
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
Жылым — қой, жұлдызым — июль, Жасым — жеті жүз он жеті ай. Толық алпыс болады жыл, Қосылса июнь, апрель, май. Қазақшылап есеп қылсам, Бесінші мүшелім — бұл сан. Өмір қанша, өлім қанша, Емес ол біз білерлік жай. Тірліктің түрін көрдім, Көңілдің сүйгенін бердім. Жеміс деп, білмей у тердім, Бола алмай шын ғылымға бай. Талайдан бар бір ой менде: Бұл әлемді жаратқан не? Жоғала ма жан өлгенде, Түзу жол, істер іс қалай? Не сыр бар дін деген жолда, Кітап, тәпсір, қожа, молда... Бояулы бір шатақ ол да, Сынарлық қаруым жоқ сай. Ол ойды жүр едім қағып, Құмар, пайда, атақ бағып. Ізденбей қалғамын нағып, Кезегін өткізіп, дүние-ай! Қаз ілген лашын ем көлден, Жас өтті төрт пенен нольден. Азайып от-жалын сөнген, Дариға, кәрілік, қаза-ай. Алақтап іздедім қару, Бекілген артыма бару, Керек боп көп ғылым табу, Болып тұр күн қаран-ай, һай! Орысша, не арабшадан Тілім жоқ жетіліп алған. Кітап оқып түрік жазған, Ұғындым осыны азғантай. Білімдінің кітаптарын, Жазыпты түрікше бәрін, Философ білгіш ойларын,— Сезіндім біразын байқай. Кітап ғылым, ой алмаққа Маған жол болды сол жақта. Жұмылдым Меке бармаққа Алаң боп іше алмай шай. Пароходта жүріп жолда, Әл елде кез келіп молда, Он үш күн боп Стамболда, Керек кітап табылғаны-ай! Парижде де оқыған жан, Түрік, Серкеш, әм Үндістан, Араб, башқұрт, қызылбастан, Переводчик түрік, ноғай. Солармен кірісіп сөзге, Жоғарғы ой-мақсатым өзге, Түсіп сәуле соқыр көзге Ауыр тұман ашылуы-ай! Ол ойға көп керек тармақ, Әр тілден словарь алмақ. Сынап нағызына нанбақ, Наданға болмады-ау оңай! Сол ойды бес жыл жаздым, Арыдым, шаршадым, аздым. Инемен көп құдық қаздым, Сырым, ойым, жайым сондай. Неден бармын? Не қылған жөн? Жоғала ма жан өлген соң? Бұл үшін ойды елемеген, . Талап, ойсыз, есер, бәңгі-ай! 1919.
«Жас алпыстан асқан соң...»
Жас алпыстан асқан соң, Өлімге аяқ басқан соң,, Тіршіліктен оянып, Көзімді анық ашқан соң. Хақиқаттың қымызын Ішіп, бүгін мас едім, Тазалап жүрек ындызын, Нәрестедей жас едім. Шақырды бір періште Тәнімді емес, жанымды. Өтірік деп көріспе, Осы сөзім нанымды. «Неге отырсың байланып — Деді — байғұс, тұзақта. Әуре болма айланып, Лайық орын бұ жақта». Құбылмалы сарай бұл, Құм үстіне салынған. Сансыз байдан қалған тұл, Жарай ма, оған жалынған? Өмір үйі желде тұр, Үміт үйі—сағымда, Көз жетпейтін көлде тұр, Іздеген ерік бағында. Жасыл күмбез ішінде Жан-тәнімен кім азат? Бұл тіршілік тұсында, Бола алмайсың, шын азат. Қабағыңды аш, қайғырма, Берілгенге разы бол. Анық ойдан айрылма, Ашылған жоқ еркін жол. Бақтың гүлі күлсе де, Уәде берді демеңдер. Гүл соларын білсе де, Кейімейді кемеңгер. Тәтті сез бен түзу ой, Тағдыр сыйы емес пе? Әуре қылма, жаным, қой. Мені күндеп егеспе! 1919.
Көңіл
Баяғыда жас бала едiң сен‚ Ойың бұзылмаған, көңiл! Перiштеден таза едiң сен‚ Қиянат қылмаған көңiл! Ата-анаңа махаббатың, Бояусыз нұр, кәрәматың. Жоғары ғаршыдан затың, Анық шын бұл маған‚ көңiл. Жiгiттiкке жетелеген, Секунд, минут, сағат деген. Жаралыс бұл солай деген, Балалықты ұрлаған көңiл! Бiлем, болам, озамын деп, Биiкке қол созамын деп, Ақыр бiр күн тозамын деп, Асығыс зырлаған көңiл! Атақ, мақтан, құмар, пайда, Өзiмшiлдiк, зұлым, хайла «Жетесiң‚ қу‚ - дедi‚ - әйда!» Боялып, сырланған көңiл! Бұ болды қайта бip туыс Тысы толық, iшi қуыс.Әлемдi қылды бiр уыс, Тереңге зымыраған көңiл! Балалық‚ тазалық өлдi. Жүректiң ақ нұры сөндi. Амалсыз осыған көндi. «Дұрыс» деп тыңдаған көңiл! Түзелмес мiн емес бұлар, Әр өмiр өз iсiн қылар. Сынарлық тағы мезгiл бар, Ауыспай тұрмаған көңiл! Қырық жылдан жас өткенде‚ Қызудың көбi кеткенде‚ Есептер кезi жеткенде‚ Не болар бұрмаған көңiл! «Келiп қайдан, барам қайда? Не қылғаным болар пайда? Қаламын ба мола боп сайда?» - Деген ой тырнаған көңiл! Жиырма жыл жүрек тесiп, Бiрi олай‚ бiрi бұлай десiп, Алынғанша анық шешiп, Тыным ап тынбаған көңiл! Бүгiн тауып тiлегендi, Хақиқатқа көңiл сендi. Қуанып, түрленiп ендi, Бозторғай шырлаған көңiл! Бүгiн менiң ұлыс күнiм, Бағымды ашқан қадiр түнiм. Жетiлiп тұр қызыл гүлiм, Бұлбұлдай жырлаған көңiл! Көзiм көрдi дегендей iс Табылды. Кет‚ жоғал, кейiс! Өлiмнiң шын түбi - бейiс‚ «Анық» деп ымдаған көңiл! Тазалыққа тағы кеттiм‚ Балалықты қуып жеттiм. Жоғары ғаршыдан өттiм‚ Осыны шындаған көңiл! Терең ойсыз кей арамтер «Өлiмнен соң өмiр жоқ» дер. Өкiнiп қайғымен өтер‚ Мойынсұнбаған көңiл! Келем десең‚ өлiм‚ маған‚ Досымсың‚ жау емен саған. Есiктi аш жолды байлаған‚ Жөнелсiн ұнаған көңiл! 1919