
Сондықтан, нарық жағдайында компанияны басқарудың үйреншікті авторитарлы стилінің орнына демократиялық түрін қолдану тиімді болмақ. Басқару түрінің бұл нысанын келесі позициялар құрайды:
нұсқаулардың – ұсыныстар нысанында берілуі;
бағыныштыларға құрметті, назарлы қатынас, достық ілтипатпен қарау;
бұйрық және тиымдарды – талқылаулар арқылы іске асыру;
мадақтау мен ұялту іс әрекеттерін – кеңестер арқылы жүргізу;
басқарушының позициясы немесе басқарушылық позиция – ұжым ішінде (ұжымның, жалпы компания қызметіне қозқарасын, ұсы-ныстарын, есепке алу) шешілуі.
Басқарудың бұл түрінің мазмұнын, алға қойылған талаптардың орындалу есебінен келесілер құрайды:
іс-шаралардың алдын-ала емес, тікелей ұжымда жоспарлануы;
шешімдердердің ұжымдық талқылау негізінде қабылдануы;
қабылданған ұсыныстардың жүзеге асуына барлығы бірдей жауапты (басшыда, бағынушыда) болуы.
Басқарудың демократиялық стилі – банкілік құрылым нақты адаммен емес қағидалармен басқарылуы қажет деп санайды. Сондада, бұл кезеңде басқарушының процестегі ролі аса маңызды, өйткені бұл жағдайда оның басқаруының объектісі ретінде құрылымдар, қызметкерлер және ұйымның идеялары мен құндылықтары көрінеді.
Банк қызметінің сәтті болуының міндетті шарты – мекемеде жоғары білікті және өз жұмысына қызығушылық танытатын мамандардың болуы. Бұл үшін біліктілік дәрежесін өсіру және кәсіптік оқытудың іс-жүзіндегі жүйесі және қызметкерлерді өзіндік шығармашылыққа итермелейтін мықты стимулдар іздестіріліп, енгізілуі қажет. Мұндай стимулдар ұжым өмірінің барлық: материалды, рухани-психологиялық, ұйымдастырушы- лық аяларында маңызды орын алады.
Еңбек үшін сый ақы берілуі тиіс, сый ақы ретіне адам өз тарапынан құнды деп есептегеннің бәрі жатады. Мадақтаудың мұндай түрлері – ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Біріншісіне, өзін-өзі құрметтеу сезімі, нәтижелерге қол жеткізуден қанағаттану, жұмысты орындау процесінде туындайтын өз еңбегінің маңыздылығы мен мағыналығын сезіну жатады. Сыртқы сый құрметке, орындалған жұмыстының орнына кредиттік мекеме тұрғысынан ұсынылатын: еңбек ақы, сыйлықтар, қызметте өсу, әртүрлі жеңілдіктер мен мадақтаулар жатады.
Соңғы уақытта ұйымды басқаруға қызметкерлердің барлығын жұмылдыру маңызды орын алып отыр. Жұмысшы – талдау, жоспарларлау, стратегия мен тактиканы қалыптастыру, банк қызметін ұйымдастыру мен бақылау процесстеріне тартылған жағдайда, ол – жалпы ұжым жұмысына өзінің тиістілігін, қызметінің маңыздылығын сезіне, қабылданатын ше-шімдердің мазмұнына өзінің пәрменді әсер еткенін сезінеді. Егер, осы талпыныс, ынталандырудың материалдық және басқа да әдістерімен қатар бірлесе қолданыс тапқан жағдайда, жұмысшылардың тиімді, рационалды қызмет (еңбек қайтарымын жоғарылататын) ету құштарлығы сөзсіз молаяды.
Еңбекке сый ақы төлудің жоғарыда аталған нысандарының орындалуы, банк ұсынатын қызметтердің сапасын және еңбектің табыстылығын көтеру нәтижесінде, банк операцияларының өзіндік құнының қысқаруын қам-тиды.
Сонымен, персоналды басқару ретінде іс барысында, қызметкерлердің потенциалды мүмкіншіліктерін толық қолдану мақсатында, олардың қызметіне, тәртібіне және мүдделеріне басқарушылық әсер ететін кешенін түсінуге болады (қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандары). Экономикалық категория ретінде персоналды басқару, жұмысшылардың еңбегі максималды қайтарымды болу үшін, олардың (мотивациясын) мүдделерін мақсатты түрде өзгертуге бағытталған үздіксіз процесс нысанында көрінеді. Дұрыс жүргізілген басқару процессі, қызметтің ақырғы жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізеді.
Банктің кадр саясатының негізгі мақсаты кадрлық мүмкіндікті тұрақтандыру мен ынталандыру, персоналдарды басқару жүйесін жетілдіру, оларды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Ол туралы төменде берілген 3-кестеде көрсетілген.
1 кесте. Банктің кадр саясатының негізгі міндеттері
№ |
Міндеттердің атауы |
Мазмұны |
1 |
Сан мен сапа |
Банк персоналдарының оптималды саны мен сапасына жету |
2 |
Кәсіби біліктілік |
Банк қызметкерлетінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру |
3 |
Ынталандыру |
Персоналдарды ынталандырудың жүйесін жасау |
4 |
Жақсы қарым-қатынас |
Қызметтік мәдениет пен қарым-қатынастың жоғары деңгейін қалыптастыру |
5 |
Корпоративтік мәдениет |
Банктің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру |
Ескерту. Кестені автор құрастырған.
Кадр саясатының негізгі принциптеріне тоқталып өтсек, 4-кестенің мәліметтері аталмыш принциптерді толық сипатталады.
2 кесте. Кадр саясатының принциптері
№ |
Принциптер атауы |
Мазмұны |
1 |
Кешенділік пен бүтіндік |
персоналдарды басқару жүйесінің кешенділігі мен бүтіндігі |
2 |
Объективтілік |
кадрларды іріктеуде объективтілік |
3 |
Ынталандыру |
персоналдарды ынталандырудың нәтижелілігі |
4 |
Кәсіби біліктілік |
Банк қызметкерлерінің кәсібилілігін қамтамасыз ету |
5 |
Кәсіби біліктілікті арттыру |
кәсіби біліктілікті арттыру мүмкіндігінің болуы |
6 |
Ұжымшылдық |
персоналдың ұжымшылдығы |
7 |
Оптималды кадрлық құрам |
Банктің кадр саясатын жүргізудегі негізі нәтижелі ұйымдасқан құрылымның және оптималды кадрлық құрамның болуы |
Ескерту. Кестені автор құрастырған.
Персоналдарды оптимизациялау процесі кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу мен оларды орналастыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату, кадрлық резервтерді қолдану, ұжым құндылықтарын нығайтуды кірістіруі мүмкін. Ұйымдық құрылым екі бөлімшеден тұрады. Әрбір бөлімше қызметін реттейтін негізгі құжатта бөлімшелердің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Банкке кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды тарту мақсатында әрбір қызмет үшін талап етілетін біліктілік дәрежесі анықталады. Банкте бос орындарға мамандарды іріктеу кандидаттың біліктілік дәрежесінің және жеке қасиеттерінің қойылған талаптармен қаншалықты сай келетіндігімен анықталады. Банк қызметкерін жұмысқа алу, ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі ішкі нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Кадрлық құрамды оптимизациялау мақсатында Банктің кадрлық құрамы құрылады. Персонал бойынша басқарма жыл сайын Банк басқармасына келесі ақпараттары бар есеп береді:
қызметкерлер саны;
ағымдағы жұмысқа қабылданған/шығарылған мамандар саны;
бос қызмет орындарының саны мен деңгейі;
күтпеген оқиғалар саны.
Персоналдардың сапасын арттыру оларды Қазақстан Республикасының территориясында немесе шет елдерде оқыту, қайта даярлау, банктерде немесе қаржы институттарында тәжірибеден өткізу, түрлі семинарларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатыстыру болып табылады.
Еңбекті ынталандыру бұл – жеке, ұжымдық мақсаттарға жету үшін персоналға ықпал ету. Еңбек ақы төлеу мен персоналдарды ынталандыру тәртібі Банк құжаттарымен анықталады.
Материалдық факторға жалақы, бонустар, жұмыс нәтижелері бойынша сыйақылар, еңбек ақы төлеудің әділ жүйесі жатады. Материалдық емес факторларға интеллектуалдық мүмкіндіктерді пайдалана алу мүмкіндігі, кәсіби біліктілікті арттыру мүмкіндігі, қызметтік сатымен өсу жатады.
Кадр резервін қалыптастыру жүйесі:
қызметкерлерді әлеуметтік қорғау;
қауіпсіз әрі жайлы жұмыс жағдайын жасау;
нормаланған еңбек жағдайын құру;
ұжымда жайлы жұмыс жағдайын ұйымдастыру;
кері байланыс жүйесі;
алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапаттау.
Персоналдарды ынталандыруда Банк келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді:
қол жетімділік, яғни әрбір ынталандыру демократиялық және анық, әрбір қызметкер үшін қолжетімді болуы керек;
материалдық ынталандыру біртіндеп жүргізіледі;
персоналдардың әр тобына жеке-жеке көңіл бөлу;
икемділік және жеделдік;
кешенділік, яғни моральді, материалдық, ұжымдық және жеке ынталандырудың бірлігі.
Банктің ұжымдық мәдениетін дамыту Банк қызметкерлерінің ұжымшылдық, Банкке тиесілілік, жұмыста сенімге ие болу секілді қасиеттерін дамытуға бағытталған ұжымдық құндылықтарды қалыптастыру мен жалпыбанктік іс-шаралар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Банк қызметкерлері Банк ішінде, сондай-ақ басқа ұйымдармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасағанда оң Банк имиджін жасауға ұмтылуы қажет. Сонымен қатар, Банк ұжымында оң әлеуметтік-психологиялық атмосфера қалыптастыру, патриотизмді дамыту мен ұжымшылдыққа тәрбиелеуге ат салысуға тиіс.
3. Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған.
Радикалдық саяси және экономикалык реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды.
Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалык өсу анықталды.
Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жакты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынаска тауар өндірушілердің экономикалык тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық кызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды колдану аса кажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрыкша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылык бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақүрылымды қалыптастру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту және қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Оның мынадай негізгі атқаратын қызметтері бар:
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландыру, оны капиталға айналдыру;
Несие беруде делдал болу;
Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
Төлем құралдарын шығару;
Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни, траст операциясын жүргізу);
Клиенттерге кеңес беру:
-несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша;
-бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша;
-күрделі қаржы беру бойынша.
І-топ : депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған, өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
мерзімді депозиттер – белгілі мерзімі бар, тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын – ала алуға шек қойылатын салым.
жинақ салымдары – белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескеруін талап етпейтін, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуін талап етеді.
ІІ-топ: депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға, болашақта пайда алу үшін жұмвыс жасауға тиіс;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер, мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
Ссудалық операциялар. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операциялардың мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты, тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етумен сипатталады.
Инвестициялық операциялар. Инвестициялық операцияларды жүргізетін бағалы қағаздары 2 топқа бөлінеді:
Мемлекеттің бағалы қағаздары;
Корпоративтік бағалы қағаздар;
Қаржылық операциялар:
Лизинг операциясы.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру:
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінің техникасы:
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кейде – 7 жыл.
Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратың қызмет түрлері.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер: бағалы қағаздардың эмитенті, бағалы қағаздармен операцияларда делдал ретінде және де бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алып, инвестор бола алады.
Коммерциялық банктермен шығарылатын бағалы қағаздарды екі негізгі топқа бөлсе болады:
Акция және облигациялар;
Жинақтау және депозиттік сертификаттар, вексельдер.
Коммерциялық банктер өздерінің акцияларын шығарғанда, қаржы-несиелік қоғам ретінде емес, акционерлік қоғам ретінде қарастырылады. Вексельдерді шығарып, оған қызмет көрсетіп, сонымен қатар жинақы және депозиттік сертификаттарға қызмет көрсету арқылы коммерциялық банктер өзінің негізгі функциясын – акшаны шоғырландыруды және төлемге қажетті қаржыны мөлшерін құрып, банк өтімділігін қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздармен операцияларда коммерциялық банктер делдал ретінде, акция шығарған мекеменің тапсырысы бойынша оны сату, қайта сату, сақтау, одан дивидед алумен айналысып, коммисиялық сыйақылар алады. Сонымен қатар, коммисиялық бастамаларға сүйеніп коммерциялық банктер облигация және басқа да бағалы қағаздарды шығарған мекемелермен келсім бойынша өздеріне сату, қайта сату және олардан пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Коммерциялық банктер қарыз алушылардан бағалы қағаздарды берілген судалардың кепілі ретінде алуы мүмкін. Бағалы қағаздардан пайда алу несиелік келсім шартта белгіленеді, бұл келсім шарт қарыз алушы мен банк арасында келсіледі. Соңғы жылдары коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына белсенді қатысуда. Аталған бағалы қағаздармен операцияларға қоса, коммерциялық банктер депозитари ретінде, акциялар және басқа да бағалы қағаздарға есеп жүргізе алады және акционерлер реесторын жүргізеді. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметі жалпы банктік лицензия бойынша жүзеге асады. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын төмендегідей топтастыруға болады:
Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері:
инвестициялық;
саудалық;
банктердің кепілдік операциялары.
Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері банктің атынан және банктің өз есебінен жүзеге асады. Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері инвестициялық және саудалық операцияларға бөлінеді. Пайда табу мақсатында банк өз қаражаттарын бағалы қағаздарға жұмсауына болады. Осы жол несиелеуге қарағанда әлде-қайда ұтымды болып табылады. Банктердің инвестициялау объектісі ретінде- тұрақты пайыздық бағалы қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар банктердің өтімділік резервінің түрі, сондықтан бағалы қағаздарды инвестициялауда оның сенімділігіне көп назар аударылады. Банктердің инвестициясының интенсивтілігі тұрақты пайыздық бағалы қағаздарына және банк клиентерінің несиелік ресурстарына, пайыздық мөлшерінің динамикасының болжамына байланысты болып келеді. Егер пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі болжаланатын болса, онда банк үшін ең тиімдісі қаржыны тұрақты бағалы қағаздарға жұмсау. Керсінше, егер пайыздық мөлшерлеменің жоғарлауы болжанатын болса, онда банк тұрақты пайыздық бағалы қағаздарды сатып алуды тоқтатып өздерінің бағалы қағаздарын мүмкіндігінше сатуы керек. Банк тәуелсіз судагер ролінде бағалы қағаздарды өз қоржынына сатып алып оны сатуды жүзеге асырады. Банктің көздеген мақсаты- сауда операцияларын орындау, яғни бір бағалы қағазға әртүрлі биржаларда бағамдардың түрлілігі арқасында пайда табу болып табылады. Осы операциялардың жеделдігі бағалы қағаздардың бағамдарын тұрақтандырады. Клиенттердің бағалы қағаздармен мәмілелері банкте өткізілетін болса, онда мұндай мәмілелерді тура деп атайды. Коммерциялық банктер инвестициялық компания ретінде үшінші беттерге бағалы қағаздарды орналастыруға кепілдік бере алады. Мұны инвестициялық компанияның тәуекеді сақтандыру немесе бағалы қағаздарды орналастыратын эмиссиялық консорциум ретінде қарастырамыз. Бағалы қағаздардың эмиссиясы болған жағдайда кепіл болған банктер инвестициялық компания (бағалы қағаздарды орналастырады) алдында барлық міндеттемелерді орындайды. Егер акциялық немесе облигациялық қарызды толық орналастырмаса оны өз есебінен алдын ала келісілген бағамен алады. Қарызды немесе акцияны толық орналастырса банктер тәуекел үшін сыйақы және комиссия алады. Мысалы: «Аң банкі инвестициялық компания ретінде «XVң мекемесінің облигациясын орналастыруға барлық жауапкершілікті өзіне жүктейді. «Бң банкі осы облигациялық қарыздың кепілі ретінде қарастырылады. Егер қарыз орналастырылмаса «Бң банкі «Аң орналастырылған облигацияларды алдын ала келсілген бағамен кабылдайды . кепілдік операцялар банктің эмиссиялық қызметімен байланысты болмаса, бір банкпен немесе банктік консорциум мен жүзеге асырылуы мүмкін. Банктердің өзара қатынастарын (кепілдік консорциум шегінде) көп жақты келсім бойынша анықтайды. [19]
Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары. Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді : Қор (акция, Облигация) және комерциялық бағалы қағаздар( комерциялық вексельдер, чек, кепілдік күәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
Мемлекеттің бағалы қағаздары;
Мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай 3 түрге бөлінеді:
Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдіктермен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
арай жылына 2 не 4 ретке дейін төленелді.
Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағыекінші деңгейлі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер : біріншіден, өтімді яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деседе болады. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалықағаздарға орналастыруға болады. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
Акциялар;
Облигациялар;
Депозиттік және жинақ сертификаттары;
Ипотекалық куәліктер;
Депозитарлық қолғаттар.
Қазақстан Республикасы экономикасындағы коммерциялық банктердің инвестициялық саясатын талдау.
Өтпелі экономикада – құлдыраудан жоғары көтерілудің шарты болып – жоғары инвестициялық белсенділікпен қоса капиталдың тиімділігінің жоғарылауы табылады.
Жалпы Ішкі өнімді 1%-ке жоғарылату үшін, өндірістік инвестиция көлемін 3%-ке дейін өсіру керек.
Қазақстанда осындай жағдайларды жасау енді-енді қолға алынып келеді.
Осы тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасында инвестициялық жағдай өте төмен болды. Осы инвестицияны Жалпы Ішкі өніммен салыстырғанда да өте төмен болды. Соның салдарынан Отандық инвестиция, ұлттық шаруашылыққа қарағанда кризиске ұшырады.
Қазақстан Республикасындағы негізгі салынған инвестицияның жалпы көлемі.
4-кесте 2006-2008ж. Жалпы Ішкі өнім
|
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
ЖІӨ (млрд. тнг.) |
130,7 |
170,8 |
210,5 |
2005 жылға қарағанда %-өсуі |
9,68 |
16,9 |
25,8 |
*Ескерту www.google.kz ҚР-дағы шетел инвестициялар статистика
5-кесте 2006-2008ж. Инвестиция өсімі
|
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
Негізгі капиталға инвестиция (млрд. тенге) |
399,084 |
665,6 |
1143,3 |
2005 жылға қарағанда %-өсуі |
69,6 |
145,4 |
277,1 |
*Ескерту www.google.kz ҚР-дағы шетел инвестициялар статистика
Егер де осы жоғарыда көрсетілген мәліметтерге анализ жасасақ, экономикамызда қандай да бір прогресс пайда болғанын байқаймыз. Жоғарыдағы цифрлар бойынша еліміздегі Жалпы Ішкі өнім мен негізгі капиталға инвестиция жоғарғы қарқынмен өсуде. Ең жоғарғы өсу ол 2001 жылы 287,1% 2005 жылға қарағанда салыстырмалы түрде тұрақтылық байқалады. Қазақстан Республикасының экономисттерінің санауы бойынша, экономиканың тұрақты өсуіне келу үшін жинақтау деңгейі Жалпы Ішкі өнімге кемінде 25%1, ал негізгі капиталға салынатын инвестиция Жалпы Ішкі өнімге 17-18% аралықта болуы керек. Соның өзінде кризиске дейінгі экономикалық жағдайды қалыпқа келтіру үшін жылдық өсім 5-6% өзінде 70 Үлкендік ережесі бойынша 12 жыл керек. Дәлірек айтсақ, ең оптималдық көзқарастар бойынша, Қазақстан Республикасында бұрынғы экономикалық жағдайды қалыптастыру 2008-2010 жылдарында болады. Бұл болжам басқа Қазақстан экономистерінің 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының экономикасы орнына келеді деген жоспарларымен сай келіп тұр. Осыларды салыстыру үшін американ ғалымдарының постсоциалистік Еуропа елдерін зерттеген кездегі жасаған бағаларын келтірейік. Олардың айтуы бойынша Венгрия, Польша, Чехия және Словакия (28% құлдырау) экономикасын қалпына келтіру үшін 5-6 жыл кеткен. Ал Болгария, Албания, Румыния елдерінде бұл мерзім 13 жылға дейін созылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бағалы қағаздарға ақша қаражатын салудың төменгідей тәуекел коэфиценттері корсетілген:
Орталық банктің бағалы қағаздарына 5% бойынша міндет жүктелген;
Мемлекеттің қарыздық міндеттемесі, сыртқы және ішкі валюталық қарыздар облигацияларына салу 10% міндеті жүктелген;
6-кесте. 2007 Шет елдердің ҚР-дағы инвестициялары
|
2007 |
||||
Салалар аты |
Түскені |
% қоры- Тынды |
оның ішінде |
||
Тікелей |
портфельдік |
сауда несие- лері, ссудалар, тағы басқа міндеттер |
|||
Багам аралдары |
43,2 |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
42,5 |
Бельгия |
16,1 |
0,2 |
0,7 |
0,0 |
15,3 |
Ұлыбритания |
1026,0 |
10,8 |
595,4 |
150,1 |
280,5 |
Виргин аралдары (ұлыбритания) |
108,4 |
1,1 |
32,7 |
38,2 |
37,6 |
Германия |
285,3 |
3,0 |
53,3 |
5,0 |
227,1 |
Ирландия |
29,3 |
0,3 |
11,1 |
1,1 |
17,1 |
Италия |
503,8 |
5,3 |
484,7 |
0,0 |
19,1 |
Канада |
811,1 |
8,5 |
739,8 |
0,0 |
71,3 |
Қытай |
280,7 |
2,9 |
210,6 |
0,0 |
70,1 |
Лихтенштейн |
27,0 |
0,3 |
20,9 |
0,0 |
6,1 |
Нидерланды |
510,2 |
5,3 |
198,6 |
3,0 |
308,6 |
Норвегия |
17,4 |
0,2 |
17,1 |
0,0 |
0,2 |
Біріккен Араб Әмірлері |
84,6 |
0,9 |
0,4 |
0,2 |
84,0 |
Панама |
153,3 |
1,6 |
0,0 |
2,2 |
151,1 |
Ресей Федерациясы |
941,9
|
9,9
|
211,9
|
0,9
|
729,1
|
Румыния |
116,4 |
1,2 |
58,2 |
0,0 |
58,1 |
АҚШ |
1740,8 |
18,2 |
1464,4 |
8,7 |
267,7 |
Түркия |
151,3 |
1,6 |
66,3 |
0,0 |
85,0 |
Франция |
761,5 |
8,0 |
22,8 |
3,9 |
734,8 |
Швейцария |
1188,0 |
12,5 |
36,0 |
267,9 |
884,0 |
*Ескерту www.google.kz ҚР-дағы шетел инвестициялар статистика
Дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейтін мемлекеттер үшін қарыздық міндеттемеге салу 10% міндеті жүктелген. Қазақстан Республикасының субъектілеріне және жергілікті органдарының өзін-өзі басқаруға 20% міндеті жүктелген. Басқа заңды тұлғалардың акциясының бір бөлігін сатып алу үшін бір мезгілде несиелік ұйымдардың қаражатын пайдалануға шектеу енгізілген. Олардың максималды жалпы көлемі 25 % құрайды.
Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларының келуі көрсетілген.
Осы мәліметке анализ жасасақ, шетел мемлекеттері жылдан жылға Қазақстан Республикасының экономикасына қызығушылық танытуда. Олардың ең көп үлестерін Ұлыбритания мен АҚШ алады. (1026 – 1740 млн $).
Инвестициялық қатынасты дамыту үшін, негізгі тұжырымдамаларды инвестордың жағдайына қарай өзгерту керек. Осы экономикамыздағы дамымай жатқан салаларға жарнама жасап, инвестор келетіндей етіп оларға инвестициялық жағдай жасау керек. Осы жоғарыда аталғандардың бәрі Қазақстанда инвестициялық стратегия жасауына әкеліп соқтырады. Жекелеп айтқанда:
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі тұжырымдамалары мен
принциптерін жасау.
Мемлекеттік инвестициялаудың басыңқыларын анықтау, технологиялардың прогрессивті дамуына жағдай жасау, әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету.
Инвестицияны тартуға және тиімді қолдануға, ұйымдастыру –экономикалық механизмін жасау, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің бос жатқан қаражаттарын инвестицияға тарту жолдары мен әдістерін табу.
Экономиканың нарыққа өтуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың және инвестициялық қатынастың өсуіне байланысты мемлекеттің қосымша қызметтері пайда болады. Сонымен мемлекеттің инвестициялық сферадағы жаңа функциялары төмендегідей:
Мемлекеттің экономикалық өсуінің басыңқыларын анықтау.
Мемлекеттік инвестициялық бағдарлама жасау.
Мемлекеттік орталықтандырылған инвестицияларды дұрыс орналастыру мен мемлекеттің бірінші қажеттіліктерін қанағаттандыру, бірінші қатардағы басыңқылардың орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстанда инвестициялық саясатты орындау үшін төмендегілерді қарастыру керек:
- Экспорттық потенциалды жақсарту, өндірістің басқа салаларын инвестициялау үшін, валюталық қаражаттардың түсуін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік сфера және Республиканың өмірін қамтамасыз ететін жүйе, салаларына мемлекеттік қолдау жасау.
Міне, Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері де 112 жылдан астам уақыт өтті. Сол 12 жылдың ішінде көптеген өзгерістер болды. Құлдыраулар да, жоғарылаулар да болды. Еліміздің экономикасы біртіндеп өз аяғына тұрып келе жатыр. Енді 15-20 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы тек қана Азия құрлығында емес, Еуропа елдерінде де бәсеке туғыза алады деген үміттемін. Н.Ә.Назарбаевтың – 2030 стратегиясында айтылғандай, инвестиция ол экономиканы қаржыландыру көздерінің бірі болып табылады.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Несие мекемесіне стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігін түсін-діріңіз. Оның мазмұнын ашып айтып беріңіз.
Банктің даму стратегиялық жоспарының жасалу кезеңдерін сипаттап беріңіз.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк саясатының құрамдық элементерін, мақсаттарын атаңыз. Банк тактикасын қалай тісіндірер едіңіз?
Банк концепциясына түсініктеме беріңіз. Банк даму концепциясының құрамдық элементтерін атаңыз. Банк концепциясын тағайындаудың алғы шарттарын сипаттаңыз.
Банктің жұмысшылар саны жоспарының негізі болып саналатын құжаттарын сипаттаңыз
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Персоналды басқару банктің төрт қызметімен байланысты, сол қызметтерді атаңыз. Персоналды басқару кезеңдерін атаңыз.
Банк қызметкерлерінің жұмыс нәтижесін бағалауда қолданылатын негізгі өлшемдерді атаңыз (мысалы, кредиттік бөлімшеде).
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Басқарушылық тәртіптің келесі нысандарының мазмұнын түсіндіріңіз: «авторитарлы нұсқау», «түсіндіріп тарату», «басқаруға қатысу» және «өкілеттілікті беру».
Несие мекемесінде еңбек өнімділігін жоғарылататын басты құралды атаңыз.
Жұмысшының сыртқы және ішкі еңбек мүдделеріне сипаттама беріңіз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы тапсырмалары
Отандық банктің және шетел банктерінің біріне қатысты банк саясатының мазмұнын келтіріңіз. Оларды салыстырып, қортынды жасаңыз.
Келесі кестеде (1.1), жұмысшылардың (ұжымының) әр түрлі даму деңгейі келтірілген. Олардың әрқайсысына басқарушылық тәртіп нысанын таңдаңыз.
1.1-кесте
Ұжымның, қызметкерлердің деңгейі |
Басқарушылық тәртіп нысаны |
Төменгі деңгей: «жұмыс істегісі келмейді, тіпті жұмысты орындау жолын білмейді де». |
|
Орташа деңгей: «жұмыс істегісі келеді, бірақ орындау жолын білмейді» |
|
Жақсы деңгей: «жұмыс істегісі келеді және оны дұрыс орындай біледі» |
|
Жоғарғы деңгей: «күрделі жұмыс істегісі келеді және оны тиімді орындай алады» |
|
«Жетекші (көсем)», «басшы», «бастық» түсініктері өзара қандай қатынаста, түсіндіріңіз? Бұл түсініктердің пайда болу негіздері қандай және олар бір-бірімен қаншалықты сәйкес келеді? Бұлардың әр қайсысына басқарудың өзіндік стилі тән деуге бола ма? Ия немесе жоқ, мысалмен дәлелдеңіз.
Басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым:Менеджмент; Қарж, Басқару есебі; Бухгалтерлік есеп; Макраэкономика
Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатпайды:банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту; банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен банк пайдалылығын басқару іске асады);қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштері;банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері; банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол:Жоспарлау; Кадрлар бөлімі; Анықтама бөлімі; Реттеу бөлімі; Қабылдау бөлімі
Банк қызметіндегі бақылау жұмысы бөлінеді?сыртқы және ішкі бақылау; тұрақты және айнымалы бақылау; ұлттық және халықаралық бақылау; импорттық және экспорттық; жеке және ұжымдық
Банктердің даму стратегияларын жетілдіру жолдары келесідей мәселелерді қамтиды:банктің өзінің ағымдағы міндеттемелері бойынша төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету; бұйрық және тиымдарды – талқылаулар арқылы іске асыру; мадақтау мен ұялту іс әрекеттерін – кеңестер арқылы жүргізу; басқарушының позициясы немесе басқарушылық позиция – ұжым ішінде (ұжымның, жалпы компания қызметіне қозқарасын, ұсы-ныстарын, есепке алу) шешілуі; қабылданған ұсыныстардың жүзеге асуына барлығы бірдей жауапты (басшыда, бағынушыда) болуы.
Банкілік құрылым нақты адаммен емес қағидалармен басқарылуы қажет деп санайды:Басқарудың демократиялық стилі; Басқару шешімі; Реттеудегі ролі; Басқару субъектісі; Банктің ережесі
Қызметтік мәдениет пен қарым-қатынастың жоғары деңгейін қалыптастыру: Жақсы қарым-қатынас; Кәсіби біліктілік; Оптималды кадрлық құрам; Кәсіби біліктілікті арттыру; Кешенділік пен бүтіндік
Кадр саясатының принциптеріне жатпайды: Реттеу; Ынталандыру; Кәсіби біліктілікті арттыру; Кәсіби біліктілікті арттыру.
Банк қызметкерлетінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру: Кәсіби біліктілік; Басқарудың демократиялық стилі; Басқару шешімі; Реттеудегі ролі; Банктің ережесі
Жеке, ұжымдық мақсаттарға жету үшін персоналға ықпал ету: Еңбекті ынталандыру; Кәсіби біліктілік; Басқарудың демократиялық стилі; Басқару шешімі; Реттеудегі ролі
Инвестициялық операцияларды жүргізетін бағалы қағаздың бір түрі: Мемлекеттің бағалы қағаздары; опциондар; негізгі бағалы қағаздар; туынды бағалы қағаздар; акция.
Инвестициялық операцияларды жүргізетін бағалы қағаздың бір түрі:Корпоративтік бағалы қағаздар;опциондар; негізгі бағалы қағаздар; туынды бағалы қағаздар; акция.
Инвестициялық операцияларды жүргізетін бағалы қағаздар неше топқа бөлінеді: 2; 4; 3; 5; 7.
Форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы: Форфейтинг операциясы; Факторинг операциясы; Траст операцияс ы; валюталық операциясы; несиелік операция.
Жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция: Факторинг операциясы; Форфейтинг операциясы; Траст операцияс ы; валюталық операциясы; несиелік операция.
Коммерциялық банктермен шығарылатын бағалы қағаздарды қанша топқа бөлінеді: 2; 4; 3; 5; 7.
Коммерциялық банктермен шығарылатын бағалы қағаздарына жатады: Акция және облигациялар; опцион; фъючерс және форвард; Чек және карточка.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай қанша түрге бөлінеді: 3; 4; 7; 2; 5.
Корпоративтік бағалы қағаздарға жатпайды: Бланкілер; Облигациялар;Депозиттік және жинақ сертификаттары;Ипотекалық куәліктер;Депозитарлық қолғаттар.
Екінші деңгейдегі капиталға жатпайды:өткен жылдың шығысы; ағымдағы жыл кірісінің ағымдағы жыл шығысынан асқан бөлігі;негізгі қорды және бағалы қағаздарды қайта бағалау; тәуекелді есепке ала таразыланған, активтер сомасының 1,25%-нен аспай-тын, жалпы резервтер сомасы; бірінші деңгейдегі капитал сомасының 50%-нен аспайтын субордина-цияланған мерзімді борыш;
Депозит болып табылмайтын банктің қамтылмаған міндеттемесі, ол банктің жазбаша ресімделген шарттары бойынша оның жоюлу кезінде ең соңғы кезекте (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында) қанағаттандырылады: Субординацияланған борыш; Бөлінбеген пайда; Шығыс; Капитал; Жарғылық капитал.
Көмекші бағалы қағаздарға мыналар жатпайды: опцион; фьючерстер; бондар; опциондар; варанттар.
Ағылшын тілінен «тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау» деген мағынаны білдіреді:Чек; Опцион; Варант; Фьючерс; Акция.
Жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір мерзімге банктерге сақтауға тапсырған ақшалай қаражаттары: Депозит; Міндетті төлемдер; Несие; Капитал; МЕА.
Илалиянша «айырбас столы» деген мағынаны білдіреді:Банк; Нарық; Келісім сарайы; Портфель; Опцион.
Тақырып 4. Банктің меншікті капиталын басқару
Мақсаты: Банктің меншікті капиталының жеткілікті болуын білдіретін өлшемдерді (критерияларын) негіздеу және осы жеткілікті (ұйғарымды) бағалауға жол беретін көрсеткіштерді таңдау.
1. Меншікті капиталдың негізгі міндеттері
2. Меншікті капиталдың қалыптасу көздері және оның жеткіліктілігін бағалау
3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын басқаруы жөніндегі пруденциялық нормативтер.
4. Қазақстан Республикасының банктерінің меншікті капиталын басқаруды жетілдіру жолдары
1. Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:
- жарғылық капиталды көбейту;
- таза кірісті көбейту;
Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:
Қорғаныс қызметі;
Шұғыл қызметі ,
Реттеуіш қызметі;
Айналым қызметі;
Резервтік қызметі;
1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.
4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын туекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк каиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. [2]
Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында қолданылатын құрал ретінде жатқызады.
Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:
Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
Тәуекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді.
Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады: егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз мінднттемелерін орындауды тоқтатса,лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін сақтайды.Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады, себебі ол міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан, акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады.Ал банк қарызы бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін, активтердің көп бөлігі төленуі мумкін және соғұрлым банктің тәекелділігі төмен болады.
Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке қарыз алуға мүмкіндік береді.
Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып луды жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы керек.
Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей, меншікті капитал – банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің тәуелсіздігіне жәе оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды. Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі. Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады, одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық құндылықтармен төленеді.
Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы мумкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы қорытынды есеп жасацды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен бекітіледі. ҚР-ның Ұлттық банкі шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі проблема – курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер етпейтінін қамтамасыз ету.
Конвертацияланатын курсы ретінде – ақша шығару кезінде тарихи курс болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.
ҚР-ның Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету балама нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.
Конвертацияланған акциялары мен тарихи немесе ресми курстың бастапқы құны арасындағы айырмашылық, бөлінбеген резервге жатқызылуы тиіс, яғни акциялар бойынша премиялар шотына. Егер де бір кездейсоқ себептермен заңды күшін жою және конвертация шығынға алып келсе, онда оны акциялар бойынша премиялар есебіндегі қандай да бір кредиттік қалдыққа жатқызу керек. Егер олардың олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдың табыстары мен шығындары шотына жатқызу керек.
Шетелдік валютадағы капиталдың заңды күшін жою бойынша және теңгедегі капиталын шығару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді валюталық позиция шоты арқылы өткізгені дұрыс. Бұл үшін нарықта теңгені сататын және валюталық позицияны сатып алатын сатып алушы болуы керек. Мұндай банктер үшін Ұлттық банк соңғы инстанциядағы сатып алушы болуы мүмкін.
Банктің меншікті капиталының құрылымы
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категорияларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
Ағымды шығындарды жабады;
Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасындағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады. Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курсттық жұмыстың «қосымша мәліметтер» атты бөлімінде толық көрсетілген.
Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.
Меншікті капиталдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:
Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;
Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:
Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;
Меншікті капиталдың құрылымын сызба түрінде 1-суреттен көре аласыздар:
Меншікті
капитал
Ерекшелігі бар акциялар
Жай акциялар
Қосымша капитал
Негізгі құралдарды қайта бағалау
Инвестицияларды қайта бағалау
Жарғылық капитал
Салынған капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген таза кіріс
Қосымша төленген капитал
1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы
Ескерту: Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасындағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді
Банк тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігі үшін меншікті капиталдың маңызы зор. Акционерлік капитал түріндегі меншікті капитал банк қызметінің алғашқы, құрылтайшылар бірінші кезектегі бір қатар шығындарды жүзеге асыру кезінде қажет. Банктің меншікті капиталы бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капиталдар сомасынан, акцияға жұмсалған инвестиция мен субординацияланған борышты алып тастау арқылы анықталынады. Бірінші деңгейдегі капиталға келесілерді жатқы-зуға болады:
тіркелген көлем бойынша төленген жарғылық капитал (шот 3001 қосу шот 3025 алу шот 3002, 3003, 3026, 3027);
қосымша капитал (шот 3101);
өткен жылғы пайданың және өткен жылдардағы бөлінбеген пайданың негізінде қалыптасқан қорлар, резервтер (шот 3510,3580,3599);
минус (шегеру ) ;
материалдық емес активтер (шот 1659 минус шот 1699);
өткен жылдың шығысы (шот 3599);
ағымдағы жылдың шығыстарының ағымдағы жылдың кірістерінен асқан бөлігі.
Екінші деңгейдегі капиталға жататындар:
ағымдағы жыл кірісінің ағымдағы жыл шығысынан асқан бөлігі;
негізгі қорды және бағалы қағаздарды қайта бағалау (шот 3540,3560);
тәуекелді есепке ала таразыланған, активтер сомасының 1,25%-нен аспай-тын, жалпы резервтер сомасы (шот 1465,1469);
бірінші деңгейдегі капитал сомасының 50%-нен аспайтын субордина-цияланған мерзімді борыш (шот 2402).
Субординацияланған борыш – бұл, депозит болып табылмайтын банктің қамтылмаған міндеттемесі, ол банктің жазбаша ресімделген шарттары бойынша оның жоюлу кезінде ең соңғы кезекте (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында) қанағаттандырылады.
Екінші деңгейдегі капитал құрамына кіретін субординацияланған мерзімді борыштың алғашқы өтелу мерзімі 5 жылдан кем болмайды, бұл жағдайда бес жылдың соңындағы әр жылда меншікті капитал есебінен субординацияланған борыштың бастапқы құнының 20% шығарылып отырады.
Активті операцияларды қаржыландыруда меншікті капиталдың үлесі көп емес, бұл жағдайда ол активті операциялардың жүргізілуінің қаржылық негізін құрай отырып, өзінің оперативті функциясын орындайды. Меншікті капиталдың оперативті функциядан басқа, тағы қорғаныс және реттеу функциясын атап кетуге болады.
Банк капиталының қорғаныс функциясы ағымдағы шығындарды жабу арқылы іске аса, несиегерлер мен салымшылардың мүддесін қорғайды.
Реттеу функциясы, қоғамның банк жұмысының ұтымды жүруіне мүдделі болуымен және Ұлттық банктің мемлекеттік орган өкілі ретінде екінші деңгейлі банктер қызметіне бақылау жүргізуіне мүмкіндік беретін, заңдар мен ережелерге байланысты жүзеге асырылады.
Аталған функцияларды банк капиталы өзінің көлемі жеткілікті болған жағдайда ғана орындай алады.
Банк
капиталының жеткілікті көлемі –
біріншіден,
ірі салымшыларға сенімділік кепілі
ретінде көрінетін, екіншіден –
оның
активтерінің өсуін қамтамасыз ететін
маңызды көрсеткіш.лрешегініңздыңу
және банк
қарыз
Меншікті капиталды жеткілікті болу позициясынан басқару, келесі-лерге қатысты жүзеге асады:
банк көлеміне;
тәуекеллі активтер көлеміне;
өлмелі(шиелініскен) және құнсыз активтердің көлеміне;
банк жоспарына, мақсаттарына, күтілетін (жақсы) нәтижеге;
басқару сапасына;
Банк көлемін сипаттау (жергілікті, аймақты) барысында төменде нұсқалған жұмыстардың жүргізілуін қадағалау қажет:
алғашқы (негізгі) капитал коэффициентін, оның ең төменгі деңгейімен салыстыру;
жиынтық капиталдың түсу (төмендеу) аймағын анықтау;
қарастырылып жатқан банк көрсеткіштерін басқа теңдес банктердің орташа көрсеткіштерімен салыстыру.
Тәуекеллі активтер көлемін талдауда төменде көрсетілген жағдайларды ескерген жөн:
тәуекеллі активтердің пайда болу себебін анықтау;
олардың мақұлданған деңгейін анықтау;
капиталдың жеткілікті деңгейін және банк несиесі бойынша мумкін болар шығындарды жабуға құрылған резервтердің дәлдігін бағалау.
Шиелініскен (өлмелі) және құнсыз активтер көлемін талдауда таразы-ланған саралау коэффициенті мен тәуекел коэффициенті анықталады. Таразыланған саралау коэффиценті – активтердің сәйкес топтары сомасының тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде көрініп, несиелер бойынша күтілетін шығынды есептеу және кредиттік операциялар бойынша мүмкін болар шығындар резервтерін құру негізін қалыптастырады.
Саралау көрсеткіштері, немесе тәуекелдік коэффиценттері, активтердің шиелініскен және сапасыз топтарына қажетті резервтер көлемін сипаттайды. Егерде, активтің аталған топтары бойынша құрылған резервтер – жиынтық капиталға тең немесе, одан жоғары болса, банкті сенімсіз банктер тобына жатқызуға болады.
Банктің өсу жоспарлары мен қызметінің кеңею перспективалары, оның меншікті капитал шамасының абсолютты өсуін көздейді.
Осы кезеңде, банктың активті операциялары тиімді даму үшін капиталдың жеткілікті деңгейін анықтау мақсатында, активтер мен капитал жиынтығының өсү қарқыны талданады. Бірақ, активті операциялардың өсу қарқыны – меншікті капитал көлемінің ұлғаю қарқынынан аспауы шарт, кері жағдайда банк капиталының жеткі-ліктілігінің белгіленген өлшемі орындалмай қалу тәуекелі туындайды.
Меншікті капиталды басқару сапасы – шығарылған акциялар бойынша дивиденттер көлемі және тартылған капиталдың (ұзақ мерзімді вексельдер, облигациялар) акционерлік капиталға қатынасы (knр<0,5) арқылы сипатталынады. Дивиденд мөлшерінің өсуі, банк қызметінің табыстылық деңгейінің өсу айғағы.
2. Банктің меншікті қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін қамтуда өте маңызды орын алады. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемін өсіру кезеңінде, оның меншікті капиталын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Сондықтан, меншікті капиталды басқаруда тиімді құрал ретінде, банк шығарған акциялар бойынша дивидент аймағындағы саясат саналады. Дивидендтер өсуі, акция бағасының өсуіне әкеледі, ал бұл – қосымша акциялардың сатылу мүмкіншілігінің пайда болуы және меншікті капитал көлемінің өсуі.
Банктің меншікті қаражаты, пайда есебінен құралатын – жарғылық, резервтік, сақтық қорлары негізінде қалыптасады. Қорлардың құралу және пайдалану тәртібінің ережесін банк Кеңесі бекітеді. Банктің жарғылық қоры банк міндеттемелерін қамтамасыз ете, банкте жүргізілетін опера-циялардың негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл қор (мемлекеттік банкті есепке алмағанда) акция сату немесе құрылтайшылар жарнасы есебінен қалыптаса отырып, өз көлемін қосымша акциялар шығару, оның ішінде банк пайдасын капиталдандыру және акцияның атаулы құнын жоғарылату есебінен, банк облигациясын оның акциясына айырбастау, арқылы ұлғайтады
Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері, қалыптасу тәсілдеріне қарай: акционерлік, дербес, коммерциялық, бірлескен, акционерлі – комерциялық жэне мемлекетаралық болып бөлінеді. Ең көп бөлігі акционерлік банктерге келеді (жалпы көлемінен 60% құрайды).
Резервтік қор күтпеген шығыстарды және банк залалдарын жабу үшін қажет. Бұл қор жыл сайынғы аударым түрінде қалыптасады (ол банк пайдасы бөлігінің 5% мөлшерінде аударылып, бірақ түбінде жарғылық қордың 25 %-н құрауы қажет).
Банкте басқа да қорлар құрылады: материалдық ынталандыру, арнайы тағайындалған, өндірістік және әлеуметтік даму қорлары.
Банктің меншікті қаражаты ретінде, төменде келтірілген түсімдер есебінен жүргізілетін банк операцияларының негізінде қалыптасатын табыстар көрінеді:
несиелер бойынша пайыздар;
басқа банкілердегі корреспонденттік және мерзімдік шоттар бойынша пайыздар;
банк иелігіндегі бағалы қағаздардың табысы;
валюталық және қаржылық операциялар түсімдері;
сақтандыру сыйлықтары және т.б.
Меншікті капиталды басқару, оның жеткіліктік өлшемдерін негіздеуді және осы жеткіліктік деңгейін бағалауға қол жеткізетін көрсеткіштерді таңдауды көздейді. Республикалық Ұлттық банктің пруденциалды нор-мативтер ережесі бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігі екі коэффицентпен сипатталынады: банк инвестициясы және басқа заңды тұлғалардың субординацияланған борышы алынып тастағаннан кейінгі бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың банк активтерінің сомасына қатынасы арқылы (k1) және меншікті капиталдың, тәуекел дәрежесі бойынша таразыланған активтер мен баланстан тыс талаптар сомаларына қатынасы арқылы (k2).
Банктің бірінші деңгейдегі меншікті капиталының (бакнтің) барлық активтер сомасына қатынасы 0,04 кем болмауы керек:
мұнда: К1 – меншікті капитал; ИК – басқа заңды тұлғалардағы субордина-цияланған борыш және акцияға жұмсалған банк инвестициясы; А – активтер сомасы.
Банктің меншікті капиталының, тәуекел дәрежесі бойынша таразыланған активтер мен баланстан тыс талаптар сомаларына қатынасы:
мұнда: К – банктің меншікті капиталы; А – тәуекел дәрежесі бойынша тара-зыланған, активтер мен баланстан тыс талаптар сомалары; Пс – арнайы резервтер мен (тәуекелі биік күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) меншікті капиталдың ішіне кірмеген жалпы резервтер сомасының қосындысы (яғни, тәуекелді есепке ала отырып таразыланған активтер сомасынан асатын 1,25%-ті).
Салымдардың тәуекеллік дәрежесі боынша активтер келесі түрде жіктеледі:
Топ 1 |
Тәуекел деңгейі |
1 |
2 |
ЭЫДҰ мүше-елдерінің нақты теңгесі және нақты шетелдік валютасы |
0 |
Ұлттіқ банк шотындағы қаражаттар,Ұлттық банкідегі міндетті депозиттер |
0 |
Бағалы монетарлық металдар |
0 |
ЭЫДҰ мүше-елдердің Орталық банкісіндегі ағымды шоттар, қысқа мерзімді депозиттер |
0 |
Мемлекеттік бағалы қағаздар және Ұлттық банктің қайта қаржыландыруына ыңғайлы, басқа да өтімділігі жоғары бағалы қағаздар |
0 |
Аталған банкте депозиттегі ақша, мемлекеттік бағалы қағаздар және басқа да Ұлттық банктің қайта қаржыландыруына ыңғайлы өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлы құнды металдар, ҚР Үкіметінің кепілдігі және дебиторлық берешек түрлеріндегі кепілзаттармен қамтылған, кредиттер бөлігі. |
0 |
ҚР-ның Үкіметіне берілген несиелер |
0 |
Аталған банкте депозитт (кредит), мемлекеттік бағалы қағаздар және басқа да Ұлттық банктің қайта қаржыландыруына ыңғайлы өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлы құнды металдар, ҚР Үкіметінің кепілдігі түрлеріндегі кепілзаттармен қамтылған, депозиттер бөлігі. |
0 |
Топ 2 |
|
ЭЫДҰ мүше – мемлекеттер банктеріндегі ағымды шоттар және қысқа мерзімді депозиттер |
0.2 |
Топ 3 |
|
Монетарлық емес құнды металдар |
0.5 |
Топ 4 |
|
ЭЫДҰ-ның мүшесі емес мемлекеттерттердің нақты шетел валютасы (осы валюта бойынша ұзын валюта жайғасымы шегінде) |
1 |
Банкілерде ағымды шоттардағы және мерзімді депозиттердегі қаражаттар (1,2 топта көрсетілмегендерден басқалары) |
1 |
Сатуға арналған бағалы қағаздар және басқа да бағалы қағаздар |
1 |
Басқа мекемелерге берілетін несиелер, 1 топтағы соманы есептемегенде |
1 |
Пайдаланармандарға қойылатын талаптар, 1 топтағы соманы ескермегенде |
1 |
Төлемдер бойынша есеп айырысу |
1 |
Материалдық запастар (қорлар) |
1 |
Негізгі қаражаттар 1629-1697 шоттар шегергенде |
1 |
Есептелген сыйақы |
1 |
Сыйақы мен шығындардың алдыңғы төлемі |
1 |
Бағалы қағаздар бойынша жеңілдіктер және сыйақылар |
1 |
Банк дебиторлары |
1 |
Уақытша активтер |
1 |
Тәуекел деңгейі бойынша баланстан тыс міндеттемелер келесі түрде жіктеледі: |
|
ҚР-ның Үкіметінің кепілі мен тапсырысына қарама-қарсы берілген банк кепілділігі мен тапсырыстары, сондай-ақ кепілзатпен қамтылған мемлекеттік бағалы қағаздар,депозиттер,монетарлы құнды металдардар. |
0 |
Бағалы қағаздарды сату және сатып алу бойынша шоттар (немесе құжаттармен ресімделген қаржылық фьючерстерді) |
0 |
Құжаттармен ресімделген шетел валютасын сатып алу және сату бойынша шоттар |
0 |
Қабылданған кепілдер бойынша талаптардың мүмкінінше қысқартылуы |
0 |
Шығарылған жабық аккредитивтер бойынша бар міндеттемелер |
0 |
Болашақта несие немесе/және депозиттерді алу – орналастыру бойынша шоттар, егер олар құжаттармен ресімделген болса |
0,2 |
Кепілдер,тапсырыстар, жабылмаған аккредитивтер |
1 |
Кейбір баланстан тыс міндеттемелер бойынша тәуекел деңгейін анық-тауда, ағымды немесе одан кейінгі екі ай ішінде құжаттарға сай (кейін балансқа енгізілетін) пайда болатын міндеттемелерді есепке алған жөн.
3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын басқаруы жөніндегі пруденциялық нормативтер
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының ережелерін, “Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік тіркеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы еткен болатын:
Банк топтары сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтер:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
жеткілікті меншікті капиталдың коэффициентін;
меншікті капиталдың ең аз мөлшерін;
бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін.
Банк топтары үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаты үшін:
-банк топтарының қатысушылары ретінде банкті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, активтері банк активтерінің бір процентінен кем құралатын бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын қоспағанда, банктің еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) оларды өткізу сәтіне дейін кепіл шартының талаптарына сәйкес банк меншігіне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, банктің еншілес ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларды түсінуге болады;
-банк тобының, яғни банктің, (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебін қоспағанда), жиынтықты шоғырландырылған қаржылық есебі, сондай-ақ банк тобы қатысушыларының шоғырландырылған қаржылық есебі қолданылады;
-азшылық үлесі ретінде банк тобы қатысушылары арқылы банк тікелей немесе жанама иелік етпейтін оның капиталындағы үлесіне тиесілі банк тобы қатысушысы қызметінің таза нәтижелерінің және таза активтерінің бір бөлігін түсінуге болады.
Банк тобының шоғырландырылған қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалады.
Банктер қаржылық есеп беруді тоқсан сайын есепті тоқсанның екінші айының жиырма бесінен кешіктірмей, осы қаулының қосымшасындағы нысанға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі–уәкілетті орган) банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтерінің орындалуы туралы есепті банктік топтың қатысушыларының шоғырландырылған қаржылық есеп беру, қаржылық есеп беру қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес береді.
Өтіп бара жатқан жылдың төртінші тоқсаны үшін банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган бірлесіп белгілеген аудиторлық қорытынды қоса берілетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп беру мерзімінен кешіктірілмей беріледі.
Банктік топтың жарғылық капиталының мөлшері алып қойылған капиталды шегергендегі төленген акциялар шегінде (қатысу үлесі) алынған банктің жарғылық капиталының мөлшерін білдіреді.
Банктік топтың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бір жарым миллиард теңгеден кем болмауы тиіс.
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті банктік топтың меншікті капиталы сомасының азшылық үлесіне, банктің тәуекелдік дәрежесі бойынша салмақталған активтер мен баланстан тыс міндеттемелер сомасына қатысы бар болуы арқылы белгіленеді.
Банктік топтың меншікті капиталы мынадай сомаларды білдіреді:
-банктің нақты меншікті капиталын;
-банктік топтың басқа қатысушыларының меншікті капиталының нақты мөлшері мен банктік топтың басқа қатысушыларының меншікті капиталының қажетті мәні арасындағы айырмалар.
Нақты меншікті капитал, активтер, банктің тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған шарт және мүмкін міндеттемелер екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес банктік топтың шоғырландырылған қаржылық есеп беру деректері негізінде есептеледі.
Банк тобы қатысушысының нақты меншікті капиталы клиенттер алдындағы қаржы міндеттемелерін ойдағыдай орындау мақсатында қатысушының төлем қабілетіне (меншікті капиталының жеткіліктігіне) қойылатын Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қалыптастырған шаманы білдіреді. Банк тобы қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері есебінің тәртібі оның қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Егер банк тобы қатысушысына қатысты оның жеткілікті меншікті капиталын айқындау тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капитал активтер (екінші деңгейдегі банктер және қатысушының міндеттемесі үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін инвестициялардан басқа заңды тұлғалардың реттелген борыштарындағы активтер сомасын білдіретін инвестициялардың шегі бойынша кемітілген) және қатысушы міндеттемелері арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Банк тобы қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері қатысушының төлем қабілетіне (меншікті капиталының жеткіліктігіне) Қазақстан Республикасының заң талаптарына және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қойылатын клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін ойдағыдай орындау мақсатында қалыптастырған төменгі шаманы білдіреді.
Банк тобы қатысушысына қатысты меншікті капиталдың жеткіліктілігін белгілеу тәртібі қойылмаған, сондай-ақ осы қатысушы сияқты қызмет түрлерін жүзеге асырушы ұйым үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптар болмаған жағдайда, ең төменгі меншікті капитал активтерді, шартты және мүмкін міндеттемелерді 0,2 коэффициентіне көбейту жолымен белгіленеді.
Банктік топ қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшерінің есебіне банкке талап ету құқығы бар болып табылатын осы қатысушының активі қосылмайды.
Банк тобының меншікті капиталы былайша есептеледі:
МК = НМК + (ҚМКН –ҚМКҚ),
|
МК – банк тобының меншікті капиталы |
Мұндағы |
НМК – банктің нақты меншікті капиталы ҚМКН – банк тобы қатысушыларының меншікті капиталдарының нақты мөлшерінің сомасы (банктен басқасы) ҚМКҚ - банк тобы қатысушыларының меншікті капиталдарының қажетті мөлшерінің сомасы (банктен басқасы) |
Банк тобының меншікті капиталы бір жарым миллиард теңгеден кем болмауы тиіс.
Банк тобының жеткілікті меншікті капиталының коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
К = (МК+Ү)/АБ-П),
Мұндағы |
К – жеткілікті меншікті капитал коэффициенті Ү – азшылық үлесі АБ – тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген банк активтері, баланстан тыс міндеттемелері П – қалыптасқан арнайы резервтер және банктің меншікті капиталына жатқызылмаған қалыптасқан жалпы резервтер сомасы |
Жеткілікті меншікті капиталдың коэффициенті 0,12 кем болмауы тиіс.
“Тәуекел” термині ретінде екінші деңгейдегі банктерге пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін, әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген банктік топтың активтері және баланстан тыс міндеттемелері түсіндіріледі.
Бір заемшыға тәуекел мөлшерінің есебіне:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар;
Ашық корреспонденттік шоттары бойынша Standard & Poor`s немесе Fitch агенттігінің “ВВВ” төмен емес немесе Moody`s агенттігінің “Ваа2” төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді борыштық рейтингісіне ие қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар;
Қазақстан Респупликасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу қадағалау жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын бақаруы жөніндегі пруденциялық нориативке сәйкес сәйкес банк тобының меншікті капиталының есебінен шығарылатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар жатпайды.
Банктік топтың қатысушыларына банктің қоятын талабы екінші деңгейдегі банктерге пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін, әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес белгіленетін бір заемшыға арналған тәуекелдің есебіне жатқызылмайды.
Банк тобының “бір заемшысы” ұғымы ретінде банк тобының тәуекелі бар немесе болуы мүмкін, заемшы алдында үшінші тұлғаның пайдасы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе жасалған шарттарда көзделген басқадай негіздеме алған кез келген жеке немесе заңды тұлғаны түсінуге болады.
Банк тобының екі не одан көп борышкерінен тұратын топ үшін тәуекел мөлшері жиынтығында мына жағдайлардың біреуі болған кезде бір заемшыға есептеледі:
-борышкерлердің біреуі басқалардың акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес процентінен астам иелік етеді (дауыс береді) не тікелей немесе жанама (жарғылық капиталға қатысу арқылы) басқаларға бақылау жасайды;
-әрбір борышкердің акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес процентінен астам иелік ететін (дауыс беретін) тұлға болып табылатын бір тұлғаға ие болады не оларға тікелей немесе жанама бақылау жасайды;[14]
-борышкердің біреуі басқа борышкердің пайдалануына өзінің активтерін береді не кепіл (кепілдеме беруші) болып табылады немесе жиынтығында бірінші борышкер активтерінің он процентінен асатын сомаға басқа борышкердің міндеттемелері бойынша жауап береді;
-борышкерлер банк тобының борышкері болып табылмайтын сол бір тұлғаның пайдалануына өз активтерін береді не кепілдік (кепілдеме) береді немесе жиынтығында әрбір борышкер активтерінің он процентінен асатын сомаға жоғарыда аталған тұлғаның міндеттемелері бойынша жауап береді.
Егер заемшы банктік топтың екі және одан да көп заемшыларынан тұратын заемшылардың бірімен байланыс орнатқан жағдайда, заемшылар тобындағы әр заемшымен байланыс жасалған болып табылады.
Егер мемлекет (уәкілетті орган атынан) екі және одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болған жағдайда, мұндай топқа қатысты тәуекел мөлшері, егер басқа ірі қатысушылар болмаса, сондай-ақ осы Ереженің 18-тармағында белгіленген заемшылардың осы тобына қатысты тәуекел мөлшері жиынтығында бір заемшыға тәуекел мөлшері ретінде есептелінетін өзге міндеттемелер болмаса, бір заемшыға тәуекел мөлшері ретінде есептелмейді.
Банк тобының бір заемшысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
ЕТ = М/МК
Мұнда ЕТ – бір заемшыға ең жоғары тәуекел
М – бір заемшыға банк тобының тәуекел мөлшері
Бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадан аспауы тиіс:
Бір заемшыға ең жоғары тәуекел мынадан аспауы тиіс:
банк тобы меншік капиталының он процентінен:
Лауазымды тұлға немесе банк қызметкерінің басшысы немесе банк тобының қатысушысы, сонымен қатар олардың жақын туысқандары;
Ірі қатысушысы немесе банктің банктік холдингі, сонымен қатар ірі қатысушының – жеке тұлғаның жақын туысқаны, немесе ірі қатысушының – заңды тұлғаның/банк холдингінің бірінші басшысының жақын туысқандары;
Осы тармақта көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлғалар не банк, банк тобының қатысушылары осы тармақта көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлғалар не дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие көрсетілген тұлғалар.
Банк тобының қатысушылары тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банкте дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғаға;
-басқа тұлғалар бойынша банк тобы меншік капиталының жиырма бес процентінен.
Әрқайсысының мөлшері банк тобы меншік капиталының он процентінен асатын бір заемшыға банк тобы тәуекелдерінің сомасы банк тобы меншік капиталының мөлшерінен сегіз еседен астам аспауы тиіс.
Заемшыға банк тобы талаптарының жалпы көлемі олардың пайда болған күнінде осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде табылған, бірақ банк тобы меншікті капиталы деңгейі соңғы үш айдың ішінде бес проценттен аспайтын төмендеуге байланысты не заемшыға қойылатын талаптар көрінетін, соңғы үш айдың ішінде он проценттен аспайтын, шетел валютасына теңгенің орташа алынған биржалық курсының өсуінен заемшыға банк тобы талаптарының өсуіне байланысты соңында көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
Банк жоғарыда көрсетілген асып түскен күннен бастап жеті күндік мерзімде банктің асып түсуді мойындауы мен асып түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күннің ішінде оны жою жөніндегі міндеттемелері бар хат-міндеттемені уәкілетті органға береді. Егер осы асып түсу көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып түсуі көрсетілген асып түскен күннен бастап осы нормативті бұзушылық болып қарастырылады.
Банктерге, банк холдингіне және банк тобы қатысушыларына осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлі іс-әрекет шаралары мен санкциялар қолданылуы мүмкін.
Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы” 2003 жылғы 25 шілдедегі № 250 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2465 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы” және “Вестник Национального Банка Казахстана”, № 18 басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйек жарияланған);
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының “Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2465 тіркелген” 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 118 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2855 тіркелген, “Қаржы хабаршысы – Финансовый вестник” № 6(6) басылымында 2004 жылғы 17 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылды.
Ал енді бұл нормативтердің орындалуын келесі кестеден көруге болады.
1- кесте. 01.11.2009ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы
(мың теңге)
Екінші деңгейдегі банктердің атауы |
Меншікті капитал |
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэф.(k1-1) |
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэф.(k1-2) |
Меншікті капиталдың жеткіліктілік нормативін орындау (ҚҚА № 140 сәйкес) |
Пруденциалдық нормативтерді орындау (Иә/Жоқ) |
"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ |
407 535 763 |
0,115 |
0,099 |
Иә |
Иә |
"БТА БАНКІ" АҚ |
-1 673 286 655 |
- 0,895 |
- 0,657 |
Жоқ |
Жоқ |
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ |
272 414 971 |
0,108 |
0,137 |
Иә |
Иә |
"АТФБанк" АҚ |
157 354 976 |
0,095 |
0,107 |
Иә |
Иә |
"Банк ЦентрКредит" АҚ |
154 723 525 |
0,090 |
0,134 |
Иә |
Иә |
"Альянс Банкі" АҚ |
-569 510 623 |
- 1,153 |
- 0,599 |
Жоқ |
Жоқ |
"Еуразиялық Банк" АҚ |
40 607 139 |
0,091 |
0,125 |
Иә |
Иә |
"Kaspi Bank" АҚ |
37 383 762 |
0,094 |
0,099 |
Иә |
Иә |
"Нұрбанк" АҚ |
51 679 946 |
0,147 |
0,134 |
Иә |
Иә |
"Тұран Әлем Банкі"АҚ ЕБ - "ТЕМIРБАНК" АҚ |
-61 591 643 |
- 0,302 |
- 0,211 |
Жоқ |
Жоқ |
"Ресей Жинақ банкі" АҚ ЕБ |
36 521 017 |
0,184 |
0,307 |
Иә |
Иә |
"Ситибанк Қазақстан" АҚ |
17 722 606 |
0,058 |
0,269 |
Иә |
Иә |
АО «RBS (Kazakhstan)» |
21 182 813 |
0,125 |
0,451 |
Иә |
Иә |
"HSBC БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ ЕБ |
8 825 201 |
0,063 |
0,166 |
Иә |
Иә |
"ЦЕСНАБАНК" АҚ |
22 160 566 |
0,092 |
0,093 |
Иә |
Иә |
"Қазақстандағы Қытай Банкі" ЕБ АҚ |
9 774 614 |
0,108 |
1,808 |
Иә |
Иә |
"Казинвестбанк" АҚ |
11 953 776 |
0,136 |
0,157 |
Иә |
Иә |
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ |
16 265 839 |
0,259 |
0,454 |
Иә |
Иә |
"ҚАЗАҚСТАН ЭКСИМБАНКІ" АҚ |
12 873 462 |
0,198 |
0,215 |
Иә |
Иә |
"Альфа-банк" ЕБ" АҚ |
9 038 585 |
0,158 |
0,289 |
Иә |
Иә |
"Delta Bank"АҚ |
8 539 634 |
0,269 |
0,207 |
Иә |
Иә |
«Астана-Финанс» банкі» АҚ |
5 163 665 |
0,349 |
0,346 |
Иә |
Иә |
"Банк Позитив" АҚ |
5 335 730 |
0,304 |
0,533 |
Иә |
Иә |
"КЗИ БАНК" ЕБ АҚ |
5 544 623 |
0,391 |
0,673 |
Иә |
Иә |
«Хоум Кредит Банк» АҚ |
6 040 834 |
0,340 |
0,448 |
Иә |
Иә |
"ТПБК" АҚ |
5 106 917 |
0,489 |
2,294 |
Иә |
Иә |
«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ |
5 298 082 |
0,490 |
0,762 |
Иә |
Иә |
"ТАИБ КАЗАҚ БАНКІ" ЕБ АҚ |
3 484 770 |
0,361 |
0,622 |
Жоқ |
Жоқ |
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ |
5 928 491 |
0,949 |
4,572 |
Иә |
Иә |
АО "Шинхан Банк Казахстан" |
5 116 221 |
0,934 |
1,173 |
Иә |
Иә |
"МЕТРОКОМБАНК" АҚ |
1 675 696 |
0,395 |
0,380 |
Жоқ |
Жоқ |
"Заман-Банк" АҚ |
3 481 130 |
0,853 |
0,784 |
Иә |
Иә |
"Сенім-Банк" АҚ |
2 334 087 |
0,722 |
0,749 |
Жоқ |
Жоқ |
"Данабанк" АҚ |
1 522 287 |
0,532 |
0,411 |
Жоқ |
Жоқ |
"Мастербанк" АҚ |
2 069 881 |
0,716 |
0,770 |
Жоқ |
Жоқ |
"Пәкістан Ұлттық банкісінің" Қазақстандағы ЕБ АҚ |
2 151 224 |
0,845 |
0,908 |
Жоқ |
Жоқ |
"Казинкомбанк" АҚ |
2 042 629 |
0,716 |
0,885 |
Жоқ |
Жоқ |
Ескерту: www.afn.kz.
кестеде көрсетілгендей 01.11.09ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау кезінде мына келесі банктердің меншікті капиталы теріс көрсеткішерге ие: «БТА Банкі» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ, «Тұран Әлем Банкі» АҚ ЕБ – «Темірбанк» АҚ.
Осы бөлімді қорытындылай келе, Банк тобы қатысушысының нақты меншікті капиталы клиенттер алдындағы қаржы міндеттемелерін ойдағыдай орындау мақсатында қатысушының төлем қабілетіне (меншікті капиталының жеткіліктігіне) қойылатын Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қалыптастырған шаманы білдіреді. Банк тобы қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері есебінің тәртібі оның қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгілегенін атап өтуге болады
Қаржылық қадағалау Агенттігіннің қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін оларды тәуекелділігі бойнша топтастырады. Топтастырылған активтер банктің меншікті қаржыларымен салыстырылады. Банктік тәуекелділік деңгейі жоғары, орташа, төмен болып бөлінеді. Активтерді топқа бөлу тәуекелділік деңгейінің банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауыптылығымен мінезделеді.
Активтерді тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:
1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%
Бұл топтасуда бір актив бірнеше топтарда кездеседі, мысалы: несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, салымдар,т.б. Ол жағдай активтердің түріне, сапасына, субъектілерге, эмитенттерге, олардың рейтингттеріне, сенімділігіне байланысты. Активтерді топтастыру арқылы балансқа өзгертулер жүргізіледі, активтер тәуекелділігі бойынша өлшенеді.
Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:
мұнда:
-
жеке операциялар бойынша активтер;
-
туекелділік коэффициенті(деңгейі);
Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер банктің меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді.Капитал банкке оның акционерлер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін, банк салымшыларын мүддесін қорғау үшін қажет.
Банк қызметінң тәуекелділігі көптеген банк операцияларына әсер етеді, мысалы:көп мөлшерде несие беруде, көп мөлшерде негізгі құралдарцы сатып алуда, көп шет ел валютасы сатып алу немесе сатуда, күрделі операцияларды енгізуде т.б. жағдайларда.
Банктің меншікті капиталына баға беру үшін оның жеткіліктілігін банктік қадағалау органдардың бекіткен нормативтік талаптардың орындалуын анықтау керек.
Біріншіден, капитал жеткіліктілігін көрсететін оның минималдық мөлшерін орындалуын анықталаты;
Екіншіден, капитал жеткіліктілігін мінездейтін коэффициенттер мен көрсеткіштер анықталады.
Осы бөлімді қорытындылай келе келесідей түйіндеме жасауға болады: банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
4. Əлемдік экономикаға неғұрлым тығыз кірігу жолында отандық банк жүйесін одан əрі жетілдіру түйінді рөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдік тəжірибені енгізуге, менеджмент сапасын жəне тиісінше, банк жүйесін дамыту деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Банк секторын ырықтандыру мəселесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесі шеңберінде қаралады. Осыған байланысты одан əрі ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қазақстандық банк нарығына кіруі жөніндегі бірқатар шектеулер жойылды.
Банк жүйесі қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметінің ашықтығын арттыру мəселелері бойынша ынтымақтастық жəне өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум əзірленіп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктің шынайы меншік иелері туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тізбесі туралы, банктің аффилиирленген тұлғалары жəне олармен жасалатын мəмілелер туралы, банк бизнесін дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердің ашуы көзделеді.
Экономиканың үздіксіз өрлеуі, елдегі қолайлы инвестициялық ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің нығаюына жəне соның нəтижесінде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал етті, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тəуелділігін күшейтуі мүмкін.
Сырттан қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тəуекелге бейімділік дəрежесін арттыруға алып келуі мүмкін екенін атап өткен жөн, оның келеңсіз əсері банктердің валюталық міндеттемелерін қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тəуекелдеріне, пайыздық тəуекелге жəне өтімділік тəуекеліне əкеп соғуы мүмкін.
Қазақстандық банктер сыртқы қарыздарды негізінен құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегінде, əлемдік нарықтағы ахуал мен кредиттік келісімдердің шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілетсіз болуы мүмкін, бұл жекелеген банктің де, республиканың бүкіл банк жүйесінің де рейтингіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін.
Ағымдағы жылы банктердің сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиісті жанама шаралар қабылданды.
Отандық банк жүйесін жетілдіру жөніндегі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Банк секторын одан əрі дамыту мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетілдіру, бəсекелестікті дамытуды жəне шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кіруін ырықтандыруды дамыту тəуекелдерді бағалау негізінде шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды жəне осыған байланысты тəуекелдердің туындауын ескере отырып), банктердің сыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен жəне шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тəуекелдерін төмендету, қаржы статистикасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұйғарылады.
Негізгі шаралар:
Шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кіруін ырықтандыру
Жаһандандыру процесін, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру перспективасын ескере отырып, банк жүйесінде ырықтандыру жəне бəсекелестікті арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады.
Шетелдің қатысуы бар, банктердің қызметі үшін алынған шектеулерден өзге (шетелдің қатысуы бар банктердің жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты ішкі активтерге орналастыру жөніндегі талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелі кезеңді жəне елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметіне рұқсат беру мүмкіндігін ұйғарылады.
Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру жəне оның əлемдік нарықтарға кіруін жеделдету мен белсенді халықаралық ынтымақтастық үшін ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету
Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру жəне банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншік иелері құрылымы, аффилиирлендірілген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлігінде банктердің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктік қадағалау рəсімдері жетілдірілетін болады.
Жылжымайтын мүлікке кредит беру көлемінің өсуіне, банктердің сыртқы нарықтарға экспансиесіне, тұтыну кредитін беруге жəне шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерінің тізбесін дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тəуекелдерін азайту үшін шаралар қабылдау
Екінші деңгейдегі банктердің кредит тəуекелдерін, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тəуекелдерді қажеттілігіне қарай бағалау мақсатында жəне экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, əсіресе пруденциалдық реттеу жəне екінші деңгейдегі банктердің активтерін сыныптау əдістемесі бөлігінде жетілдірілетін болады.
Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетілдіру
Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің "Капитал есебінің жəне капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келісіміне көшуін жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзімді перспективада Базель II көшуді аяқтау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады, ол бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұйғарады, атап айтқанда:
1) Агенттіктің Базель II көшу кестесін Базель II енгізу жөніндегі Топтың (Accord Implementation Group) өкілдерімен келісу;
2) Базель II қағидаттарымен кеңінен танысу жəне оларды көбінен түсіну мақсатында Агенттіктің ресми сайтында оның мəтінінің орыс тіліндегі нұсқасын орналастыру;
3) елдердің қадағалау органдарына олардың Базель II көшу ойлары мен шарттары туралы тиісті сұрау салулар жіберу;
4) отандық банктердің орталықтандырылған рейтингтер əдісін пайдалану орындылығын қарастыру;
Бұдан басқа, банктердің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екінші деңгейдегі банктерде тəуекелдерді басқару жүйесін одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
5. Қадағалау ақпаратымен алмасу үшін шетелдік мемлекеттердің қадағалау органдарымен өзара іс-əрекет жасасу
Халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын əсіресе Қазақстанның банк жүйесінің Базель II көшуін жүзеге асыру бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде елдердің Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншілес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) жəне тиісінше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншілес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөніндегі жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншілес банктері бар бас банктердің (атап айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердің Базель II ережелерін қолдануда өзара іс-əрекет стратегиясын əзірлеу, оның ішінде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердің қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату ұйғарылады.
6. Депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесін дамытуды жетілдіру
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру жүйесінің (бұдан əрі - Жүйе) үздік халықаралық практикаға сəйкес келуі мақсатында мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру қажет:
-үздік əлемдік тəжірибені жəне Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығының (ІАВІ) ұсынымдарын ескере отырып, Жүйені одан əрі жетілдіру;
-мəжбүрлеп таратылған банктің міндеттемелері мен мүлкінің бір бөлігінің екінші банкке (банктерге) бір уақытта берілуі жөніндегі операцияларды жүргізу мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны əзірлеуге қатысу.
Елдің банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиімділігін арттыру
Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық практиканы зерделеуге негізделген банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберінде жəне көрсетілген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлеміне əсер етуін назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердің қызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру шеңберінде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттерді қайта қарау мүмкін.
Осы бөлімді қорытындылай келе, экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзімді кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесінің өнеркəсіптің негізгі құралдарын құру жəне жаңғыртуға инвестициялық кредит беруін тиісінше бағалауды жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Акивті операциялардың өсу қарқыны мен меншікті капиталдың ұлғаю қарқының арасалмағы қаншалықты?
Меншікті капиталдың негізі функцияларын атаңыз. Олардың әр бірінің мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Банктер меншікті капиталдың көлемінің жеткілікті болуына неге қызығушылықпен қарайды ?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Меншік капиталдың жеткіліктілік позициясынан басқарылуы қандай көрсеткіштер негізінде іске асады?
Меншікті капиталды басқару жұмыстарының сапасын қалай бағалауға болады? Оны жүргізу (сапа бағалау) тәртібін келтіріңіз.
Әлемдік банк жүйесі тәжірибесінде қолданыс тапқан банк капиталаның жеткіліктілігін бағалау көрсеткіштерін атаңыз.
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банктің меншікті капиталаның көлемі қалай есептелінеді?
Субординацияланған борыш дегеніміз не? Екінші деңгейдегі капи-талдың құрамына кіретін мерзімді субординацияланған борышты сипаттаңыз.
Банктің депозиттік міндеттемелерінің көлемінен минималды резервтік талаптардың бекітілуінің екі тәсілін атаңыз. Минималды резервтік талаптардың көлемі қалай анықталады ?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Меншікті капиталдың маңызды құрамдық бөлігі ретінде көрінетін жарғылық қордың құрылу әдістерін, олардың алар орнын, мағынасын ашып түсіндіріңіз.
Өткен материалдарды бекіту үшін тапсырмалар
Төменде көрсетілген «Нұр» банк мәліметтерін қолдана отырып, жаңа халықаралық стандарттар негізінде, міндетті минималды капитал көлемін есептеңіз (млн.тг).
Баланстық шоттар (активтер) |
Баланстан тысқары шоттар |
Кассадағы нақты ақша - 2,5 Қазынашылық облигациялар - 25,6 |
Муниципалды облигациялар- ды сатып алуға қажетті резерв- тегі аккредитивтер -18,1 |
Басқа банктердің депозиттік сальдосы - 4,0 |
Корпоративті клиенттерге ұзақ мерзімді міндеттемелер - 40,2 |
Мүліктік меншікпен кепілден- ген несиелер (1-4 жанұя тұра- тын) - 8,7 Корпорацияларға несие - 108,4 |
Баланстан тысқары шоттар сомасы - 58,3 |
Жиынтық активтер -149,2 |
Жиынтық капитал - 10,5 |
Сонымен, жаңа халықаралық капиталдық стандарттар бойынша банкте капитал көлемі жеткіліктіме?
Альтернативті варианттар:
Жаңа халықаралық стандартқа сай, «Нұр» банк капиталының көлемі калай өзгереді, егер оның корпорацияларға беретін несиесі 10% ұлғайса, бірақ бұл жағдайда оның резервтік аккредитивтері 5% өседі де, корпорацияларға ұзақ мерзімді міндеттемелері 5% төмендейді?
Мысалы, кредитке сұранымның ұақытша төмендеуі, «Нұр» банк бойынша мемлекеттік облигациялар балансын 20% өсірді делік. Ал басқалары тең болған жағдайда, капиталды стандарттар бойынша Базель келісіміне сай, бұл көрініс, банк капиталына қандай әсер етеді?
Мысалы, бірінші мүлік меншігінің кепілсалымымен кепілденген несиелер 20% өсті делік, сонда бұл өзгеріс (басқалары тең болған жағдайда) банк активтерінің тәуекелі бойынша таразыланған капитал қатынасына қалайша әсер етеді?
Тақырып 5. Банк активтерін басқару
Мақсаты: Теңгерім (баланс) өтімділігін қадағалай отырып банк жұмысының табыстылығын қамту.
1. Активтерді басқару стратегиясы
2. Активтерді басқару принциптері
3. Резервтерді қалыптастыру тәртібі
1. Банк активтерін басқару, банк менеджментінің маңызды бағыттарының бірі бола, келесі кезеңге көрсетілген банк саясатын іске асырұға мүмкіндік береді.
Банктің активті операцияларын басқару процессінің мәні, ең жоғарғы табыстылықты табу мақсатымен банктің меншікті және тартылған қаражаттарын тиімді орналастыру. Ойткені, банк өтімділігі,табыстылығы, қаржылық сенімділігі мен тұрақтылығы оның активті операцияларының сапалы басқарылуымен байланысты болмақ.
Еске алатын жағдай, банк активтері біркелкі пайда әкелмейді және олардың тәуекелдік дәрежесіде әртүрлі болады. Сондықтан, банктің барлық активтерін, қаражаттардың енгізілу мерзіміне, олардың табысты-лығы мен тәуекел дәрежесіне байланысты жіктеу керек. Осы мақсатта, кестелік құралдың көмегімен (қосыша кестеге қара), несие қоржынының сапасын және құрылымын талдау, активті операциялардың сапасын бағалау және басқа да жұмыстардың орындалуын қарастыру қажет.
Активтерді басқару әдістері көбіне, тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай, активтердің орналасуында тығыз байланыс бар болуы, активтерді басқару теориясын және оны іске асыру әдістерін жасап шығаруды болжамдайды. Қазіргі жағдайда, ақша нарығы дамыған елдерде активтерді басқару экономико-математикалық модельдер негізінде іске асады. Бұл жағдай, берілген пайдалылық және өтімділік нормативтерін есепке ала отырып, пассивтердің күйі мен активтердің орналасуы арасындағы анық байланысты белгілеуді болжамдайды. Бұл үшін, әртүрлі экономикалық жағдайларға қатысты, альтернативті варианттар әзірленеді.
Өтпелі кезеңде, комммерциялық банктер активтерінің құрылымы өздерінің әртарапты болмауымен ерекшелінеді. Банк активтерінің құры-лымында өтімді активтердің және кредиттік салымдардың басым болуы, банктің өтімділік деңгейіне және оның активтерінің басқарымды болуына нақты әсерін тигізеді.
Кредиттік салымдар, уақытында өтелмеуімен және берілген несиелер-дің ұзартпасымен (пролонгациясымен) сипатталынады, бұл жағдай ак-тивтерді басқаруда банкті қосымша ресурстарды тартуға итермелейді. Алайда, мұндай іс-әрекеттер банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігі деңгейіне қері әсерін тигізеді. Сондықтан, қазіргі уақытта активтерді басқарудың маңызды шарты, несие қайтарымын және сенімділікті бағалауды жеткілікті негіздеу болып табылады. Бұл жерде, несиелер бойынша мүмкін болар залалдардың орнын толтыру үшін резервтерді құруға үлкен көңіл бөлу қажет. Резервтердің мөлшерін белгілеу, өтімділік көрсеткіште- рін есептеу кезінде, өтімді активтердің құрамына кіретін несие берешегінің көлемін бір қалыпқа келтіруге және активтердің табыстылығын қамтуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жататындар:
активтер құрылымының мақсатқа сәйкес болуын қадағалау;
активті операцияларды әртараптандыру;
тәуекелдікті қадағалау және резервтерді құру;
активтердің табыстылығын қолдау.
Активтердің, сапалық сипаттамаларына және басқа да ерекшеліктеріне сай, дұрыс таңдалған құрылымы, олардың өтімділігінің жоғарылауын болжамдай отырып, банк қызметінің тұрақты, сенімді болуын қамтамасыз етеді. Банктің алғашқы резервтеріне жататын өтімді активтерін, қысқа мерзімде және минималды шығынмен банк міндеттерін өтеуге бағыттауға болады.
Ликвидті активтерге жататындар: кассадағы қолма-қол ақша, Ұлтық және коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы (оның ішінде, шетел корреспондентт-банктерінің), сонымен қатар банктер сатып алған мемлекеттік қарыз облигациялары; 30 күн ішінде өтелуге тиіс, банк есебіне кететін несие және басқа да төлемдер.
Коммерциялық банктер үшін, ресурстарды қолданудың негізгі бағыты несие беру. Активті операциялар құрылымында несие қаражаттарының басым болған жағдайында, активтерді басқару мәселесі банк өтімділігін қамтумен және несиенің қайтарылу сенімділігімен тығыз байланысты болады.
Банктен алынған несиені өтеу барысында, несиелік операцияларға салынған қаражаттар өзінің статусын өзгертіп, өтімділігі төмен нысаннан өтімділі өте жоғары, яғни ақша қаражаттары нысанына ауысады. Активтер құрамында құрылымдық өзгерістер пайда болып, нәтижесінде – банктің корреспонденттік шотындағы қаражаттар қалдығы өсіп, сонымен қатар несие берешегінің абсолюттік көлемі төмендейді. Өтелуге тиісті кредит-тердің мерзіміне сай, банктің өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіншілігі туындайды. Берілген несиелер банкке қайтарылмаған немесе пролонгацияланған жағдайда, берілген кредиттер мен тартылған ресурстар арасындағы мерзімдер сәйкестілігі бұзылады. Бұл жағдайда банк, өз активтерін басқару мен балансының өтімділігін қамту мақсатында, ақша нарығында қосымша ресурстарды тартуға немесе жедел төлемдерді орындау үшін ағымдағы төлемдер резервтерін пайдалануға мәжбүрлі. Аталған екі жағдайда да банк балансының өтімділігі нашарлайды. Бірінші жағдайда, міндеттемелердің жалпы сомасы жоғарылайды, екінші жағдайда – ағымдағы төлемдер резервтертерінің көлемі жеткіліксіз болуымен байланысты, банк балансы өтімсіз болып қалуы ықтимал.
Сонымен, банк балансының өтімділігіне – кредиттің қайтарылуының сенімді болуы көп әсер етеді. Кредиттердің қайтарымдылығы, кредит қоржынының сапасын дұрыс басқару мен әр бір жеке несие бойынша кредиттік қауп-тәуекел дәрежесі мен шамасын анықтау әдістерін игеру нәтижесінде қамтылады.
Банк қаражаттарының тартылатын көздері мен қолдану бағыттарын әртараптандыру (диверцификациялау), тәуекелді төмендету тәсілдерінің бірі болып саналады. Бұл жерде, диверцификация – қоржынды және географиялық болып бөлінеді. Қоржынды диверсификация – клиенттер қауымы арасында кредиттік қаражаттар мен депозиттердің бөлінуін білдіреді. Клиенттер қатарында, ірі және кіші кәсіпорындар, әртүрлі салалар мен үй шаруашылықтары. Олардың табыс табу көздері мен кепілзаттық төлемдері де әр түрлі.
Географиялық диверсификация – банк қызметінің сферасын, әртүрлі географиялық аудандарда немесе әртүрлі экономикалық шартты елдерде өз іс әрекетін енгізу есебінен, кеңеюін білдіреді. Диверсификацияның мұндай нысандары банк тәуекелін тиімді түрде төмендеуін қамтиды, өйткені, әртүрлі топтағы клиенттерден түсетін табыстар, өз уақытында әртүрлі бағыттарда өзгеріп отырады. Бұл жағдайда бір топтағы клиенттер- ден түсетін табыстың азайуы, басқа топтан түсетін табыстың ұлғайуы арқылы орнын толтырып отырады. Коммерциялық банктердің активті опе- рацияларының жеткіліксіз диверсификациялануы және оның құрамында несие операцияларының басым болуы, банктің өтімділік тәуекелін жоғарыла- та, активтерді басқару сапасы төмендетеді. Активтерді басқарудағы бұл кемшіліктердің нәтижесін, кредиттер мен ағымдағы және есеп айырысу шоттары арасалмағының деректі деңгейі арқылы жорамалдауға болады, өйткені көп жағдайда бұл көрсеткіш 1994 жылы 11.02. қабылданған №1 инструкцияда ұсынылған деңгейден біршама жоғары болып жүр.
Банктің активтері мен міндеттемелері бойынша қоржынын басқаруда, басты орында сапа стандартына сай келетін табысты несиелер көрінуі қажет. Несие қоржынының басқару процессінде орын алатын тәуекеллерден сақтану үшін, мерзімінде өтелмеген берешектерді жабу мақсатында жалпы, арнайы және бүркемелі резервтердің құрұлуын ескерген жөн.
3. Провизиялар (резервтер), қайтарылмаған активтердің немесе олардың құнының төмендеуімен байланысты болар шығындарын жабуға қажетті қаражаттар сомасын көрсетеді. Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Банктің барлық активтерінің жиынтығы бойынша (арнайы провизиялар құруды қажет ететін активтерден басқа) мүмкін болатын шығындарды жабуға, резервтік капиталдың минималды мөлшері бекітіледі. Резервтік капитал сомасы – жіктелуге жатпайтын банк активтер көлемінің бес пайызынан төмен болмайтын мөлшерде бекітіледі.
Арнай провизиялар, ағымды құны бастапқы құнынан екі есе төмен және ысырап болу тәуекелі бар, нақты классификацияланған активтер шығындарын жабу үшін құрылады.
Барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты, активтер – талаптар және шартты міндеттемелер жіктелуге тиіс.
Жіктелу, актив сапасына негізделеді – оның қайтарылу мүмкіндігіне немесе активтің ағымдағы (нарықтық) құнына, ал шартты міндеттемелер –талап ұсынылған тұлғаның, өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне.
Активтер мен шартты міндеттемелер, стандартты және классификация-ланған болып бөлінеді.
Стандартты деп – ағымды құны банктің сатып алған құнынан төмен болмайтын немесе активтер бойынша талаптары келісім шартқа сәйкес орындалатын активтерді есептейміз.
Классификацияланған активтерге – ағымдағы құны банктің сатып алған құнынан төмен болатын немесе активтер бойынша талаптары келісім шарттқа сәйкес орындалмайтын активтерді жатқызамыз
Шартты міндеттемелердің жіктелуі – шартты міндеттемелер, жабыл-маған аккредитивтер және расталған кепілдіктер бойынша жүргізіледі.
Стандартты шартты міндеттемелерге – қызмет мерзімі бітпеген, жабылмаған аккредитивтер мен расталған кепілдіктер бойынша банк міндеттемелері жатады, бұл жағдайда талап қойылатын тұлғаның, қаржы күйі тұрақты шаруашылық субъектісі ретінде көрінуі шарт.
Міндетемелердің орындалу мерзімі жеткенде, шартты міндеттеме-лердің жіктелуі келесі тәртіпте жүргізіледі:
қарызгердің қаржы күйі тұрақты болған жағдайда, міндеттемелер сомасына кредит ресімделіп және банктің несие қоржынының жіктелу ережесіне сай, жіктеледі;
міндеттемелер, дебиторлық берешек түрінде ресімделгенде, банктің дебиторлық берешегін жіктеуге белгіленген тәртіп бойынша жіктеледі;
қарызгердің қызмет көрсеткіштері төмен болған жағдайда, жіктелу берешекке ұқсас кредит бойынша, бірақ қаржы жағдайына қатысты критерияларды есепке ала жүргізіледі.
Активтерді жіктеу және айдың ең ақырғы жұмыс күніне жеті күн қалғанға дейінгі жағдайына сай, қажетті, провизиялар мөлшерін қайта қарастыру, ай сайын жүргізіліп отырады.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Арнайы және жалпы резервтерді құруда банк саясатының алар орны?
Активті операцияларды дұрыс басқарудың негізгі тенденцияларын атаңыз?
Басты бөлімдер мен оның филиалдарында мерзімі өткен төлемдерді қалайша қадағалап отырады? Мерзімінде пайыздың төленуін және кредиттің өтелуін бақылайтын жүйе бар ма?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банктен берілген кредитті өтеу мен байланысты, активтер құрамында мүмкін болатын құрылымдық жылжуды және берілген несиенің өз мезгілінде қайтарылмаумен байланысты туындайтын кері жағдайды, толық ашып көрсетіңіз.
Банк провизиялары қандай мақсатта қолданыс табады? Стандартты және классификацияланған активтердің мазмұнын ашып оларға түсі-ніктеме беріңіз.
Кредиттік қызмет шығындарын жабуға бағытталған, банк провизияла-рының құрылу ережесін анықтап айтып беріңіз.
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банкте несие беруде қолданылатын процедураға және төменде кел-тірілген жағдайларға түсініктеме беріңіз:
өтініш беру мерзімі;
несие тәуекелділігін бағалау ережесі;
несиеленрдіру шартының құқұқтық заңдылығын бағалау ережесі;
келісім шартының орындалуы.
Жіктелуге жататын активтерді атаңыз. «Жалпы және арнайы провизиялар» түсінігінің мәнін ашып, оған сипаттама беріңіз.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банктің шартты міндеттемелерінің жіктелуі қалай жүргізіледі?
Банктің депозиттері және дебиторлық берешектері қалайша жіктеледі?
Өткен материалдарды бекіту үшін тапсырмалар
Айталық, Сізге несиені басқару бөлімінің стажеры ретінде «Нұр» өндіріс корпорациясының қаржы жағдайын бағалап беруге өтініш жасалды. Бұл компания алты айлық кредит желісін жаңарта отырып, оның сомасын ұлғайтуға сұраныс жасап отыр. Дәлірек айтқанда, «Нұр» 3млн. теңгелік кредит желісін ашуды сұранып отыр. Бірақ жақында корпорация басшылығы ауыстырылған, оның үстіне қаржы есептерінде қате мәліметтер бар көрінеді. Корпорацияның соңғы 6 айлық есебі 2.1-кестесінде келтірілген. Осы ашылатын несие желісіне қатысты Сіздің беретін ұсыныстар мен есептеріңіз қандай болмақ? Клиент таныстырған соңғы информацияға сенуге болама? Сіз әлі басын ашпаған, бірақ осы клиенттің қызметіне қатысы бар басқа факторларды іске қосуға болама?
1-кесте
Көрсеткіштер аты |
|
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сатудың таза көлемі |
48,1 |
47,3 |
45,2 |
43,0 |
43,9 |
39,7 |
Сатылған тауар құны |
27,8 |
28,1 |
27,4 |
26,9 |
27,3 |
26,6 |
Саудалық, административтік және басқа шығындар |
19,2 |
18,9 |
17,6 |
16,5 |
16,7 |
15,3 |
Амортизация |
3,1 |
3,0 |
3,0 |
2,9 |
3,3 |
2,8 |
Қарыз қаражаттарының пайыздық шығыны |
2,0 |
2,2 |
2,3 |
2,3 |
2,5 |
2,7 |
Алдағы салық төлемдері |
1,3 |
1,0 |
0,7 |
0,9 |
0,7 |
0,4 |
Жйынтық активтер |
24,5 |
24,3 |
23,8 |
23,7 |
23,2 |
22,9 |
Ағымдағы активтер |
6,4 |
6,1 |
5,5 |
5,4 |
5,0 |
4,8 |
Таза негізгі капитал |
17,2 |
17,4 |
17,5 |
17,6 |
18,0 |
18,0 |
Ағымдағы міндеттемелер |
4,7 |
5,2 |
5,6 |
5,9 |
5,8 |
6,4 |
Жиынтық міндеттемелер |
15,9 |
16,1 |
16,4 |
16,5 |
17,1 |
17,2 |
Альтернативті варианттар:
«Нұр» корпорациясының несие өтінішіне Сіз берген баға қалай өзгереді, егер сатудың таза көлемі, сатылған тауарлардың құны және административті шығындардың өсу қарқыны бір айда орташа 1,6%-ті құраған болса? Түсіндіріңіз.
Айталық, «Нұр» корпорациясының өндіріс процессі сезонды болып келеді, және сонымен қатар жазғы, күзгі айларда сату көлемі көп төмендейді. Осы мәлімет Сіз шешім қабылдағанда көмек көрсете ме? Сізге қарызгердің қаржы жағдайына бағалау жүргізуде қосымша мәлімет қажет пе?
Латын тілінен аударғанда «actus» - әрекет деген мағынаны білдіреді:Акт; Актив; Аккридетив; Акция; Аукцион.
Ағылшын тілінен аударғанда «factor» — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент деген мағынаны береді: Факторинг; Эмитент; Форфейтинг; Тәуекелді жоспарлау; Форвард.
Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатпайды:банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде, табысты жұмыспен қамту; банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен банк пайдалылығын басқару іске асады); қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштері; банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері; банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.Компанияның қысқа мерзімді мақсаттары мен ұзақ мерзімді стратегиясын байланыстыратын баланс «өсін» кім ұсынды?Р. Каплин; А.Энштейн; К.Маркс; А.Смитт.Банк тәуекелділігінің түрлеріне жатпайды:Клиенттік; Несиелік; Пайыздық; Опциондық; Өтемпаздықты жоғалту. Банктің өз міндеттемелерін, берешегін мезгілінде орындамауынан туындайтын тәуекел: Өтемпаздықты жоғалту тәуекел; Несиелік тәуекел; Пайыздық тәуекел; Опциондық тәуекел; Депозиттік тәуекел. Операциялық тәуекел дегеніміз – Сауда немесе басқа операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық шығын қаупі; Банктің өз міндеттемелерін, берешегін мезгілінде орындамауынан туындайтын тәуекел; Активтер, міндеттемелер мен баланстан сырт баптар бойынша операцияларды жүргізу үшін, осы мәмілеге тән бірнеше варианттардың бірін таңдау негізінде пайда болады; Банктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінен туындайтын тәуекел; Пайыздық мөлшерлеменің аытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты болар шығынға немесе түспей қалған пайдаға тәуекел ету. Банктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінен туындайтын тәуекел:Портфельдік тәуекел; Несиелік тәуекел; Пайыздық тәуекел; Опциондық тәуекел; Депозиттік тәуекел. Несие және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегу қауіпі: Валюталық тәуекел; Портфельдік тәуекел; Несиелік тәуекел; Пайыздық тәуекел; Опциондық тәуекел. Валюталық тәуекел –несие және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегу қауіпі; активтер, міндеттемелер мен баланстан сырт баптар бойынша операцияларды жүргізу үшін, осы мәмілеге тән бірнеше варианттардың бірін таңдау негізінде пайда болады; банктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінен туындайтын тәуекел; пайыздық мөлшерлеменің аытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты болар шығынға немесе түспей қалған пайдаға тәуекел ету; банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі. Пайданың толық түспеу тәуекелі -банк ішіндегі және сыртқы факторлар ықпалының әсерінен пайданың күтпеген жерден азаю тәуекелі, ол экономикалық жағдайдың өзгеруінде, заңнамалар және реттеуде орын алатын өзгерістермен байланысты туындайды; банктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінен туындайтын тәуекел; пайыздық мөлшерлеменің аытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты болар шығынға немесе түспей қалған пайдаға тәуекел ету; пайыздық мөлшерлеменің аытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты болар шығынға немесе түспей қалған пайдаға тәуекел ету; банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.
«Екінші деңгейдегі банкілерде пайдаланармандар шоттарының ашылу тәртібі» қашан қабылданды?1997 жылы 4 наурыз; 1992 жылы 16 желтоқсан; 1995 жылы 31 шілде; 2002 жылы 28 сәуір; 2005 жылы 30 наурыз. Валюталық басқарудың негізгі қызметтеріне келесі операциялар жатпайды:валюталық бағамды белгілеу; валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу; валюталарды сату және сатып алу; салымдар бойынша қаражаттарды қабылдау және несие қаражатын беру; тәуекеллерді қамсыздандыру. Банк қызметіндегі басқару процессінің негізгі ұтымды бағыттарын анықтау, даму идеологиясын жасау және алға қойылған міндеттерді тиімді орындау: Стратегиялық жоспарлау; Банк саясатынң міндеті; Банк құрылымы; Тактикалық жоспарлау; Банк саясатын басқару. Банк міндеттері мен мақсаттарына жатпайды:активтердің жалпы сомасындағы 65% аспайтын кредиттердің шекті үлесін тағайындау; банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау; құрылымдық бөлімшелердің деңгейін және олардың даму жоспарын анықтау; табыс табу көзі ретінде «сыртқы» ортаның өзекті позициясын анықтау (енгізілген қаражаттар клиенттердің, партнерлардың қажет-тіліктерін қамту арқылы табыс әкеледі); қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау. Жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция: Факторинг операциясы; Лизингтік операция; Форфейтинг операциясы; Банктік операция; Несиелік операция. Банкті ұйымдастырудың негізгі қағидаларына жатпайды:валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған; банктерді орындайтын қызметтеріне сәйкес құру;ұйымдастыру буындары және билік өкілеттілігі бойынша сатылар (иерархия);персонал қызметін регламенттеу;жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілу. Статистикалық және талдау бөлімі –статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады; клиенттерге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады; қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады; депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауымен айналысады; валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған. Бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады:Бақылаушы; Бухгалтер;Администратор; Директор;Ұлттық Банк төрағасы .
Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы қанша деңгейден тұрады? 3; 5; 7; 4; 2. Банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды: Басқарма (банк кеңесі); Адвокат; Банк директоры; Ұлттық Банк төрағасы; Акционерлік қоғам. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жатпайды:активтік баланс құру; активтер құрылымының мақсатқа сәйкес болуын қадағалау;активті операцияларды әртараптандыру;тәуекелдікті қадағалау және резервтерді құру;активтердің табыстылығын қолдау. Қайтарылмаған активтердің немесе олардың құнының төмендеуімен байланысты болар шығындарын жабуға қажетті қаражаттар сомасын көрсетеді: Провизиялар (резервтер); Ревизия; Бақылау; Аудиторлар; Акционерлік қоғам. Активтер мен шартты міндеттемелер қалай бөлінеді: стандартты және классификацияланған; нормативті және тапсырыстық; қосымша және тікелей резервтер; жалпы және жеке міндеттемелер.
Тақырып 6. Банктің қарыз қаражаттарын басқару
Мақсаты: Кредит құжаттарын және несие операцияла-рының технологиясын басқару үшін әдістемелік базаны құру. Кредит қоржынын басқаруды ұйымдастырудың басты элементтерін негіздеу.
1. Кредиттік операциялардың технологиясын басқару
2. Кредиттік тәуекеллерді басқару
3. Кредит қоржынының жіктелуі
1. Шаруашылықтың нарық жағдайына көшүі несие операцияларын жүргізуде абай болуды, яғни, қарызгердің кредит өтеу қабілетін, кредитті қамтамасыз ету сенімделігі мен несиелендіру объектісін, кепіл мен кепілзаттың сапасын бағалауда қажетті тәжірибені талап етеді және бұл аталғандар, жалпы несиелендіру процесін тиімді басқарудың маңызды бағыты болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды тұжұрымдай отырып, банктің несие операцияларын басқаруды екі үлкен объектіге бөлуге болады:
кредиттік процесстердің технологиясын басқару;
кредит тәуекелін басқару.
Кредиттік процесстердің технологиясын басқаруды, кредиттік жоба бойынша барлық ұйымдастырушылық, техникалық, аналитикалық жумыстарды орындайтын банктің әр бір кредит бөлімшелерінің атқарымын анықтау және жалпы банктың кредиттік қызметін қарастыру деп түсінеміз.
Кредит операцияларын басқару, соның ішінде кредит тәуекелін басқару жауапкершілігі кредит Комитетіне жүктеледі. Кредит Комитетін банк басқармасы және директорлар Кеңесінің мүшелері, кредиттік бөлімше-лердің өкілдері және олармен байланысты банктің басқа да бөлімшелерінің өкілдері құрайды (мысалы құқықтың бөлімнің өкілдері).
Кредит комитеті, пайдаланарманның кредит алуға өтінішін және кредиттің берілу мүмкіншіліктерін қарастыруға уәкілетті. Егер, қарыз-гердің құжаттарында немесе қаржылық мүмкіншіліктерінде банк талап-тарына қатысты, сәйкессіздіктер кездесетін болса, кредит қаражаттарының берілмеуі мүмкін. Осы аталғандардар дұрыс болған жағдайда, Кредит эксперті несие шотының ашылуына және кредиттің берілуіне өкім шығарып, банктің кредит бөліміне кепілзат құжаттарын өткізеді (кепілзат шартын, кредит шартын) (1-сурет).
1-сурет. Кредит беру сызбасы.
Кредит беру сызбасының қысқаша сипаттамасы:
Кредит комитетінде жобаны бекіткеннен кейін:
клиент жеке шот (жеке тұлға) немесе есеп айырысу шотын (заңды тұлға) ашады;
банк несие шотын ашады (бұл үшін, кредит эксперті несие шотының ашылуы туралы өкім шығарады);
Кредит эксперті несие шарты мен кепілзат шартын жасайды, ал клиент барлық қажетті анықтамалырды жинауға тиіс;
Заңгер, шарттарға қатысты барлық құжаттар мен анықтамалардың бар болған кезінде ғана, оны мақұлдайды (қол қояды);
Банк директоры келісім-шарттарға қол қояды;
Клиент ипотекалық келісім-шарттарды жылжымайтын мүлік орта-лығында тіркеүден өткізеді;
Кредит эксперті несиені беруге, сондай-ақ кепіл бойынша құқық беретін құжаттарды иемденуге өкім шығарады.
Несие операцияларының технологиясын тиімді басқару, осы қызмет аясына кредит құжаттарын және әдістемелік базаны құруды қарастырады. Әдістемелік құжаттардың негізінде, банк несиесінің және оған қатысты келісімдер түрлері; қолданылатын кредит желісінің түрлері мен оларды басқару тәртібі; кредиттік тәуекелді бағалау әдістері; кепілзаттар түрлері бойынша мүмкін болар маржаны есептеу, кепілзат мен кепілдіктерге талаптар; кредиттік құжаттардың ресімдеу тәртібі; пайданаларманның банк алдында есеп беру материалдарының тізімі және т.б. анықталады.
Кредиттік құжаттауға, төменде келтірілген кредит досьесін құрайтын құжаттардың барлық тізімі кіреді:
кредиттің технико-экономикалық негізделуі және несиелендірілетін объект (іс-шара) бойынша шығындардың өтелу есебі;
мердігерлік шарттары (контрактар);
несиенің берілуіне өтініш;
бухгалтерлік есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, табыстар туралы декларациялар және қарызгердің кредит өтеу қабілетін анықтау үшін басқа да мәліметтер (соңғы 2 жылға);
бизнес жоспар;
кредит шарты;
қамтамасыз етілу жағдайын тексеру актісі;
несиені өтеудің қосымша көздері туралы құжаттар (кепілзат шарты, кепілдік нысандары, вексельдер, кредит желісінің жандануы туралы шарт, бағалы қағаздарға құқықтардың ауысуы туралы құжаттар);
қарызгердің есеп айырысу, несиелік және валюталық шоттары ашылған банктердің атаулары;
Банктің кредиттік қызметін тиімді басқарудың анықтаушы аспектілерінің бірі, кредит ресурстарының пайдалануына мақсатты түрде бақылау жүргізуді жүзеге асыру болып табылады. Оның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызуға болады:
кредит қаражаттарының мақсатты қолдануын тексеру және несиелендіру лимитін сақтау;
толық көлемде несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету;
несие пайызының уақытында төленуін тексеру;
пайдаланарманның қаржылық жағдайын бағалау.
2. Кредиттік тәуекел, көптеген қаржылық тәуекеллердің бірі ретінде көрінеді. Ол контрагенттердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан қаржылық шығындардың пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Кредиттік тәуекел – несиелендіруде; бағалы қағаздар қоржының құруда; банкаралық валюталық операциялар жүргізуде; кепілдіктер, жасанды бағалы қағаздарға қатысты жұмыстарда және дилерлік қызметте кездеседі. Төменде (2.2-кестесінде) кредиттік бөлім деңгейінде кредиттік тәуекелді басқару жүйесі шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар келтірілген.
2.2-кесте
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері*
Несиелік тәуекелдің бөлінісі |
Тәуекелді анықтау |
Тәуекелді бақылау |
Мониторинг |
1 деңгей – кредит саясаты |
кредиттік талдау |
құқықтық қорытынды |
кредит қоржынын бақылау |
2 деңгей – кредиттік жоспарлау |
кредит шартын қарастыру және бекіту (автоматизация) |
қаражаттардың мақсатты пайдалануын бақылау |
қызметкерлік есептер |
3 деңгей –кредитке баға белгілеу |
ішкі кредиттік рейтинг |
қауіпті (проблемных) кредиттерді бақылап, байқау |
ішкі (кредиттік) аудит |
*Камшибаев Р.А. и др. Методика оценки кредитной деятельности филиалов банков Казахстана и определение их сводного рейтинга. Алматы: Экономика, 1999.
Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің барлық элементтерінің кезеңді және кешенді орындалуы, кредит қоржынын тиімді орналастырудың кепілі болып табылады. Кредиттік тәуекелді басқару процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
кредит саясаты банктің кредиттік қызметінің тіреушісі ретінде;
салалық басымдарды (приоритеттерді) іске асыру мен шектеу үшін кредит қоржынының қалыптасуының негізгі бағыттары;
банк табыстылығының жоспарлы нормативін қамту мақсатында комиссиялық және сыйақы мөлшерлемесін бағдары ретінде кредиттер бағасын есептеп, әзірлеу.
Кредиттік операциялардың сәтті жүргізілуі үшін, банк қызметінде кредиттік тәуекелді басқарудың икемді жүйесі орын алуы керек. Бұл жүйенің негізін құрайтын, осы банк үшін ресімделген несиелендіру стандарттары және нақты инструкциялармен жанасатын тиімді кредит саясаты.
Кредиттік тәуекелді басқару, кредит қоржынын үздіксіз талдауға және проблемді ( мәселелі) кредиттердің жұмыстары болып жіктеледі.
Кредит қоржыны берілген несиелердің жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл жерде несие қаражаттары, кредиттік тәуекелдің әртүрлі факторларымен және одан қорғану тәсілдерімен байланыста болатын критериялар негізінде жіктеледі. Несие қаражаттар қоржыны қаржылық қызметпен қатар жүретін тәуекелдің барлық негізгі түрлеріне душар болуы мүмкін, мысалы: өтімділік тәуекелі, пайыздық мөлшерлеме тәуекелі, несиені қайтармау тәуекелі (кредиттік тәуекел) және т.б.
Осы аталған тәуекеллер ішінде ең маңыздысы (кейбір қарызгерлер өз берешегін уақытында қайтармау нәтижесінде туындайтын), кредиттік тәуекел, өйткені ол банктің үлкен залалға немесе банкротқа ұшырауының бірде бір себебшісі.
Банк басқару жүйесінде кредит қоржынына жүргізілетін талдау, қара- жатарды орналастырудың, банктің кредиттік саясаты бағытының, кредит- тік салымдарды диверцификациялау арқылы тәуекелді төмендетудің, клиенттерге – олардың төлем төлеу қабілетіне, меншік түріне, қызмет ету саласына байланысты несие беру үшін шешім қабылдаудың ең оптималды нұсқаларын таңдап алуға мүмкіншілік береді.
Кредитік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне келесілерді жатқызуға болады:
кредит қоржынын құрайтын несиелер сапасын бағалау үшін крите-рияларды таңдау;
кредиттерді кредиттік тәуекел деңгейі бойынша бағалау (рейтингін бекіту) және белгіленген лимиттермен салыстыру;
тәуекел топтары бойынша несиелерді жіктеуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру;
банктің жыинтық тәуекелі және кредит қоржынындағы несиелер топтарының шегінде кредиттік тәуекелдің абсолютті мөлшерін анықтау (банк бойынша статистикалық ақпараттар негізінде);
кредиттер бойынша мүмкін болар шығындарды жабу үшін, құрылатын резервтер көлемін анықтау;
қаржы коэффиценттері және кредит қоржынын сегментациялау негі-зінде, кредит қоржынының сапасын бағалау.
Несие қоржынының сапасын келесі коэффиценттер сипаттайды:
1. Кредиттік тәуекелдің орташа дәрежесін бағалау көрсеткіші:
-
К1=
тәуекеллі кредиттер
,
кредит қоржынының жалпы сомасы
мұнда: алымында – бланкілік кредиттер, қамтылмаған овердрафтар, ком-мерциялық ұйымдарға бір ретті келісім-жеткізілімдер және жеке кәсіпкерлерге кредиттер, т.б
2. Кредиттік тәуекел жиынтығынан банктің қорғану дәрежесінің көр-сеткіші:
-
К2=
90 күннен жоғары мерзімге төлемі кешіккен және пролонгацияланған несиелер бойынша тәуекелдің абсолюттік көлемі
,
жарғылық қор +резервтік қор+өткен жылдардың
бөлінбеген таза пайдасы
3. Кредит қоржынының табыстылық көрсеткіштері:
-
К3=
пайыздық маржа
,
кредит қоржынының көлемі
-
К4=
түскен пайыздар
,
табыс әкелетін несиелер көлемі
-
К5=
қаупті несиелер
,
кредит қоржынының көлемі
мұнда: К3; К4; К5 –несиелердің жалпы сомасынан, табыс әкелетін несие-лерден, табыс әкелмейтін несиелерден (пайызсыз несиелер) түсетін табыстар (шығындар).
4. Несиелер бойынша мүмкін болар шығындарды жабуға, резервтердің жеткіліктігі көрсеткіштері:
-
К6=
несиелер бойынша айғақ резерв
,
табыс әкелетін несиелер көлемі
-
К7=
несиелер бойынша айғақ резерв
,
табыс әкелмейтін несиелер көлемі
-
К8=
қаупті несиелер
,
мерзімі өткен және екі рет пролонгацияланған несиелер
Активтердегі кредиттік сегмент үлесінің көрсеткіші, активтер мен кредит қоржыны көлемінің арасалмағымен анықталады; кредит операция-ларының ресурстық базасы, кредит қоржынының көлемі мен депозиттер арасалмағымен анықталады (мерзімді, талап еткенге дейінгі, жинақ).
Пруденциалды нормативтер қаулысына сәйкес бір қарызгерге қатысты (оның банк болуы да мүмкін) тәуекел шамасы (Р), несиелер, вексельдер, факторинг, форфейтинг, жедел депозит және қаржылық лизинг бойынша бір қарызгердің жиынтық берешегіне осы қарызгерге банктің шартты және мүмкін болар талаптарының сомасы қосылып одан қарызгердің міндеттемелері бойынша депозиттегі ақша қаражаттары, мемлекеттік бағалы қағаздар, монетарлық құнды металдар мен ҚР-сы өкіметінің кепілдігі түрлеріндегі қамтамасыз етілген сомасы шегерілу арқылы анықталады
Бір қарызгерге, оның міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Р) банктің меншік капиталына қатынасы (К3=Р/К), төменде ескертілген-дерден аспауы керек:
банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғалар болып табылатын қарызгерлер үшін – 0,10 (К=0,10). Банкпен ерекше байланысты қарыз-герлер бойынша тәуекел сомасы, банктің меншікті капиталының көле-мінен аспауы керек;
басқа қарызгерлер үшін – 0,25 (соның ішінде бланкілік несие бойынша 0,10 жоғары емес)
Кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізі, қарызгермен болатын жеке арақатынасқа дұрыс баға беріп, бақылау және кредит қоржынын басқаруды тиімді ұйымдастыру.
3. Кредит қоржынын жіктеу, екінші деңгейлі банктермен берілетін кредиттердің барлығы бойынша жүргізіледі: несиелер, лизинг, сонымен қатар овердрафт, факторинг, форфейтинг, вексельдерді есепке алу, жіктелу жүргізу мерзіміне берешегі өтелмеген аккредитивтерді ұсыну түрлеріндегі кредиттер.
Лизинг, кепілзаты лизингіге берілген активтер болатын кредит ретінде жіктеледі. Банктермен берілетін кредиттер, сол кредиттің қарызгермен қайтарылу мерзіміне байланысты (негізгі борыш және пайыз бойынша сыйақылар) болатын сапасына, қарызгердің қаржы жағдайына, қарыз-гермен банктің ара қатынасына, кредиттің қамтамасыз етілуіне және оның сенімділік дәрежесіне, сондай-ақ өтімділігіне қарай келесі топтарға жіктеледі:
стандартты;
күмәнді, ол өзінше тағы субстандартты, қанағаттандырылмаған және тәуекелі жоғары күмәнді несиелерге бөлініп кетеді;
сенімсіз.
Стандартты кредит деп – қайтарым мерзімі жетпеген және сапасы күмән тудырмайтын кредитті айтамыз, мұнда:
қарызгер, меншікті капиталмен жеткілікті деңгейде қамтылған және өтелмеген кредиті жоқтығымен сипатталатын, қаржылық жағдайы тұрақты шаруашылық субъектісі болып табылады;
кепілзаты сенімді және өтімді. Қарызгерге берілген кредит қамсыз-дандырылған деп есептелінеді егер, заңға сәйкес, банкіде берешегін өндіріп алу қажеттілігі туындағанда, қамсыздандырылуы дұрыс ресім-делген және оның көлемі берешек мөлшерімен оған қатысты сыйақыны қайтаруға жеткілікті болса;
банкте қажетті кредиттік досьенің болуы.
Бұл категориядағы кредиттерге – банкіге міндетті түрде қайтарылатын кредиттер жатады.
Жоғары тәуекелді күмәнді кредиттерге келесі негіздемелердің біреуі орын алған кезде кредиттерді жақызуға болады:
Негізгі борыш және сыйақыны қайтару бойынша төлемдердің 60-тан 90 күнге дейін кешіктірілуі;
Қарызгердің негізгі борышпен сыйақыларды (қызығушылықтарды) жабу үшін табыстарының жеткіліксіз болуы, себебі, негізгі табыс көздерінен түсетін қаражаттар көлемінің төмендігі;
Бір жылдан төмен мерзімге санация жариялануы;
Қарызгерге материалдық шығындар әкелген форс-мажор жағдайлары-ңың орын алуы;
Басқа банкілерден алынған кредиттер мен кепілдіктер бойынша мерзімі өткен берешектердің пайда болуы.
Сенімсіз кредитке келесі негіздемелердің біреуі кездескен жағдайда кредиттерді жатқызуға болады:
Негізгі борыш және сыйақыны қайтару бойынша төлемдердің 90 күннен жоғары мерзімге дейін кешігуі;
Борышкерді банкрот етіп жариялау;
Бір жылдан жоғары мерзімге санация жариялануы;
Қарызгерге материалдық және оның қызметін тоқтататын шығындар әкелген форс-мажорлы және басқа да жағдайлар.
Кредиттік тәуекелді жабатын резервтер сомасы, кредиттік тәуекеллер шкаласы бойынша, тәуекел тобына және олардың әр қайсына белгіленген тәуекел коэффициентіне байланысты (коэффициент пайызда, несие бере-шегінің көлеміне қатысты анықталады) банк балансын құратын мерзімге есептелінеді.
Несиелер бойынша мүмкін болар шығындарға резерв құрудың экономикалық мәні, банктің өз қызметінің экономикалық нормативтерін есептеуде, құрылған резервтер сомасы, банктің меншікті қаражаттарының құрамынан шығарылады. Бұл жағдай, банк өтімділігін берілген несиелер бойынша мүмкін болар шығын мөлшеріне төмендете, банк активтерінің сапасын нашарлатады, сондықтан осы кезеңде банктің несие қоржынын басқаруға көп көңіл бөлген жөн.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банк тәуекелдігі түрлерін атаңыз.
Қаржы тәуекелінің бір түрі ретінде, кредит тәуекелінің пайда болуы немен байланысты?
Кредиттік тәуекелмен байланысты Комитет қарастыратын сұрақтарды атаңыз.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Кредит қоржынының құрылымдық талдауы қандай мақсатпен жүргізіледі?
Банктің кредит қоржынының сапасын сипаттайтын қаржылық коэффиценттерді атап, оларға түсініктеме беріңіз.
Кредиттік тәуекелді басқарудың мазмұнын ашып беріңіз.
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Кредиттік құжаттау дегеніміз не?
Қалай ойлайсыз, неліктен кредит тәуекеліне, оның пайда болу себебтері мен оған баға беруге ерекше назар аудару керек.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Кредит қоржынын басқаруды ұйымдастырудың негізгі элементтерін атаңыз.
Кредиттік құжаттау мен несие операцияларының технологиясын басқаруда, әдістемелік қамсыздандыруды құру қаншалықты қажет?
Өткен материалды бекіту үшін тапсырмалар
Нақты мысалда кредиттік шартты жасап және шартта көрсетілген барлық позицияларды түсіндіріңіз.
Төменде келтірілген 2.3. және 2.4. кестелерін пйдалана отырып, келесілерді есептеңіз:
а) кредиттік тәуекел көлемін;
б) мерзімі өткен және пролонгацияланған несиелер бойынша тәуекел көлемін.
Бірінші деңгей капиталы (жарғылық және резервтік қоры, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы) – 219000 млн.теңге.
Несиелер сапасының критерияларын әзірлеп кестелі түрде келтіріңіз.
2.3-кесте
Несиелік тәуекел көлемінің есебі
Кредиттік тәуекел топтары |
Берешек қалдығы |
Тәуекел коэффиценті |
Есеп айырысу резервінің сомасы |
1 |
1500 |
2 |
30 |
2 |
1800 |
5 |
90 |
3 |
8400 |
30 |
2520 |
4 |
3000 |
75 |
2250 |
5 |
750 |
100 |
750 |
Барлығы |
15450 |
х |
5640 |
2.4-кесте
Мерзімі өткен және пролонгацияланған несиелер бойынша тәуекел есебі
Мерзімі өткен несиелер тобы |
Мерзім өтудің және пролонгацияланудың ұзақтығы |
Банкке борыш қалдығы (млн.тг.) |
Тәуекел коэффиценті (%) |
Тәуекел көлемі |
1 |
90 күн-181 күн |
18000 |
30 |
5400 |
2 |
181 күн-1 жыл |
13000 |
50 |
6500 |
3 |
1 жылдан жоғары |
10000 |
100 |
10000 |
Барлығы |
|
|
|
21900 |
|
|
|
|
|
Басқару және ұйымдастыру жүйесі туралы ғылым:менеджмент;философия;физика;астрология;математика; Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатады: банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері;банктің стратегиялық мақсаттары; банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігі; мамандардың әлуетті;коммерциялық мақсаттары; Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:екі;үш;төрт;бес;алты; .......... басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады: Активтерді;инвесторларды;жобаны;қаржыны;тәуекелді; . .......... басқару менеджменттің дербес бағытын білдіреді: Пассивтерді;инвесторларды;жобаны;қаржыны;тәуекелді; Банктің мамандарға деген қажеттілігін анықтау және сырттан мамандар тарту немесе банк қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату: Біліктілікті жоғарылату;жаңа жұмысшылар алу;инвестор тарту;эмиссиялау;инвестициялау;
7. Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қаржылық қатынастағы жетістіктердің қанша пайызы менеджердің әріптестермен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты: 85;100;120;35;65;
8. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау;орындау,бағалау;орындау,жеткізу;тапсыру қабылдау;
9.кәсіпорынның көлемін, құрылымын және оның құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын талдау: ресурстық базаны бағалау;қуатын бақылау;қаржы тарту;инвестициялау;диверсификация нәтижесі;
10. Банк менеджметінің нақты бағыттарын үлкен ....аяға (сфераға) бөлуге болады:2;3;4;5;7;
11. Банк менеджметінің нақты бағыттарын үлкен екі аяға (сфераға) бөлуге болады. Бірінші топ, банк құзыретіндегі экономикалық процесстерді басқару мен ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қамтиды бұл бөлім .....деп аталады: қаржы менеджменті;менеджмент;бухгалтерия;үстеме шығын;жанама шығын;
12. ......менеджментке: банк басшылары мен қызметкерлерінің әлсіздігінен басқару процесінде пайда болатын техникалық қателерді және жалған активтер мен шығындарды жабу үшін жасалған есептер бұрмаларын, сонымен қатар уақытша тартылған қаражаттар арқылы қиын қаржы жағдайын жасыруды (банкаралық несие) жатқызуға болады: Дұрыс емес;қатесіз;оң;сол;сауатты жасалған;
13. бұл компанияны басқару функциялары мен процестерінің, персоналдар іс-әрекеттерінің, өндірістік, технологиялық және тағы басқа іс-әрекеттердің тиімділігі мен нәтижелілігі бағаланатын көрсеткіш: KPI;стагнация;инфлияция;қаржы;валюталық қор;
14. тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қолдану: key performance indicators;calculating;servicing;nothing finance;loading;
15. 1992 жылы Гарвардтың бизнес мектебінің профессоры Р. Каплин компанияның қысқа мерзімді мақсаттары мен ұзақ мерзімді стратегиясын байланыстыратын ....ұсынды: баланс «өсін»;қаржыны;инфлияцияны;жоспарды;стратегияны;
16. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты: қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету;қаржылық есептемелерді дұрыс шығару;қаржылық жоспар жасау;бухгалтерлік баланс дайындау;шығындарды теңестіру;
17. бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді: Банк филиалы;банк активтері;банк қаржысы;банк жұмысшылары;директорлар кеңесі;
18. бұл банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме: Еншілес;құрамдас;шамалас;ұйымдас;заңдас;
19.бұл банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады: Ұлттық;екінші деңгейлі;шамалас;еншілес;бауырлас;
20. Басқарудың негізгі органы – банк, ол банк қызметінде келесі стратегиялық міндеттерді орындайды: банктің ашылуы туралы және қорларының қалыптасуына қатысты шешімдерді қабылдау, банк жарғысын және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын анықтау, банк жұмысы туралы есепті бекіту: акционерлерінің жиналысы;қатысушылар жиналысы;клиенттер;келушілер;дилерлер;
21. Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк Басқармасы және Тексеру комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы, белгіленген мерзімде өкілеттілік жүргізетін сайлайды: банк Кеңесін;банк жұмысын;банктің менеджерлерін;банк қаражатын;банк талаптарын;
22. Банк Кеңесі басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл ішінде кемінде мәжіліске рет жиналады: бір ;бес;он;жиырма;отыз;
23. деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді: Банк менеджменті;банк тәжірибесі;банк қаржысы;банк саясаты;банк ұжымы;
24. Банктің..... тәуекелдерді басқару бойынша жүйенің қызмет етуіне, негізгі тәуекелдерді басқару мен тәуекелдерді басқару бойынша процедуралар мен саясатты мақұлдауға жауапты болады: Директорлар Кеңесі;саясаткерлері;менеджерлері;қызметшілері;қаржыгерлері;
25. Банктің бұл саясаты тәуекелдерді анықтауға, талдау мен басқаруға, тәуекелдерді шектеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін және оның орнатылған шектеулерге сәйкес болуын үнемі бағалауға бағытталған: тәуекелдерді басқару;қаржы тарту;қаржы үнемдеу;есеп саясаты;орнықтыру;
Тақырып 7. Пассивтерді басқару
Мақсаты: Жеке банк және банктер жүйесінің өтімділігін қолдауға бағытталған, нарықта кредит ресурстарын жұмылдыру және банктің эмиссиялық қызметін басқару бойынша іс-әрекеттерді қарастыру.
1. Пассивтерді басқару стратегиясы
2. Макро- және микродеңгейде пассивтерді басқару
1. Төменде келтірілген мақсаттарға сай, қаражат көздерінің жаңа, тиімді құрылымды – қисындық сызбасын қарастыратын, менеджменттің дара бағыты, пассивтерді басқару деп аталады:
банк табысы мен капиталын өсіру мақсатында, қаражаттарды тартумен байланысты болатын шығындарды төмендететін көздерді қолдану;
қордың қажетті тұрақтылық денгейін қамтамасыз ете, банкте жоғары табысты активтерді ұстауға мүмкіндік беретін – депозит, қарыздар мен капитал көлемдері арасында тиімді қатынасты таңдау.
Банктің пассивті операцияларының дұрыс қалыптасуы үшін – пасив-терді басқару стратегиясы жасалуы қажет. Оның мақсаты: банк қаражат көздеріне дұрыс деңгейде бақылау жүргізу.
Басқарудың басты тұтқасы бағалар, оның ішінде, пайыздық мөлшерлеме көлемі және банктің депозит иелері мен несиегерлерге (қорлардың ойдағы көлемін, құрылымын және шығындарын қамту үшін) ұсынатын басқа да шарттары болуы мүмкін. Бірақ банктің пассивті операцияларының дамуы тек оның көлемінің жоғарылауын ғана емес, сонымен қатар осы операциялардың түрлерінің кеңеюін де қарастырады. Осы шарттың орындалу негіздерін ақша мен қаражат нарығының нақтылығы, меншікті жекешелендіру процесінің жеделдетілуі және ақша айналымының тұрақтылығы құрайды.
Банк пассивтерін басқару тактикасының негізгі бағыттарына келесі-лерді жатқызуға болады:
Банк сенімділігін және банктің активті операциялары қатарының кеңеюін (мақсаттаған табыстылыққа жету) қамтамасыз ететін, жеткілікті және қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтау (мақсатталған өтімділікке жету);
Банк пайданалармандар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға (мақсаттаған өтімділікке жету) және активті операциялардың дамуына (мақсаттаған табыстылыққа жету) қажетті ресурстарды іздестіру;
Баланстың (теңгерімнің) өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында мерзімді депозиттерді тарту және «арзан» ресурстарды қолдану есебінен банк пайда табуына қажетті талап еткенге дейінгі депозиттерді тарту.
2. Макродеңгейде пассивтерді басқару қызметін қазхстан республика-сының ұлттық банкі іске асырады.
Ұлттық банк, коммерциялық банктер пассивтерін екі топты құралдар көмегімен басқарады. Бірінші топқа, ақша нарығының үш саласында, ұлттық банкпен жүргізілетін операциялар жатады. Бұл несие ресурстар нарығы, бағалы қағаздар нарығы және валюта нарығы.
Несие ресурстары нарығында ұлттық банк өкілеттілігінде, коммер-циялық банктер мен үкіметке берілетін несиелер шектелімін бекіту және дисконт деңгейін өзгерту. Бірінші құралдар, пассивтердің қалыптасуына ықпалын тигізеді, бірақ оның кемшілігі – шаруашылықтың ақша ресурстарына деген объективті қажеттілігін есепке алмайды.
Екінші құрал – дисконт, ол несие ресурстары нарығында орын алатын сұраныс пен ұсыныс заңын есепке алу арқылы, экономикалық көз қарастан сипатталынады. Дисконттың жоғарылауы несие ресурстарына қатысты сұранымның төмендеуі, бұл жағдай комерциялық банктердің бос резервтерінің мөлшерін және олардың жаңа пассивтерді құру потенциалды мүмкіншіліктерін төмендетеді.
Дисконтты төмендете, ұлттық банк сұраныс деңгейін көтереді, бұл жағдай коммерциялық банктердің бос резервтерінің мөлшерін жоғарылата отырып, оның пасивті шоттарындағы ақша қаражаттарының өсуіне әсерін тигізеді.
Ұлттық банк, мемлекеттің несиегері және мемлекет бюджетінің орындаушысы ретінде аса өтімді – мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына ие. Осыған байланысты, ұлттық банк қор нарығында сатушы да, сатып алушы да бола алады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге және олардың пайдаланармандарына бағалы қағаздарды сата отырып, өлардың бос резервтерін, сонымен қатар жаңа депозиттерді құрудағы эмиссиялық мүмкіндіктерін шектейді; ал бағалы қағаздарды сатып алу арқылы, комерциялық банктердің бос резервтерін молайта отырып, олардың пасивті шоттарда жаңа қаражаттар құру мүмкіншіліктерін жоғарылатады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың көп түрінің бірі, айналыстағы ақша көлемін реттеуге арналған қысқа мерзімді валюталық ноталар. Олардың орналасу, айналыста болу және өтелу тәртібтері қр ұлттық банк басқармасының №359 қаулысына сай жүргізіледі. Сонымен қатар, ұлттық банк валютаның ірі иесі ретінде, коммерция-лық банктерге валюта сата отырып, кредиттік рестрикция (шектеу) саясатын жүргізеді, ал банкілерден валюта сатып алу негізінде кредиттік экспанция (кеңею) саясатын іске асырады. Ақшалы-кредиттік реттеудің екінші топ құралдары ұлттық банк белгіленген нормативтер мен нормалардың қолдануларымен байланысты.
Экономикалық нормативтер қатарына – заңды және жеке тұлғалар алдындағы, банктің барлық депозиттік міндеттемелерінің тіркелген пайызы ретінде анықталатын – минималды резервтік талаптар да жатады. Минималды резервтік талаптарды есептеуге қажетті пайыздық мөл-шерлеменің көлемі ұлттық банк басқармасының қаулысымен белгіленеді. Бантерге минималды резервтік талаптардың орындалуының екі тәсілі ұсынылады. Бірінші тобтағы банктердің қаражаттары резервтік активтерге бір ай ішінде орналасулары қажет, яғни резервтік активтердің орта айлық сомасы – минималды резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен төмен болмауы шарт. Минималды резервтік талаптардың орта айлық көлемі (рторт.), есептік айдың әрбір жұмыс күніне алынған, теңгеде немесе шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасының (доорт.) Пайызы (ұб басқармасы белгілеген) ретінде есеп-телінеді.
РТорт. = |
минималды резервтік талаптарды есептеу үшін пайыздық мөлшерлеме |
∙ДОорт.. |
100 |
Резервтік активтерге ұб корреспонденттік шотындағы қаражаттар мен теңге немесе еркін айналыстағы өтімді валютада түрлеріндегі нақты ақшалар, барлық резервтік активтердің 20%-нен аспайтын көлемдегі алтындар жатады.
Екінші топтағы банктерге, ұлттық банктің 36219 шотында «мини-малды резервтік талаптар бойынша шетел валютасында қаражаттарды резервтеу үшін банк-резиденттердегі шот» немесе 32219 шотында «минималды резервтік талаптар бойынша шетел валютасында қара-жаттарды резервтеу үшін банк-резиденттердегі шот», қаражаттарды депозиттеу қажет, бірақ осы көрсетілген шоттардағы қалдықтар сомасы –айдың бірінші жұмыс күніне қатысты, теңгеде немесе шетел валютасында депозиттік міндеттемелердің пайызы ретінде есептелінген – резервтік талаптарға тең болуы керек. Резервтік шоттағы депозиттелуге тиіс қаражаттар, есеп беруші айдан кейінгі айдың 10-на дейін ұлттық немесе еркін айналыстағы өтімді валюта түрінде,ұлттық банкке аударылуы керек.
Ұлттық банк «банктердің банкісі» ретінде бұл норматив мөлшерін реттей алады. Кредиттік экпанция саясаты жүргізілгенде, бұл норматив төмендеп, комерциялық банктертер өздерінің пассив шоттарында жаңа ақша қаражатын құру мүмкіндігін алады. Кредиттік рестрикция саяса-тының жүргізілуі, бұл нормативті жоғарылатып, комерциялық банк-тертердің пассив шоттарында ақша қаражатын құру мүмкіндігін қысқартады. Сонымен қатар пассивтерге әсер ететін құрал ретінде банк өтемпаздық нормативтері де қолданыс табады.
Ағымдағы өтімділік нормативі, тез өтетін активтер және нақты ақша қаражаттары сомасының, талап еткенге дейінгі міндеттемелер сомасына қатынасын көрсетеді. Пруденциялды нормативтер ережесі бойынша – 0,2-ден кем болмауы керек, яғни бұл жағдай, талап етуге дейнгі шоттағы, әр бір он теңгенің 2 теңгесін, комерциялық банктердің резервте ұстауын білдіреді. Еске алатын жағдай, резервтегі ақшалар банк мультипликаторына қосылмайды.
Коммерциялық банктердің микродеңгейде пассивтерді басқару жұмы-сының мақсаты – пайда табу мен банктің өтімділігін сақтау, сондықтан да банк қызметінде басты назар пассивтердің құралу көзі – депозиттік операциялардың жүргізілуіне аударылуы қажет.
Депозиттік операцияларды іске асыруда банк келесі принциптерге сүйенеді:
Депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, банк жұмысының табысты болуын көздеу;
Депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, депозиттік операциялар субьектілерінің әр алуандығы мен депозиттердің түрлі нысандарының үйлесімін ескеру;
Депозиттік операцияларды жүргізуде – осы операциялар мен мерзімдері және депозиттер сомасы мен кредиттік салымдар бойынша, несие беру операцияларының арасында, өзара байланыс пен өзара келісім болуын қамту;
Депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, банк балансы өтімділігін биік дәрежеде қамтитын депозит түрлеріне назар аудару;
Депозиттық операцияларды ұймдастыруда, депозиттік шоттардағы бос қаражаттар резервтері минималды болуын қарастыру.
Банк пассивтерін басқару – оларға мұқият талдау жүргізуді болжам-дайды. Бұл үшін меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттарға жіктеу жүргізе отырып, тартылған қаражаттардың құрамынан – мерзімді депозиттерді (депозиттік сертификаттардың көптеген түрін қоса), талап етуге дейінгі депозиттерді, халықтың жинақ салымдарын, бағалы қағаздарды бөліп көрсету қажет. Ойткені, әр бір бөлек шоттар мен айналымдағы қаражаттар қалдығы туралы мәліметтер, осы шоттардағы қаражаттың тұрақты қалдығын есептеудің негізі болып табылады. Бұл жағдай банктерге, банк және кәсіпорындар арасында, екі жақты ұтымды болатын операцияны іске асыруға жол береді. Кәсіпорын қарсы болмаған жағдайда оның есеп айырысу шотындағы қаражаттардың кейбір (қалдық бөлігі) бөлігі мерзімді депозиттер шотына ауыстырылады. Ал, кәсіпорын- дарға есеп айырысу шотындағы қаражыттардың қызметке жеткіліксіз болып қалу тәуекелінен сақтану үшін, депозиттік шартта депозит шотындағы қаражатқа төленетін сыйақыға тең пайыздық мөлшерлемемен төлем кре-дитінің берілуін ескерген жөн.
Көптеген елдердің тәжірбиесінде кездесетін, депозиттерді тартудың басқа да түрлері бар: салымшыларға тауар түрінде сыйлықақы беру, пайда-ланармандарға көлік ішінде немесе байланыс бөлімінде қызмет көрсету, депозиттерді ресімдеудің автоматталған жүйесін енгізу және т.б.
Салымдарды тартуда банк ғимараты мен қызметкелерінің ролі өте зор. Пайдаланармандар көбіне тартымды ғимаратта орналасқан, тәжірбиелі, әдепті қызметкелері бар банктермен қызметтес болуға ынталы.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Қандай жағдайдаларда банкирлер қаражаттардың жаңа көздерін табуға, сонымен қатар депозиттер мен депозиттік емес міндеттемелер құнына және құрылым мониторингіне көбірек көніл бөледі?
Кредитке сұраным өскен жағдайда, банк қандай іс әрекет жасауға тиіс?
Пассивтерді басқару процесінде шешілетін банктің негізгі міндеттерін атаңыз?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Комерциялық банктердің пассивті шоттарында, ақша қаражаттарының қалыптасуына, дисконт көлемінің өзгеруі қандай әсер етеді?
Банк мультипликаторы дегеніміз не? Ол қандай жағдайда туындайды? Банк мультипликаторының іс әрекетін сипаттаңыз.
«банктің еркін резерві» деген түсініктің пайда болу себебін атаңыз? Банк еркін резервінің қолдану мақсатын сипаттаңыз.
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Қр ұб жүргізетін кредиттік рестрикция және кредиттік экспанция саясаттарының мазмұнын ашып түсіндіріңіз ?
Банк мультипликациясы көз қарасынан қарағанда, пассивтерге әсер ететін құрал ретінде банк өтімділігі нормативінің қолдануы нені білдіреді ?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Пассив операцияларын басқару негізі болатын, пассивтердің талдану ретін сипаттаңыз ?
Банк мультипликаторының көлемі қалай анықталынады?
Өткен материалдарды бекіту үшін тапсырмалар
Төменде (кесте 2.5), берілген «а» банк мәліметтері негізінде, жылдар бойынша таза пайыздық маржаның өзгерістерін талдаңыз. Осы ауытқулардың туындау себептерін түсіндіріңіз.
Альтернативтік варианттар.
Таза пайыздық маржаның өзгерістерін келесі жағдайларды есепке ала отырып талдаңыз, мысалы: пайыздық кіріс 75 млн.тенгеге, ал шығындар – 65 млн.тенгеге дейін өсті делік. Активтер бойынша орташа пайда мөлшерін анықтаңыз. Ақша нарығының қарыздары мен депозиттері бойынша орташа шығындар өзгерістерін түсіндіріңіз.
Мысалы: пайыздық табыс – 67 млн.тенгеге, ал шығындар – 54 млн. Тенгеге төмендеді. Осы жағдайда, банктің таза пайыздық маржа өзгерістері қандай болмақ? Қарыздар мен бағалы қағаздар боынша орташа қайтарымдар қалай өзгереді? Және қарыздар бойынша орташа шығын жағдайы калай болмақ?
2.5-кесте
Көрсеткіштер |
Жылдар |
||
Бірінші (млн.тг) |
Екінші (млн.тг.) |
Үшінші (млн.тг.) |
|
Пайыздық табыс |
69 |
70 |
71 |
Пайыздық шығындар |
48 |
56 |
63 |
Қарыздар |
420 |
422 |
425 |
Бағалы қағаздар және басқа банк депозитіндегі қаражаттар |
188 |
211 |
253 |
Барлық депозиттер |
481 |
486 |
501 |
Ақша нарығындағы қарыздар |
110 |
132 |
157 |
1.Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жататыны:активтер құрылымының мақсатқа сәйкес болуын қадағалау;кірістер мен шығыстарды бақылау;Пассивтерди анықтау;кассадағы ақша қаражат қозғалысы;банк өтімділігін анықтау. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жататыны? активті операцияларды әртараптандыру;кірістер мен шығыстарды бақылау;Пассивтерди анықтау;кассадағы ақша қаражат қозғалысы;банк өтімділігін анықтау. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жататыны? тәуекелдікті қадағалау және резервтерді құру;кірістер мен шығыстарды бақылау;Пассивтерди анықтау;кассадағы ақша қаражат қозғалысы:.банк өтімділігін анықтау. Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне жататыны?активтердің табыстылығын қолдау;кірістер мен шығыстарды бақылау;Пассивтерди анықтау;кассадағы ақша қаражат қозғалысы;банк өтімділігін анықтау. Ликвидтіактивтерге жататындар: кассадағы қолма-қол ақша, Ұлтық және коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы (оның ішінде, шетел корреспондентт-банктерінің), сонымен қатар банктер сатып алған мемлекеттік қарыз облигациялары; 30 күн ішінде өтелуге тиіс, банк есебіне кететін несие және басқа да төлемдер;Клиенттер қатарында, ірі және кіші кәсіпорындар, әртүрлі салалар мен үй шаруашылықтары. Олардың табыс табу көздері мен кепілзаттық төлемдері де әр түрлі;табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны жатады;Ұзақ және қысқа мерзімді салымдар,дипозиттер;фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады. Банк қаражаттарының тартылатын көздері мен қолдану бағыттарын ........... тәуекелді төмендету тәсілдерінің бірі болып саналады: әртараптандыру (диверцификациялау);Бағалы қағаздар;Қадағалау;Интервенция;Қаржылық бақылау. Диверцификация –калай болып бөлінеді: қоржынды және географиялық;таза және ауыспалы;икемді және икемсіз;Орта,кіші.үлкен;Жалпы және арнайы. Қоржынды диверсификация деп?: клиенттер қауымы арасында кредиттік қаражаттар мен депозиттердің бөлінуін білдіреді;банк қызметінің сферасын, әртүрлі географиялық аудандарда немесе әртүрлі экономикалық шартты елдерде өз іс әрекетін енгізу есебінен, кеңеюін білдіреді;Диверсификацияның мұндай нысандары банк тәуекелін тиімді түрде төмендеуін қамтиды, өйткені, әртүрлі топтағы клиенттерден түсетін табыстар, өз уақытында әртүрлі бағыттарда өзгеріп отырады;Д.Бұл жағдайда бір топтағы клиенттер- ден түсетін табыстың азайуы, басқа топтан түсетін табыстың ұлғайуы арқылы орнын толтырып отырады;в.с жауаптары дұрыс. Географиялық диверсификация деп : банк қызметінің сферасын, әртүрлі географиялық аудандарда немесе әртүрлі экономикалық шартты елдерде өз іс әрекетін енгізу есебінен, кеңеюін білдіреді;клиенттер қатарында, ірі және кіші кәсіпорындар, әртүрлі салалар мен үй шаруашылықтары;активтердің, сапалық сипаттамаларына және басқа да ерекшеліктеріне сай, дұрыс таңдалған құрылымы, олардың өтімділігінің жоғарылауын болжамдай отырып, банк қызметінің тұрақты, сенімді болуын қамтамасыз етеді;резервтердің мөлшерін белгілеу, өтімділік көрсеткіште- рін есептеу кезінде, өтімді активтердің құрамына кіретін несие берешегінің көлемін бір қалыпқа келтіруге және активтердің табыстылығын қамтуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;кредиттік салымдар, уақытында өтелмеуімен және берілген несиелердің ұзартпасымен (пролонгациясымен) сипатталынады. Провизиялар (резервтер) - ...қайтарылмаған активтердің немесе олардың құнының төмендеуімен байланысты болар шығындарын жабуға қажетті қаражаттар сомасын көрсетеді; банк қызметінің сферасын, әртүрлі географиялық аудандарда немесе әртүрлі экономикалық шартты елдерде өз іс әрекетін енгізу есебінен, кеңеюін білдіреді;диверсификацияның мұндай нысандары банк тәуекелін тиімді түрде төмендеуін қамтиды, өйткені, әртүрлі топтағы клиенттерден түсетін табыстар, өз уақытында әртүрлі бағыттарда өзгеріп отырады;бұл жағдайда бір топтағы клиенттер- ден түсетін табыстың азайуы, басқа топтан түсетін табыстың ұлғайуы арқылы орнын толтырып отырады;кредиттік салымдар, уақытында өтелмеуімен және берілген несиелердің ұзартпасымен (пролонгациясымен) сипатталынады. Провизиялар калай бөлінеді?жалпы және арнайы;таза және ауыспалы;икемді және икемсіз;Орта,кіші.үлкен; Тұрақты және ауыспалы. ... ағымды құны бастапқы құнынан екі есе төмен және ысырап болу тәуекелі бар, нақты классификацияланған активтер шығындарын жабу үшін құрылады: Арнайы провезия;Жалпы провезия;жекелеген бақылау;тұрақты тексеріс; Кезеңдік тексеріс. Активтер мен шартты міндеттемелер, калай болып бөлінеді:стандартты және классификацияланған;таза және ауыспалы;икемді және икемсіз;Орта,кіші.үлкен;жалпы және арнайы. Стандартты деп- ...А.ағымды құны банктің сатып алған құнынан төмен болмайтын немесе активтер бойынша талаптары келісім шартқа сәйкес орындалатын активтерді есептейміз.В.ағымдағы құны банктің сатып алған құнынан төмен болатын немесе активтер бойынша талаптары келісім шарттқа сәйкес орындалмайтын активтерді жатқызамыз.С.қарызгердің қаржы күйі тұрақты болған жағдайда, міндеттемелер сомасына кредит ресімделіп және банктің несие қоржынының жіктелу ережесіне сай, жіктеледі; Д.міндеттемелер, дебиторлық берешек түрінде ресімделгенде, банктің дебиторлық берешегін жіктеуге белгіленген тәртіп бойынша жіктеледі;Е.қарызгердің қызмет көрсеткіштері төмен болған жағдайда, жіктелу берешекке ұқсас кредит бойынша, бірақ қаржы жағдайына қатысты критерияларды есепке ала жүргізіледі. 15.Классификацияланған активтерге жататындар?А.ағымдағы құны банктің сатып алған құнынан төмен болатын немесе активтер бойынша талаптары келісім шарттқа сәйкес орындалмайтын активтерді жатқызамыз.В.ағымды құны банктің сатып алған құнынан төмен болмайтын немесе активтер бойынша талаптары келісім шартқа сәйкес орындалатын активтерді есептейміз.С. қарызгердің қаржы күйі тұрақты болған жағдайда, міндеттемелер сомасына кредит ресімделіп және банктің несие қоржынының жіктелу ережесіне сай, жіктеледі; Д. міндеттемелер, дебиторлық берешек түрінде ресімделгенде, банктің дебиторлық берешегін жіктеуге белгіленген тәртіп бойынша жіктеледі;Е. қарызгердің қызмет көрсеткіштері төмен болған жағдайда, жіктелу берешекке ұқсас кредит бойынша, бірақ қаржы жағдайына қатысты критерияларды есепке ала жүргізіледі.
Тақырып 8. Банк пайдасын басқару
Мақсаты: Банк табыстылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді және пайданы басқарудың негізгі элементтерін анықтау. Банк пайдасын жоғарылату бағыттарын қарастыру.
1. Банк табыстылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер
2. Банк активтері табыстылығының құрылымдық талдауы
3. Есеп-қисап нысандары
1. Коммерциялық банктің кәсіпкерлік корпорация ретіндегі қызметінің негізгі мақсаты – банк тәуекелін төмендете отырып, акционерлер енгізген қаражаттың көлемін жоғарылата, максималды табыс табу. Бұл алға қойылған міндеттің орындалу шарты: біріншіден, банк саясатын дұрыс жолға қойып, мекеменің алдағы даму бағыттарының жаңа мүмкінші-ліктерін іздестіру; екіншіден, банк қызметінің есебі мен бақылау жұмыстарын биік деңгейде ұйымдастырып, олардың нәтижесіне күнделікті талдау жүргізу. Осы бастапқы ережелер коммерциялық банк пайдасын басқарудың құрамдық элементтерін анықтайды:
банк кірістерін басқару;
банк пайдасының қалыптасуын бақылау;
кредит беру мен инвестициядан түскен шектік табысты және қаражаттарды тарту бойынша шектік шығындарды қадағалау;
банк кірісі мен пайдасының деңгейін сандық және сапалық көз қарастан бағалау;
банк ісіндегі тәуекеллерге баға беру.
Барлық банктердің акционерлері, акционерлік капитал құнының және одан түсетін пайда көлемінің өсуіне мүдделі. Егер акция бағасы акционер- лер күткен деңгейден төмен болса, инвесторлар олардан құтылу жолын табуға тырысады. Бұл жағдайда, банк біраз қиыншылықтармен қақты-ғысып, өз болашағын қамту үшін жаңа капитал көздерін іздеуге мәжбүр болады. Сондықтан, барлық операциялар бойынша, қолайлы тәуекел деңгейін сақтай отырып, банк қызметін тиімді басқарудың негізгі көрсеткіші және өзекті міндеті ретінде көрінетін банк акционерлік капитал құнын мүмкінінше жоғарылату қажет.
Ірі банк операцияларының табыстылығы мен тәуекелдігінің арасалма- ғының ең басты жиынтық көрсеткіші ретінде, акцияларының нарықтық бағасы көрінеді. Бірақ, орташа және шағын банкілерде акциямен жүргізі- летін нарықтық операциялардың көлемі өте төмен, сондықтан нарықтық баға көрсеткіші арқылы банк табыстылығы деңгейін бағалау, халықара- лық және ұлттық нарықта онша қолайлы емес. Осы жағдаймен байланы- сты, нарықтық құн көрсеткішінің орнына индикаторларлар пайдаланыла- ды (қолдануға қолайлы болу үшін, табыстылықтың әртүрлі салыстырма- лы көрсеткіштері индикаторлармен ауыстырылады). Төменде банк пай-дасының салыстырмалы көрсеткіштері келтірілген:
1. Меншікті (акционерлік) капитал пайдасы, ROE % |
= |
салық салудан кейінгі таза пайда |
. |
акционерлік капитал |
2. Актив бірлігінің пайдасы, ROA % |
= |
салық салудан кейінгі таза пайда |
. |
активтер жиынтығы |
3. Таза пайыздық емес маржа |
= |
пайыздық емес табыстар |
- |
пайыздық емес шығындар |
. |
табысты активтер |
|||||
4. Банктің операция-лық пайдасының таза маржасы |
= |
операциялық табыстар |
- |
операциялық шығындар |
. |
активтер |
|||||
6. Бір акцияға есептел-ген таза пайда |
= |
салық салудан кейінгі таза пайда |
. |
айналыстағы қарапайым акциялар |
Осы көрсеткіштер банк табыстылығының әр түрлі аспектілерін сипаттайды. Меншікті капиталға пайда (ROE) – активтер табысты-лығының деңгейін көрсетеді. Активтер бірлігінің пайдасы (ROA), банк акционерлері үшін табыстылық өлшемі ретінде көрінеді, ойткені ол – акционерлер өз капиталына инвестиция салу арқылы табатын таза пайда шамасының көрсеткіші болып табылады.
Таза пайыздық маржа – пайыз бойынша кіріс пен шығыс арасындағы айырманы көрсетеді. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы үшін алдын-ала арзан қаражат көздері қарастырылып, банктің табысты активтеріне мұқият бақылау жүргізіледі. Пайыздық емес маржа – пайыздық емес кірістер (депозиттерге қызмет көрсету үшін төлем ақы және банк табатын коммисиялық сыйақының басқа түрлері) мен пайыздық емес шығындар-дың (бұның ішінде еңбек ақы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындары және несие залалдарын жабу шығындары) арасалмағын анықтайды. Әдетте банктердің көбінде пайыздық емес маржа теріс нәтижелі, себебі кейінгі кезде, банктер табатын комисиялық сыйақының көлемінің артуына қарамастан, пайыздық емес шығындар пайыздық емес табыстардан біраз жоғары.
Банк табыстылығының келесі көрсеткіші – операциялық пайданың таза маржасы, ол операциялық пайда жиынтығы мен активтер жиынтығының арасалмағы ретінде көрінеді. Пайданың бұл көрсеткішін, оның екі құрамдық бөлігі сипаттайды: оның бірі – активтер бойынша орташа пайыздық пайда, екіншісі – активтер бойынша пайыздық емес орташа пайда. Несие және басқа да табысты активтер нарығында, бәсекелестіктің өріс алуына және көптеген несиелер, уақытында қайтарылмай, мерзімі өткен несиелер қатарына өтуіне байланысты – банктердің көбі комиссиялық сыйақы түріндегі, пайыздық емес пайданың көбеюіне көңіл бөле бастады. Соңғы көрсеткіш (бір акция есебіне таза пайда) банк сатқан акциялардың көлеміне қатысты, негізгі банк иелері – акционерлер пайдасына берілетін төлемдерді тура бағалайтын көрсеткіш ретінде сипатталынады.
Тақырыптың соңында, есеп жасалған мезгіл талаптарына сай іс-жүзіндегі ағымды бағаларды қолдана, ААҚ «Қазақстан Халық банкі» қаржы есебінің мәліметтері негізінде КАSЕ мамандары орындаған компанияның қаржы көрсеткіштерінің есебі келтірілген
2. Банктің табыстылық көрсеткіштеріне құрылымдық талдау жүргізу – банк табыс табу жолында кездесетін қиыншылықтар себебін тұжырымдап, оларды мүмкінінше шешу бағыттарын анықтау. Бұл талдау жұмысының негізі, банктің, активтер табыстылығы мен капитал табыстылығы сияқты компоненттерін тереңінен жан-жақты қарастыру болып табылады. Банк капиталы табыстылығын келесі көрсеткіштер сипаттайды: пайданың таза маржасы, банк активтерін пайдалану коэффиценті, капитал мультипликаторы.
Банк пайдасының маржасы салық төленгеннен кейінгі пайданың, операциялық табысқа қатынасы арқылы анықталынады. Бұл көрсеткіш, шығындарды басқарудың тиімділігін және банк қызметіне баға бекіту саясатын көрсетеді. Активтерді пайдалану коэффиценті, операциялық табыстардың активтерге қатынасын көрсете отырып, қоржынды (әсіресе банктің активтер құрылымы мен олар бойынша табыстылық бөлігінде) басқару саясатын білдіреді. Капитал мультипликаторы дегеніміз – банк ресурстарының құрылу негіздерін көрсететін (қарыз міндеттемелері немесе акционерлік капитал), банк активтерінің акционерлік капиталға қатынасы. Аталған банк көрсеткіштері мәнінің төмендеп кетпеуін қадағалап отырған жөн. Жоғарыда аталған қаржы көрсеткіштерінің ең маңыздысы капитал мультипликаторы, оның деңгейі орташа алғанда 15 пункті құрайды.
Мультипликатор – банк қаржы тұтқасының тура көрсеткіші, яғни ол акционерлік капитал сомасының қаншасы және банк ресурстарының қандай бөлігі борыштық міндет түрінде болатынын көрсетеді. Банк активтерінің табыстылығын таза пайыздық маржа, пайыздық емес маржа және таза пайдаға ықпал ететеін арнайы операциялар сипаттайды. Мұнда активтер табыстылығының көрсеткіші жеке құрамдарға бөлініп, өз кезегінде, банктің қаржы позицияларында кездесетін қажетсіз ағым-дардың пайда болу себебін анықтау үшін жан-жақты талданады. Несие бойынша, залалдарды жабу үшін қажетті сақтық қор көлемінің тым жоғары болуы да, банк пайдасы деңгейінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Сонымен, осы аталған жағдайларды есепке ала, банктің табыстылық деңгейінің өсуіне бірнеше факторларлар әсер етеді деп тұжырымдауға болады, олардың қатарында:
қаржы тұтқасының пайдалануын таразылау (борыш міндеттемелерінің есебінен қаржыланатын банк активтері мен акционерлік капиталдың ара салмағы);
қаржыланатын активтер бойынша операциялық тұтқалардың пайдала-нуын таразылау (банктің жалпы қаржы нәтижесін жоғарылату мақ-сатында, операциялық пайданы өсіруге қажетті тіркелген шығындар үлесі);
табыстың көп бөлігі таза пайда күйінде көрінуі үшін, операциялық шығындарды бақылау;
қолдағы барлық активтерді максималды пайда табуға бағыттай, өтімділік нормативтерін сақтау үшін активтер қоржынын тиімді басқару;
шығындардың, банк пайдасы мен оның акционерлік капиталынан басым болып кетпеуі үшін, банк операцияларының тәуекеллік дәрежесіне бақылау жүргізу.
Банк қызметінде, табыстылық көрсеткіші маңызды орын алады өйткені, банк пайдасының жеткілікті деңгейде болуы, банк капиталын сақтап, оның өсу негізін калыптастырады. Банктің максималды пайда табу мақсаты, оның тәукелдік деңгейін есепке ала отырып түзетіле іске асады.
Банк тәуекелділігінің түрлеріне:
Несиелік тәуекел – пайдаланарманның несиелік, лизингтік және кепілдік операцияларды жүргізуде өзіне алған ақша міндеттемелерін орындауда, басты шарт талаптарын бұзуы салдарынан шығындар пайда болу тәуекелділігі. Кредиттік тәуекел – вексельдер, аккредетивтер және бағалы қағаздар операцияларын жүргізуде, кредитті овердрафт және несиелендірудің басқа түрінде беруде, депозиттерді орналастыруда туындайды.
Пайыздық тәуекелдік – пайыздық мөлшерлеменің аытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты болар шығынға немесе түспей қалған пайдаға тәуекел ету. Пайыздық тәуекелдікке келесілер жатады:
тартылған банк міндеттемелері мен орналастырылған активтерінің өтелуі мен қайтарылу мерзімі арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде шығын шығу тәуекелі (сыйақының тіркелген мөлшерлемесі бойынша);
банк бір жағынан активтер, екінші жағынан міндеттемелер бойынша әр түрлі үстемелер (өзгермелі және тіркелген) пайдалану нәти-жесіндегі тәуекелдік;
бір қатар банк инструменттері бойынша түсетін және төленетін сыйақының есептелу мен реттелуінің әр түрлі әдістері қолдануымен байланысты туындайтын, базисты (негігі) тәуекелдік.
Опциондық тәуекелдік – активтер, міндеттемелер мен баланстан сырт баптар бойынша операцияларды жүргізу үшін, осы мәмілеге тән бірнеше варианттардың бірін таңдау негізінде пайда болады;
Өтемпаздықты жоғалту тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін, берешегін мезгілінде орындамауынан туындайтын тәуекел. Өтемпаз-дықты жоғалту тәуекелдігін басқару кезінде банктің ағымды өтімділігіне, сондай-ақ тартылған және орналастырылған ақшалар мерзімінің, сыйақы алу (төлеу) мен байланысты шығындар мен кірістердің сәйкестіліктеріне қадағалау жүргізудың мәні зор.
Операциялық тәуекел – сауда немесе басқа операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық шығын қаупі. Жалпы, тәуекелдің бұл түрі, ішкі бақылауды ұйымдастыру талабының орындалмауы нәтижесінде туын-дайды. Ішкі бақылауды ұйымдастыру талабының бұзылуы, банк қызметкерлерінің өздері атқаратын қызметтері мен міндеттеріне (ішкі құжаттармен анықталатын) қойылатын талаптарды және банк қыз-метіндегі тәуекеллерді басқару ережелерін орындамау негізінде туындайды. Операциялық тәуекелге компьютерлік операция жүйелерінде жұмыстың бұзылуына байланысты немесе төтенше апаттардан туындайтын тәуекеллерде жатады.
Валюталық тәуекел – несие және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегу қауіпі. Бұл тәуекел ашық валюталық жайғасым жағдайында пайда болады.
Портфельдік тәуекел – банктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінен туындайтын тәуекел. Залал тәуекелі келесі жағдайларда пайда болады: эмитенттің (ақша шығарушының) қаржы жағдайының нашарлағанында, бағалы қағаздардың бағамы,табыстылығы және өтімділігі төмендегенде.
Пайданың толық түспеу тәуекелі – банк ішіндегі және сыртқы факторлар ықпалының әсерінен пайданың күтпеген жерден азаю тәуекелі, ол экономикалық жағдайдың өзгеруінде, заңнамалар және реттеуде орын алатын өзгерістермен байланысты туындайды. Пайданың жеткілікті деңгейде түспеуін сиппаттайтын көрсеткіштерге, келесілер жатады:
салық төленгеннен кейінгі таза пайда вариациялары немесе стандартты ауытқулар;
банктің капитал табыстылығы мен активтер табыстылығының варияциялары немесе стандартты ауытқулар;
Банк ісінде, оның даму деңгейіне әсер ететін, бірақ құрылымы мен аумағына тәуелді емес қауп-тәуекелдің басқа да түрлері кездеседі, мысалы, инфляциалық, саяси, заңды бұзумен байланысты және т.б. Сондықтан, залалды және күмәнді операцияларға талдау жүргізуге көп көңіл бөліп, банк қызметінде алыпсатарлық операциялардың пайда болу себебін анықтау қажет.
3. 1994 жылы 16 желтоқсанда бекітілген банктің пайдасы мен шығындарының есебін және ұластырылған теңгерімін (баланс) жасау нұсқауына сай, пайдалар мен шығындар есебі негізгі және қосымша кестеден құралады. Осы кестелерде банк операцияларынан түсетін және басқа да күтілмеген банк табыстары, сондай-ақ банк операцияларының және жалпы банк қызметін қамту мен байланысты болатын шығындары көрсетіледі.
Банк қызметінің табыстылық деңгейі қаржы коэфиценттерінің жүйесі және құрылымдылық талдау негіздерінде бағаланады. Егер, банктің нақты қаржы коэфиценттерінің шамасы әлемдік стандарттарға сәйкес болып, коэффициенттер динамикасында теріс тренд кездеспесе, сондай-ақ банк пайдасының өсуі тұрақсыз көздер есебінен құралмаса, банктің қаржы жағдайының тұрақтылығын аудиторлар растайды.
Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Банк қызметінде кездесетін қауп-тәуекеллердің негізгі түрлеріне терең түсінік беріңіз.
Банк операцияларының тәуекелділігін бағалауға қолданылатын банк балансының, пайда, табыстар және шығындар есебінінің баптарын атаңыз.
«Активтер бірлігінің пайдасы» көрсеткішінің маңызды құрамдық бөліктерін атап, және ол банк қызметінің қай аспектісін сипаттайты-нын анықтаңыз.
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
«Меншікті (акционерлік) капитал пайдасы» көрсеткішінің ең маңызды құрамдық бөлімдерін атаңыз. Олардың әр қайсысына толық сипаттама беріңіз.
Акционерлік капиталдың табыстылығы дегеніміз не? Бұл көрсеткіш банк қызметінің қай аспектісін сипаттайды?
Бүгінгі жағдайда не себебтен банкирлер пайыздық емес және таза пайыздық маржаға, сонымен қатар спрэд пен табыстылық базасына ерекше көңіл аударады?
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
Репродуктивті деңгей
Активтер табыстылығының мәнін ашып, банк үшін осы көрсеткіштің маңыздылығы неде екенін толық анықтап, айтып беріңіз.
Не себебтен банк операцияларының дұрыс өтуіне және табыстылық деңгейінің өзгеруіне күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілуі керек?
Репродуктивті-тәжірибелік деңгей
Банк табыстылық деңгейіне эсер ететін негізгі басты факторларды атаңыз.
Мәніне қарай пайдалар, табыстар және шығындар есебіндегі негізгі табыстық және шығындық баптарына түсінік беріңіз.
Өткен материалдарды бекіту ұшін тапсырмалар
«Тұранбанк» бойынша өткен жылғы көрсеткіштер (млн.тенгеде):
Салық төлегеннен кейінгі таза пайда – 18
Операциялық шығындар – 225
Жиынтық активтер – 1330
Акционерлік капитал – 110
Жоғарыда көрсетілген мәндер негізінде мына көрсеткіштерді есептеңіздер:
пайыздық маржаны;
активтердің пайдалануын;
капитал мультипликаторын;
меншікті (акционерлік) капиталға пайда.
Альтернаивті вариант.
Мысалы, «Тұранбанк» бойынша жиынтық міндеттемелер 1520 млн. тг., акционерлік капитал 145 млн тг., пайыздық емес пайда 92 млн. тг., пайыздық пайда 160 млн. тг, салық төлегеннен кейінгі таза пайда 25 млн. тенгені құрайды деп есептелік. Осы жағдайда, банк пайдасының таза маржасы көлемін, активтердің пайдалану көрсеткішін, капитал мульти- пликаторын, акционерлік капитал пайдасының көлемін анықтаңыздар.
Тақырыпқа қосымша
Меншікті капитал = бөлінбеген пайда+ акционерлік (жарғылық) капитал+ резервті және арнайы қорлар.
Активтердің баланстық құны = активтердің жиынтық құны.
Өтемді активтер сомасы = касса шоттарындағы сома + ҰБ корреспон-денттік шот + банк-корреспонденттердегі шоттар + құнды қағаздар бойынша активтер.
Операциялық қызмет кірістері = банк аралық несиелер мен қарыздар пайызы + құнды қағаздар операцияларынан кірістер + + банктерге, клиенттерге көрсеткен қызметтен түскен ақы + + бағамдық айырманы қоса, шетел валютасындағы операциялар кірісі, + өзге де операциялық кірістер.
Қарыздар мен депозиттер = өзге банкілерден алынған қарыздар сомасы+кәсіпорындар мен мекемелер депозитінің сомасы + + азаматтар салымдары + банк веклельдері.
Берілген несиелер = өзге банктерді қоса, жеке және заңды тұлғалардың несие берешектерінің сомасы.
Таза пайда = баланстық пайда - қайырымдылық шығындары - - мамандарды оқыту мен дайындау шығындары - күрделі салымдар - пайдаға салынатын салықтар сомасы.
Бір жай акцияға таза пайда ( EPS) = таза пайда / жай акциялар саны.
Бір жай акцияның баланстық құны = (активтердің баланстық құны - - жиынтық міндеттер) / жай акциялар саны.
Активтер табыстылығы (ROA), % = таза пайда / жиынтық активтер
Капитал табыстылығы(ROE), % = таза пайда / меншікті капитал.
1. Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің дивиденті формасындағы құнды көбейтудің 2 әдісі бар: жарғылық капитал және таза кірісті көбейту; таза пайда мен шығысты көбейту; кіріс пен пайданы көбейту; капитал мен пайданы көбейту; меншік капитал мен акцияны көбейту.
2. Меншікті капиталға бірқатар қызметтер атқарады: қорғаныс, шұғыл, реттеуші, айналым, резервтік қызметтері; айналым, резервтік қызметтерді; реттеуші, басқару, жоспарлау, ұйымдастыру қызметтері; шұғыл, жедел, баяу, қорғаныс қызметтерді; шұғыл, өте тез, айналым, реттеуші, қорғаныс қызметтері.
3. Қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелердің бірі болып саналатын: банктің меншікті капиталының жеткіліксіздігін анықтау; пайыздарды реттеу; банктің меншікті капиталының артық-кемшілігін анықтау; банктің жарғылық капиталын көбейту; банктің төлем жүйелерін басқару.
4. Меншікті капиталдың негізгі қиыншылықтарының бірі - меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау үшін неше әдіспен шешуге болады: үш, екі, алты, он, бес
5. Депозит болып табылмайтын банктің қамтылмаған міндеттемесі: жарғылық капитал; материалдық емес активтер; қосымша капитал; субординацияланған борыш; резервтер
6. Жарғылық резервтік, сақтық қорлары негізінде қалыптасады: банктің меншікті қаражаты, пайда есебінен; бюджеттен, шығыс есебінен; пайда, қарыздан; кіріс пен шығыстан; шығындар жиыны, пайда есебінен.
7. Акционерлік, дербес, коммерциялық, бірлескен болып қалай бөлінеді: коммерциялық және мемлекетаралық; жеке және ұйымдық; қаларалық және мемлекетаралық; коммерциялық және мемлекеттік; ағымдық және резервтік
8. Банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда, зияндарды жабуға қызмет ететін: қорғаныс қызметі; шұғыл қызметі; айналым қызметі; резервтік қызметі; реттеуіш қызметі.
9. Банк капиталының қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипаттайтын қызмет бірі: айналым қызметі; қорғаныс қызметі; шұғыл қызметі, реттеуіш қызметі; резервтік қызметі
10. Несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланатын қызметтің бірі: реттеуіш қызмет; резервтік қызмет; шұғыл қызмет; айналым қызмет; қорғаныс қызмет
11. Ақша шығару кезінде тарихи курс: конвертацияланатын курс; капиталдық курс; эмиссиялық курс; банктік курс; есеп курсы
11. Басқару негізгі органдары қандай міндеттерді орындайды: банк жұмысы туралы есепті бекіту; Қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау; Нормаланған еңбек жағдайын құру; Икемділік және жеделдік; Лизингтік операцияларды жүзеге асыру
12. Банк Кеңесі басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып жыл ішінде қанша рет мәжіліске жиналады: кемінде бір рет; кемінде үш рет; кемінде төрт рет; кемінде екі рет; кемінде бес рет
13. Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі немен бекітіледі: банк жарғысымен; конституция заңымен; аудит туралы заңмен; кәсіпорын жарғысымен; дұрыс жауап жоқ
14. Банк Кеңесі жанынан неше комитет құрылады: екі; төрт; үш; сегіз; алты
15. Банк Кеңесінің комитеттері: Кредиттік және тексеру; тексеру және жинақтау; жедел және қаржылық; желілік және штабтық; кредиттік және қаржылық
16. Тексеру комитеті: банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса мен мүлік жағдайын және жыл ішінде жүргізілетін валюталық есеп айырысу, кредиттік операциялардың банк қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады; ақша ағымдары бойынша мәліметтердің электронды өңделуін қамтамасыз ету; арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру; банкке тән функциялар мен операциялардың орындалуы үшін алғы шарттарды құратын, банк жұмысының бастапқы ұйымдастыру жағдайлары; кредиттік қоржынның қалыптасуына несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.
17. Банк филиалы: бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме; банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық мекеме; жарғылық қордың 50%нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме; әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды; бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады
18. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы неше деңгейден тұрады: үш, екі, бес, сегіз, төрт
19. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі: функционалдық және дивизионалдық; ақпараттық және дивизионалдық; тәжірибелік және тапсырыстық; функционалдық және циклдық; құрылымдық және фрикциондық.
20. Басқарма: банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды; бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме; банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық мекеме; жарғылық қордың 50%нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме; әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды
21. Банкті ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі: бірлескен және үйлестірілген іс әрекеттер, басқаруды рационализациялау; салымдарға қаражаттарды қабылдау және несие беру; банк балансының статистикалық өңделуі; жүргізілетін банк саясатының дұрыс болуын қадағалау және банк тиімділігінің жоғарлауын қамту; банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету
22. Коммерциялық банктің несиелік операциялары банктің роліне байланысты: активтік қарыздық және пассивтік қарыздық; орта және ұзақ мерзімді; сыртқы және ішкі; уақытша және тұрақты; қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген.
23. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз: басқару процесінің негізгі ұтымды бағытын анықтау, даму идеологиясын жасау және алға қойған міндеттерді тиімді орындау; ұйымдастыру ең тиімді нысандары мен әдістерін таңдап алу; табыс табу көзі ретінде сыртқы ортаның өзекті позициясын анықтау; халықаралық деңгейде қызмет істеуін нарықтық жағдайда дамуының негізгі аспектісін жоспарлау; қойылған мақсатқа жету мерзімін анықтау
24. Банктің негізгі мақсаты мен міндеттерінің бірі: қойылған мақсатқа жету мерзімін анықтау; халықаралық қаржы институтының статусын көтеру; отандық банктің халықаралық деңгейде қызмет істеуін қадағалау; қаржы мәселелеріне қатысты, банкке әсер ететін факторларды анықтау; нарық жағдайында банктің қызметкелері мен ұйымның идеяларын жоғарлату.
25. Ұжымдық мақсатқа жету үшін персоналға ықпал ету бұл: еңбекті ынталандыру; SWOT талдау; даму стратегиясы; шаруашылық қоржынның даму стратегиясы; материалдық фактор.
Тақырып 9. Банктің инвестициялық қоржынын басқару.
Банктің инвестициялық портфелін басқару
Мақсаты: Банктің бағалы қағаздар қоржынының құрылымын және банк салымдарының тәуекеллі бағыттарын есепке алу мүмкіншіліктерін талдау. Сенімді инвестициялық қоржынның қалыптасу жолдарын анықтау.
1. Банк қоржынындағы инвестициялық бағалы қағаздар
2.Инвестициялық жұмсалымдардың табыстылығын анықтау стратегиясы
3. Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні мен маңызы
4.«Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық портфелін талдау
1.Бүгінгі танда банктің аса маңызды қызметінің бірі – инвестицияны жүзеге асыру және тұтыну мақсатында жеке бизнесте қолданыс табатын, несие қаражатын беру. Алайда, банк қаражаттарының барлығын несие түрінде орналастыру мүмкін емес, және де несиенің көп бөлігі өтімсіз – банкіге жедел түрде қолма-қол ақша қаражаты қажет болған жағдайда олар тез сатылмайды. Келесі мәселе, банк несиесінің барлық нысандары арасы- нан, несие алушы тарапынан қайтуы кейде қиындау болатын, ссудалар ең кәтерлі банк активтеріне жатады. Бұған қоса, кіші және орта банкілерден берілетін несиенің көп бөлігі белгілі бір аймаққа байланған. Яғни, осы аймақтағы экономикалық белсенділіктің біраз төмендеуі, банктің несие қоржынының сапасын нашарлатады.
Осы себептерге қатысты, банктер өздерінің активтер қоржынының едәуір бөлігін – жалпы көлемінің бестен бір бөлігінен-үштен бір бөлігіне дейін – табысты активтердің басқа түріне, яғни бағалы қағаздарға бағыттай бастады. Соңғысы, мемлекеттік облигациялар мен вексельдерді, корпора-тивті облигациялар мен вексельдерді, сондай-ақ заңнамамен анықталған акциялар категорияларын құрайды.
Бірақ отандық тәжірибеде, коммерциялық банктер өздерінің инвес-тициялық қоржындарын қалыптастыру кезінде, сақтықтан, әзірше мемлекеттік құнды қағаздарға тоқталады. Мемлекеттік құнды қағаздардың едәуір өтімді нарығы бар және оларды нақты бір жағдайларда қайталама (екінші) резервтер қатарына жатқызуға да болады.
1994 жылы Қазақстан Ұлттық банкі 3 айлық мемлекеттік дисконтты облигациялар түрінде болатын мемлекеттік қазыналық вексельдердің (қазіргі аталуы МЕККАМ) бірінші сауда саттығын (аукционын) жүргізді. Нәтижесінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша қаражаттарын тарту спектрі қысқа және орта мерзімді борыштық құрал- дардың пайда болу есебінен кеңейді. 1999 жылдың ортасында мемлекеттік бағалы қағаздар құны, ресми тұрақты валюта құнына «байланған» болатын. Мұндай мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылығы екінші нарықта 7-9% жылдық (валютада) шегінде ауытқиды. Бірақ, қаржы құралдарының осы түрдегі ақша салымдарының табысына салық салынбайды.
1988-2000 жылдары, ҚР Ұлттық банкі және қаржы министірлігінен басқа да облигациялар эмитенттері пайда бола бастады, мысалы: ЖШЖ «Вита», Маңғыстау облысының әкімшілігі, «Казкомерцбанк» ААҚ, ЖШЖ «Фарватер» және т.б. Көп жағдайда, мұндай эмитенттердің облигациялары ның бағасы, тұрақты валютаның ресми бағамымен байланысты болады, бірақ олардың табыстылық деңгейі мемлекеттік бағалы қағаздарға қарағанда жоғары. Төменде шығарылған облигациялық заемдардың бірқатарының салыстырмалы кестесі келтірілген.
Банк аталуы |
Эмиссия көлемі, $ |
Купондық мөлшерлеме, % |
Айналыс мерзімі, жыл |
«Көмірбанк» ААҚ |
2 000 000 |
12,0 |
1 |
«АСҚБ» ЖАҚ |
5 000 000 |
10,5 |
1 |
«HSBK» ААҚ |
16 000 000 |
11,8 |
7 |
«Темірбанк» ААҚ |
5 000 000 |
11,0 |
5 |
Kazakhoil |
25 000 000 |
9,0 |
2 |
Kaztransoil |
30 000 000 |
9,0 |
3 |
* Альпеисов Б. Облигациялық қарыздардың алғашқы өтелуі // Банки Казахстана. – 2001. – №2.
Табыс көлемі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасынан қалыптасады. Несие алушы мен инвесторлардың мүдделерінің қарама-қайшылығы облигациялық қарыз (заем) бойынша табыстылықтың орташа өлшенген мәніне әкеледі. Корпоративті облигацияларға салынған ақша қаражаттарынан түскен табысқа 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Сонымен, банк қызметінде инвестиция ретінде мерзімнің салыстыр- малы ұзақ кезеңіне үшінші тұлғалардың құнды қағаздарға қаражат жұмсалымдары танылады. Бағалы қағаздарды инвестициялау, банк қоржынындағы активтердің құраушысы ретінде, бірқатар маңызды функцияларды орындайды: тәуекелді төмендету мақсатымен, банк табыс- тылығын, өтімділігін және әртараптандыруды қамти отырып, салықтан банк табыстарының біраз бөлігін босатады. Мұндай жұмсалымдар банк табыстылығының басқа көздері таусылған жағдайда қосымша түсім- дерді қамтамасыз ете отырып, банк табыстылығын тұрақтандырады. Банкілік бағалы қағаздар қоржынының негізгі қызметтері:
Банктің несие қоржыны бойынша кредиттік тәуекелдің орнын толтыру (жоғарғы сапалы құнды қағаздар банк кредиттерінің тәуекелін теңдестіру мақсатымен сатылып және сақтала алады).
Банк өтімділігін қолдау (ақша қаражатының қажеттілігі туындағанда бағалы қағаздардың сатылуы немесе банк қосымша қорларды қарызға алған кезде кепіл ретінде қолданылуы мүмкін).
Іскерлік цикл фазаларына қатыссыз банк табыстарын тұрақтандыру: қарыздар бойынша табыстар төмендеген кезде бағалы қағаздар табыстарының өсуі мүмкін.
Географиялық диверсификацияны қамтамасыз ету (бағалы қағаздар, банктың несиелендірілетін объектілеріне қарағанда, басқа аймақтармен көбірек байланыста болады, бұл банк табыстарын аса тиімді диверсификациялауға жағдай жасайды.)
Банк салығының ауыртпалығын төмендету (салық салынатын түсімдер ауыртпалығын қарыздар табысымен жеңілдету).
Банктің активтер қоржынының икемділігін қамту, өйткені инвестиция- лық бағалы қағаздар көптеген несиелерге қарағанда ағымдағы нарық- тық конъюнктураға сай банк активтерін жандандыру үшін тез сатыла және қайта қалыптаса алады.
Банкте сақталынатын әр түрлі деңгейдегі депозиттерді қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде пайдалану.
Нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын шығындардан банкті қамсыздандыру.
Банктың инвестициялық саясатының сенімділігін мемлекет тарапынан реттеудің міндеті, банктың инвестициялық қызметіндегі аса маңызды бағыттарды алып сатарлық мақсаттар шеткермеу үшін, банктың инвестициялық қоржынын бағалау. Шетел тәжірибесінде, банк иелігіндегі инвестициялық құралдар екі негізі сыныпқа жіктеледі.
Бірінші сыныпқа, төмен тәуекелмен және жоғары өтімділікпен сипат- талатын, айналым мерзімі бір жылдық ақша нарығының құралдары жатады.
Бұлар: қазыналық вексельдер, қысқа мерзімді қазыналық вексельдер мен облигациялар; федералды агенттіктің құнды қағаздары; депозиттік сертификаттар; банкілік акцептер; қысқа мерзімді коммерциялық міндеттемелер; қысқа мерзімді муниципалдық облигациялар.
Екінші сыныпқа, аса жоғары табыстылықпен сипатталатын өтелу мерзімі бір жылдан асатын капиталдар нарығының құралдары жатады.
Бұлар: қазыналық облигациялар; муниципалды облигациялар; корпо-ративті вексельдер мен облигациялар; құнды қағаздар.
Аталғандар тізімінен банк қоржынындағы құнды қағаздардың екі түрі басым: мемлекеттік қазынашылық қағаздар, сондай-ақ жергілікті басшылық пен аймақ әкімшілігінің облигациялары мен ноталары (муниципиалды міндеттемелер). Банктерге корпоративті облигациялар мен ноталар сияқты жеке сектордың аз ғана құнды қағаздарын сатып алғаннан гөрі, оларды тікелей несиелендіру тиімді, өйткені несиеге қа-рағанда бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі төмен болуымен қатар бағалы қағаздарды иелену жаңа депозиттерді құруға жол бермейді.
Банк қызметіндегі маңызды тенденцияның бірі: аса ірі және майда банктер, өз ара инвестиция қоржынының құрамы бойынша ерек-шелінеді. Майда қаржы институттары өз аймағындағы экономикалық келіспеушіліктерге байланысты залалдарға душар болып қалу тәуекеліне бейім, сондықтан, әдетте олар несиеге тән жоғары тәуекелдің орнын толтыру үшін сенімі биік бағалы қағаздарды қолданады (мемлекеттік облигацияларды). Ірі банктер, керісінше, үлкен көлемде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен штаттардың облигацияларын, шетелдің құнды қағаздарын және жеке сектордың міндеттемелерін (әсіресе корпоративті облигациялар мен коммерциялық вексельдерді) инвести-циялайды, бұларға федералды агенттіктер мен федералды үкіметтің құнды қағаздарына қарағанда аса жоғары тәуекел тән. Банк басқармасы, бағалы қағаздарды сатып алу және оны сақтау мәселелерін талқылау барысында банктің инвестициялық таңдауына әсер ететін факторларды ескеруі қажет, олар: күтілетін табыстылық нормасы, банктің салықтық міндеттемелері, пайыздық тәуекел, кредиттік тәуекел, өтімділік тәуеке-лі, ақпараттық тәуекел және кепілзаттық талаптар.
2. Табыстылық ауытқымасы мен өтеудің орташа өлшенген мерзімінің анықталынуы, инвестиция қоржынын басқарушыға, банк мақсатына сай бағалы қағаздар жұмсалымдарының ең табысты түрін іске асыруға мүмкіншілік береді. Инвестициялық қоржынды жоспарлау процесі қолданы лып жүрген пайыздық мөлшерлемелер құрылымының талдауына негізделген. Бұл құрылымды табыстылық ауытқымасы түрінде көрсетуге болады. Қысқа және ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемелер деңгейлерінің бөлінісін көрсететін табыстылық ауытқымасы негізінде, табыстылық пен тәуекелдің арасындағы таңдауды бағалауға және инвестициялық жұмсалымдардың пайыздық мөлшерлемелер динамикасының болжамды мәліметтерін анықтауға болады.
Бағалы
қағаздар табысын немесе түсім ағынын
анықтау қажеттілігінен, орташа өлшелген
өтелу мерзімінің (Д), түсінігі туындады,
бұл түскен уа- қыты бойынша таразыланған
(өлшенген), барлық қоржын немесе бағалы
қағаздар бойынша күтілетін табыстар
ағындарының келтірілген құнының
сомасының
бағалы қағаздардың немесе қоржынның
нарықтық бағасына (Р0) қатынасы ретінде
анықталады.
Бұл көрсеткіш, бағалы қағаздар бойынша барлық табыс ағынының, сақтайтын банкке түсу уақытының орташа мөлшерін анықтайды:
мұнда: СҒ – бағалы қағаздың өтелу мерзіміне жетуге дейін n кезеңіндегі күтілетін борыштық номиналды сомалардың төлемі және пайыздық табыстың ағындары, t – төлемдер жүргізілетін кезеңдер;VTM – өтелу уақытының табыстылығы.
Өтеудің орташа өлшенген мерзімінің көрсеткіші, инвестициялық және бағалы қағаздар қоржындарының табыстылығын пайыздық мөлшерлеме- нің өзгеру тәуекелінен сақтайды. Яғни, өтеудің орташа өлшелген мерзімі бағалы қағаздардың банкте сақталу кезеңіне тең жоспарлан жағдайда: тәуекелдің екі негізгі түрі – пайыздық тәуекел (бағалы қағаздар бағамының төмендеу қауіпі) және қайта инвестициялау тәуекелі (бағалы қағаздардан түскен табыстардың өте төмен пайызбен инвестиция түрінде қайта орналасуы) – өз ара өтеліп кетеді. Егер пайыздық мөлшерлемелер бағалы қағаздарды сатып алғаннан кейін өссе, соңғылардың нарықтық бағасы төмендейді, бірақ банк аса жоғары нарықтық пайызбен олардан түсетін табыс ағынын қайта инвестициялай алады. Ал, пайыздық мөлшерлемелер төмендеген жағдайда және банк олардан түскен табыс ағынын едәуір тө- мен пайыздық мөлшерлемелерде қайта инвестициялауға мәжбүр болғанда, бұл бағалы қағаздардың бағасы көтеріледі. Нәтижесінде, бағалы қағаздар қоржынының жиынтық қайтарымы анықталып, тіркеледі. Өтеудің орташа өлшенген мерзімі, бағалы қағаздардың банкте сақталатын жоспарланған кезеңіне тең болған жағдайда, капиталды өсімдер немесе шығындар, қайта инвестициялаудың төмендейтін немесе өсетін табыстылығымен өтеледі.
Сондықтан, келтірілген құн бойынша өлшенген бағалы қағаздың неме- се инвестициялық қоржынның өтелу мерзімінің өлшемі, банк басқарушы- сына мекеменің пайыздық тәуекелге бейімделуін төмендетуге мүмкіншілік береді.
3. Банктің инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.
Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады.
Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық процессте беделді қызмет атқаруына себеп болады. Бір жағынан коммерциялық банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.
Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары мынадай:
инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы (банк есебінен де, клиент тапсырмасынан да).
Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып, банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрлымы – банктің несиелік және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.
Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қызмет көрсететін бизнес ретінде қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және орналастыру; екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру брокерлік және диллерлік қызметтер арқылы.
Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық қызметі ретінде қарыз алушыдарға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды және шоғырландыруды қарастыратын. Бұл тұрғыдағы мәселелер сол кезгі жағдаймен байланысты болып келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.
Инвестиция ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша орналастыру, табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге негізделген операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жаірінші жағдайда банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал екіншісінде операциялардың құрлымы қарастырылады.
Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрлымы бар. Банктің инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда – оны экономикалық субьект ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды. Сонымен қатар банктің инвестициялық қызметі қаржылық делдар ретінде макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі деп есептеледі.
Сонымен банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қарастырылады. Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық қызмет банк табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.
Экономиканың дамуы позициясынан банктің инвестициялық қызметі тек қана банктің пайда табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің жеке табысын ұлғайтатын ивестициялық қызметтерден басқа). Сонымен макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде жүргізілгенде көрініс табады.
Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектерді жекешелендіру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды.
Коммерциялық банктер инвестициялық қызмет барысында микроэкономикалық тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде қарастырылады.
Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының спекулятивтік салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға инвестициялаудың мәселерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ мерзімге дейін несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру маңыздылығы сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске қатысуын зерттеу кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын ескеру керек.
Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары ретінде келесі көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:
коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
банк инвестицияларының көлемі;
инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрлымдық көрсеткіштері;
банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция көлеміне есетелген пайданың өсуі;
табысты қаржылық активтерге салымдармен салыстырғандағы инвестициялардың өндірістік секторға альтернативті табыстылықғының көрсеткіштері.
Салымдардың объектісі бойынша нақты экономикалық активтерге салыидар және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік инвестицияларды дифференциялған түрде объектілер бойынша қарастыруға болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге, пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп бөлуге болады.
Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.
Коммерциялық банктер өндіріс саласында инвестициялық қызметті атқармайтын болса, нақты инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын жылжымайтын мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық құқықтарға немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға жұмсауы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі немесе оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын мүліктерге салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы көздерінің болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар, шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласынада болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан инвестициялық шешім қабылдау барысында барлық көрсетілген факторларды және барлық ақпараттарды талдап, жүйелі шешім қабылдау керек. Жылжымайтын мүлікке салым салу кезінде объектінің жарамдылығы, орналасқан жері, көлемі, оны сатып алу немесе салу керектігі, кейін оны ауыстыруға болатындығы талданып сараланады.
Банктің қаржылық инвестицияларына бағалы қағаздарға, басқа банктердегі қысқа мерзімді депозиттерге, несиелік инвестицияларға, пайлар мен үлестік қатысуларға салым салу жатады. Қор нарығының дамуы салдарынан бағалы қағаздарға: борыштық міндеттемелерге (вексельдерге, депозиттік сертификаттарға, мемлекеттік және муниципалды бағалы қағаздарға), үлестік бағалы қағаздарға (акциялар), туында бағалы қағаздарға (деривативтер) салым салу тиімді саналуда. Бағалы қағаздарға салымдарды банк өз есебінен (бактің инвестициялық операциялары) және клиент тапсырмасы мен соның есебінен (клиенттің инвестициялық операциялары) жүргізуі мүмкін. Банк басқа банктердегі қысқс маерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.
Банк несиелік инвестицияларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық, ол дегеніміз банк міндетті түрде қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды қайтарып алады, бірақ бірлескен шаруашылық қызметке араласпау негізінде ұзақ мерзімді несие түрінде береді. Сонымена қатар бұл несиелеу өзге несиелерден айырмашылығы бар, несиенің түпкілікті пайдалану мақсаты, басқаларға қарағанда ұзаұ мерзімге және тәуекел дәрежесі жоғары. Тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында инвестициялық несиелеуді жүзеге асыратын банктер қарыз алушыларға қосымша міндеттемелер жүктейді. Ең көп таралған міндеттемелер келесідей болады:
ұйымның басқару құқығын беретін акция бөлігін иемдену;
үкімет немесе сенімді банктердің қаржылық кепілдік көрсетуі;
жоғары өтімді кепілдің болуы;
үлестік қатысу.
Инвестициялық несиенің ұзақ мерзімге берілуіне байланысты, несиелік арызды немесе инвестициялық жобаны қарастыру барысында инвестициялық тәуекелді анықтау кезінде, қарыз алушының несие кабілеттілігі және несие тарихы ғана емес, және ұйымның қаржылық жағдайының динамикасы талданады. [7, 193б].
Үлестік қатысуға, пайларға, акцияларға салым салу, инвестициялық несиеден ерекшелігі, ұйымның шаруашылық қызметіне банктің араласуы болып табылады. Банк ұйымның жарғылық капиталының қаржылық және қаржылық емес мазмұнында қатысушысы және құрылтайшысы болып табылады.
Өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына банк инвестициялары екі негізгі түрден тұрады: басқа ұйымдардың шаруашылық қызметіне салымдар және банктің өз қызметіне салымдар. Банктің өндіріс немесе ұйымның шаруашылық қызметіне инвестициялар салуы арқылы, олардың капиталдық шығындарына, жарғылық капиталдарын құру немесе ұлғайту арқылы араласады. Ұйымның акцияларын, пайларын, үлестерін сатып алу арқылы жарғылық капиталға араласуы, банктер заң бойынша жарғылық капиталдың құрылтайшысы ретінде берілетін барлық құқықтарға ие болады. Еншілес ұйымды құру мен оны дамытуға салым салу банктің құрылтайшылық қызметіне араласуына негіз болады, өйткені банк оның қаржылық және қаржылық емес құрылтайшысы болып табылады.
Коммерциялық банктердің құрылтайшылық ұйымдары болып, көбінесе қаржылық саладағы (инвестициялық қорлар және компаниялар, брокерлік фирмалар, инвестициялық кеңестер, лизингтік және факторингтік фирмалар, депозиттік және клирингтік институттар, сақтандыру фирмалары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, холдингтер, қаржылық топтар және тағы басқслары) немесе қызмет көрсету саласында (қаржылық кеңестер беру, ақпараттар және тағы басқалары).
Банктердің ұйымның немесе өндірістің шаруашылық қызметіне қатысуы бірнеше жағдайларға байланысты:
инвестицияларға қаржылық бақылау орнату;
тәуекелдің диверсификациясы және банктік бизнестің табыстылығы;
қызмет көрсету аймақтары мен клентерге көрсететін қызмет түрлерін кеңейту арқылы банк беделін әр түрлі нарықтарда артыру;
еншілес қаржылық иституттар құру арқылы ресурстік және клиенттік базаны ұлғайту;
еншілес ұйымдар арқылы банкке келетін ақша құралдарының ағымын ұлғайту;
банкке заңды айнала жұмыс істейтін, рұқсат етілмейтін операцияларды ұлғайту (өндіріс саласында, материалдық құндылықтармен сауда-саттық және сақтандыру).
Еншілес ұйымдарды инвестиция арқылы, олады құру мен дамыту өндірістік және өндірістік емес сипатты иеленуі мүмкін.
Өндірістік инвестициялар, банктің шаруашылық субьектілердің капиталдық шығындарына қатысуы, инвестициялық несиелерді беру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық банктер несиені беру, акционерлеу, жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту, лизинг беру арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыра алады.
Инвестициялық жобаға инвестициялау арқылы банк тек қана пайда таппайды, сонымен қатар құрылған немесе қайта құрылған ұйымды басқару құқығына ие болады. Инвестициялық жобаға тікелей қатысуы арқылы банктің жалпы басқару стратегиясын құруына себепші болады. Бұл жобаны қаржыландыру мен оны тиімді басқаруға деген қарым-қатынасты жақсартады.
Қазақстандық банктер өндіріс орындары мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына инвестициялауы пайыздар мен дивидентерге ғана қызығушылықпен емес, экономикалық нәтижелерге: нарықта өз беделін күшеуті, қосымша клентерді тарту және тағы басқа қызметтер көрсетуге бағытталады. Инвестициялаудың бірден-бір тұжырымы ретінде ұйымды басқаруға қол жеткізу болып табылады.
Банктердің өндіріс орындарына инвестицияларды жұмсауы күтпеген жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Банктердің қаржылық емес ұйымдарға көп көңіл бөлуі банктік тәуекелдің жоғарлауна, және банктік жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты банктердің шаруашылық қызметке араласуын шетейтін заңдар мен нормативтік актілер бар.
Банктің өз қызметіне ивестициялар салуы өзінің материалды-техникалық базасы мен ұйдастырушылық қызметін жақсартуға жұмсалады. Бұл салымдардың бағыты, банктің осы салымдар арқылы қандай мәселелерді жүзеге асыратынына байланысты анықталады. Инвестицияның бағыты бойынша:
банк қызметінің тиімділігін артыру мақсатындағы инвестициялар. Олар банктік жоғалтуларды төмендетуге бағытталған техникалық жабдықтарды жақсартуға, банктік қызметтерді ұйымдастырудың жаңа сатысына шығуға, еңбек ету жағдайын жақсартуға, қызметкерлерді үйретуге, сапалы талдау жүргізуге бағытталған;
банктік қызметтерді диверсификациялау мен кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар банктің ресурстық және клиенттік базасын ұлғайтуға, банктік операцияларды көбейтуге, жаңа банктік қызметтерді жүзеге аыра алатын жаңа бөлімшелер құруға бағытталады;
мемлекеттік қадағалау органдарының қойған талаптарына сай болуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар банктік қызметті белгіленген жағдайлар бойынша жүргізу үшін қадағалау органдарының қойған талаптарын қанағаттандыруға жұмсалады.
Банктің өзінің дамуына салынған инвестициялардың тиімділігі, жасалған қаржылық шығындардың арқасында банктің қаржылық жағдайының жақсаруы немесе банктің жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан көрінеді. Өз қызметіне инвестициялау көлемі мен құрлымы, нақты техника-экономикалық есептеулер нәтижесіне сүйеніп іске асуы қажет. Қажет болған көлемнен артық мөлшерде инвестициялау өтімділіктің өзгеруіне, банк табысының азаюына және банк қызметіндегі тиімділіктің төмендеуіне алып келеді.
Банктің экономикалық қызығушылығы, коммерциялық ұйым ретінде, банктің операцияларының өтімділігі мен тұрақтылығын сақтай отырып, олардың пайдалылығын қамтамасыз ету болады. Банктің инвестициясын бағалау кезінде негізінен үш қағидалы әдіске жүгінеді. Олар: табыстылық, тәуекел және өтімділік.
Табыстылық, өтімділік және тәуекел аралырында тұрақты кері байланыстар бар. Табыстылық артатын болса, онда өтімділік төмендеп, тәуекел дәрежесі артады. Осыған байланысты саралаушылар әр түрлі активтердің инвестициялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты өлшеу шкаласын, матрицаларды, бірнеше топ активтерінің бағасының өсуі немесе өзгеруіне байланысты, өтімділікке байланысты жасайды. Коммерциялық банктердің инвестициялық салымдарының мазмұны негізгі инвестициялық қасиеттерге сәйкес келуі 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Банктің инвестициялық объектілерінің мазмұны
Салым объектілері |
Табыстылық |
Өтімділік |
Тәуекел |
1 |
2 |
3 |
4 |
Инвестициялық несиелер |
+ |
- |
+ |
Қысқа мерзімді депозиттер |
+- |
- |
- |
Акциялар |
+- |
+- |
+ |
Пайлар, үлестік қатысулар |
+- |
+- |
+ |
Пайыз мөлшерлемесі тұрақты бағалы қағаздар |
+ |
+- |
+- |
Мемлекеттік бағалы қағаздар |
+- |
+ |
- |
Жылжымайтын мүлік |
+- |
- |
+ |
Бағалы металдар мен асыл тастар |
- |
+- |
- |
*Ескертпе. Белгілеулер: + оң, - теріс, +- біршама оң [10, 73б].
Бұл бағалау көрсеткендей барлық инвестициялық талаптарға сай келетін инвестициялық құндылықтың жоқ екеніндігі. 1-кестеде көрсетілген ақпараттар орташа есеппен алынған. Егер банк облигацияларды қызмет ету мерзімінен бұрын пайыздық мөлшерлемінің жоғарлау кезінде сататын болса, онда олардың табыстылығы теріс болуы мүмкін. Акциялар бойынша дивиденд түрінде табыстылықтың болмауы немесе өте аз болуы мүмкін. Бірақ акция бағамының өсу мүмкіндігін қарастырсақ, онда табыстық жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар, егер акция бағамы төмендейтін болса, онда табыстылықтың орнына жоғалтулар болуы ғажап емес.
Салымдардың тәуекелдігі инвестициялау объектінің мазмұнымен, кепілдендіруші мен эмитентің беделімен, заңнамалық нормалармен байланысты. Сонымен қатар акциларға, пайларға, үлестік қатысуларға салым салу кезінде, тәуекел ол ұйымның банкротқа ұшырау мүмкіндігімен анықталады.
Өтімділік дәрежесінің болуы барлық уақытта ақша құралдарын қайтарып алуға мүмкіндік береді. Өтімділік бағаның және акция бағамының өзгеуінен туындайтын жоғалтулар тәуекелімен байланысты. Осыдан облигациялар, акциялар, пайлар мен үлестік қатынастарға салымдардың өтімділігі біршама оң деп көрсетілген. Бағалы метелдар мен асыл тастар табысты емес активтер деп саналады, бірақ дағдарыс уақыты олардың бағасының жоғарлауының себепкері болады. Жылжымайтын мүлікті тез арада сату, оның бағасының біршама арзандауымен қатар жүреді.
Банктің инвестициялық портфелін басқару.
Портфель мониторингі. Бағалы қағаздар потфелінің тәкелі неғұрлым жоғары болса, портфелді басқаратын менеджерге оны тиімді басқару үшін соғұрлым үлкен міндеттер қойылады. Бұл мәлеле бағалы қағаздар нарығының тұрақсыз қызмет етуі кезінде орын алады. Басқару негізінде бағалы қағаздардың жиынтиғына белгілі әдістер мен технологиялар нәтижелері: бастапқы инвестициялық ақша қаражаттарын сақтау, ең жоғарғы табыс табу, портфельдің инвестициялық бағытын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, портфельді басқару оның негізгі инвестициялық қасиетін сақтау мен оны ұстаушылардың қызығушылығына сәйкес келуі тиіс. Мониторинг факторларына негіз болатындай портфель құрлымының дұрыс құрылуы портфельді құрайтын бөлшектердің өзгеруіне әкелетін болуы керек.
Портфельді басқаруға негіз болатын әдістер мен технологиялар негізінен «активті» және «пассивті» болып қарастырылады.
Алдымен ең қымбат және қиын басқару элементі – мониторинг болып табылады. Мониторинг – қор нарығы мен оның даму тенденциясын, қор нарығының секторларын және бағалы қағаздардың инвестициялық қасиетін үздіксіз талдаудан тұрады. Соған байланысты мониторингтің түпкі мақсаты – осы портфельге сәйкес келетін бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін талдау болып табылады. Мониторинг активті және пассивті басқару әдістерінің негізі болып табылады. Активті басқару моделі портфельдің инвестициялық мақсатына байланысты портфель құрамына кіретін қор құралдарын тиянақты қадағалауға және тез арада оларды өзгертуге негізделеді. Отандық қро нарығының тез өзгеруі және жоғары тәуекелді болуына байланысты, портфельді басқарудың активті басқару моделі тиімді және ыңғайлы болып келеді. Мониторинг инвестициялық құралдармен және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жоғары табыс әкелуін болжау негізі болып табылады.
Активті басқару моделі бойынша жұмыс істейтін менеджерлер ең тартымды және жоғары пайдалы бағалы қағаздарды сатып алуы тиіс және тез арада төмен табысты активтерден арылуы тиіс. Сонымен қатар портфель бағасының төмендеуі мен оның инвестициялық қасиеттерінің жоғалмауына көңіл бөлуі керек. Ол «жаңа» инвестициялық портфельдің негізгі мінездемелерін бағасын, табыстылығын, тәуекелділігін және басқа да инвестициялық қасиеттерін талдау барысында оны «ескі» инвестициялық портфельмен салыстыру қажет. Бұл әдіс көп қаражатты талап етеді, өйткені, ол ақпараттармен, аналитиқалық талдаумен және бағалы қағаздар нарығының белсенді жұмыс істеуімен байланысты. Оны іске асыру үшін мамандардың талдау нәтижелерін білуге, өзінің талдау жасауына және бағалы қағаздар нарығын талдауды талап етеді.
Cурет 1. Портфель мониторингі
Бұны үлкен инвестициялық портфелі бар және сол арқылы жоғары табыс табуға тырысатын ірі банктер немесе үлкен қаржылық компаниялар іске асыра алады.
Пассивті басқару – жақсы әртараптандырылған, алдын ала тәуекел дәрежесі анықталған, ұзақ мерзімге болжанған портфельді құруға және оны басқаруға арналған. Бұл әдісті нарықтың тиімді жұмыс істеген кезінде және нарық жақсы сападағы бағалы қағаздарға көп болған кезінде қолданған жөн. Портфельдің ұзақ мерзім қызмет етуі, қор нарығының тұрақты жұмыс істеуіне байланысты. Бұл әдіс инфляция кезінде, қысқа мерзімді бағалы қағаздардың нарықта көп болуы кезінде, қор нарығының тұрақсыз жұмыс істеу барысында тиімсіз деп есептеледі. Пассивті басқару тәуекел дәрежесі төмен бағалы қағаздардан құралған портфельді басқару кезінде тиімді болады.
Бір жағынан портфельдің ұзақ мерзім қызмет етуі үшін бағалы қағаздар ұзақ мерзімді болуы тиіс. Бұл пассивті басқарудың ең тиімді жағы – қосымша шығындардың төмен болуын пайдалануға мүмкіндік береді.
Индекстік қор – бұл бағалы қағаздар нарығының барлық қасиетін сипаттайтын, белгіленген биржалық индекстің дамуын қарастыратын әдіс. Егер инвестор өзінің портфелінің нарықтық жағдайды көрсете алатындай болғандығын қаласа, онда оның портфелінің құрамында индексті санау кезінде негіз болатын бағалы қағаздардың мөлшеріндей, бағалы қағаздар мөлшері болу керек. Жалпы айтқанда қазір бағалы қағаздар нарығы тиімді емес, сондықтан бұл әдісті қолдану пайда орнына жоғалтулар алып келуі мүмкін.
Портфельді ұстау әдісі де белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл пассивті басқару моделінің бір нұсқасы болып табылады. Бұл әдіс тиімді емес бағалы қағаздарға инвестицияны салу негізінде жүргізіледі. Бағаның табысқа қатынасының ең төменгі мөлшері бар акциялар таңдалады және кейін биржадағы спекулятивтік операциялардың арқасында табыс табуға болады. Бірақ қазақстан нарығының тұрақсыздығы мұндай кепілдіктер бере алмайды. Ең алдымен, орта бағамен алынған қарыз қаражаттарының немесе нормативті тиімді өз қаражаттарын пайдалануға байланысты портфельдің ең төмен пайдалығы есептеледі. Содан кейін мониторингке сүйеніп портфельге, алып келетін табыстылық пен төмен дәрежелі тәуекелі бар бағалы қағаздар сараланып алынады. Активті басқарудағы нарықтың өзгеруі емес, пассивті басқаруда портфельдің табыстылығының ең төмен дәрежеден де төмен болуы әсер етеді. Соған байланысты табыстылық портфельді өзгертуге себеп болады. Тек қана қор нарығының конъюктурасының өзгеру портфельді басқару моделіне әсер етеді деуге болмайды.
Басқару тактикасын таңдау портфельдің өзіне байланысты болып келеді. Егер қарқынды өсетін портфельге пассивті басқару моделін қолданса, онда одан жоғары пайда күту негізсіз. Сол сияқты тұрақты табысты портфельге активті басқару моделін қолдануда тиімсіз болады.
«Активті» және «пассивті» басқару модельдері клиентің тапсырмасы және соның қаражатына немесе келісім шарт негізінде жүргізіледі. Активті басқару моделі мамандандырылған қаржылық ұйымдардың клиент тапсырысы бойынша портфельді құру үшін бағалы қағаздарды сату және сатып алу қызметтеріне көп қаржы жұмсау арқылы жасалады. Инвестор берген қаражатты пайдалана отырып, портфельді құру үшін басқарушы өз біліктілігіне және таңдалған басқару стратегисына сүйеніп, қор құндылықтарымен операцияларды жүзеге асырады. Пайда мөлшері менеджердің инвестициялық біліктілігінің нәтижесіне байланысты болады. Соған сәйкес менеджердің табысы осы түскен пайданың пайызымен есептеледі. Бұл қызмет «Investment portfolio management treaty» деп немесе бағалы қағаздар портфелін басқару деп аталады.
Пассивті басқару моделі пайда табу мақсатымен тапсырыс берушінің атынан немесе оның тапсырысы бойынша әртүрлі қор құралдарына портфельді инвестицияны жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға ақша қаражаттарын беруді сипаттайды. Бұл операцияларды жүзеге асыру үшін комиссиялық ақша алынады. Шет елдерде бұндай операциялар «Private banking» немесе сенімді банктік операциялар деген атпен белгілі.
Портфельді басқару стратегиясы екі негізгі әдістен: дәстүрлік және қазіргі заманғы болып келеді.
Бастаушы инвесторға портфельді құру негізіне дәстүрлі әдісті қолданған жөн. Ол салалар бойынша жақсы диверсификацияланған, жақсы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге ие белгілі компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуға мүмкіндік береді. Болашақта олардың көрсеткіштері төмендемейтіні болжанған. Сонымен қатар бұл бағалы қағаздардың жоғары өтімділігі есепке алынады, соған байланысты оларды көп көлемде сатып алу және сатуға болады.
Нарықта белгілі біліктілікке ие болғанан кейін, біртіндеп портфельді құрудың тиімді қазіргі заман әдісіне көшкен жөн. Ол статистикалық және математикалық әдістерге негізделген. Бұл әдістің ерекшелігі нарықтық тәукелділік пен табыс арасындағы байланысты табу, ол дегеніміз тәуекелді және көп табыс әкелетін портфельді құру. Бұл әдіс жақсы компьютерлік және математикалық жабдықтауды талап етеді. Маман-аналитиктер мен программистердің бірігіп жасауымен компьютерлік бағдарлама жасалады. Ол бағалы қағаздардың табымтылығы жөнінде көптенген шешімдер жасайды. Компьютерлер биржадағы ақпараттарды үздіксіз талдап отырып, жалпы нарықтаға өзгерістерді саралап отырады. Бұл ақпараттарды пайдаланып, соның нәтижесінде өз шешімдерін іске асырыруға тырысып, инвесторлар портфель құрамындағы бағалы қағаздарды өзгертіп отырады.
Бағалы қағаздар портфелін басқару кезінде салымдардың диверсификациясының тиімді дәрежесін естен шығармаған жөн. Қазіргі кезде батыс елдерінің нарығын талдау барысында орташа портфельдің құрамында 8-20 түрлі бағалы қағаздар болу тиімді екенін көрсетті. Портфельді үлкейткен жағдайда диверсификация да үлкейгені дұрыс. Ірі инвестициялық қорлардың портфелінің құрамындағы бағалы қағаздар 100-ге жуық болады.
Бағалы қағаздар портфелін басқарудың қазіргі заман әдісі бастапқыда тіркелген портфель құрамы біраз уақыт аралығынан кейін қайта қарастырылуы мүмкін. Портфель құрамының өзгеруі негізінен инвестициялық мақсаттардың өзгеруінен туындайды. Өзгерту портфель құрамына кіретін бағалы қағаздардың табыстылық және тәуекелдік дәрежесін өлшеу негізінде жасалады.
Бағалы қағаздар келесі себептерден кейін сатылады:
егер олар табыс әкелмесе және болашақта табыс әкелмейтіні анықталса;
егер бағалы қағаздар өз қызметін атқарған болса;
егер ақша қаражаттарын пайдаланудың басқа да тиімді жолдары табылса.
Инвестициялық портфельді бағалау.
Инвестициялық шешімдерді бағалау, инвестициялық объектілерді ранжирлеу және инвестициялық портфельді модельдеу әр түрлі әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық портфельді модельдеу әдістері.
Парето бойынша таңдау ережесіне сәйкес мүмкін инвестициялық объектілердің жиынтығындағы ең жақсысы болып берілген көрсеткіштер бойынша одан кем емес бірде-бір объект жоқ, ең болмаса бір көрсеткіш бойынша одан артық объекті бар болып табылады. Сонымен бірге инвестициялау объектілерін берілген көрсеткіштер бойынша салыстыру үшін, әдетте, белгілі бір инвестициялық объектілердің артықшылығын көрсететін арнайы кесте құрылады. Көбіне Парето бойынша таңдау ережесі инвестициялық ресурстардың жалпы көлемінің шектеулілігін есепке алуға байланысты қажет нұсқалар санынан көбірек нұсқалар санын береді. Бұл жағдайда Борда бойынша таңдау ережесі қолданылады. Оған байланысты инвестициялфқ объектілер сәйкес ранг мәнін иемденімен қатар әр көрсеткіш мәніне сай кему ретімен ранжирленеді және жалпы рангтың максимальді мәніне ие болған инвестициялау объектісі ең жақсы болып табылады.
Әрбір инвестициялық объект үшін көрсеткіштер рангінің мәні сол көрсеткіштердің удельді салмағы бойынша анықталады және қосылады. Ең жақсы инвестициялық объект осындай рангтың максимальді мәнімен сипатталады. Айта кететін жайт, инвестициялық портфельді құру кезінде кешенді амалдар да қолданылуы мүмкін. Ол үшін иныестициялық жобаларды таңдау бірнеше кезеңде жүргізіледі. Оның әрбірінде одан әрі қарастыруға таңдалып алынған нұсқаны алып тастаумен қатар жүретін ережелер қолданылады. Жалпы баға барлық қарастырылған көрсеткіштер мәнін қосу негізінде немесе инвестор баса назар аударған көрсеткіш негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бағалау көрсеткіштер инвестициялар пайдасының негізгі көрсеткіштерінен, сонымен қатар инвестициялық жоба бойынша тәуекелділіктің жиынтық көрсеткіші, жалдаушының кредиттің рейтингі көрсеткіші және т.б. сияқты көрсеткіштерден тұрады.
Инвестициялық шешімдерді бағалаудың және инвестициялық портфельді қалыптастырудың белгілі бір амалын таңдау инвестордың негізгі мақсатына байланысты анықталады. Сонымен бірге қарастырылған амалдар алдыңғы тарауда қарастырылған инвестицияларды салыстырмалы бағалау жүйесінде жеке көрсеткіштер мәнін анықтауға, инвестициялвқ жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі мен мүмкін инвестициялық ресурстар аралығындағы максимальді сәйкестікке жетуге мүмкіндік бермейді. Оптимальді портфельді қалыптастырудың принципіне көпшілік дәрежеде сызықтық бағдарламалау амалдары сәйкес келеді. Олар берілген шектеулер бойынша портфельдің пайдалылығын максималдандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Пайдалылық қағидалары бойынша инвестициялау объектілерін таңдау бұл фактордың бағалау жүйесіндегі жоғарғы мәніне байланысты инвестициялық анализ процесінде маңызды роль атқарады. Сызықтық бағдарламалау мақсаттарын анықтауда инвестициялық портфельді оптимизациялау берілген шектеулер бойынша пайдалылықтың мүмкін максимальді дәрежесін қамтамасыз ететін инвестициялық объектілер комбинциясын табуға болады.
Максималдандыруға тиісті пайдалылық көрсеткіші ретінде инвестициялардың жалпы пайдасын көрсететін инвестициялық портфельдің таза пайда көлемін пайдалану керек.
(1)
Шектеулер
негізінде қатаң емес теңсіздіктер
қолданылады: (
және
)
i
инвестициялық портфель құрамындағы
объектілер бойынша инвестициялардың
жалпы көлемі Ip
инвестицияларды
қаржыландыруға бөлінген инвестициялық
ресурстар көлемінен аспауы керек.
i
Ip
(2)
Инвестициялық портфель (IRR) құрамындағы объектілер бойынша пайдалылықтың максимальді ішкі көрсеткіші мүмкін инвестициялық ресурстар құнынан k немесе инвестор қабылдаған r дисконт нормасынан аз болмауы керек.
min (IRR) k(r) (3)
Ti инвестициялық порфель құрамындағы объектілер бойынша сатып алудың максимальді мерзімі өнеркәсіпте бекітілген Tp шектеулерден артық болмауы тиіс.
max(Ti) Tp (4)
Инвестор үшін маңызды басқа да көрсеткіштер.
Өтімділік қағидалары бойынша инвестициялық объектілерді таңдау негізгі екі көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады: инвестицияларды ақшаға айналдыру уақыты және осы трансформацияға байланысты инвестордың қаржылай шығындары көлемі. Трансформациялану уақыты бойынша ликвидтілікті бағалау, әдетте, рынокта белгілі бір инвестициялық объектілерді реализациялауға қажетті күндер санымен өлшенеді. Инвестициялық портфельді трансформациялау уақыты бойынша инвестициялық объектілердің өтімділігін бағалау үшін инвестицияларды ликвидтілік дәрежесі бойынша классификациялау қажет. Онда мыналарды арнайы бөліп көрсету керек:
Жедел реализацияланатын және орташа жылдамдықпен реализацияланатын инвестицияларды біріктіретін Ip инвестициялар;
Жай қарқынмен реализацияланатын және реализациялануы қиын инвестицияларды біріктіретін жай реализацияланатын Iс инвестициялар.
Өтімділікті бағалау жылдам реализацияланатын инвестициялардың (Ip) инвестицияның жалпы көлеміндегі (I) үлесін – Lp, жай реалиацияланатын инвестициялардың жалпы көлеміндегі (I) үлесін –Lс, жүзеге асырылатын және жай қарқынмен реализацияланатын инвестициялардың ликвидтілігін сәйкестендіру коэффицентін – Кл есептеу негізінде жүзеге асырылады:
Lp=Ip/I; (5)
Lc=Ic/I; (6)
Lл=Ip/Ic. (7)
Жүзеге асырылатын инвестициялардың олардың жалпы көлеміндегі үлесінің және жай жүзеге асырылатын инвестициялардың ликвидтілігін сәйкестендіру коэффицентінің үлкен мәнінде инвестициялық портфель ликвидті болып табылады. Басқа тең шарттарда инвестициялаудың жоғары ликвидті объектәлерін таңдау қаржыны одан тиімдірек активке қайтадан инвестициялау, пайдасы аз жобалардан шығу және тағы басқа жолдар арқылы инвестициялық портфельді басқаруды жеңілдетуді қамтамасыз етеді.
Инвестициялық объектілердің өтімділігін қаржылай шығын дәрежесі бойынша бағалау шығын көлемін инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы осы шығындардың жеке құрылымдық бөліктерін анализдеу негізінде анықталады. Уақыты және қаржылай шығындар дәрежесі бойынша инвестициялардың ликвидтілік көрсеткіштері бір-бірінен кері тәуелділікте. Мұның мәніне келер болсақ, егер инвестор инвестицияларды тез жүзеге асыру жағдайында көп қаржылық шығындарға келіссе, ол өз жобасын тез арада жүзеге асыра алады және керісінше мұндай байланыстың болуы инвесторға тек инвестициялар ликвидтілігі дәрежесін бағалауға ғана емес, сонымен бірге қаржылай шығындар дәрежесі көрсеткішіне әсер ете отырып инвестициялардың ақшаға айналу процесін басқаруға да мүмкіндік береді.
Инвестициялық портфельді бағалауды тұжырымдай келсек:
Портфельдік инвестициялау жеке инвестициялық объектілер тұрғысынан жүзеге асырыла алмайтын инвестициялық объектілерге белгілі бір сәйкестік беру арқылы инвестициялау мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған. Инвестициялық портфель түсінігі белгілі бір инвестициялық стратегияға байланысты белгілі бір мақсатты көздеп құрылған инвестициялық объектілерге салымдар жиынтығын білдіреді. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың негізгі мақсаты пайдалырақ және сенімді инвестициялық салымдарды таңдау жолымен жасалған инвестициялық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Арнайы мақсаттары: капитал өсімін максималдандыру, кіріс өсімін максималдандыру, инвестициялық тәуекелділікті азайту, инвестициялық портфельдің қажетті ликвидтілігін қамтамасыз ету. Арнайы мақсаттарына байланысты инвестициялық портфельді қалыптастыру барсыныда алдағы міндеттер анықталынады.
Инвестициялық портфель құрамындағы объектілердің әр түрлілігі, инвестициялау мақсаттарының және т.б. шарттардың әр түрлілігі инвестициялық портфелдің түрлерінің көп болуына әсер етеді. Оларды түрге бөлу әр түрлі белгілерге байланысты жүргізіледі: инвестициялық қызмет бағыты, инвестициялық мақсаттары, инвестициялық мақсаттарына сәйкестілік, т.б. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың негізгі принциптері:
инвестициялық саясатты жүзеге асыруды қаматамсыз ету, инвестициялық портфельдің көлемі мен құрылымының, оны қалыптастыратын көздердің көлемі және құрылымына сәйкестігін қамтамасыз ету;
кірістің, тәуекелділіктің, өтімділіктің оптимальді қатынасындағы жетістіктер;
инвестициялық портфельдің диверсификациясы;
инвестициялық портфельді қамтамасыз ету.
Нағыз инвестициялық жобалар портфелінің негізгі ерекшелітері: жоғарғы капитал, төменгі ликвидтілік, жоғарғы тәуекелділік. Инвестициялық жобаларды таңдау экономакалық саясат мақсаттарын, салалық орта жағдайын, инвестициялау формасын, инвестициялық жобаның компания қызметіне сәйкестігін, тәуекелділік дәрежесін, салымдарды сатып алу мерзімін, инвестицияның қажетті құрылымын және көлемін, өндірістік база мен инфрақұрылымның болуын маркетингтік зерттеулердің болуын және оның сапасын, салық салудың жеңілдік көрсету саясатын, пайдалану мүмкіндігін, инвестициялық жобаны мемлекеттің қолдау дірежесін есепке алады.
Құнды қағаздар портфелі, бір жағынан, өтімділік және басқарудың жоғарғы дәрежесімен, ал екінші жағынан, жоғарғы инфляциялық тәуекелділік және кіріске шектеулі әсерімен сипатталады. Қорлық жобаны қалыптастырудың негізгі факторлары: инвестиция мақсаттары, инвестициялық портфель әртараптандыру дәрежесі, портфельді талап етілген өтімділікпен қамтамасыз ету, әр түрлі қаржылық құралдар бойынша кіріске салық салу дәрежесі. Қазіргі портфельдік теорияға сәйкес портфель диверсификация принципін есепке алу құнды қағаздарды курстық құндылықтың жан-жақты бағытталған динамикасына сәйкес таңдауға бағытталады. Құнды қағаздардың аз көлемін және қорлық портфельдің қалыптасуы спецификасына тән отандық, қорлық жағдайында олардың қазіргі жағдайларға бейімделуі есепке алуға байланысты теорияның тек кейбір аспектілері қолданылуы мүмкін.
