Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД БМТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі

«Қаржы және есеп» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебінің директоры

__________________ Д. Кром

«_____»_________________2013 ж.

«БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Мамандығы

5В050800 – есеп және аудит

Пәннің коды

ВМ 4 26

Оқыту түрі

Күндізгі

Барлығы

2 кредит

Курс

3

Семестр

6

Дәріс

20 сағат

Практикалық, семинар сабақ

10 сағат

АБ саны

2

СОӨЖ

15 сағат

СӨЖ

45 сағат

Экзамен

6 семестр

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Астана – 2013

1.Оқытушы туралы мәлімет: аға оқытушысы Ерболат Амангелдіұлы Мұхамеджанов, оқытушы Бекмұрзаева Ж.А.

Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығын жетілдіру жолдары . Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқылады: «Банктік менеджмент», «Бағалы қағаздар нарығы», «Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау», «Өнеркәсіп статистикасы»

Тілді меңгеру: қазақша - еркін, орысша – тұрмыстық деңгейде, ағылшынша – сөздікпен.

Кафедра мәліметтері: «Қаржы және есеп» кафедрасы, Т: 70 – 30 -45, 418а-каб.

2. Пән пререквизиттері:

"Макроэкономика", "Микроэкономика", «Экономикалық теория негіздері», "Қаржы", Банк ісі.

3. Пән постреквизиттері : «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «Каржы нарығы және делдалдар».

4. Пәннің сипаттамасы

Пәннін мазмұны: Бұл пән Банктік менеджмент теориясының мазмұнымен таныстырып, практикалық түрде қолдануға көмектеседі. Банк жүйесіндегі басқару мен қаржыландыру тұжырымдамасын жүргізудің негізін қалайды. Банктің экономикалық, әлеуметтік дамуның негізгі бағыттарын талдау және басқару мен қаржы саясаты терминдерінің мәнінің жүйелік сипаттамасын, жіктелуін, даму сатыларын түсінуге және анықтауға бағытталған.

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктеріне сай банк ісін басқарудың теориялық негіздерімен студенттерді таныстыру және тәжірибелік саласында студенттерге терең білім беру болып табылады.

5. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптардың атауы мен құрылымы

Дәрістің мақсаты мен міндеттері

Мәселелі сұрақтар

Сағ. саны

1

Банк менеджментінің мазмұны, құрылымы мен бағыттары

Банк менеджментінің басты мақсаттары және ерекшеліктері. Банк менеджментінің құрылымы мен бағыттары. Басқару процесінің мазмұны. Банк басқару аялары. Банк менеджментінің даму перспективалары. Банктердің 2009-2011жылдарға арналған даму стратегиясы

Банк менеджерлерінің шешім қабылдау процессіне және банк қызметінің өркендеуіне, банк ісіндегі жаңа тенденциялардың мүмкінінше тигізер әсерін анықтау.

Банк менеджмен-тінің басты мақсаттары және банктердің 2009-2011жылдарға арналған даму стратегиясы

1

2

Банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздері. Коммерциялық банктердің қызметі Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары. Банктің ұйымдық құрылымы. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы. Банкті ұйымдастыру қағидаттары. Банк құрылымының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары. ҚР коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.

Банк жұмысын ұйымдастырудың түрлі әдістерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру және басшылық таңдап алған банк қызметін ұйымдастырудың нақты нысанының пайда көлеміне, тәуекел деңгейі мен операциялар тиімділігіне тигізер әсерін бағалау.

Коммерциялық банктердің қызметі Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

1

3

Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары және қалыптасу ережелері. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары. Банктің кадрлық саясаты. Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты

Банк ісін басқарудың негізгі құрамдық бөлімдерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары.

2

4

Банктің меншікті капиталын басқару. Меншікті капиталдың негізгі міндеттері. Меншікті капиталдың қалыптасу көздері және оның жеткіліктілігін бағалау. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын басқаруы жөніндегі пруденциялық нормативтер. Қазақстан Республикасының банктерінің меншікті капиталын басқаруды жетілдіру жолдары.

Банктің меншікті капиталының жеткілікті болуын білдіретін өлшемдерді (критерияларын) негіздеу және осы жеткілікті (ұйғарымды) бағалауға жол беретін көрсеткіштерді таңдау.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің банктердің меншікті капиталын басқаруы

2

5

Банк активтерін басқару. Активтерді басқару стратегиясы. Активтерді басқару принциптері.Резервтерді қалыптастыру тәртібі.

Теңгерім (баланс) өтімділігін қадағалай отырып банк жұмысының табыстылығын қамту.

Активтерді басқару принциптері.Резервтерді қалыптастыру тәртібі.

2

6

Банктің қарыз қаражаттарын басқару. Кредиттік операциялардың технологиясын басқару. Кредиттік тәуекеллерді басқару. Кредит қоржынының жіктелуі.

Кредит құжаттарын және несие операцияла-рының технологиясын басқару үшін әдістемелік базаны құру. Кредит қоржынын басқаруды ұйымдастырудың басты элементтерін негіздеу.

Кредиттік тәуекеллерді басқарудағы мәселелер.

2

7

Пассивтерді басқару. Пассивтерді басқару стратегиясы. Макро- және микродеңгейде пассивтерді басқару.

Жеке банк және банктер жүйесінің өтімділігін қолдауға бағытталған, нарықта кредит ресурстарын жұмылдыру және банктің эмиссиялық қызметін басқару бойынша іс-әрекеттерді қарастыру.

Макро- және микродеңгейде пассивтерді басқару.

2

8

Банк пайдасын басқару. Банк табыстылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер. Банк активтері табыстылығының құрылымдық талдауы. Есеп-қисап нысандары

Банк табыстылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді және пайданы басқарудың негізгі элементтерін анықтау. Банк пайдасын жоғары-лату бағыттарын қарастыру.

Банк пайдасын басқаруда кездесетін мәселелер

2

9

Банктің инвестициялық қоржынын басқару. Банктің инвестициялық портфелін басқару. Банк қоржынындағы инвестициялық бағалы қағаздар Инвестициялық жұмсалымдардың табыстылығын анықтау стратегиясы. Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні мен маңызы. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық портфелін талдау.

Банктің бағалы қағаздар қоржы-нының құрылымын және банк салым-дарының тәуекеллі бағыттарын есепке алу мүмкіншілік-терін талдау. Сенімді инвестициялық қоржынның қалыптасу жолдарын анықтау.

Банктің инвестициялық портфелін басқару перспективасы.

2

10

Банктің валюта қоржынын басқару. Валюта операциялары және оларды жүргізу ережелері. Валюта жайғасымдары және валюталық тәуекеллер. Валюта нарығының операциялары. Валюта қоржыны өтімділігін қамту жолдары.

Банктің валюта саясатының қалып-тасуын, валюталық тәуекеллердің қыс-қару жолдарын анықтауды және зиян шегу қаупі туындағанда жүргі-зілетін жұмыстарды біліп түсіну.

Валюта жайғасымдары және валюталық тәуекеллер мәселелер

2

11

Банк өтімділігін басқару стратегиясы. Банк өтімділігін басқару негіздері. Өтімділікті теңдестіре басқару стратегиясы. Өтімділікті басқару тетігі.

Өтімді құралдарға сұраныстың мүмкін болатын нысандарын қарастыру. Кейінге қалдыруға болмайтын қолма-қол қаражаттарына қатысты қажет- тіліктерді қанағаттандыру мақсатымен, банктің өтімді қаражаттарын бас- қаруда қолданыс табатын қаражаттардың альтернативті көздерін талдау.

Банк өтімділігін басқару стратегиясы

2

20