Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай мен Шкрім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721.5 Кб
Скачать

«Епті тышқан бидайды таси берген...»

Епті тышқан бидайды таси берген, Шәкірті де көп екен қасына ерген. Қақпан құрған адамның айлаларын Алып тастап, жем жеген талай жерден. Өзге тышқан үйреніп ол өнерден, Талай қиын орыннан тамақ терген. Бір күні басшы тышқан кезіп жүріп, Аузын мықтап бекіткен күбі көрген. Тәтті ірімшік иісі мұрнын жарып, Тесік жерін таба алмай болған ғарып. Бұрын шүмек орнатқан бір жері бар, Әрқашан тырмалайды соны барып. Неше күндей қажалап тескен соны, Іздеген мақсұтына жеткен қолы. Өмірлік азық қылып жатайын деп, Жолдасынан жасырған айтпай оны. Алдынан ұя жасап, жатқан бұғып, Қарны ашса жүреді кіріп, шығып. Жолдасының біреуі келе жатса, Тесікке қояды екен тығын тығып. Жиылып келді бір күн шәкірттері: «Сізді бір көрмедік,— деп — көптен бері. Тышқан көп деп тамағын тықты бұл ел, Ала алмадық қиын боп қойған жері. Біз аш жүрміз солай боп бірталайдан, Оңай тамақ табылар енді қайдан. Көпті көрген айлакес батыр едің, Тағы да тиер ме екен бізге пайдаң». Ол айтты: «Тәуба қылдым сопы болып, Ұрлық қылған күнә ғой елді торып. Мұнан былай келмеңдер маған жақын, Кеудеме кетті бүгін иман толып. Қасыма келе берсең, күнәң жұғар, Ұрлықты ойлап ойымнан иман шығар. Аштан өліп қалуға ризамын, Енді ұрлыққа болмаймын тіпті құмар». Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп, Сырты сопы, іші арам қылықтар көп. Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп, Адалымсып жүретін ұлықтар көп, Бір емес, ор жерде бар осындайлар, Өз малын өзі ұрлайды кейбір байлар. Қазына берген ақшаны қалтаға сап, Елге міндет кеңсешіл пысықайлар. Бір ұрты май, бір ұртында қандар да бар, Қой терісін жамылған жандар да бар. Жазасызды жалалан атақ алып, Ақ жүрексіп жүретін пандар да бар...

Шын бақ қайсы? Күншіл кім?

Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек, Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ, Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ. Бір адамға мұндай бақ біте қалса, Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ. Жарқанат жек көреді күннің нұрын, Күншілдің ұқсатамын соған түрін. Өзге жанға біткенін ұнатпайды, Әлгі айтылған бақтардың бірде-бірін. Өзімшілдің іші тар, ойы шартық, Ала алмас ол біреудің бағын тартып. Күндейді деп күн нұры жоғалғанша, Мың жарқанат соқыр болып қалғаны артық.

«Айна қойдым алдыма...»

Айна қойдым алдыма, Көрейiн деп өзiмдi. Екi құлақ тарс бiтiп, Шел басыпты көзiмдi. Иiс бiлер мұрын жоқ, Таза ақылдан ырым жоқ, Түзелерлiк түрiм жоқ, Жалған деме сөзiмдi. Ақ ниетiм бұрын жоқ, Жүрегiмде нұрым жоқ, Жасыратын сырым жоқ, Айтпай арам безiмдi. Жалғыз менi деме қор, Менi көр де, сене көр, Сен де емессiң менен зор, Дәл мен деп бiл өзiңдi. Адамның бәрiн елесе, Аламын деп iрiсiн, Бәрi өтедi әрi қарай, Сен де соның бiрiсiң. Електе қалмас бiр адам, Не ғылымды, не надан. Бiз сияқты барша жан Сорға сатқан ырысын. Ындыны таза ешкiм жоқ, Сыртында май, iшiнде оқ. Түп қарыны толған боқ, Жасырып жүр мұнысын.

Қазақ

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа. «Анау — қу, мынау — пысық, мен — батыр»—деп, Айналды бірін-бірі құрытпаққа. Ойда жоқ: «өнер біліп, жол табайын», Жалмауға жалықпайды өз маңайын. Мұның түбі пе болар деген жан жоқ, Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын. Өтірікпен өткізіп күн мен айын, Демейді жамандықтан жалығайын. «Анау — шыным, мынауым — сырым ғой»— деп, Сонша жақсы біледі алдау жайын. Жаз жалымен жібермей жалғыз тайын, Тыныштықпен ішкізбей тақта шайын, Ұрысы ұрлап, қуы алдап, сұмы елертіп, Құрытады үш жақтан тамам байын. Байдың да ойлағаны — ел алайын, Білмейді, қу шағып жүр өз бақайын, Көзі аспанда, көңілі мақтанда боп, Тауысқанын сезбейді ішкі майын. Демейді ғылым біліп жанданайын, Мақсаты — мақтан іздеп паңданайын. Қанша ұқтырып айтсаң да — қалыбында, Ойда жоқ жігерленіп, қамданайын. Мінеки, естісеңіз елдің жайын, К...нен кейін кетті басқан сайын. Қайран елім, қазағым, қалың, жұртым, Көп айтып, а, дариға не қылайын!..