
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
Арақ — ақыл, мастық — ой, жар — хақиқат Жан — нәпсі, шатақ — иман, дін — қиянат. Маскунем, әйел сүйгіш, дінсіз ғой деп, Сырын білмей сыртымнан қылма ғайбат. Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын, Дәлелсізге нанам деп болмаймын мат. Бастағы көз, құлаққа сенімім жоқ, Терең ой мен ақылға айтамын дат. Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы, Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат. Шатақ дінге, әдетке, не білгішке Ноқталатпай ойымды қылам азат. «Ақылға билетпеген пенде айуан,» Десем де бола қоймас сөзім ағат. Құранның шын мағынасын шатақ ұғып, Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат. Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан Құраннан табылады талай аят. Тәпсір деп қасиетін талқан қылып, Бұзғанмен құран болмас адасқан хат. Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас, Бетіне перде жапсаң неше қабат, Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы, Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне Дін десе тұра қашты есті азамат. Бар обалы олардың тәпсіршіде, Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат. Ол қатені түзеткен әлімдер кеп, Соның сөзін оқысам боламын шат. Киянатың бар болса — иманың жоқ, Маған десе мың жылдай қыл ғибадат
Дін
Жер жүзіне қарасам, Неше түрлі халық бар, Дін, иманын санасам, Мыңнан артық анық бар. Бұл қалай деп ойласам. Мұның да бір сыры бар, Терең ойға бойласам, Дәл мынадай түрі бар: Жардың шашы сансыз көп Ол санауға келмей тұр. Анық нұры осы деп, Әркім бір тал ұстап жүр. Біреу отқа жағынды, Нұрдың түбі құдай деп. He суретке табынды, Олай емес, былай деп. Бірі: «құдай бір десе», Бірі айтады: «көп құдай». Бірі: «тәңірі - Күн» десе, Бірі дейді: «жоқ құдай». Міне, осыдан байқалды,- Бәрі іздеп жүр иесін. Табамыз деп ойға алды. Жаратқанның киесін. Жас қозыдай болып тұр, Білсек, мұның мысалы. Қолтық, шабын түртіп жүр, Анық соған ұқсады. Ойды кімнен алғанын Адам өзі сезбейді. Жанның айдап салғанын Сезбесе де іздейді. Хақиқаттың тарауы Түгел жетпей қалмайды. Әр түрлі боп қарауы, Көбі анықтай алмайды. Жердің жүзін дәл тауып, Ешбір дін жоқ орныққан. Бәрінде де бар қауіп, Дін көбейді сондықтан. Сол көп дінде шешу бар, Ол шешудің арты бар. Адасқанға кешу бар, Кешудің де шарты бар. Мейлі, кімге шоқынсын, Шын іздесе тәңірісін. Қиянатты жау білсін, Онан тыйып нәпсісін. Тәңірі жолы - ақ жүрек, Сайтан деген - қиянат. Ақ жүректі ертерек, Ескер-дағы, қыл әдет...
Тәңірі мен жан
Күн аязда терезеге Неше түрлі гүл түсер. Мұнша әдемі түсті неге Кім түсірді?- Ой жібер. Нысабыңмен ойласаң сен, Істей алмас оны адам. Ең адамның шеберінен Соны салған жан шебер. Сипатын көр тосып ал да, Жапалақтап жауса қар. Таза тексер көзді сал да, Қандай оның түрі бар? Таң қаларсың, ойға салсаң, Қар жасаған шытырасын. Жаралыстан ғибрат алсаң, Болар едің ойқұмар. Неше түрлі гүл, жапырақ,.. Әрбіреуін қолыңа ал. Құры көрігп қойма бірақ, Онда не бар ойға сал. Түсі қандай, түрі қандай, Тамыры бар неше тал. Тесе қара, тексере алмай Ұқпадым деп айтпа жал. Өлсе өсімдік, тіріледі, Күн жылынып, тамса су. Кейі тамақ, кейі шарап, Кейі дәру, кейі у. Тән - терезе, ой қожасы, Оймен анық байқасаң. Бар ғылымның түп атасы - Таза ақыл мен ойлану. Тағы бір шөп ортасында, Тіпті, тәтті балы бар. Тарауының ең басында, Өткір ине талы бар. Балға қонса бір шыбын кеп, Шаншылады инелер. Қылды қорек шыбын шөп жеп, Таң қаларлық хал бар. Зор мұхиттың дариясының Ең түбінде бар балық. Денесінде сол балықтың, Бір нұры бар жап-жарық. Сол жарықтың арқасымен Тамақ аулап күн көрер. Оқы ғылым, нанбасаң сен, Жалған емес, бұл анық. Сиқырына таң қалатын Тас бар, аты - магнит. Темір оған құл болатын, Бар осындай қасиет... Магниттің қуаты еді Қыбылнама дегенің. Терең оймен тексереді, Табады ақыл керемет. Мына маржан - судан өскен Тал сияқты, жануар. Адам еді оны кескен, Тағы өсетін жаны бар. Тіпті кетпес еш жоғалып, Байқасаңыз, барша жан. Тағы дене тауып алып, Тағы өседі қайтадан. Түрлі жанда дене түрлеп, Өзгеріп тұр бұл ғалам. Жоғалатын нәрсе жоқ деп, Айтты ғылым байқаған. Көзге сеніп, ойға сенбей, Жанды жоқ деп қаңғырып, Адасып жүр ақты көрмей, Көнді соқыр көп надан. «Ана сансыз кереметті Кім жаратса,- тәңірі сол!»- Десе нетті, қойса бетті, Хақиқатқа жайнаған. Шала дін мен қате пәннің Сөзіне ерме, маған ер. Міне жаның, міне тәңірің, Міне дінің, міне иман.
Адамдық борышың
Адамдық борышың - Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл. Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен, Бiлiмсiз, Өнерсiз, Болады ақыл тұл. Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшiн. Нәпсiңе билетпе Басыңның бағы үшiн. Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше, Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшiн. Қайтадан қайрылып Қауымға келмейсiң. Барыңды, Нәрiңдi Тiрлiкте бергейсiң. Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң Шын бақыт- Осыны ұқ, Мәңгiлiк өлмейсiң!
«Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім...»
Үйрен, Білсең әннің мәндерін. Дәл толқындарын толғап, бұлжытпай, Келтір кемеліне сәндерін. Ән менен күйдің тілі - үн, Ұқпасаң оны, саған мін. Жасыңнан талаптан білуге сырын, Жете ұғып алған соң, Жарасады әнге қоссаң жырын. Мұңлы, Зарлы Үндер еріксіз жылатар, Қамыққанды кейі жұбатар. Ой, ақылымды Қозғар ән-күйді Жаным жай тапқандай ұнатар. Маңызсыз айғай ән болмас, Татымды онда мән болмас, Сазды үнмен билеп ал Тыңдаушы ойын. Елжіретіп жүрегін, Әсер беріп, ән балқытсын бойын. Әсем әннен ғажап Ләззатты үн шығар. Ойы сергек оны жан ұғар Бар сезіміңді билер Ән-күйге, Жастар, Тілімді ал, Бол құмар. Үн сырын сезер адам аз, Айғайға құры болар мәз. Ұқпайды тас құлақ Ән мен күй мәнін. Сезер ме еді, Оларға салып берсе Сиреннің әнін? Гомер ән сиқырын көрсеткен Сиреннен, Қиялдаған оймен тереңнен. Ол әннің жайын ашып берумен Күткен сондай әнді өреннен. Шығардым әндер жаңалап, Саларсың сынға саралап, Жараса, ойладым, Әншілер салсын деп. Белгі болып бір мұра, Кейінгіге әнімнен де қалсын деп.