
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
«Қобызым неге сарнайды?...»
Қобызым неге сарнайды? - Ажалдан хабар береді. Сыбызғым неге зарлайды? - Деп тұр ием өледі. Дүниедегі қуаныш,- Бір азғантай жұбаныш. Оның түбі бір налыс, Қайғы мен рахат тел еді. Басқа түскен әрбір іс, He қызықты, не кейіс, Ойласаң, ол - көрген түс, Соғып өткен жел еді. Бақ бермейді есіркеп, У салады жесін деп. Иманың мен жаның жеп, Жерге апарып көмеді. Ақ малтадай езеді, Түбінде сенен безеді, Оны ақылың сезеді, Heгe нәпсің сенеді? Біле тұра талай жан Саудаға салып ар-иман. Алдап берген уынан Көп жұтқысы келеді. Сұлу бетін сүйгізсе, Улатып, жанды күйгізсе, Маңдайын жерге тигізсе, Ешкім әрі жүр демеді. Ac бергенін дейді той, Ол - қасапшы, бұлар - қой, Көп мисызда болмайды ой, Бұл не қылған ел еді!
«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
Сорлы бұлбұл жазға асық боп, Нұрлы гүлге айтты зар. Көбелек те шамды алам деп, Отқа түстi боп құмар. Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түк те жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде Aсықтың нұры бар. Жан денеме кiргенiнде Бiрге кiрген осы дерт. Жан беретiн дәрiгерiң де, Ем таба алмай қор болар. Менде бар да, тiптi сiзде, Жоқ емес бұл қасиет. Оны өшiрiп бәрiңiз де, Дедiңiздер жауды жар. Алдағанға кеттiң азып, Әпсүн оқып үйренiп, Бердi сайтан дұға жазып, Соны қылдың бойтұмар. Неге жандың, сұм жүрегiм, Өзгелердiң дертi үшiн. Жарды сүй деп, бар тiлегiң, Мен сияқты басқалар. Өзге асықтар қызғанады, Басқалардан өз жарын. Қызғаныштан кiм танады, Бұл сөзiңе кiм нанар? Мен жомартпын жар нұрына, Алса екен деп барша жан. Жетсе көзiң бұл сырыма, Ой өрiсiн қылма тар. Дүние өмiрiн мен сынадым, Ешбiрiнде опа жоқ. Қош, өмiрiм, қош, құмарым, Қош, жәдiгөй, нәпсi қар!
Зұлымдық қылып елді жеп
Зұлымдық қылып елді жеп, Ойладың әбден байырды. Атану үшін мырза деп, Кәріпке бердің қайырды. Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды. Құдайға пара бересің, Ылақ пен қотыр тайыңды. Жоғалтқандай көресің Ел жылатқан жайыңды. Олай емес, шырағым, Мұның түбі уайым-ды. Параға берген ылағың Ар, иманнан айырды. Елден кешу алмасаң, Жалмауыздай жалмасаң, Тәңіріні малмен алдасаң, Алдыңғы орның дайын-ды!
«Әбден толып жарық ай...»
Әбден толып жарық ай, Жоғарылап өрледі. Таласып жарға байқамай, Нұры кемін көрмеді. Жар киесі атқан соң, Секпіл түсті бетіне. Асылық айтып шатқан соң, Қаяу түсті шетіне. Күн сайын кетті шегініп, Кетіле берді, кетіле. Ұялып әбден жеңіліп, Жете алмады ниетіне. Қабағы ғана қылтиып, Қара салды бетіне. Нұрының мінін ол түйіп, Сонда түсті есіне. Қармақтай белі бүгілді, Таласудан түңілді. Жаны шықты, жығылды, Таласты екен несіне?! Ай өлген соң Күн шықты, Мен жеңемін оны деп. «Айдан гөрі мен мықты, Болмады Айдың жолы»-деп. Біздің жарды көргенше, «Қап, бәлем-ай, сені?!»-деп, «Айша кеміп өлгенше, Тәңір алсын мені»-деп. Күннің нұрлы бетінде, Алты-жеті дағы бар. Уайым сол ниетінде, Көреді-ау деп тағы жар. Жарым нұрын шашты да, Күн бетіне қарады. Күн ұялып қашты да, Тым төмендеп барады. Нұрын сүртіп топыраққа, Зәресі әбден ұшты да, Қашарын білмей қай жаққа, Тығылды жерге түсті де. Менің жарым қандай жар?! - Ай өлді де, Күн қашты. Мағынасын байқаңдар. Сырлы сөзім сырды ашты. Кімге келсе бір бәле - Жар жіберген көлеңке. Жақсылық болса егерде - Жар нұрынан бір сәуле. Бұл әлемнің әр түрлі, Бөлек емес ешбірі. Бәрі де жардың бір сыры; He көлеңке, не нұры.