
- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Болды да партия
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
Бұл ән - Бұрынғы әннен өзгерек, Бұған - Ұйқасты өлең сөз керек, Өзіне орайлы. Денең - Жан нұрлы болса, жөнделмек, Өлең - Әнге өлшеп айтса, өңделмек, Ұйқасса қолайлы. Ән - өлшеуіш, Өлең - күміс, Қоспаңыз мыс аралас. Артық алу, Не кем салу, Қарпі қалу жарамас. Ауыр - Осы әнге тауып сөз салмақ, Тәуір, Татымды ұйқас жиналмақ, Тереңнен толғанып. Сырын Бұл әннің айтып қарайын, Түрін Сипаттап, тізіп санайын, Өлең тап ойланып: Буыны - сегіз, Алтауы егіз, Үшеу деңіз екеуі. Кім дәл басты, Кілтін ашты, Жақсы ұйқасты нешеуі? Қайран, Қайғысыз, қамсыз күндерім, Сайран, Сауықты рахат түндерім! Сендерден не пайда? Асқан Алпыстан мынау жасымыз. Қашқан Шалдыққан ғаріп басымыз, Қаласың қай сайда?! Ноқталы бас, Ағызып жас, Қызусыз мас, желіксіз, Хаққа көніп, Жалын сөніп, Көрге төніп еріксіз. Жастық Жалынсам және келер ме, Мастық Денеме қызу берер ме, Суынған тұла бой. Маған Қарама, көңілім, мұңайып, Саған Жеткізбес, кеткен ол ғайып, Жас өмір - өткен той. Бұл алпысты, Түскен тісті, Тозған түсті жасымда, Сөгуші едім, Опық жедім, Бәрі менің басымда. Тағдыр Адамды айдап туғызбақ, Әрбір Сүйгенін нәпсі қуғызбақ- Өмірдің жолы бұл. Жақсы Нәпсісін өзі билемек, Тапшы Наданды нәпсі сүйремек, Мақтанға болып құл. Ата-анасы, Айналасы, Замандасы, Қылған іс, Тәлім берер, Соған ерер, Тағы келер бір туыс. 1919.
«Тауып айтса мінді деп...»
Тауып айтса мінді деп, Жоғалтып бақ мініңді. Өз етіңді жұлып жеп, Ашпа алашқа сырыңды. Мойындамай бақырма, Бар жыныңды шақырма. Айғайлама, ақырма, Шығармай өл үніңді. Таппай айтса егерде, Адасқаны мынау деп,— Майдалап айт әр жерде, Берсін қауым сынау» де.
«Бас көзімен қарасаң — нәпсі жалған...»
Бас көзімен қарасаң — нәпсі жалған, Бір сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзімен қарағанда, Өзін берер қалыңға ол қызды алған. Қылықты қыз сияқты көрінсе де, Өлшеусіз сансыз байдан жесір қалған. Күніңде қызыл гүлдей жүз күлсе де, Сырт айналса, жүрекке жалын салған. Бас алуға жаралған бір жәдігөй Өткір қылыш сықылды уға малған. Өлмей адам осыдан құтылар ма, Неге қылып жүргеміз өлімді арман? Нәпсі үйінде байлаулы Ынсап жатыр, Мұның емін, тегінде, сол аса алған. Сопысынып, ақсынып әуре болмай, Ер болсаң, босатып ал сол зынданнан. Ақыл, ғылым әр түрлі айтса-дағы, Жиыны осы созбен аяқталған.
«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
Қай жолдассың, айтшы, сен? Адамды аңша атасың. Өз анаңның сүтінен Қанды адал деп татасың. Өмір қылмен байлаулы, Өз қамыңды жесеңші. Заманды себеп жайлаулы, Онда нем бар десеңші. Жақсы уақыт кез келсе, Жаралыстың сыйын біл. Істің түбін тексерсе, Не боларын білмес ол. Айла, күшке таянба, Болар-ау деп сол себеп. Өлшеуі оның заманда, Бұйырады ол не деп. Өмір деген — ұйқы ғой, Түс көргізбей қоя ма? Қиын-қызық, әр түрлі ой Іс көргізбей қоя ма? Түстегіні шын ғой деп, Шынды ұмытқан жарай ма. Әл жеткенің бәрін жеп, Арды жұтқан жарай ма? Таза емес деп шекпенін, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар еккенін, Өз ішіңді салмақта. Ол — не жақсы, не жаман, Оның жүгі сенде емес, Десе біреу, «мен аман”, Ол зияннан кенде емес. Сопылар да күтіп жүр Бейістің тәтті шарабын. Маскүнем де жұтып жүр Мас қылатын арағын, Шымылдық артын кім білер, Шын иесі болмаса. Соның жолы жөнделер, Кімді сынап оңдаса! 1919.