
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
«Өртейін деп отқа көмдім...»
Өртейін деп отқа көмдім, От жүрегім жанбады. Жанды апарып жарға бердім, Пара ғой деп алмады. Жан, тәнімді, иманымды - Асылымды бойдағы, Аямадым жиғанымды, Сонда да көз салмады. Жар қараса тірілуші ем, Қарамаса, мен - өлік. Рахым өтіп қылмады-ау ем, Енді үмітім қалмады. Сүйтсем, онда сыр бар екен, Байқамаппын мен оны. Қосылайын, өлсе деген, Амалы екен, алдады. Өліп едім, жар бірігіп, Бір бейісті тандады. Ләйлі - Мәжнүн қарсы шығып, Ерулігін қамдады. Тірілікте қосылысқан, Шын жар емес, ойнас ол. Ондай асық шынға дұспан, Ол бейіске бармады. Жар сипатын білсеңіз де, Нәпсін, өлмей деме жар. Айла, алдау өзіңізге, Шын хақиқат қонбады. «Сен - жарым» деп, алдаған еп Тиеді оқ боп кеудеге. Өкінеді уайым жеп, Ол аныққа нанбады. Өмір үйін түрғызам деп, Мың сан үйді құлатып, Кірпіш, ағаш жиғазам деп, Мәтшаларын сұлатып; Бір басымның қамы ғой деп, Қамданып ем жан үшін. Көп халықтың хақысын жеп, Көп наданды жылатып. Бітсе, қайта бұза бердім, Басқа түрмен қалатып. Неше план сыза бердім, Кезегімен ұнатып. Сопы болып басты идім, Сәлде салдым айла үшін. Әділімсіп перде кидім, Бетті бояп сылатып. Нәпсі сонда қуанып жүр, Айтқанымды қылды деп. Хақиқатқа көрмедім бір Өз бойымды сынатып. Бір күні шарап ішіп едім, Түсті жарым ойыма. Терең ойға түсіп едім, Кетті мастық улатып. Деді мастық: «Өмір — айлаң— Не бітірді, қыл есеп. Қанша адамға тиді пайдаң, Қанша момын шулатып». Көп аруақ келді кіріп, Көп қиянат — қылғаным. Кетті бетке бір түкіріп, Қақырықпен сулатып. Тіпті айықпа, сорлы басым, Мен ардақтың құлымын. Құй түкірсін, кегін алсын, Ойды қанмен булатып. Қиянатпен қылған ісім Көңіліме түсті де, Жанды ішім, кетті күшім, Неге қойсын шыдатып. Ес жиюым болды қиын, Есіркеді, келді жар. Қылды «рахым», өмір үйін, Өз басыма құлатып.
«Жар көрмеген надандар...»
Жар көрмеген надандар Жарың кім деп күледі. Оқыған ойсыз адамдар, Жансыз өмір сүреді. Ойласам, олар — жанды өлік, Меңіреу, мисыз бір көлік. Осыдан жоқ өңгелік, Адаммын деп жүреді. Нұрыңмен жарық жүрегім, Ғайыптан хабар білемін. Жарымның алғам тілегін, Қап тауын нандай тілемін. Қанжарың бер, барайын, Меңіреудің ішін жарайын. Нұрыңнан сәуле салайын, Сонда оған жан кіреді. Нұрыңды көрсе болып мас, Мейлі кәрі, мейлі жас, Меңіреу мұны жаратпас, Деп тәңірісін біледі.
«Сиқыр сөзбен арбасаң...»
Сиқыр сөзбен арбасаң, Табиғат басын иеді. Кәрленіп кімді қарғасаң, Қатесіз оғың тиеді. Нұрыңды түгел жасырсаң, Жаралыс кебін киеді. Өлшемей шектен асырсаң, Көз шағылып күйеді. Өлшеп жібер нұрыңды, Білсін асық түріңді. Бір-бірлеп аш сырыңды, Соныңды көңілің сүйеді.
«Өмірдің ұнап ойыны...»
Өмірдің ұнап ойыны Шатыраш ойнап жүрмін шат. Жер ашып тұр қойынын «Кел жылдам — деп,— көрге жат!» Сен «мерзімсің», мен жаяу, Қайтсем ұтам, ойбай-ау! Төрге барсам мен таяу, Қылмас па екем ханды мат. Аяндап жүріп төр алдым, Мен де «мерзім» бола алдым. Тіршіліктен ояндым, Сайра, тілім, жорғалат. Ұқтырмаса нұрыңды, Түсірмесе түріңді, Аша алмаса сырыңды, Аузымды ашам, тілімді ат! Айқын нұрың көрмесем, Айтқаныңа ермесем, Жолыңа жанды бермесем, Көрінбей маған күнше бат! Ұстатпасам білегім, Сен болмасаң тілегім, Бас ұрмаса жүрегім, Өлтір, қаным сорғалат! Тұла бойымды уытта, Жанымды, өрте, суырт та! Маңайыңа жуытпа, Жүрегімде болса тат! Сен патсасың, мен кедей, Кетпе құлыңды елемей. Өлейін бе үндемей, Жан шығарда айтпай дәт! Болып едім ой құлы, Ойым кезді бір жылы. Кезген ойым арқылы Жүрегіме жаздың хат! Баспасам да ізіңді, Сезбесем де сызыңды, Көрмесем де жүзіңді, Тиді бізге аманат. Жазған хаттың сырымен, Жарқыраған нұрымен, Тазарып жүрек кірінен, Қайғыдан басым болды азат!